Скачать 25.36 Kb.
|
Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 112-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4656 болып енгізілді. "Заң газеті" газеті 2007 жыл 1 маусым N 82 (1111), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1.Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесі бекітілсін. 2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министрдің м. а. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 112-Ө бұйрығымен бекітілген Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесі 1. Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесі 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін белгілейді. 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (бұдан әpi - рұқсаттар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, оның аумақтық бөлімшелерімен және облыстың (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әpi - рұқсат беретін орган) беріледі. Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.07.23. N 144-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен. 3. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін. 4. Оларды сақтау қоршаған ортаны қорғау, өндірістік объектінің ерекшелігіне байланысты экологиялық таза технологияларды қолдану жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ететін шарттар табиғат пайдалану шарттары болып табылады. 5. Рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат беретін орган қабылдайды. 6. Табиғат пайдалану шарттары табиғат пайдаланушыға қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсат берген кезде енгізіледі. 7. Табиғат пайдалану шарттарын табиғат пайдаланушы ұсынады және оларды негіздеумен рұқсат алуға өтінімнің құрамында көрсетіледі. 8. Рұқсат беретін орган, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, табиғат пайдаланушы ұсынған табиғат пайдалану шарттарын өзгертуі, сондай-ақ табиғат пайдаланудың жаңа шарттарын ұсынуы мүмкін. 9. Өзгертілген, сондай-ақ жаңа табиғат пайдалану шарттары оның қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсат алу өтінімін қарау барысында табиғат пайдаланушымен жазбаша түрде (хаттар, келіссөздер хаттамасы) келісілуі тиіс. 10. Рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарын міндетті түрде орындау. 11. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсатқа енгізуге тыйым салынады. |
![]() | Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын... | ![]() | Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559... |
![]() | Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы... | ![]() | Национальный Банк Республики Казахстан Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын... |
![]() | Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы... | ![]() | «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
![]() | Қредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚа басқармасының 2010. 29. 03. №50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа... | ![]() | ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін... |
![]() | ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы | ![]() | Қазақстан республикасының Қаржы рыногын Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту... |