Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау




НазваниеІі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Оңтүстік-Қазақстан-облысының-экологиялық
  1   2   3   4   5   6
Титульный лист


Жоспары


Кіріспе....................................................................................................................3

І Бөлім. Табиғатты пайдалануды басќарудың теориялық негіздері.

    1. Табиғатт пайдалануды басќару негіздері.....................................................6

    2. Табиғатт пайдалану жєне қорғаудың басќару әдістері............................15

    3. Табиғатты пайдалану төлемдер жүйесі......................................................21


ІІ Бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау

2.1 ОҚО негізгі кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін талдау..........29

2.2 Қоршаған ортаның ластануын және зияндығын экономикалық

Бағалау........................................................................................................44.


ІІІ. Бөлім Табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістерін жетілдіру.

3.1 Табиғатты пайдалану жєне қоршаған ортаны қорғау механизмін қалыптастыру...................................................................................................54

3.2 Табиғатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру.............60

Қорытынды.....................................................................................................69

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................71


Кіріспе

Тұрақты экономикалық даму кезінде маңызды рольді тек қана пайда алу емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіз өндірісті басқару маңызды болып табылады.

Айта кететін жайт, бұл үшін өндірістердің барлық түрлерін қайта жабдықтауға, алдын ала ескірген және қайта өңдеуді қажет ететін басты қызметтерге айбынды инвестициялар қажет.

Табиғатты пайдалану – бұл басқарудағы ең күрделі объектілердің бірі. Сондықтан да экологиялық процестерді басқару жіне табиғатты пайдалану экономикасын зерттеу маңызды мағынаға ие.

Табиғатты пайдалануды басқарудың мақсаты – нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, шығарылған өнімнің қоршаған ортаға және өндіріс процестерінің зиянды әсерлеріне шек қою, табиғи қорлардың орынды пайдалануын және олардың бұрынғы қалпына келуін қамтамасыз ету.

Табиғатты пайдалануды басқару Республика үкіметімен, министрліктермен және ведмоствалармен, жергілікті басқару органдарымен, кәсіпорындар және ұйымдармен жүзеге асырылады.

Табиғатты пайдалануды басқару табиғи орта тепе-теңдігін қамтамасыз етумен, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, негізгі жоспарларды тиімді пайдалану, ұйымдық-техникалық және экономика-экологиялық іс-шаралардың жүзеге асуын және олардың орындалуын бақылау болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдаланудың басты міндеті – табиғатты қорғау және тиімді пайдалану табиғатты қорғау қызметінің қазіргі этапында негізгі бағыт болып саналады. Олардың алдында белгілі бір бағытты қолдау табиғи қорлардың молайуын,сақталуын және қоршаған орта жай-күйін жақсарту мақсаты қойылған. Экологиялық қауіпке күрес бұл барлық адамдардың алдына қойылған міндеті және жауапкершілігі ретінде қаралуы тиіс.

Табиғатты қорғауды басқару және табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты келесі мақсаттар алға қойылған:

  • табиғатты қорғауды басқару қызметін кешенді түрде іске асыру;

  • өңдеу және табиғатты қорғау облысында ғылыми-техникалық саясаттың орындалуы және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланылуы;

  • жерді қорғау, жер асты және үстіңгі суларды, атмосфералық ауаны, өсімдік және жануарлар әлемін, сонымен қатар барлық табиғи қорларды тиімді пайдалану және оларды мемлекеттік бақылау;

  • ұсыныстарды үкіметке ұсыну және дайындау, қосылуын және бағдарламалардың қабылдануын қамтамасыз ету;

  • ұсыныстардың өңделуі және табиғатты пайдалану механизмдерін, экономикалық нормативтер мен ережелердің бекітілуін, табиғи ресурстарды пайдалану стандарттарын жетілдіру;

  • мемлекеттік экологиялық сараптаманың басты жүйелерін жетілдіру, өндіргіш күштерді және халық шаруашылығы саласын орналастыру, жаңа техника мен технологияны сақтауда экологиялық нормаларды бақылау;

  • аймақтық басқару органдарына өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды көмуге және сақтауға рұқсат беру;

  • халықтың көп бөлігіне табиғи орта туралы білімді оқыту және азаматтарды табиғатты қорғауға үйрету;

  • жоспарлау және шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдармен табиғатты қорғау мәселесі бойынша бірігіп жұмыс жасау;

Қазіргі таңда табиғатты пайдалануды басқару мына бағытта бағытталуы тиіс:

  • қоршаған ортаның ластануын төмендету;

  • табиғи ресурсты тұтынуды біршама қысқарту;

  • табиғи қорларды жаңармалы қолдану;

  • минералдық ресурстардың қажетті даму резервтерін құру;

  • табиғи шикізаттың алғашқысын тиімді қолдану;

  • кәсіпкерлерге экономикалық жағдай жасау;

  • халықаралық ынтымақтастық.

Қазіргі таңда Қазақстанда шикізат көзінің екі бай қоры бар. Біріншісі табиғи қорлардың бірігей түрі, екінші олардың шаруашылық түрі. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан өнеркәсіп техникалық қайта жабдықтаудан және ауыл шаруашылығы саласында кешеуіл байқалады, сондықтан бар мүмкіншіліктерді жіберіп алмауымыз қажет. Ол мүмкіндіктер жоғары технологияны іс жүзіне асыру, өндірістің ғылыми сыйымдылығы, еңбек шығындары аз кететін жоғары сапалы өнімді алу.

Ол үшін мыналар қажет:

  • кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтауға мемлекеттік несиелер беру (несие мөлшері үнемделген шикізатпен әлемдік және ішкі бағаның айырмасын анықтайды).Қайтарым экспорттық шикізат өсімі есебінен болады,сондықтан мемлекет ештеңе жоғалтпайды.

  • Прогрессивті салық нормаларының артық шығыны байқалады. (жоғарғы нормалар дүниежүзілік жетістіктермен анықталады);

  • Экологиялық төлемдерді жетілдіру (экологиялық төлемдер қоршаған ортаға зиян жіне шығындармен анықталады).

І.Табиғатты пайдалануды басќарудың теориялық негіздері

1.1 Табиғатты пайдалануды басқару негіздері

Экология саласында басқарудың негізі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.

Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық-ұйымдастырушылық, экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда табиғи жіне қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді жүйелі басқаруды талап етеді.

Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Кейбір ғалымдар басқарудың үшінші нарықтық жүйесін бөліп қарайды. Нарықтық жүйе негізінен экономикалық жүйеге кіреді. Нарықтық деп басқа белгілеріне қарап бөлуге ешбір негіз жоқ. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Әкімшілік басқару жүйесі – табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектеріне басым назар аударылады.
































Сурет 1.


Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.

Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:

Құқықтық – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыреттерін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті және тікелей әсер етеді.

Техникалық ұйымдастырушылық – табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық – табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау жэәне олардың іске асырылуын ұйымдастыру.

Әлеуметтік-психологиялық – жеке адамдармен, ұйымдармен, қжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.

Экономикалық әдіс – баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т.б экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Баға, тариф және төлемдер жүйесі:

  • минералды және басқа ресурстарды тиімді және кешенді қолдануды

қамтамасыз етеді;

- қоршаған орта ұдайы өндірісі және қорғау.

Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйлеу, сараптау әдістерін кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобалары, шығарылатын өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылығы, шығарылатын қалдықтар, табиғатқа келтірілетін әсерлер міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.

Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шешімдерін дайындау үшін мемлекеттік есеп беру жүйесінің мәліметтері қолданылады. Табиғат қорғауды басқаруға қажетті мәліметтер, табиғи ортаның мониторингінен алынады. Мониторинг – бақылау жүйесі табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи зерзаттар бойынша жүргізіледі. Сондықтан жергілікті аймақтық, ұлттық, бүкіләлемдік мониторинг жүйелері құрылады. Сондай-ақ мониторинг табиғат кешендерін, олардың құрамды бөліктерін қамтиды. Мониторинг табиғат кешендерінің жай-күйі, ондағы тұрақты өзгерістер туралы мәліметтер береді. Осындай мәліметтерге сүйеніп, табиғат сыйымдылығына, ондағы өзгерістерге ғылыми болжамдар жасалады. Олад табиғат қорғау және пайдалану болжамдары мен бағдарламаларының негізі болады.

Табиғат қорғауды, пайдалануды басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына, президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Табиғат қорғау саласында басқарудың негізгі принциптерінің бірі қабылданатын шешімдердің іс-әрекеттердің алдын алу сипатында болуы. Өйткені табиғи ортаға келтірілген зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау әлдеқайда тиімді. Сондықтан басқарудың ең негізгі әдісі болжамдар, бағдарламалар, жоспарлау және жобалау. Алғаш ұзақ мерзімдік болжамдар, тұжырымдар, бағдарламалар жасалады, содан кейін олардың негізінде ұзақ қысқа мерзімдік жоспарлар бекітіледі. Солармен қоса, ғылыми-техникалық болжамдар, тұжырымдамалар, жоспарлар әзірленеді.

Ұлттық аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында:

  • денсаулыққа, экологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік, психологиялық амандығын қорғау;

  • бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай пайдалану;

  • табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау;

  • жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау;

  • табиғатта кездесетін барлық тұқым түрлерін сақтау;

Осы мақсаттарға жету үшін басты міндеттер белгіленеді. Олар:

  • табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты технологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру;

  • бірыңғай табиғат қорғау жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар жүйесін жетілдіру;

  • өндірісті орналастыруды, табиғат пайдалануды, оның қорын молайтуды экологиялық негізде жүзеге асыру;

  • табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістерін және механизмдерін жетілдіру;

  • табиғи ортаның жай-күйін бақылаудың автоматты жүйесін құру;

  • экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау белсенділігін арттыру;

  • халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу.

Табиғат қорғау және тиімді пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты – табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат ресурстарының үнемделуін, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Табиғатты пайдалануды басқаруда әсіресе әкімшілік жолмен реттеуде нормативтер мен стандарттар ерекше орын алады.

Табиғи ортаның сапалық стандарттары ауа, су бассейндерінің, топырақтың және басқа табиғаттың құрамды бөліктерінің жай-күйін реттейді.

Әдетте табиғи ортаны ластаушылардың әрқайсысында жол берілетін ластаушы заттардың шығарылу шегі белгіленеді. Ластаушы заттардың шоғырлану шамасы осы шектен аспағанда олар адам денсаулығына, экологиялық жүйелерге зиян келтірмейді деп есептейді. Нормативтердің орташа тәуліктік және ең жоғарғы шамасы белгіленеді.

Табиғи ортаға әсер ету стандарттары әрбір өнеркәсіп процестерінен шығарылатын ластаушы заттардың шамасын реттейді. Стандарт бір уақыт аралығында ластаушы заттар санына немесе ластаушы заттардың белгілі мөлшерінің шығарылатын уақытына белгіленуі мүмкін. Табиғи ортаға әсер ету стандарттары жол берілетін ластану шегінің негізінде анықталады. Барлық ластаушылар әсер ететін территорияда ластаушы заттардың жиынтық шоғырлануы жол берілетін шамадан аспауы керек. Әрбір ластаушы көздерге ластаушы заттар шығару шегін белгілегенде территорияның жалпы ластану деңгейі, ластаушы заттардың таралу немесе шоғырлану мүмкінділігі және басқа ластаушылармен қосылатын жиынтық әсері ескеріледі.

Әдетте ластаушы заттардың шоғырлану дәрежесі бақылау пункттерінде өлшенеді. Егер көрсеткіш нормадан артық болса, ластаушыларға норма азайтылып, шоғырлану дәрежесі қайта есептеледі. Керісінше, бақылау көрсеткіші төмен болса, норматив жоғарлатылуы мүмкін. Бұл процестерді төмендегі сызбадан көруге болады:

Технологиялық және тағы басқа объективті себептармен ластаушы заттардың шығарылу нормасын жол берілетін нормаға бірден жеткізу мүмкін болмағанда, аймақтың экологиялық жағдайы көтеретін болса, уақытша келісілген норматив белгіленеді және оны жол берілетін шамаға жеткізу шаралары белгіленеді.


Ластаушы заттардың жол берілетін

шығару нормасын белгілеу

















Сурет 2.

Ластаушы заттар шығару нормативін белгілеу көп сатылы қайталанылатын процесс және аймақтағы барлық ластаушы заттардың табиғи ортаға жиынтық әсері, аймақтың табиғи жағдайы ескеріледі. Бақылау нүктелерінде ластаушы заттардың шоғырлануы жол берілетін шамаға жеткенінше процесс қайталана береді.

Технологиялық стандарттар - әрбір өндіріс процесінде немесе тазалау қондырғыларында белгіленеді. Стандарт бойынша табиғат қорғау технологиясы үлгілік технологияға сай болуы керек.

Өнімдердің сапасының стандарты – азық-түлікте, суда, тұтыну тауарларында зиянды заттардың, қоспалардың болмауын реттейді.

Табиғат ресурстарын пайдалануға, табиғи ортаға ластаушы заттар шығаруға кәсіпорындарға, фирмаларға стандарттар, шектер, нормалар негізінде рұқсат-лицензиялар беріледі. Лицензиялар өндіріс көлеміне сәйкес белгілі мерзімге беріледі. Өндіріс ұлғайтылғанда немесе лицензия мерзімі аяқталғанда жаңа лицензиялар алу керек. Лицензия табиғат пайдалануды басқарудың басқа механизмдерімен: төлемдер, стандарттармен, шектеулермен үйлесімдіріледі.

Рұқсат-лицензия беру үшін нормалар, шектер белгілеу үшін табиғи ортаға келтірілетін әсерлер бағаланады. Табиғат пайдалану саоласындағы барлық бағдарламалар, жобалар, шаруашылық іс-әрекеттері қолданылатын технология, шығарылатын өнімдер, пайдаланылатын шикізат бағалауға жатады.

Табиғи ортаның тазалық нормативтері: санитарлық-гигиеналық; санитарлық қорғау; экологиялық; өндіоістік шаруашылық жүйелеріне бөлінеді. Табиғат қорғау, пайдалану нормативтері тұрақты немесе уақытша белгіленеді. Кейбір объективті себептермен тұрақты нормативтер белгілеу мүмкін болмағанда, уақытша нормативтер тағайындалады. Ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйеніп нормативтер ұдайы қатаңдау бағытында өзгертіліп отырады. Өзгерту мақсаты – табиғи ортаға зиянды әсерлерді неғұрлым азайту.

Табиғатты пайдалануды басқарудың тағы бір маңызды тетігі – экологиялық сараптама. Табиғат пайдалануға байланысты барлық болжамдар, тұжырымдамалар, жобалар, нақты шаруашылық және іс-әрекеттер, техника мен технология, өнімдер, пайдалантын шикізат, материалдар, отын-энергия, шығарылатын қалдықтар міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Қажет болған жағдайда қоғамдық экологиялық сараптама ұйымдастырылады. Сараптамалардың нешізгі мақсаты табиғатқа, адамның денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау.

Төлемді табиғат пайдалану принципін жүзеге асыру үшін экономикалық зиянды есептеу көрсеткіштері, әдістері маңызды орын алады. Табиғатқа әрбір зиянды әсер етушілер оның зардаптарын жойып, келтірілген шығынды қайтаруы тиіс және зиянды болдырмау шараларын жүргізуі керек. Өйткені олардың өздеріне зиянды болдырмау, оның зардаптарын жоюдан әлдеқайда тиімді болады.

Табиғи ортаның ластануынан болатын экономикалық зиян қай тұрғыдан қаралуына байланысты әр түрлі мағынаға ие болады. Өнім өндірушілер үшін ол алынбаған немесе жоғалтылған өнім және соған сәйкес экономикалық көрсеткіштердің (пайда, тиімділік т.б) нашарлауы. Жалпы халық шаруашылығы тұрғысынан алып қарайтын болсақ, алынбаған өнімдерді басқа жерде өндіруге немесе шетелден әкелуге мәжбүр боламыз. Сондықтан экономикалық зиян алынбаған (жоғалтылған) өнімдердің орнын толтыру шығындары болады. Яғни экономикалық зиян нақты шығындармен емес, орнын толтыру шығындармен айқындалады. Әдетте орнын толтыру шығындары артық болады.

Экономикалық зиян мәнін толық ашу үшін халық шаруашылығы залалдарының құрамын қарастыру керек. Мысалы, табиғи ортаның ластануынан халықтың денсаулығына келтірілетін зиян емделу шығындарымен және аурудың салдарынан болатын еңбек өнімділігінің кемуінен таза өнімдердің жоғалтылуымен есептеледі. Экономикалық зиянды және төлемдерді анықтаудың үлгілік әдістемесінде халықтың денсаулығының нашарлауынан болатын зияндар тікелей шығындармен емес, алынбаған өнімдердің орнын толтыру шығындарымен есептеледі.

Өнеркәсіпте ластану салдарынан болатын экономикалық зиян алынбаған таза табыстың (пайданың) орнын толтыру шығындармен агықталады. Экономикалық зиянды анықтаудың бірнеше бағыты бар. Олар алынбаған (жоғалтылған) өнімнің бағасымен есептеу; кадастрлық бағалармен орнын толтыру шығындарымен есептеу; алынбаған таза табыс, ұлттық байлық және дифференциялдық рента. Осыған қарап, табиғи ортаның ластануынан болатын экономикалық зиянды есептеу мәселесі әлі зерттеулерді қажет ететінін көреміз.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау icon2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
Кіріспе
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы n 11/127-іі шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында...
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconКіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Іі бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайын талдау iconДиплом жұмысы Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница