Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері




Скачать 30.39 Kb.
НазваниеТұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері
Дата конвертации06.02.2016
Размер30.39 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://schoolfiles.ucoz.com/_ld/2/261_vbE.rtf
Тұрақты сөз тіркестері

Жоспар

I Кіріспе

Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері.

II Негізгі бөлім.

1. Көнерген тұрақты сөз тіркесі.

2. Орыс тілінен енген фразеологизмнің қолданылуы.

3. Антоним, синоним.

4. Морфология.

5. «Қара» және «көк» сөздері арқылы жасалған тұрақты сөз тіркесі.

III Қорытынды.


«Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.Фразеология-грек тілінің «phrasis»-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған.

Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттрі болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді.Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар,т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фыразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды.Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.Сонымен бірге қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер.Қазақ тіліндегі қос сөздер форма жағынан да, семантика жағынан да түрлі-түрлі болып келеді.Қос сөздер әдетте екі сөзді болады.Құрамында үш сөз бар қос сөздер сирек кездеседі.Қос сөздердің сыртқы белгілері:

А) дефис арқылы жазылады: «тәлім-тәрбие», «бала-шаға», «үйме-жүйме», т.б.

ә) үтір: «ұзын арқан, кең тұсау», «ару, ардагер», «тебінгіден тер жауып, қабырғадан қан жауып» т.б.

б) қос сөздер қатарына даусыз енгізілуге тиісті «үлде мен бүлде» сияқты тізбектер «мен» жалғаулығымен туғандықтан сызықшаны да, үтірді де керек етпейді.

Үтірмен бөліп жазылған қос сөздерді «күрделі қос сөздер» деп атауға болады.Қос сөздердің фразеологизмге ұқсастық белгілері көп.Ол ұқсастықтар жоғарыда аталған еңбекте толық көрсетілген.

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:

1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;

2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;

3. Мағына бірлігі сақталады;

4. Екі сөзден кем болмайды.

Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан.Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді.Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.

Қазақ тілі фразеологизмдерінің біразы өткір сықаққа құрылған.Ол қасиет әсіресе жағымсыз образдарды сипаттайтын идиом, мақал-мәтелдерде баса сезіледі.Мысалы: «түйе үстінен сирақ үйту», «жүн қырыққан», «ит екеш итке де бір сүйек қарыздар», т.б.Фразеология-


2

тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы.Фразеология-соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған жаңа линвистикалық пән.

Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемелердың бірі есебінде зерттеліп жүр.Өйткені фразеология-тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы.Сонымен қатар ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.

Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді.Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың үлесіне тиеді.Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор.Сондықтан стилистика тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздегі атқаратын қызметіне, оның қолдану заңдылықтарына баса көңіл бөледі.

Похожие:

Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconМЕҢгеріле байланысқан сөз тіркестерінің жасалу жолдары
Осы күнге дейінгі ғылыми зерттеулерде әрбір сөз тіркестерінің басыңқы сыңарының қай сөз табынан болуына қарай есімді (зат есім, сан...
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconТест әдебиет 7 класс Әдебиет а сөз өнері в сөз жарысы с даналық сөз
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» кімнің сөзі?
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconТерең ой мен ақылға айтамын дат
Тілдің жаңаруы мен жасаруы дегенде біз сөз мағыналарының дамуын, көпмағыналылықтың жаңа сөзжасамдық мағынаға ұласуын, сөз қолданысындағы...
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму Концепциясының медициналық- әлеуметтік және экологиялық аспектілері»
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconҚмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх
Тақырыбы: «Тұрақты даму концепциясы. Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және тұрақты даму.»
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері icon2013-2014 оқужылына 6D060800 Экология мамандығы бойынша Рh. D докторантураға түсуге арналған бағдарлама
...
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconСекторлар экономикасында өңірлік кәсіпкерлік теңгерілімді және тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрекеттегі және тұрақты жаңа жұмыс орынын сақтау Бағдарлама операторы: «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconТұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру
Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері iconТ. Б. Бегалиев Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ
Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері icon6 «а» және 6 «ғ» сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен берілетін үй тапсырмалар
Сөз жасам, сөз тұлғасы, түбір мен қосымша, дара және күрделі сөздер, морфология/ Тестік жұмысқа дайындық
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница