Қазақстан республикасының Қаржы рыногын




Скачать 128.84 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Дата конвертации14.02.2016
Размер128.84 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish791473_6407.doc


ҚРӘМ № 2988 04.08.04ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2004 жылғы 12 шiлде № 200


Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы


өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 280 24.12.2007ж.

2.ҚҚА № 124 22.08.2008ж.


«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұлттық почта операторына арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:

меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті;

ағымдағы өтімділік коэффициенті;

ашық валюта позициясының лимиттері.

2. Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық почта операторының меншік капиталының өз активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

3. Меншік қаражатының жеткіліктілігі коэффициентінің ең аз мәні 0,10-нан, 2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап – 0-12-ден кем болмауға тиіс.

4. Ұлттық почта операторының меншік капиталы мыналардың сомасы ретінде есептеледі:

төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегінде);

қосымша капитал;

өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);

ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі;

олардан:

материалдық емес активтерді алып тастағанда, банктің негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе одан кейінгі кезеңді қамтитын қаржылық есеп беруге арналған күшіне енген Қаржылық есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы 1998 жылғы шілдеде бекіткен Қаржылық есептің «Материалдық емес активтер» № 38 халықаралық стандартына (бұдан әрі - Қаржылық есептің № 38 халықаралық стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда;

өткен жылдардағы шығындар;

ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып кетуі;

басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.

5. Ағымдағы өтімділік коэффициенті есептің айдың соңында есептелген өтімділігі жоғары активтердің талап ету бойынша міндеттемелерінің көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

Ұлттық почта операторының ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,3-тен кем болмауға тиіс.

5-1. «Standard & Poor’s» агенттігінің рейтингтік бағалардан басқа уәкілетті органмен «Moody's Investors Service» және «Fitch» агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалар де танылады.

6. Жоғары өтімді активтердің есебіне мыналар енгізіледі:

1) ақша, оның ішінде:

кассадағы ақша, бірақ, Ұлттық почта операторының балансы бойынша активтер сомасының он процентінен астам емес;

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;

«Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, дербес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;

бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындағы операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызмет көрсетулерді ұсынатын резидент емес ұйымдардың шоттарындағы ақша;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

4) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

5) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескерiп);

6) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескерiп);

7) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп);

8) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары;

9) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, базалық активі «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

10) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, базалық активі «Standard & Poor’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.

Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне мынадай жағдайларда:

Ұлттық почта операторының бағалы қағаздарды кері сатып алу жағдайларында оларды сатса немесе кепілге берсе немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тәсілмен ауыртпалық салса;

Ұлттық почта операторының бағалы қағаздарды кері сату жағдайларында оларды автоматты «репо» рыногында сатып алса;

егер осы бағалы қағаздар Ұлттық почта операторына қатынасы бойынша аффилирленген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалармен шығарылса енгізілмейді.

7. Талап ету бойынша міндеттемелерді есептеуге:

клиенттердің және корреспондент банктердің талап ету бойынша депозиттері;

талап ету бойынша басқа да міндеттемелер, оның ішінде, жүзеге асыру мерзімі бір айдан аспайтын немесе оларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген ақша төлемі және аударымы, қолма-қол ақша беру жөніндегі міндеттемелер кіреді.

8. Есепті кезең ішінде Ұлттық почта операторында кредиторлар мен дебиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері не ақша төлемі және аударымы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, өтімділік коэффициентінің есеп айырысу мәніне қарамастан, ағымдағы өтімділік коэффициенті орындалмады деп есептеледі.

9. Ашық валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы Ұлттық почта операторы талаптарының (міндеттемелерінің) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (міндеттемелерінен) асуы.

Ұзақ валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы міндеттемелерінен (міндеттемелері мен шартты міндеттемелерінің жиынтық сомасынан) асады.

Қысқа валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (активтері мен шартты талаптарының жиынтық сомасынан) асады.

Ұлттық почта операторының валюталық нетто-позициясы Ұлттық почта операторының барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке есептеледі.

Жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валюталары бойынша ашық валюта позицияларын есептеген кезде, бірінші кезекте Ұлттық почта операторының актив шоттарында және міндеттемелер шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар сальдосы есептеледі. Содан кейін шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттеемелер шоттарында ашылған сол шетел валютасы бойынша сальдо айқындалады. Шетел валютасындағы талаптардың (міндеттемелердің) міндеттемелерден (талаптардан) асуын көрсететін сальдо өзара жинақталады, ал алынған нәтиже Ұлттық почта операторының шетел валютасы бойынша ашық позициясының мөлшері мен түрін айқындайды.

Шетел валютасымен көрсетілген талаптар мен міндеттемелер валюта позициясының осы талаптар мен міндеттемелер көрсетілген (белгіленген, индекстелген) шетел валюталары бөлігіне есепке енгізіледі.

10. Ұлттық почта операторының ашық валюта позициясы мынадай лимиттерден:

Standard & Poor`s агентігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары бойынша - меншік капиталы көлемінің 15 процентінен;

басқа шетел валюталары бойынша - меншік капиталының 7,5 процентінен аспауға тиіс.

Валюталық нетто - Ұлттық почта операторының позициясы меншік капиталының 30 процентінен аспауға тиіс.

Ашық валюта позициясының осы тармағында белгіленген лимиттері есептік ай ішінде кез келген шетел валютасы бойынша бұзылған валюталардың ашық валюта позициясының лимиттері бұдан кейінгі үш ай ішінде белгіленген лимиттердің 5 проценіне азайтыла отырып айқындалады.

Ашық валюта позициясын және валюталық нетто позицияны есептеуге Ұлттық почта операторының Ислам Даму Банкінен шетел валютасымен алған, Қазақстан Республикасының Үкіметі өтелуіне кепілдік берген заемдарына байланысты талаптары мен міндеттемелері кірмейді.

Ұлттық почта операторының жеке алынған шетел валютасы бойынша белгіленген лимиттерді 0,09 процент асыруы ашық валюта позициясының лимиттерін бұзу болып саналмайды.

11. Ұлттық почта операторы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысанда пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынады.

Әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, есептік айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.

12. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық почта операторының пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

13. Ұлттық почта операторы осы қаулының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

14. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

15. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы” 2003 жылғы 4 шілдедегі № 216 қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2433 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 16 басылымдарында 2003 жылғы 28 шілдеде – 10 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

16. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және Ұлттық почта операторына жіберсін.

17. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

18. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ. Досмұқаметовке жүктелсін.



ТӨРАҒА ЖӘМІШЕВ Б.Б.


Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының «Ұлттық почта операторына арналған

пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы

жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу

туралы» 2004 жылғы 12 шiлде № 200 қаулысына

1-қосымша


Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп

_______________________________________________

(Ұлттық почта операторының атауы)


200__жылғы «__» _____________ жағдай бойынша


мың теңге


Құрамдас бөліктердің атауы



Мәні

Меншік капиталы




Активтер




Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті (0,08-ден кем емес)










Өтімділігі жоғары активтер




Талап ету бойынша міндеттемелер




Ағымдағы өтімділік коэффициенті (0,3-тен кем емес)













Басшы ___________________________ ____________ [мөр]

(аты-жөні) (қолы)

Бас бухгалтер______________________ ____________

(аты-жөні) (қолы)


Орындаушы________________________ ____________ __________

(аты-жөні) (қолы) (телефоны)




Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының «Ұлттық почта операторына арналған

пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы

жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу

туралы» 2004 жылғы 12 шiлде № 200 қаулысына

2-қосымша


Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция бойынша

валюталық позициялар туралы есеп

_______________________________________________

(Ұлттық почта операторының атауы)


200__жылғы «__» _____________ жағдай бойынша

мың теңге

Шетел валютасының түрі

Ұзақ позиция

Қысқа позиция

Нетто- позиция








































Жиынтығы:










Меншік капиталы




Валюта түрлері бойынша ашық валюта позицияларының ең көп мөлшері




:




Нетто-позицияның ең көп мөлшері







Басшы ___________________________ ____________ [мөр]

(аты-жөні) (қолы)

Бас бухгалтер______________________ ____________

(аты-жөні) (қолы)


Орындаушы________________________ ____________ _________

(аты-жөні) (қолы) (телефоны)

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердіңнысандарын және...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconЖинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке
Азақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница