Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру




Скачать 307.43 Kb.
НазваниеҚоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер307.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.energo.gov.kz/assets/old/uploads/files/2015/07/1 стандарт ООС_каз..doc
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы «23» сәуірдегі

№ 301 бұйрығымен бекітілді


«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер




1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

  3. www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша береді.

ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

3) жүгіну күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) оның қосымшасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қағаз түрінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетке» жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге, лицензияны және (немесе) қосымшаны қайта ресімдеуге лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес жүзеге асырылады және:

лицензия беруге – 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды, алайда 4 АЕК-тен артық емес.

Лицензияны беруге және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге лицензиялық алым алынбайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін белгіленген.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;

3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;

жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;

жоғары білім туралы дипломның көшірмесі.

еңбек кітапшасының және (немесе) жеке еңбек шартының көшірмесі.

мамандандырылған зертхананың аккредиттелгендігі туралы аттестаттың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарттың көшірмесі;

меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешенді растайтын құжаттардың көшірмесі;

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші;

жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

ХҚКО-ға:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін (не сенімхат бойынша оның өкілі):

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;

жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;

жоғары білім туралы диплом;

еңбек кітапшасы және (немесе) жеке еңбек шарты;

мамандандырылған зертхананың аккредиттелгендігі туралы аттестат не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт;

меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешенді растайтын құжаттар;

жеке куәлік (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші;

жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

жеке куәлік (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

порталға:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;

ЭҮТШ арқылы төлеуді есептемегенде, жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;

жоғары білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;

еңбек кітапшасының және (немесе) жеке еңбек шартының электрондық көшірмесі;

мамандандырылған зертхананың аккредиттелгендігі туралы аттестаттың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарттың электрондық көшірмесі;

меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешенді растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші;

ЭҮТШ арқылы төлеуді есептемегенде, жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, лицензия туралы құжаттарының мәліметтерін ХҚКО қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы келісімін береді.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарды;

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда, сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады

ХҚКО нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Бір ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде, ХҚКО-ның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО-ға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

ХҚКО – сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

10. Мыналар:

субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы (Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 32-бабының 1-тармағы);

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;

қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.




 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тікелей өкіліне не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі, № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 55.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

ХҚКО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.

ХҚКО кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші нұсқасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. 

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының (1414,8 800 080 7777) телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар


14. Көрсетілетін қызметті алушылардың заңнамада белгіленген тәртіпте толық немесе ішінара қабілеттілікті жоғалтқан немесе өзіне өзі қызмет ету, өздігінен қозғалу мүмкіншілігінен айырылған мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдауға бағдарды бірыңғай байланыс орталығына (1414, 8 800 080 7777) жүгіну арқылы ХҚКО –ң қызметкерімен тұрғылықты мекен жайына шығумен көрсетіледі.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.ecokomitet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

3) ХҚКО – www.con.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).


«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы

жұмыстарды орындауға және қызметтерді

көрсетуге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

 

Нысан
  1   2   3   4

Похожие:

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconҚоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және
...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconҚоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген әдістемелік құжаттарды бекіту туралы
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №100-п «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген әдістемелік...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconҚоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы маңызды проблемалар, Ұйымдастыру, жоспарлау, ғылыми-зерттеу...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру icon«Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті орган қызметін қамтамасыз ету» 001 Бағдарламасының
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconРегламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру icon5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Бағдарламаның қысқаша курсы: Мамандықтың жоспары бойынша оқу процесін ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 12. 08., №809-814 (27885), 2012. 12. 12., №818-823 (27894), 2012. 12. 22., №842-846 (27917); "Казахстанская...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconРабочая учебная программа Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында...
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру iconРабочая учебная программа Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница