Бақылау: 2015ж. 11. 12




Скачать 67.53 Kb.
НазваниеБақылау: 2015ж. 11. 12
Дата конвертации14.02.2016
Размер67.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish897179_30923.doc
Бақылау:

2015ж.11.12.


ҚР Әділет министрлігінде

2012 жылы 3 қазанда № 7977 тіркелді


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының қаулысы



Алматы қаласы

2012 жылғы 24 тамыз


№ 242



Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының

шетел валюталарына қатысты ресми бағамын

белгілеу қағидаларын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Басқармасының

2012 жылғы 24 тамыздағы

242 қаулысымен

бекітілген

Тіркеу. № 3095

 

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары


(Өзгерістер мен толықтырулар: 

1) ҚРҰБ БҚ № 267 2013ж. 29.11. (Тіркеу. № 3289)

2) ҚРҰБ БҚ № 141 2014ж.16.07. (Тіркеу. № 3354) 

3) ҚРҰБ БҚ № 192 2015ж.20.10. (Тіркеу. № 3617) 


Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.


1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

 

  1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. ААЖ – Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпарат жүйелері;

  2. кросс-бағам – екі валютаның АҚШ долларына қатысты бағамынан құралатын олардың арасындағы баға белгіленімі;

  3. уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі;

  4. Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;

5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.


2. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі


2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді.

Ұлттық Банк оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидаларға қосымшада (бұдан әрі – Қағидаларға қосымша) айқындалған.

3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қор биржасының екі таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

4. Қағидаларға қосымшада көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күнгі Астана уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.

5. Жұмыс емес күндері Ұлттық Банктің жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күніне белгілеген бағамдары қолданылады.

6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады.

Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.

6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.


3. Ұлттық валютаның шетел валюталарына бағамдарын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер



  1. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.

  2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.

  3. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатты Қағидаларға қосымшаның нысаны бойынша олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындайды. Құжатқа Ұлттық Банк басшылығы не шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатқа қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

  4. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық почта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.

  5. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.

  6. Шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары туралы қол қойылған құжаттың түпнұсқасы тігіледі және уәкілетті бөлімшеде сақталады.




Қазақстан Республикасы

ұлттық валютасының шетел валюталарына

ресми бағамын белгілеу қағидаларына

қосымша


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі


 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валюталарының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ____ жылғы «_____» ______ ресми бағамдары туралы хабарлайды



Австралия доллары (AUD)

Әзірбайжан манаты (AZN)

Армян драмы (AMD)

Белорусь рублі (BYR)

Бразилия реалы (BRL)

Венгер форинті (HUF)

Корея Республикасының вонасы (KRW)

Гонконг доллары (HKD)

Грузин лариі (GEL)

Дат кронасы (DKK)

БАӘ дирхамы (AED)

АҚШ доллары (USD)

Еуро (EUR)

Үндістан рупиясы (INR)

Иран риалы (IRR)

Канада доллары (CAD)

Қытай юані (CNY)

Қырғыз сомы (KGS)

Кувейт динары (KWD)

Малайзия ринггиті (MYR)

Мексика песосы (MXN)

Молдова леясы (MDL)

Норвегия кронасы (NOK)

Польша злотыйы (PLN)

Ресей рублі (RUB)

Сауд Арабиясының риалы (SAR)

СДР (XDR)

Cингапур доллары (SGD)

Тәжік сомониі (TJS)

Тайланд баты (THB)

Түрік лирасы (TRY)

Өзбек сумы (UZS)

Украина гривнасы (UAH)

Біріккен Корольдіктің

фунт стерлингі (GBP)

Чех кронасы (CZK)

Швед кронасы (SEK)

Швейцария франкі (CHF)

Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)

Жапон йенасы (JPY)

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге


теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге

теңге



құжатқа қол қойылған күн

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Төрағасы/Төрағасының орынбасары

(не қол қоюға уәкілетті адам)

_____________ ____________________________

лауазымы  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)    

Похожие:

Бақылау: 2015ж. 11. 12 icon«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында Хаттама №1 «09» 09. 2015ж
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconҚаржылық есептілікті бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері
...
Бақылау: 2015ж. 11. 12 icon3 деңгейлі смж құжаты
«08» 05. 2015ж. Ахмерова Н. М «Аударма теориясы мен практикасы» кафедрасының аға оқытушысы
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconҚармту-дың Ғылыми Кеңесі бекіткен, 25. 06. 2015ж. №8 хаттама
Күндізгі оқу түрінің студенттері мен магистранттарының қысқы емтихан тапсыру сессиясы
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconГ. Ж. Иржанова «8» қантар 2015ж
«Қазақ хандығының 550 жылдығы» – тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен елдіктің тойы
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconПатофизиология кафедрасы «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» бақылау-өлшегіш қҰралы
ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру ережесі
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау...
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconБақылау іс-шараларының 2012 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелері
Есеп комитеті 2012 жылдың 9 айында 29 бақылау іс-шарасының аясында 238 объектіні тексеріп, 839,4 млрд теңгені бақылаумен қамтыды
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconЕсеп комитетінің бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 1-тоқсандағы негізгі нәтижелері
Жылғы қаңтар-мамыр айларында 15 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның үшеуі бойынша ақпарат «құпия» белгісімен қосымша ұсынылады
Бақылау: 2015ж. 11. 12 iconПатофизиология кафедрасы «стоматология» мамандығЫ Үшін бақылау өлшегіш қҰралдары
ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница