Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
страница7/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.84 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://dppzhambyl.gov.kz/uploads/files/gos/kaz/2.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
% пайдаланылмайды) ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттық уағдаластықтардың болмауынан және тұрақсыз кiрiсiнен жеке кәсiпорнын дамыту үшiн дәйектi инвестициялық саясатты жүргiзуге қауқары жоқ.
      Нәтижесiнде қазақстандық кәсiпорындардың жеткiлiксiз технологиялық жарақтандырылуы;
      өндiрiстiк, сондай-ақ басқарушылық деңгейлердегi жоғары бiлiктi кадрлардың тапшылығы болып табылады.
      Кәсiпкерлiктi қолдау және қазақстандық үлестi дамыту мәселелерi әлемдiк дағдарыстың келеңсiз әсерi жағдайында ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Жыл сайын барлық мұнай-газ ұйымдары жұмыстарды орындауға  және қызметтердi көрсетуге қазақстандық сервистiк компаниялардың көл санын тартуда. Алайда, ұлттық деңгейде қазақстандық үлестi дамыту қажеттiлiгi мен маңыздылығын жалпы ұғынуға қарамастан, жергiлiктi мазмұндағы бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингтеу жекелеген операторлар деңгейiнде және жеке тәртiппен бытыраңқы жүзеге асырылуда.
      Бүгiннiң өзiнде сатып алудағы қазақстандық үлестi арттыру жөнiндегi мiндеттердiң табысты орындалғаны бойынша көптеген мысалдарды көруге болады. Бiрақ қазақстандық қамтуды ұлғайтуға жеткiлiксiз назар аударғандықтан өзiнiң толық әлеуетiн пайдалана алмаған кәсiпорындарды да кездестiруге болады.
      «ҚазМұнайГаз» секiлдi ұлттық компания қазақстандық үлестi ұлғайту жөнiндегi жұмысты белсендi жүргiзiп жатыр. 2010 жылдың бiрiншi жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының сатып алуының жалпы көлемi 638 млрд. теңгенi құрады, бұл ретте, қазақстандық үлес салмағы 428 млрд. теңгенi немесе 67 пайызды құрады. Бұл ретте, қазақстандық қамтуды есептеу ҚР Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 қыркүйектегi № 1298 қаулысымен бекiтiлген негiзгi көрсеткiшi отандық тауар жеткiзушiде СТ-КZ сертификатының болуы оның болып табылатын Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы өндiрiсiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, ҚМГ Басқармасының шешiмiмен (№ 59 хаттама) 2010 жылға арналған әртүрлi бизнес-бағыттар бойынша қазақстандық үлестi дамыту тиiмдiлiгiнiң мынадай көрсеткiштерi бекiтiлдi: мұнай өндiруде - 50 %; мұнай тасымалдаған кезде - 55 %; газ тасымалдаған кезде - 60 %; мұнай өңдеуде - 56 %; сервистiк жобаларда - 60 %.
      Қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын iске асыру еңбек нарығындағы жағдайды түпкiлiктi өзгертуге, елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкiндiк беретiнi сөзсiз.
      Тауарлардағы, сатып алудағы және қызметтердегi қазақстандық қамтуды ұлғайту бағдарламасын iске асыру ғаламдық дағдарыстың ел экономикасына әсерiн жұмсартуға ықпал ете отырып, отандық өнеркәсiптi және ауыл шаруашылығын дамыту үшiн, қазақстандық азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн нақты жағдай жасайды.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға бұрын қол қойылғанына және жер қойнауын пайдаланушылар iшкi кадрларды даярлау бағдарламасын әзiрлегенiне қарамастан, мұнай-газ компаниялары көптеген негiзгi басқарушылық лауазымдарға, сондай-ақ бiлiктiлiк талаптары жоғары лауазымдарға шетелдiк жұмыс күшiн тартуда. Iрi инвестициялық жобаларды iске асырған кезде шетелдiк құрылыс мамандықтары бар жұмысшылардың едәуiр саны тартылады.
      2009 жылы заңнамаға қазақстандық жұмыстарды, қызметтердi көрсетушi деген жаңа айқындама енгiзiлдi. Қазақстандық үлес мәселесiнде Қазақстан азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында тұратын жерi бар заңды тұлғалар, сондай-ақ қызметкерлерiнiң жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кем дегенде 95 % пайдаланатын Қазақстан Республикасында және оның аумағынан тыс жерлерде тұратын жерi бар олардың филиалдары мен өкiлдiктерi танылады.
      Қазақстандық өндiрушiнiң осындай анықтамасын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс iстейтiн немесе қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санын азайтуға мәжбүр болады. Жұмыстарды (қызметтердi) жеткiзуге арналған шарттарда қазақстандық үлестi есептеген кезде, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттардағы қазақстандық үлес салмағы ескерiледi. Тиiсiнше қазақстандық кадрлардың рұқсат етiлген пайыздық арақатынасының шегi, олардың қазақстандық өндiрушiлер ретiнде мәртебесiн айқындаған кезде мердiгерлерге, сондай-ақ қосалқы мердiгерлерге қолданылады.
      Осы түзетулердi енгiзу қазақстандық кадрларды жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақстанда шығарылған тауарларға, қазақстандық өндiрушiлердiң жұмыстары мен қызметтерiне сұраныс бойынша мәселелердi шешу қажеттiгiне байланысты туындады.
      Қазақстандық қамту бойынша жұмыстарды екi форматта жүргiзу ұсынылады - бiрi барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшiн стандартты түрде, екiншiсi, Теңiз, Қашаған, Қарашығанақ iрi жобалары айналасында, олардың ауқымы ескерiле отырып - кеңейту жобасына назар аударып, неғұрлым егжей-тегжейлi жұмыс жоспары.
      Мұнай-газ компанияларының ТЖҚ сатып алудағы қазақстандық үлесiн қазақстандық өндiрушiлер өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру есебiнен ұлғайту үшiн:
      жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық мiндеттемелерiне алдын ала белгiленген кезең аяқталғаннан кейiн тартылатын мамандардың санатына байланысты шетелдiк жұмыс күшiн қазақстандық кадрлармен ауыстыру туралы талапты енгiзу;
      келiсiмшарттар бойынша қаржы мiндеттемелерiнiң орындалу деңгейiн арттыру, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы қазақстандық үлес бөлiгiндегi талаптарды бұзу жөнiндегi әкiмшiлiк жауапкершiлiктi бекiту;
      «Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi» ақпараттық жүйесi базасында жер қойнауын пайдаланушылардың (ӨБТК-нi қоса алғанда) жүргiзген және жоспарлаған сатып алуы туралы бiрыңғай ақпараттық платформаның қалыптасуына ықпал ету;
      «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсiбi саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» деген жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуларындағы қазақстандық үлес серпiнiне талдау жүргiзу қажет.
      6. Қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2003 жылғы 9 маусымдағы № 129-б бұйрығымен бекiтiлген Экономика салаларын дамытудың мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларын, өндiру күштерiн орналастыру сызбаларын әзiрлеу кезiнде болжанған қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау ережесiне сәйкес әзiрленген.
      Салалық бағдарлама мұнай-газ саласының болашақта даму перспективасын көрсетедi, инвестициялық жобалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi, реттеу құжаттарын және стандарттарды әзiрлеу және қабылдау қажет.
      Бағдарламаның әрбiр нақты жобасы шеңберiнде мұнай-газ өңiрлерiнде экологиялық жағдайды жақсартуға, биологиялық әр алуандылықты сақтауға, сала кәсiпорындарының қоршаған ортаға әсерiн төмендетуге бағытталған iс-шаралар әзiрленетiн болады.
      Бұл ретте, мынадай мiндеттер шешiлетiн болады:
      1) қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде:
      заңнамалық базаны жетiлдiру және қоршаған ортаға эмиссияларды төмендететiн сала кәсiпорындарын ынталандыру тетiктерiн енгiзу;
      қоршаған ортаның бiрыңғай өндiрiстiк мониторингтеу, оның iшiнде аэроғарыш мониторингтеу жүйесiн дамыту;
      2) табиғи ортаны сақтау және қалпына келтiру, оның iшiнде:
      биологиялық әр алуандылықты сақтау;
      Каспий теңiзi қайраңының және iргелес аумақтың ластануының алдын алу, сондай-ақ мұнайдың төгiлуiне ден қою және оларды жою;
      жер және су ресурстары ластануының және әуе бассейнi ластануының алдын алу;
      өндiру және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемдерiн арттыру;
      3) сала қызметкерлерi мен тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның терiс әсерiн төмендету.
      Бағдарламаны iске асыру өндiрiстiң болжамды өсуi кезiнде қоршаған ортаның сапасын басқару деңгейiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Қоршаған ортаға экологиялық жүктеменi төмендету және саладағы экологиялық инфрақұрылымды дамыту аясында 2014 жылға қарай тұрақты дамудың мақсатты көрсеткiштерiне жоспарлы түрде қол жеткiзу қамтамасыз етiлетiн болады.
      Көмiрсутек шикiзатын қарқынды игеру аудандарында қоршаған табиғи ортаға әсер ету мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi техногендiк жүктеме дәрежесiне, адамның, жануарлар мен өсiмдiк әлемiнiң өмiр сүретiн ортасы ретiнде биологиялық жүйеге олардың тигiзетiн салдарымен, сондай-ақ топырақты-өсiмдiктi қабатының, жерүстi және жерасты су ауасының жай-күйiн қоса алғанда жұмыс ауданының табиғи орта теңгерiмiнiң бұзылуына байланысты.
      Қоршаған ортаның мұнаймен, мұнай өнiмдерiмен және олардың туындыларымен ластануы күрделi экологиялық зардаптарға ғана емес, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындардың, сондай-ақ жалпы республиканың экономикасына да әсер ететiн экономикалық сипаттағы зардаптарға да соқтыруы мүмкiн.
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi республикалық бағдарламалар шеңберiнде жүргiзiлген зерттеулер мұнай өндiру кәсiпорындарының Қазақстанның мұнай-газ кен орындарын игерген 100 жыл iшiнде Каспий жағалауы бiрқатар аудандарының экологиялық жағдайын нашарлатқандығын куәландыруда. Тарихи сипаты бар деп аталатын мұнаймен ластанулар жағдайы проблемалы болып қалуда.
      Сонымен бiрге, сала кәсiпорындары мазутталған учаскелердi жою және ластанған аумақтарды, соңғы қалған технологиялық мұнай қамбаларын құнарландыру жөнiнде мақсатты бағытталған жұмыс жүргiзуде.
      «Технологиялық қамбаны жою жөнiндегi 2004 жылдан бастап 2010 жылдарға дейiнгi кезеңге есептелген ұзақ мерзiмдi бағдарламаның» қолданылу кезеңiнде қамбаның ауданын 84-тен 30 га дейiн қысқартуға қол жеткiзiлдi. 2009 жылы қамбаны жоюға 1,1 млрд. теңге бағытталды. Бағдарламаның қолданылу кезеңiнде бағытталған қаржы қаражатының жалпы көлемi 1,6 млрд. теңгенi құрады.
      Қазiргi заманғы аз қалдықты технологияларды енгiзу, жоғары өнiмдi жабдықты пайдалану қалдықтарды басқару жөнiндегi мақсатты жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. БӨ-де тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк жұмыстар шеңберiнде көмiрсутек құрылымын бұзатын бактериялар көмегiмен топырақтың жоғалтқан құнарлылық қасиеттерiн қайтаруға мүмкiндiк беретiн цеолиттi-микробиологиялық әдiспен мазутталған аумақтарды қалпына келтiру жүргiзiлуде.
      Қиын бұзылатын мұнайды өңдеу жөнiндегi жоғары өнiмдi жабдық, термодесорбция әдiсiмен мұнай қоқыстарын өңдеу жөнiндегi қондырғылар қолданылады. Қоршаған ортаға терiс әсерi барынша аз жою жұмыстарын жүргiзу үшiн мазутталған топырақты және мұнай қоқысын өңдеу жөнiндегi өнiмдiлiгi сағатына 30 тонна жоғары технологиялық ұтқыр кешендер қолданылады.
      Болашақта, Қашаған кен орнын игеру кезiнде Теңiзде күкiрттi кәдеге жарату мәселесi проблемалы болып қала бермек. Экологиялық мониторигтеудiң бiрыңғай салалық жүйесi жоқ.
      Қазiргi кезеңде, мұнай-газ саласының қарқынды дамуы қоршаған ортаның ластануымен қоса жүредi және қоршаған ортаға техногендiк әсердi азайту жөнiндегi анағұрлым озық әдiстердiң қолданылуын талап етедi.
      Iздестiру-барлау жұмыстарының жандандырылуына, ал кейiннен қайраңдағы теңiз мұнай кен орындарын игеруге байланысты Каспийде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi аса өзектi. Теңiзде болуы мүмкiн мұнайдың төгiлуiнiң алдын алудың және жоюдың тиiмдi жүйесiн құру мәселесi де өткiр.
      Осылайша, еңбек қауiпсiздiгiн арттыру және саланың қоршаған ортаға терiс әсерiн төмендету жөнiнде жүйелi шараларды iске асыру шеңберiндегi жұмыста мынадай негiзгi бағыттарды атап көрсетуге болады:
      1) тарихи ластану проблематикасын шешу (ұңғымалар, қамбалар, газды, күкiрттi жағу).
      Мамандандырылған институттарды тарта отырып Каспий теңiзiнiң суы басқан аймағында және консервацияда тұрған «иесiз» ұңғымаларды қоса алғанда, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы шегiндегi мұнай ұңғымаларының жай-күйiн бағалау бойынша мынадай жұмыстар жүргiзу қажет:
      мұнай ұңғымаларының сенiмдiлiгiн арттыру жөнiнде техникалық шешiмдердi iске асыру бағдарламаларын әзiрлеу;
      мұнай ұңғымаларының сенiмдiлiгiн арттыру жөнiнде техникалық шешiмдер әзiрлеу;
      2) төтенше жағдайлардың, оның iшiнде мұнай төгiлуiнiң алдын алу мен ден қою және олардың зардабын жою.
      Қазақстанның Теңiз, Қашаған, Қарашығанақ iрi кен орындарында iлеспе газда күкiрт қышқылы деңгейiнiң өте жоғары, сондай-ақ қалыптан ауытқу жоғары қабат қысымымен сипатталатынын атап өту қажет.
      Сезiмтал қоршаған орта жағдайында жұмыс жасауға байланысты аталған ерекшелiктер өндiрiстiң «дәстүрлi» талаптарына қоса (өрт қауiпсiздiгi, улану және т.б.) жоғары қауiпсiздiк әрекеттерiн талап етедi.
      Авариялық жағдайдың алдын алу және болдырмау мақсатында шығарындыға қарсы құрылғы элементтерiнiң жағдайын бақылау жүйесiн әзiрлеу және орындау. Барлау бұрғылау мен ұңғыманы пайдалануға пәрмендi бақылаудың болуы.
      Қазiргi уақытта, КТҚС 43 ұңғыма бұрғыланған, 3 жасанды арал салынған, бұрын құрлық жағдайында бұрғыланған және бүгiнде теңiз деңгейiнiң көтерiлуi салдарынан су басқан 187 ұңғыманың 24-i жойылған.
      Атырау және Маңғыстау облыстарында құрлықта топырақтың ластанған учаскелерiнiң бар болуы, көлемi мен құрамы бойынша әртүрлi мұнай өндiру, өнеркәсiп және тұрмыстық қызмет қалдықтарының жиналуы себебiнен теңiздi және жағалау аймағын ластаудың ықтимал көздерi болып табылатын ондаған мұнай және газ кен орындары игерiлуде.
      Болашақта, жаңа барлау және пайдалану ұңғымаларын бұрғылап, жасанды аралдар, мұнай құбырлары мен газ құбырларын салып, танкерлiк флоттың қуатын одан әрi арттыра отырып, Каспий теңiзiнiң акваториясы мен жағалау аймағында мұнай операцияларын қарқынды кеңейту жоспарлануда, бұл жалпы өңiрдегi қоршаған ортаның жай-күйiне терiс антропогендiк жүктеменiң артуын болжайды.
      Каспий теңiзiнiң тұйықтығына және Әлемдiк мұхитпен байланысының болмауына байланысты оның жоғары экологиялық сезiмталдығы оның акваториясында мұнай операцияларын кеңейту Қазақстан Республикасы заңнамасынының талаптарына және халықаралық құқықтық актiлердiң шарттарына сәйкес теңiз жобаларының операторлары мен қатысушыларының өңiрдiң, оның iшiнде мұнайдың авариялық төгiлуi және олардың зардаптарын жою кезiнде, толық экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiн талап етедi.
      Мұнай операцияларын жүргiзудiң халықаралық практикасына сәйкес төгiлген мұнай көлемiне, ластану және экологиялық-экономикалық зардап ауқымына, зардаптарды жою үшiн тартылатын материалдық, қаржы және адам ресурстарының санына қарай мұнайдың төгiлуiнiң үш деңгейiн ажыратады. 1-шi деңгейдегi төгiлудi оқшаулау және жою үшiн компанияның да, мамандандырылған мердiгерлiк ұйымдардың да меншiктi ресурстарын пайдалану көзделедi. 2-шi деңгейдегi мұнайдың төгiлуiн жою мамандандырылған ұйымдардың қосымша ресурстарын пайдалануды, ал 3-шi деңгейдегi - iрi мамандандырылған компанияның едәуiр күштерi мен құралдарын тартуды талап етедi. Мұнай төгiлуiне ден қоюдың ұлттық жоспарына сәйкес 1-шi және 2-шi деңгейдегi мұнайдың төгiлуiн оқшаулау және жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы, ал 3-шi деңгейдегiге - мемлекет жауапты болады.
      Мұнайдың авариялық төгiлуiн жою жөнiндегi техникалық және адам ресурстарымен жер қойнауын пайдаланушылардың қамтамасыз етiлуiн талдау бүгiнгi күнi қолда бар 1-шi және 2-шi деңгейдегi мұнайдың төгiлуiн оқшаулау жөнiндегi күштер мен құралдардың ажырап кеткендiгiн  және ұңғымалардың бақылаудан шығу жағдайларын айтпағанның өзiнде, 3-шi деңгейдегi төгiлудi жою үшiн жеткiлiксiз екендiгiн көрсетiп отыр.
      Қазiргi уақытта, мұнайдың төгiлуiне ден қою жүйесi Қашаған және Теңiз жобаларында жұмыс iстейтiн Аджип ККО компаниясының базасында құрал-жабдық және техникасы бар шетел компаниялары және орындаушы фирмалар, (Ұлыбританияның Саутгемптон қаласында орналасқан «Ойл Спилл Риспонс Лимитед», және т.б.) шетелдiң арнаулы мекемелерiнiң бөлектенген күштерiнiң арқасында жүзеге асып жатыр.
      Мемлекеттiк қолдауға ие болып, Солтүстiк Каспий экологиялық ден қою (бұдан әрi - СКЭДБ) базасын салу жөнiнде басым жоба пайда болды. Жобаның мақсаты КТҚС солтүстiк бөлiгiнде теңiз мұнай операцияларын iске асыратын операторларды мұнайдың 2-шi дәрежелi төгiлуiне ден қою қызметiн қамтамасыз ету үшiн база ашу. Солтүстiк Каспий экологиялық ден қою базасының құрылысын басты белгiлеу мiндетi жануарлар әлемiн қайта жаңғырту, экологиялық және әдiснамалық мониторингтеу өткiзу, мұнайдың төгiлуiн жоятын жабдықтың техникалық қызметi, оны сақтау болып табылады.
      Каспий теңiзiнде теңiз мұнай операцияларын жүргiзу қауiпсiздiгi авариялық фонтандарды сөндiру және өрттi сөндiру жөнiндегi қаржылық, техникалық және адам ресурстарымен толық қамтамасыз етiлмегендiгi алаңдатады.
      Сонымен бiрге, Каспий теңiзiнiң жабық су айдыны ретiндегi ерекшелiгiн ескере отырып, теңiзде мұнай кен орындарын барлау және игеру кезiнде кез келген аварияның туындауы халықаралық деңгейдегi экологиялық апатқа әкелiп соқтыруы мүмкiн екендiгiн атап өткен жөн.
      Бұл ретте, түп тереңдiгiнiң әр түрлiлiгiне (солтүстiк - таяз сулы, ал оңтүстiк - терең сулы) байланысты КТҚС-та мұнайдың төгiлуiне ден қоюды және жоюды қамтамасыз ету таяз су үшiн және терең су үшiн бөлек, теңiздiң толқуы жағдайында өту қабiлетi (шөгуi), сондай-ақ олардың меншiктi қауiпсiздiгi тұрғысынан да әртүрлi үлгiдегi мамандандырылған кемелердiң (мұнай жинаушылардың, өрт сөндiру, фонтанға қарсы, құтқару, мұз жарғыш және басқа), сондай-ақ арнайы жабдықтың қолданылуын талап ететiндiгiн ескеру керек. Практика көрсетiп отырғандай аварияларды жоюға арналған жаңа бiрегей жабдық әзiрлеуге тура келiп отыр.
      Сондықтан да кем дегенде үш ден қою базасын құру қажет, өйткенi ден қою тиiмдiлiгi мұнай төгiлуiнiң басталуы мен оны оқшаулау және зардаптарын жою уақыты арасындағы уақыт аралығымен анықталады.
      Қазақстан Республикасы мұнай төгiлуiне ден қою және трансшекаралық контексте ластану жөнiндегi соңғы халықаралық құжаттар (Мұнайдың төгiлуiне Қазақстанның ден қою дайындығы жөнiндегi ЕҚЫҰ Дөңгелек үстөлiнiң хаттамасы, Каспий теңiзi жөнiндегi Негiзгi конвенцияға Тегеран хаттамасы) аясында Каспий теңiзiнде қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуi үшiн үлкен жауапкершiлiкте болады.
      Осыған байланысты КТҚС мұнайдың төгiлуi салдарының алдын алу үшiн 3-шi деңгейдегi төгiлуге ден қоюдың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру, оны қазiргi заманғы техникалық құралдармен және жабдықпен жарақтау, сондай-ақ жоғары бiлiктi мамандарды даярлау мәселесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қауiпсiздiк Кеңесi деңгейiнде қараудың аса қажеттiлiгi болып отыр.
      Құқықтық сипаттағы маңызды мәселелер де орын алады. Мысалы, нақты жер қойнауын пайдаланушымен шарт жасасқан мұнайдың авариялық төгiлуiн жою жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың ұңғымаларды сөндiру және өрт сөндiру құралдары жоқ, күш пен құралдарды шоғырландыру қажет болған жағдайда басқа келiсiмшарттық учаскеде мұнайдың төгiлуi үшiн жауап бермейдi және оны жоюға құқығы жоқ. Сондай-ақ шетелдiк мамандандырылған ұйымдар тартылған жағдайда кедендiк рәсiмдердi оңайлату жөнiнде проблемалық мәселелер бар, бұл қолданыстағы заңнамаға және жасалған келiсiмшарттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi талап етедi.
      1) мұнай төгiлуiне жауапкершiлiктi қоса алғанда, табиғатқа келтiрген залалы үшiн, апаттың құқықтық мәселелерiн;
      2) ұңғымалардағы қысымды бақылайтын лақтырындыға қарсы құрылғының болуын, компания-операторлардың апатқа қарсы техникалық құрал-жабдығының жағдайын;
      3) оқытуға қолданылатын шараларды және оператор-компаниялар штатының дайындығын;
      4) қолданылатын технологиялардың инспекция жүйесiнiң тиiмдiлiгiн, техникамен жабдықталғанын, қауiпсiз химикаттарды, биорагенттердi, қышқылдарды, төгiлген мұнайды өртеуге арналған құралдарды, компания-операторлардың апаттардың алдын-алуына дайындығын және олардың салдарымен күрестi бағалау жөнiнде жұмыс атқару қажет.
      КТҚС мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ТЖ алдын алу және ден қоюға белгiлi шаралар қабылдануда. Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен бекiтiлген «Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою жөнiндегi ұлттық жоспар» әзiрлендi.
      Қазiргi уақытта, Ұлттық жоспарды жаңарту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде, оның төтенше шаралар жүйесi мыналарды қамтуы тиiс:
      1) Жауапкершiлiк құрылымы мен бағынушылық жүйесiн, сондай-ақ iрi авариялар мен төтенше жағдайлар кезiндегi жеке жауапкершiлiктi анық көрсететiн ұйымдастырушылық жоспар;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.06 № 422 Қаулысымен;
      3) Билiк орындарын хабардар ету жүйесiн, әрбiр тұлғаның мiндеттерiн, төтенше жабдықты қайда және қалай пайдалану және қандай әрекеттер жасауды, iрi авариялар мен төтенше жағдайлардың зиянды салдарын шектеуге бағытталған шараларды және iс-қимылдың аяқталу ережесiн қоса алғанда сигнал беру және коммуникациялық жүйелердi анық сипаттайтын iс-шаралар жоспары.
      Бұл ретте, басқа да Каспий маңы елдерiнiң қатысуымен Каспий маңы елдерiнiң оффшорлық авариялары салдарының алдын алу және олармен күресу жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн жалпы басқарушы/бақылаушы агенттiктi құруды қарау.
      «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай төгiлуiнiң ықтимал экологиялық тәуекелдерiн ескере отырып, ЕТҰ арналған әдiснамалық ұсынымдар ретiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгiмен келiсiлген мынадай бiрқатар корпоративтiк басшы құжаттар әзiрлеген болатын:
      1) «Мұнай төгiлуiне ден қоюдың корпоративтiк жүйесi»;
      2) «Теңiздегi төгiлудi оқшаулау және жою, теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде персоналды эвакуациялау, құтқару және оның тiрi қалуы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру ережесi»;
      3) «Халықаралық практикаға сәйкес ТЖ бiрiздендiру, бағалау, талдау және тәуекелдерiн азайту әдiстемесi».
      Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2006-2015 жылдарға арналған кешендi экологиялық бағдарламасын iске асыру шеңберiнде, сондай-ақ осы проблеманың экологиялық және әлеуметтiк аспектiлерiн ескере отырып, корпоративтiк өндiрiстiк экологиялық мониторинг жүйесiн қалыптастыру жалғастырылуда. Қазiргi уақытта, оның бiрiншi кезеңi iске асырылды - геоақпараттық технологиялар негiзiнде қоршаған ортаның аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесi енгiзiлдi және жұмыс iстеуде, тұрақты түрде жаңартылатын электрондық экологиялық карта жасалды.
      Осы аэроғарыштық экологиялық мониторингтеу жүйесi «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жауапты барлық аудандар мен учаскелердi КТҚС мұнай дақтарын анықтауды және жедел мониторингтеу, радиолокациялық зондтау технологиясын пайдаланып оларды тiркеудi, бiрiздендiру алгоритмi арқылы мұнай дақтарын табуды, төгiлудiң нақты координаттары мен ауданын анықтау, мұнай төгiлуiнiң теңiзде тарауын модельдеудi қоса алғанда үздiксiз қадағалап отырады.
      Мыналар:
      1) атмосфералық ауаның, оның iшiнде iлеспе мұнай газын жағу жөнiндегi жұмыс iстеп тұрған шырақты қондырғылардың ластану көздерiн анықтау, таралуын модельдеу;
      2) мұнай дақтарын және ластану көздерiн, соның iшiнде теңiздегi, табу, таралуын модельдеу;
      3) магистралдық газ құбырлары мен мұнай құбырлары трассаларының тәуекелдiк учаскелерiн мониторингтеу;
      4) мазутталған учаскелердi анықтау, мазутталуды жою серпiнiн және мұнай қамбаларын бақылап тексеру;
      5) теңiздегi мұнай жағдайларын бақылап тексеру;
      6) барабар басқару шешiмдерiн жедел қабылдау;
      7) дерекқорда ақпаратты жүйелендiру және сақтау, электрондық
экологиялық картаны толықтыру аэроғарыш мониторингiнiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
      Корпоративтiк өндiрiстiк экологиялық мониторинг жүйесiн құрудың келесi кезеңi қоршаған ортаның және экологиялық зертханалардың көрсеткiштерiн тiркеу және өлшеудiң оңтайлы желiсiн ұйымдастыру болып табылады. Атмосфералық ауаны қадағалаудың автоматтандырылған станцияларын құру жөнiндегi пилоттық жоба «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау мұнай айдау станциясы базасында iске асырылды.
      Қазiргi уақытта, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың ЕТҰ қолданыстағы құрал-жабдықтық базасына талдау жүргiзiлдi. Қадағалау станциялары мен зертханаларының, сондай-ақ жалпы экологиялық мониторинг жүйесiнiң басқа құрамдас бөлiктерiнiң корпоративтiк желiсiн бұдан әрi кезең кезеңмен қалыптастырудың жолдарын анықтау қажет.
      Бұл айтарлықтай қаржылық және материалдық ресурстарды, санаткерлiк әлеуеттi тартуды, инновациялық технологияларды енгiзудi талап ететiн күрделi және жан-жақты жұмыс екендiгiн атап өту қажет.
      Сондай-ақ, мұнайдың авариялық төгiлуi жағдайында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ мұнайдың авариялық төгiлуiн жою жоспарларында (МАТЖЖ) төтенше жағдайларда экологиялық мониторингтеу жүргiзу көзделген.
      Осы мәселенiң өзектiлiгiн назарға ала отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Семсер - Өрт сөндiрушi» ЖШС еншiлес сервистiк ұйымды тарта отырып мұнай төгiлуiне ден қоюдың корпоративтiк жүйесiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзуде.
      Әрбiр нақты жоба бойынша қоршаған ортаға әсердi толық бағалау осы жобалардың техникалық көрсеткiштерiне байланыстырылып, оларға экологиялық сараптама және қоғамдық тыңдаулар жүргiзiп, мемлекеттiк органдармен келiсiп әзiрленетiн болады.
      Киото хаттамасы бойынша мiндеттемелердi орындау шеңберiнде саланың энергиялық тиiмдiлiгiн арттыру, ресурстарды және энергияны сақтайтын технологияларды енгiзу және парниктiк газ шығарындарын төмендету жөнiнде жүйелi әдiстердi пысықтау және iске асыру талап етiледi.
      7. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету.
      Тiкелей жер қойнауын пайдаланушы компанияларды бiлiктi кадр
ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесi, негiзiнен, ағымдағы мамандарды
даярлау жүйесi шеңберiнде, сондай-ақ сол компаниялардың бiлiктiлiктi арттыру бағдарламаларымен шешiледi.
      Салалық бағдарламаны iске асыру шеңберiнде iске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың құрылыс кезеңiнде, сондай-ақ пайдалану кезеңiнде (әсiресе, саланы дамытудың негiзгi бағыттары бойынша) бiлiктi мамандармен қамтамасыз етiлуiне негiзгi назар аударған жөн.

12-кесте

Iске асырылып жатқан мұнай-химия жобаларында кадрларға межелi қажеттiлiк

Жоба

Орналасқан жерi

Қызмет түрi

Жұмыстың басталуы

Еңбек ресурстарына деген

Орта бiлiм, адам

жалпы қажеттiлiк, барлығы

Жоғары бiлiм, адам

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

АМӨЗ-де хош иiстi көмiрсутекердi өндiру кешенi

Атырау обл.

Салу

2010 ж. шiлде

959

725

2400

2050

2134

1832

192

161

-

-

234

350

302

31

-

Пайдалану

2014 ж.

-

-

63

53

87

78

87

78

87

78

-

10

9

9

9

Интеграцияланған газ-химия кешенi

Атырау облысы

Салу

2010 ж. қазан

85

80

1865

1800

2830

2700

2945

2800

1085

1050

5

65

130

145

45

Пайдалану

2015 ж.

-

-

-

-

-

-

-

-

440

250

-

-

-

-

190

Ақтау пластикалық массалар зауытында Жол битумын өндiру зауыты

Маңғыстау обл.

Салу

2010 ж. маусым

1223

1550

1301

-

-

-

249

Пайдалану

2012 ж.

-

-

490

490

490

Инвестжобалар бойынша ЖИЫНЫ

Салу

2267

5815

4964

3137

1085

Пайдалану

-

63

577

577

1017

Ескерту: қажеттiлiк өсушi жиынтықпен көрсетiлген.

      Құрылыс кезеңiндегi барлық жобалар бойынша жұмыс күшiне деген жалпы қажеттiлiк 2010 жылы - 2267 адамды, 2011 жылы - 5815 адамды, 2012 жылы - 4964 адамды, 2013 жылы - 3137 адамды құрамақ. Пайдалану кезеңiнде жұмыс күшiне деген жалпы қажеттiлiк 2011 жылы - 63 адамды, 2012 жылы - 577, 2013 жылы - 577 адамды құрайды.
      Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенiнде жұмыс iстеу үшiн Қарабатандағы кешендi салуға және пайдалануға жұмысшы кәсiбi мамандарын даярлау, оның iшiнде «Болашақ» жобасынан (1 500 адам) босатылған қызметкерлердi тарту көзделiп отыр.
      Ақтау пластикалық массалар зауытында iске асырылып жатқан «Жол битумы өндiрiсi жөнiндегi зауыт құрылысы» инвестициялық жобасы бойынша «Sat Operating Aktau» ЖШС персоналы қысқартылғаннан кейiн жоба операторы - «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ («КРI» АҚ) штатына битум зауытын салу бойынша 250 адам енгiзiлдi. Маңғыстау облысының еңбекпен қамту органдары «КРI» АҚ басшылығымен бiрлесiп, 2012 жылы iске қосуға жоспарланып отырған битум зауыты үшiн талап етiлетiн жұмысшы кәсiбiнiң қазақстандық мамандарын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленуде.
      Бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзу үшiн техникалық және кәсiби, инженерлiк-техникалық және қосымша кәсiби бiлiмнiң өзара байланысқан жүйесiн қамтитын үздiксiз бiлiм моделiн қалыптастыру, теңдестiрiлген, серпiндi еңбек нарығын дамыту, мұнай-газ саласына мамандарды тарту үшiн мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылы жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Мұнай-газ және мұнай-химия мамандықтары мен мамандары бойынша кадрларға деген қажеттiлiк отандық жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсiби бiлiм оқу орындарында, сондай-ақ шетелде мамандарды даярлау шеңберiнде толтырылатын болады. Мұнай-газ және мұнай-химия салаларына арналған мамандарды даярлау мемлекеттiк тапсырыс және iрi мұнай компанияларының бiлiм гранттары негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      Қазiргi уақытта, мұнай-газ және мұнай-химия салалары үшiн инженерлiк-техникалық профильдi ұлттық кадрларын даярлау төрт негiзгi жоғары оқу орындарында (бұдан әрi - ЖОО) жүргiзiлуде:
      Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi;
      Қазақстан-Британ техникалық университетi;
      Атырау мұнай және газ институты;
      М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi.
      Аталған ЖОО-да оқу мемлекеттiк гранттар бөлу және коммерциялық негiзде жүргiзiледi және салалардың қажеттiлiгiне қарай, жыл сайын өндiрiстердi компьютерлiк модельдеу және компьютерлiк бақылау жүйелерiн бiлумен мұнай өңдеу, терең мұнай-химия синтезi, органикалық синтез технологиясы, мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсiпорындарын жобалау саласындағы қазiргi заманға сай деңгейдегi бiлiктi мамандар шығарылады. Қазақстан-Британ техникалық университетi 2011 жылдан бастап әрбiр оқу бiтiрушiнi ағылшын тiлiндегi кәсiби жарамдылығына тестiлеу жүргiзудi жоспарлап отыр (Chemical Engineer Proficiency Test).
      Елдiң жоғары оқу орындарына студенттердi қабылдау жоспарына сәйкес 2010-2014 жылдарға 050721 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша көмiрсутек шикiзатын өңдеу технологиялық профилi мамандарының күтiлiп отырған бiтiрушiлер туралы ақпарат төмендегi 13-кестеде келтiрiлген.

13-кесте

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша жас мамандарды шығару жоспары

Жылдар

ЖОО-лар бойынша күтiлiп отырған бiтiрушiлер саны

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi

Атырау мұнай және газ институты

Қазақстан-Британ техникалық университетi

М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi

Жиыны:

2010

85

116

32

69

302

2011

77

117

28

73

295

2012

61

131

24

44

260

2013

48

95

32

22

197

2014

70

107

30

40

247

Барлығы:

341

566

146

248

1301

      Кәсiби бiлiм мен оқуды (бұдан әрi - КБО) дамыту мына бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      қазiргi бар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту;
      жаңа техникалық және кәсiби оқу (бұдан әрi - ТКБ) орындарын салу. Жобалар iрi кәсiпорындардың қатысуымен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң бiрлесiп қаржыландыру жағдайында iске асырылатын болады;
      Атырау қаласында мұнай-газ саласы бойынша өңiраралық кәсiби орталық салу;
      ТКБ қазiргi бар ұйымдарының базасында индустриялық инновациялық даму жобалары бойынша базалық оқу орындарын құру.
      Серпiндi дамып келе жатқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда кәсiби-техникалық бiлiм ұдайы жетiлiп отыруды талап етедi. Осы мақсатта iрi мұнай-газ компанияларында жоғары технологиялық деңгейде кәсiби оқу орталықтары құрылып, дамитын болады.
      Сондай-ақ бiрлескен инновациялық әзiрленiмдердi апробациялау және енгiзу үшiн өндiрiстiк компаниялардың жетекшi техникалық университеттермен бiрiгу стратегиясы қолданатын болады.
      Бұдан басқа, профильдi оқу орталықтарының негiзiнде ақпараттық технологиялар оқуын енгiзу қызметкерлердiң жұмыс орнынан қол үзбей даму процессiнiң тиiмдiлiгiн арттырады.
      Профильдiк оқу орындарының басқа да маңызды мiндеттерi жаңа технологиялық бiлiмге деген қажеттiлiктi қанағаттандыру және компаниялардың өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      Бiлiм жүйесiнiң мүмкiндiктерiн пайдаланумен қатар, бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшiн:
      өңiрлiк еңбек нарықтарынан, оның iшiнде жұмыссыздар арасынан қажеттi кадрларды (қызметкерлердi) iздеу;
      Сыртқы еңбек миграциясын реттеу жоғары бiлiктi жұмыс күшiне деген сұранысты қанағаттандыруға, iшкi еңбек нарығындағы шиеленiстi азайтуға, инвестициялар ағынын ынталандыруға бағытталған.
      «Химия технологиясы» мамандығы бойынша облыстар (қалалар) бойынша техникалық және кәсiби бiлiм оқу орындарынан оқитындарды шығару туралы мәлiметтер 14-кестеде келтiрiлген:

14-кесте

«Химия технологиясы» мамандығы бойынша жас мамандарды шығару жоспары

Жылдары

Жалпы

оның iшiнде облыс колледждерi бойынша

Ақтөбе

Атырау

Жамбыл

БҚО

Қарағанды

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Астана қ.

2010

934

285

0

120

130

40

83

225

51

0

2011

975

309

10

130

120

16

83

250

57

0

2012

1116

323

37

170

130

49

83

249

75

0

2013

1414

330

61

135

155

200

108

315

100

10

2014

1240

330

33

155

120

115

83

289

90

25

2010-2014

5679

1577

141

710

655

420

440

1328

373

35

      Бiлiктi еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету тұрғысынан Қазақстанда экономиканың дамуын тежейтiн бiрқатар проблемалар бар: кәсiби-бiлiктiлiк бөлiгiнде жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында белгiлi бiр теңгерiмсiздiктiң болуы; бiлiм қызметтерi ұсыныстарының еңбек нарығы қажеттiлiгiнен артта қалуы; мамандық пен маман жiктемесiнiң өзара iс-қимыл саласындағы еңбек саласы мен бiлiм саласының темен жанасуы; еңбек және бiлiм салаларындағы ұғымдардың келiсiлмеушiлiгi және бiрқатар басқа да проблемалар.
      Техника мен технологиялардың қазiргi заманғы даму деңгейiн көрсететiн бiлiктiлiк талаптарының, сондай-ақ қызметкерлер жауапкершiлiгiнiң нақты белгiлi бiр түрлерiнiң болмауы осы проблемалардың болуының маңызды себебi болып табылады.
      Бiлiктiлiк талаптарды жетiлдiру жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзу үшiн әр түрлi бiлiктiлiк деңгей бойынша қызметкерлердiң бiлiктiлiгiне және құзыреттiгiне қойылатын талаптарды толық бiлдiретiн кәсiби стандарттар әзiрленiп енгiзiлетiн болады.
      Кәсiби стандарттар негiзiнде қызметкердiң құзыреттiлiк деңгейiн бағалау үшiн персоналды сертификаттау жүйелерi құрылатын болады. Мұндай жүйе халықаралық сапа стандарты шеңберiнде стратегиялар мен мақсаттарды жүзеге асыру және қол жеткiзу үшiн қажеттi еңбек ресурстарының құзыретiн бiрдейлендiруге және қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Кәсiби стандарттарды әзiрлеу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      кәсiби стандарттарды әзiрлеу әдiстемесi мен бiрыңғай үлгiсiн дайындау;
      кәсiби қызметтiң бағыттары бойынша кәсiби стандарттарды әзiрлеу (мұнай және газды барлау, бұрғылау, мұнай және газды өндiру, мұнай және газды тасымалдау, мұнай және газды өңдеу, мұнай және мұнай өнiмдерiн өткiзу);
      мұнай-газ саласының салалық кәсiби стандартын әзiрлеу.
      КТҚС тиiмдi игеру мәселелерiндегi маңызды бағыттардың бiрi Каспий теңiзiнiң теңiз кен орындарынан мұнай өндiру процесiнiң қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн металл конструкцияларын өндiру жөнiндегi қуаттылықтарды құру болып табылады.
      Қазiргi уақытта, металл конструкцияларын өндiру бойынша екi зауыт жұмыс iстеуде: «ERSAI» БК, «Keppel-Қазақстан» БК, олар құбырлық эстакадалар, көлiк баржалары сияқты күрделiлiгi төмен металл конструкцияларын жасайды. «Ерсай» БК жұмыс орындарының саны - 2500, «Кеппел» БК - 1500, шығарылатын өнiмнiң жалпы көлемi 24000 тонна. «Shell Development Kashagan» деректерi бойынша күрделiлiгi орташа 25000 тонна металл конструкцияларының бөлшектерiн өндiру үшiн 5500 қызметкер қажет.
      Құрылыс сатысында екi металл конструкциялары зауыты және екi зауыт жобалау сатысында тұр.

15-кесте

Металл құрастырмалары зауыттарындағы жұмыс орындарының санын есептеу

Р/с


Зауыт

Орналасқан жерi

Өндiрiстiк қуаты, жылына/тонна (өндiрушiлердiң ең аз бағалауы)

Өндiрiстiк қуаты, жылына/тонна (өндiрушiлердiң ең көп бағалауы)

1.

«JR McDermott»

Баутино

8 000

12 000

2.

«КСОI» ЖШС

Ақшұқыр

12 000

16 000

3.

«Имсталькон» АҚ

Қарақұдық

15 000

15 000

4.

Aker Solutions

Ақтау

25 000

25 000

Барлығы

60 000

68 000

Күрделiлiгi төмен металл конструкцияларын жасау үшiн жұмыс орындары санын есептеу

10 000

11 560

Күрделiлiгi орташа металл құрастырмаларын жасау үшiн жұмыс орындары санын есептеу

13 200

14 960

      Осылайша, жұмыс iстеп жатқан және салынып жатқан металл құрастырмалары зауыттарын есепке алғанда, жұмыс орындарына деген жалпы қажеттiлiк мыналарды құрауы мүмкiн:




Өндiрiстiк қуатты ең аз бағалау үшiн

Өндiрiстiк қуатты ең көп бағалау үшiн

Күрделiлiгi төмен металл құрастырмаларын жасау үшiн жұмыс орындары санын есептеу

15833

21560

Күрделiлiгi орташа металл құрастырмаларын жасау үшiн жұмыс орындары санын есептеу

20900

28160

      Жұмыс орындарына деген жалпы қажеттiлiк өндiрiстiк қуатқа және шығарылатын металл құрастырмаларының күрделiлiгiне байланысты болады. Күрделiлiгi төмен металл конструкцияларын шығару жағдайында жұмыс кадрларына деген қажеттiлiк 15-тен 22 мың адамға дейiн өзгерiп отыратын болады, күрделiлiгi орташа металл құрастырмаларын өндiру кезiнде - жұмыс кадрларына деген қажеттiлiк артады және 21-ден 28 мың адамға дейiн өзгерiп отырады.
      «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болжамы бойынша қазақстандық верфтердiң жұмыс iстеуi үшiн жақын арадағы 5 жылда 15 000 адам бiлiктi кадрлар қажет (қызмет көрсететiн және қосымша персоналды ескере отырып, талап етiлетiн қызметкерлер саны шамамен 30000 адамға дейiн өсуi мүмкiн).
      «Shell Development Kashagan» болжамы бойынша ТСО, КРО b.v. компанияларының, Жемчужина, Қашаған кенорындарының қажеттiлiктерi ескерiлетiн болса, бiлiктi жұмыс күшiне деген сұраныс 60 мың адамға дейiн өсуi мүмкiн.
      Бұл ретте, жұмысшы мамандықтарды дайындаудың отандық жүйесiнiң, әсiресе өнеркәсiптiң жаңа секторларында уақыттың экономикалық талаптарына сәйкес келмеуi сияқты объективтi жағдайлар, сондай-ақ ҚР және шетелде қабылданған жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстардың бiлiктiлiк және кәсiби құрылымындағы өзгешелiктер орын алуда. Бiлiктi кадрларды компаниялардың өз күшiмен даярлау көп уақытты алады, өйткенi персоналды оқыту қазақстандық верфтердiң профильдi қызмет түрi болып табылмайды. Бұл қосымша шығындарға әкелiп соқтырады.
      Осы жобаларды iске асыру Қашаған жобасының 2 фазасын iске асыру мерзiмдерiне байланысты екендiгiн атап өту қажет.
      Солтүстiк Каспий жобасын дамытудың екiншi кезеңi қазiргi уақытта Базалық жобалау сатысында, оның аяқталуы 2011 жылдың аяғына жоспарланған.
      2-шi кезеңдi базалық жобалау нәтижелерiн қарағанға және оған толық талдау жүргiзгенге дейiн Өкiлеттi орган 2-шi кезең шеңберiнде қандай да болмасын материалдарды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға рұқсат бере алмайды.
      Сонымен қатар, Базалық жобалау нәтижелерiнсiз Солтүстiк Каспий жобасын дамытудың 2-шi кезеңi шеңберiнде металл құрастырмаларының қажеттi көлемiн анықтау мүмкiн болмай отыр.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында 2006 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2009 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында 2006 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2009 2011 жылдарға арналған iс-шаралар...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconБалаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 2007 жылдарға арналған ұлттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница