Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
страница6/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.84 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://dppzhambyl.gov.kz/uploads/files/gos/kaz/2.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4. Бағдарламаны iске асыру мақсаттары, мiндеттерi, мақсатты индикаторлары және нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      Мақсаты: Мұнай-газ саласын теңгерiлмелi және тиiмдi дамыту
      Мұнай мен газ өндiру саласында бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қарастырылады:
      Мұнай және газ конденсатын өндiру және экспорты жөнiнде белгiленген көрсеткiштердiң орындалуы;
      мұнай өнiмдерi мен газдағы iшкi нарық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
      көмiрсутегiнiң барланған қорларының өсуiн және өндiру деңгейiн тұрақты түрде жоғары деңгейге шығаруы;
      саланың техникалық реттеу нормаларының үндесуi;
      мұнай-газ компанияларында қазақстандық үлес деңгейiн ұлғайту;
      еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қоршаған ортаға терiс әсердi төмендету;
      Алға қойған мақсатты iске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға мүмкiндiк бередi:
      мұнай өндiру көлемiн 2014 жылы 85,0 млн. тоннаға дейiн арттыру (2009 жылға қарағанда 111,1 %);
      мұнай экспорттау көлемi 2014 жылы 75,0 млн.тоннаға дейiн (2009 жылға қарағанда 110,1 %);
      шикi газ өндiру көлемi 2014 жылы 55,8 млрд. текше метрге дейiн;
      құрғақ газ өндiру көлемi 2014 жылы 14,6 текше метрге дейiн (2009 жылға қарағанда 280,5 %) арттыру.
      көмiрсутегiнiң барланған қорлары 2015 жылы шамамен 300 млн. тоннаны құрайды.
      мұнай мен газ саласы ұйымдарын техникалық реттеу және нормативтiк техникалық құжаттар саласы нормативтiк-құқықтық актiлермен қамтамасыз ету.
      Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық үлес жөнiндегi келiсiмшарттық мiндеттемелерiн орындауы 2014 жылға қарай 70 % құрайды.
      2012 жылы iлеспе газды кәдеге жарату (жағылған газдың технологиялық шарасыз көлемiн қоспағанда) 95 % кем емес.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      2014 жылы мұнай және шикi газ өндiру көлемiнiң өсуi 2009 жылға қарағанда 54,9% (өндiру өсiмi 19,8 млрд.текше метр).
      2010-2011 жылдарда Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында жалпы ауданы 115 000 шаршы километрде масштабы 1:100000 гравимагниттiк түсiрулер жүргiзу.
      2010-2012 жылдарда КТҚС солтүстiк бөлiгiнде және шектес жағалаулық аймақта (№№ 1-5 бейiндер) және КТҚС оңтүстiк бөлiгi шеңберiнде (№ 6 бейiн) көлемi 4000 қума километр аэромагниттiк тiректiк бейiндердiң 6 тобын пысықтау, 174000 шаршы километр ауданда далалық аудандық аэромагниттiметрикалық зерттеулер (216 000 қума километр көлемде).
      2014 жылы келiсiм-шарттар бойынша қаржылық мiндеттердiң орындалуын кемiнде 70% деңгейiне дейiн жеткiзу.
      2014 жылы 3 техникалық регламент әзiрлендi және бекiтiлдi:
      1. «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      2. «Автомобиль көлiк құралдарына арналған майлаулар мен арнайы
сұйықтықтардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      3. «Бензин қоспаларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      Қазiргi уақытта, 2 техникалық регламент әзiрленiп жатыр, ол 2001 жылы бекiтiлетiн болады.
      1) «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      2) «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар». Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық үлес жөнiндегi келiсiмшарттық мiндеттемелерiн орындауы 2014 жылға қарай 70 % құрайды.
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда қол қойылған қазақстандық үлес бөлiгiнде мұнай-газ компанияларының мiндеттемелерiн орындау мониторингi жүргiзiлетiн болады. Жер қойнауын пайдаланушылармен тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық үлес жөнiнде сандық көрсеткiштердi көрсетумен келiсiмшартқа қосымша келiсiмдер жасау және/немесе қайта қарау жоспарланып отыр.
      2015 жылға мұнай-газ компанияларының қазақстандық үлес деңгейiн
тауарлар бойынша 16 % дейiн, жұмыстар және қызметтер бойынша 85 % дейiн жеткiзудi жоспарлап отыр, кадрда мына көрсеткiштерге дейiн жеткiзу жоспарланып отыр: басшылық құрам - 70 % кем емес, жоғары және орташа кәсiби бiлiмi бар мамандар - 80 % кем емес, бiлiктiлiгi бар жұмысшылар - 90% кем емес.

11-кесте

2010 жылдан бастап 2014 жылға дейiнгi мұнай-газ компанияларының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың болжамды үлесi (% есебiмен)


 
 

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тауарлар, %

5,0

8,0

11,0

13,0

16,0

Жұмыстар, %

79,7

81,1

82,4

83,7

85,0

Қызметтер, %

79,7

81,1

82,4

83,7

85,0

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заңын iске асыруда кем дегенде 70 НПА әзiрленетiн болады.
      Өңдеу өндiрiстерiн дамыту саласында бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қарастырылып отыр:
      отандық көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу, өндiру көлемiн арттыру.
      мұнай-газ саласының жаңа өндiрiстерi үшiн барлық деңгейлi мамандарын дайындау.
      Алға қойған мақсатты iске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
      МӨЗ-дегi мұнай өңдеу көлемiн 2014 жылы 15,1 млн. тоннаға (2009 жылға қарағанда 124,8 %) дейiн арттыру.
      Мұнай өнiмдерiн тұтыну құрылымының болжанып отырған өзгерiстерiн қанағаттандыруға бағытталған шығарылатын өнiм ассортиментiн оңтайландыру және арттыру.
      мұнай өңдеу тереңдiгiн 87-90 % дейiн жеткiзу.
      отандық мұнай өнiмдерiнiң сапасын 3 сатыға дейiн жеткiзу.
      Ақтау қ. жылына 500 мың тоннадан кем емес битум өндiру жөнiндегi, оның iшiнде жылына 420 мың тонна қуаттарды енгiзу.
      хош иiстi көмiрсутек өндiрiсi көлемiн жылына 133 мың тоннаға дейiн бензол, жылына 496 мың тоннаға дейiн параксилолды арттыру.
      полипропиленнiң мұнай-химия өнiмiнiң өндiрiсiн 2015 жылы - жылына 500 мың тоннаға дейiн және полиэтилен өндiрiсiн - жылына 800 мың тоннаға дейiн ұлғайту.
      инвестициялық жобалардың қажеттiлiктерiне сәйкес мамандарды дайындау;
      Мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделедi:
      Мұнай өңдеу қуатын жылына 5 000 мың тоннаға және өңдеу тереңдiгiн 84% дейiн, бензол өндiрудi - жылына 133 мың тоннаға және параксилол өндiрудi - жылына 496 мың тоннаға жеткiзiп Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын экологиялық 4 сатыға дейiн жақсарту.
      I-кезең: «Мұнайды терең өңдеу жөнiнде кешен салу», iске асыру мерзiмi -2010 - 2013 жылдар.
      II-кезең: «Мұнайды терең өңдеу жөнiнде кешен салу», iске асыру мерзiмi: 2010 - 2014 жылдар.
      ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының және АМӨЗ баяу кокстау қондырғысының вакуумдық блогын қайта жаңарту, вакуумдық блоктың қуатын жылына 1800 мың тоннаға дейiн және баяу кокстау қондырғысын жылына 1 000 мың тоннаға дейiн жеткiзу. Жобаны iске асыру мерзiмi - 2010 жыл.
      ПКОП МӨЗ мұнай өңдеу қуатын жылына 6 000 мың тоннаға жеткiзiп, мұнай өңдеу тереңдiгiн 90% дейiн арттырып қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын экологиялық 4 сатыға дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi: 2010-2012 жылдар.
      ПМХЗ қуатын жылына 6 000 мың тоннаға жеткiзiп, мұнай өңдеу тереңдiгiн 90% дейiн арттырып қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын экологиялық 4 сатыға дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi - 2010 - 2013 жылдар.
      Ақтау пластикалық массалар зауыты базасында Қазақстанда жол битумын өндiру.
      Шикiзат - Қаражанбас кен орнының мұнайы. Өнiмдiлiгi - жылына кемiнде 420 мың тонна жол битумы. Жобаның құны - 241 млн.АҚШ долларынан кем емес. Жобаны iске асыру мерзiмi — 2012 жыл.
      ҚР Президентi Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетiлген тапсырмасын орындау үшiн отандық жағар май өндiрiсiн ұйымдастыру мiндетi қойылды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасында жағар май өндiрiсiн ұйымдастыру мүмкiндiгi зерттелуде.
      Атырау облысында полипропилен өндiрiсi - жылына 500 мың тонна және полиэтилен өндiрiсi - жылына 800 мың тонна болатын шоғырландырылған газ-химия кешенiн салу.
      Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету.
      Инфрақұрылымды тасымалдау және дамыту бойынша мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мына мiндеттердi шешу қарастырылып жатыр:
      Мұнай және газ тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру;
      қосылған құны жоғары мұнай-химия өнiмдерiн экспорттау көлемiн арттыру.
      Алға қойған мақсатты iске асыру 2014 жылы мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
      газ тасымалдау көлемiн жылына 129,3 млрд. текше метрге дейiн, оның iшiнде «Бейнеу-Шымкент» жылына 5,0 млрд текше метрге дейiн арттыру;
      халықаралық транзит көлемiн 101,1 млрд. текше метрге дейiн арттыру (2012 жылы - жылына 3,6 млн. текше метрге дейiн);
      мұнай құбырларының өткiзу қабiлетiн 87 млн. тоннаға дейiн арттыру: КҚК жылына 67 млн. тоннаға дейiн, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жылына 20 млн.тоннаға дейiн арттыру;
      КТҚС жағалаудағы инфрақұрылымының басым объектiлерiнiң тiзбесiне сәйкес жағалаудағы инфрақұрылымның объектiлерiн салу.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      КҚК жылына 67 млн. тоннаға дейiн, соның iшiнде қуатын - 28 млн. тоннаға қазақстандық мұнайды — жылына 52,5 млн. тоннаға дейiн кеңейту (тасымалдау жөнiндегi деректер гидравликалық есептеулердiң нәтижелерi бойынша түзетуге жатады).
      КҚК кеңейту жобасын iске асыру фазалары:
      1-фаза (2012 жылы, жылына 40,6 млн. тонна, соның iшiнде қазақстандық мұнай - жылына 33,5 млн. тонна). ҚР аумағындағы жұмыс көлемi: жұмыс iстеп тұрған екi МӨС (Теңiз, Атырау); 116-204 км (88 км) учаскеде мұнай құбырын ауыстыру; СКАДА жүйесiн монтаждау.
      2-фаза (2013 жыл, жылына 31,2 млн. тонна, соның iшiнде қазақстандық мұнай - жылына 49,3 млн. тонна). ҚР аумағындағы жұмыс көлемi: жаңа АМӨС-4 салу және iске қосу-бабына келтiру; Атырау-АМӨС-4 учаскесiнде ЖЖ-220 кВ екi бiр тiзбектi желi салу.
      3-фаза (2015 жыл, жылына 67 млн. тонна, соның iшiнде қазақстандық мұнай - жылына 52,5 млн. тонна). ҚР аумағындағы жұмыс көлемi: жаңа АМӨС-3А, жұмыстарды аяқтау, СКАДА жүйесiн және сыртқы энергиямен жабдықтау объектiлерiн iске қосу-бабына келтiру. Пайдалануға беру мерзiмi - 2015 жыл.
      Қазақстан-Қытай мұнай құбыры мынадай жұмыстарды орындай отырып, өткiзу қабiлетiн жылына 20 млн. тоннаға дейiн арттыру:
      реверс және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн 12 МТГ дейiн арттыру;
      Кеңқияқ-Құмкөл және Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн 20 МТГ дейiн арттыру;
      «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Құмкөл-Қарақойын-Атасу учаскесiндегi объектiлерiн қайта жаңарту.
      Жоба кезеңдерiн iске асыру уақыты Қазақстан-Қытай мұнай құбырының жүктемемен қамтамасыз етiлуiн анықтауға сәйкес белгiленетiн болады.
      Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесi инвестициялық жобасы - өткiзу қабiлетi алғашқы кезеңде жылына 23 млн. тоннаны құрайды, кейiнгi кезеңдерде жылына 35-56 млн. тоннаға дейiн арттырылатын болады. Жоба Қашаған кен орнын игерудiң 2-фазасына жоспарланған, тиiсiнше оны iске асыру кестесi жеткiлiктi ресурстық базаны құрумен байланыстырылатын болады. 2010 - 2015 жылдарда қажеттi келiсiмдер мен рұқсаттарды алып, салуға және кезең-кезеңмен кеңейтуге арналған жобалау алды және жобалық жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ бизнес-құрылым мен жобаны iске асыру шарттарын анықтау жоспарлануда. 2016 - 2019 жылдары бiрiншi кезеңдi салу және пайдалануға беру жоспарлануда.
      Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбырын кеңейту 2014 жылы магистралдық газ құбырының жылына 30 млрд. текше метр өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ету және Түркiменстанда шығарылған газды транзиттеу және Қазақстанда шығарылған газды тасымалдау үшiн кейiннен жылына 40 млрд. текше метрге дейiн кеңейту.
      2014 жылдан бастап өткiзу қабiлетi 5 млрд. текше метрге дейiнгi Бейнеу-Шымкент газ құбырының 1-кезегiн (Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбырының 2-учаскесi) енгiзу, ол қуаттар енгiзiлуiне қарай елiмiздiң оңтүстiк өңiрлерiндегi газға деген қажеттiлiктердi қамтамасыз етуi және импорттық газдан тәуелдiлiктi жоюы тиiс.
      2014 жылға дейiн КТҚС жағалаулық инфрақұрылымының 8 объектiсiн беру күтiлуде.
      Мақсаттарға, мақсатты индикаторларға, мiндеттерге, нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар.
      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың: Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң, Экология  және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң, облыс әкiмдiктерiнiң, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-тың, Қазақстанның 4 даму банкiнiң қолдауы қажет.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Ескерту. 5-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.06 № 422 Қаулысымен.

      Бағдарлама 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейiн кезең-кезеңмен орындалатын болады.
      1. Мұнай және газ өндiру саласында
      Бағдарлама мақсаттарының iске асырылуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының iрi кен орындарын кешендi игеру, негiзгi кен орындарында өндiрiстi ұлғайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу қажет. Қашағанда мұнай өндiрудi жүзеге асыра бастау.
      Каспий маңы шөгу бассейiнiндегi ҚТКС аумағында, Каспий маңы ойпатының орталық бөлiгiнде, сондай-ақ негiзгi өнеркәсiптiк мұнайлы газды аумақтарға шектесетiн ойпаттың бүйiрлi және бүйiр маңы бөлiктерi шегiнде геологиялық барлау жұмыстары жүргiзiлетiн болады. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу Каспий маңы ойпатының орталық бөлiгiнде, сондай-ақ негiзгi өнеркәсiптiк мұнай-газ таситын аудандарға шектесетiн ойпаттың бүйiрлi және бүйiр жаны бөлiктерi шегiнде жоспарлануда.
      2010 - 2012 жылдар кезеңiнде ҚР 15 шөгу бассейiнiнiң мұнайлы-газды перспективасын талдау мақсатында «Қазақстан Республикасы шөгу бассейiндерiн кешендi зерделеу» жобасы бойынша жұмыстар жүргiзу, ҚР шөгу бассейiндерi бойынша көмiрсутек шикiзаты ресурстарын бағалау негiзiнде бұрыннан белгiлi мұнай перспективалы аудан, облыстардың және жаңа аудандарды бөлудi қайта бағалау, сондай-ақ жүргiзiлген геологиялық барлауды оңтайландыру және ҚР аумағында ГБЖ негiзделген ұзақ мерзiмдi жоспарын дайындау.
      2010 - 2012 жылдар кезеңiнде мынадай мақсаттарда «Қазақстан Республикасы шегу бассейiндерiн аэромагниттiк түсiру» жобасы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру: Каспий маңы ойпаты оңтүстiк бүйiрiнiң, Солтүстiк Үстiрт және Оңтүстiк Маңғышлақтың негiзгi құрылымдық-тектоникалық бөлшектерi бойынша шөгiндi қабат пен iргетастың кешендi петрофизикалық моделiн жасау, iргетастың iшкi құрылымын зерттеу және мұнайлы-газды перспективалы аймақтарды қимада болжау.
      Алынатын геологиялық ақпараттың жүйеге келтiрiлуiн және сақталуын қамтамасыз ететiн орталықтандырылған керн қоймасын құру.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстар өткiзуге шектеулердi алу жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
      Газ өндiру және тасымалдаудың бүкiл технологиялық тiзбегiнiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз етуге; газды өндiрумен, өңдеумен, тасымалдаумен, сақтаумен, жеткiзумен және тұтынумен, газбен қамтамасыз ету объектiлерiн жобалаумен және салумен байланысты қарым-қатынастардың ерекшелiктерiн құқықтық реттеуге; республиканың энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге; газ нарығында қызмет жасайтын делдалдардың қызметiн реттеуге және басқаларға бағытталған заң жобасының қабылдануын жеделдету.
      Мұнай-газ саласында ғылым мен инжинирингтi дамыту саласында:
      күрделi геотехникалық жағдайларда көмiрсутек өндiрудi арттыру, өнiмдi қабаттарға екiншi және үшiншi реттiк әсер ету әдiстерiн дамыту, өнiмдi қабаттардың мұнай беруiн арттыру мақсатында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi күшейту.
      жетекшi ғылыми-зерттеу және инжинирингтiк компаниялардың озық жетiстiктерiн зерттеудi кеңейту және трансферттi жүзеге асыру.
      тиiмдi инновациялық шешiмдер негiзiнде мұнай операцияларын жүзеге асыру кезiнде қолданылатын технологияларды жетiлдiру.
      мұнай-газ және энергетикалық жобалардағы базалық шешiмдердi қамтамасыз ететiн отандық инжинирингтiң рөлi мен деңгейiн арттыру.
      мұнай-газ өндiрiсiнiң газдарын, қалдықтары мен iлеспе өнiмдерiн кәдеге жаратудың қазiргi заманғы әдiстерiн әзiрлеу және кеңiнен енгiзу.
      энергияны үнемдейтiн технологиялар мен энергияның дәстүрлi емес көздерi саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды дамыту.
      халықаралық тәжiрибенi пайдаланып, инновациялардың, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың дамуына ықпал ететiн құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау қажет.
      2. Өңдеу өндiрiстерiн дамыту саласында
      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн:
      қолданыстағы өндiрiс қуаттардың жүктемесiн арттыру;
      қолданыстағы өндiрiстiк қуаттарға жаңғырту және қайта жаңарту жүргiзу үшiн инвестициялар тарту;
      жаңа технологияларды енгiзу негiзiнде кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн серпiндi дамыту;
      мұнайды өңдеудiң орташа тереңдiгiн 87% - 90% жеткiзiп өңдеу кешендiлiгiн арттыру;
      мұнай өнiмдерiн тұтыну құрылымының болжанатын өзгеруiн қанағаттандыруға бағытталған шығарылатын өнiм ассортиментiн оңтайландыру және арттыру;
      шығарылатын өнiмнiң сапасын арттыру және олардың Еуростандарт талаптарына сәйкес келуi қажет.
      Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымы барысында туындайтын қарым-қатынастарды жетiлдiруге бағытталған «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» жаңа Заңның қабылдануын жеделдету, бұл мыналарға:
      уәкiлеттi органдардың функцияларын шектеу, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымы саласында мемлекеттiк басқару жүйесiн реттеу, өйткенi 2004 жылы әкiмшiлiк реформасы шеңберiнде заңға енгiзiлген түзетулерге сәйкес екi уәкiлеттi органның: Қаржы министрлiгi мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерiнiң функциялары бiрiктiрiлген;
      маңызды әлеуметтiк мәнi бар, сондай-ақ елiмiздiң экономикасына маңызды әсер ететiн мұнай өнiмдерiне бөлшек сауда бағаларын мемлекеттiк реттеудiң тетiгiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Осы орайда заң жобасының нормаларын iске асыру мақсаттарында «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Заңға түзетулер әзiрлендi;
      мұнай өнiмдерiн көтерме саудада жеткiзушiлер арасында көтерме сатуға тыйым салуға, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн көтерме сату нарығына қол жеткiзу жөнiнде бiлiктiлiк талаптарын орнатуға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте, заң жобасында мұнай өнiмдерiн көтерме жеткiзушiлер үшiн аккредиттеу рәсiмi көзделуi тиiс. Осы ереже мұнай өнiмдерi нарығындағы бәсекелестiктi дамытуға терiс әсер ететiн делдал құрылымдарды нарықтан шығаруға мүмкiндiк бередi;
      мұнай жеткiзушiлердiң мұнай өңдеу зауыттарына тең және кемсiтушiлiксiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуге;
      ел өңiрлерiнде отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу нәтижесiнде алынған мұнай өнiмдерiнiң кепiлдiктi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн мұнай өнiмдерi өндiрiсi және айналымы нарығын реттеудiң жаңа тетiгiн енгiзуге;
      мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн технологиялық қондырғыларды жаңғыртуды жүзеге асыруға айтарлықтай түрткi болатын, мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң инвестициялық бағдарламаларын бекiтуге қатысты жаңа нормаларды енгiзуге, бұл түбiнде меншiктi қуат есебiнен iшкi нарықты мұнай өнiмдерiнiң барлық түрлерiмен толық көлемде қамтамасыз етуге және олардың сапасын ең жоғары әлемдiк стандарттарға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi;
      мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жеткiзуден бастап мұнай өнiмдерiн соңғы тұтынушыларға сатуға дейiнгi өндiрiске және айналымға мониторингтi жүзеге асыру, бұл республиканың барлық өңiрлерiн мұнай өнiмдерiмен тиiсiнше қамтамасыз етуге жедел ден қоюға мүмкiндiк бередi.
      Бұл ретте бiрқатар елдерде мұнай өнiмдерi нарығын реттеушi арнайы заңнамалық актiлердiң қабылданғанын атап өту қажет.
      «Мұнай өнiмдерi туралы» Канаданың 2001 жылғы 24 мамырдағы Заңы мотор отыны ретiнде пайдаланылатын мұнай өнiмдерiне арналған баға белгiлеудi реттеуге едәуiр көңiл бөледi. Мұнай өнiмдерiне арналған көтерме және бөлшек сауда бағаларының жоғары шекаралары, сондай-ақ Канададағы көтерме және бөлшек сауда бағаларының арасындағы әжептәуiр айырмашылықты арнайы кеңес белгiлейдi. Мұнай өнiмдерiн сатушылар осы елдiң заңнамасына сәйкес заңнамада белгiленген құрамдасына сәйкес есептелген барынша мүмкiн бағадан асырмауы тиiс. Бағаны бақылау үшiн тиiстi инспекция жүргiзiледi.
      «Мұнай өнiмдерi туралы» Заңға сәйкес Оңтүстiк - Африка Республикасында 1977 жылы мұнай өнiмдерiне бағаны реттеу энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң заңға тәуелдi актiлерiмен белгiленедi. Осы елдiң заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiнiң өткiзушiлерi заңнамамен белгiленген құрауыштарға сәйкес есептелетiн ең көп ықтимал бағадан асырмауға тиiстi. Мұнай өнiмдерiнiң құрамдас бөлiктерiнiң бағасы мұнай өнiмдерiн өткiзуге байланысты көлiк шығыстарына негiзделген, шығыстарға, сондай-ақ есептеу арқылы белгiленетiн маржаға негiзделген зауыттан өткiзу бағасы сияқты көрсеткiштерге жатады.
      Батыс Еуропа елдерiнде әдетте, мұнай өнiмдерiн реттеуге арналған арнайы заңнамалық актiлер жоқ. Сонымен бiрге, экология және техникалық реттеу саласындағы арнайы талаптар, салық заңнамасы мен бәсекелестiк туралы заңнама тұтас алғанда мұнай өнiмдерi нарығын едәуiр қатаң реттеудi белгiлейдi. Нақты регламенттелген мiнез-құлық қағидасының болуы кезiнде батыс Еуропа мұнай өнiмдерiнiң нарығы көбiнесе, едәуiр тұрақтылығымен және нарық қатысушылары арасында дамыған бәсекелестiгiмен ерекшеленедi.
      3. Тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту жөнiнде.
      Тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру, транзиттiк әлеуеттi дамыту және iшкi нарық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында мына жобалар iске асыру немесе жоспарлау сатысында тұр:
      Каспий Құбыржол Консорциуымы
      Мұнай құбырының өткiзу қабiлеттiлiгiн кеңейту.
      Қазақстан-Қытай мұнай құбыры
      Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткiзу қабiлеттiлiгiн Алашанькоуда арттыру жоспарлануда.
      Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесi (ҚКТЖ)
      Перспективада Қашаған және Теңiз кен орындарынан Каспий теңiзi мен Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын қоса алғанда әртүрлi мұнай тасымалдау жүйелерi арқылы мұнайды халықаралық нарықтарға экспорттауға арналған Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесiнiң жобасын iске асыру жоспарлануда.
      ҚКТЖ Ескене-Құрық мұнай құбырынан және Каспий теңiзiнiң қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалын, Каспий теңiзi арқылы мұнайды тасымалдауға арналған танкерлер мен кемелердi, Каспий теңiзiнiң әзiрбайжандық жағалауындағы мұнай төгу терминалын, Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесiмен жалғастыру құрылыстарын қамтитын Транскаспий жобасынан тұрады.
      Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбыры (1-шi учаске) Түркiменстанда шығарылған газды транзиттеуге және Қазақстанда шығарылған газды тасымалдауға арналған магистралдық газ құбырының құрылысын аяқтау.
      Бейнеу-Шымкент магистралдық газ құбыры (Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбырының 2-шi учаскесi).
      Қазақстанның импортқа тәуелдi оңтүстiк өңiрiнiң қажеттiлiгiн және Қытай газының артығын экспорттауды қамтамасыз ету үшiн магистралдық газ құбырын салу.
      Солтүстiк Каспий жобасын (Қашаған кен орны бойынша) iске асыру кезеңдерiн ескерiп КТҚС жағадағы инфрақұрылым объектiлерiнiң мынадай екi тiзбесi белгiлендi:
      КТҚС-те жағадағы инфрақұрылымның басым объектiлер тiзбесi (8 объект) - (Бағдарламаға 1-қосымша);
      әлеуеттi iске асырылуы ықтимал жағадағы инфрақұрылымның объектiлер тiзбесi (13 объект) - (Бағдарламаға 2-қосымша).
      Тiзбелерге түрлi қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн теңiз мұнай операцияларын қолдау үшiн мынадай объектiлер:
      1) КТҚС көмiрсутектердi барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстар үшiн қызметтердi;
      2) мұнай тасымалдау және сақтау жөнiндегi қызметтердi;
      3) қоршаған ортаны қорғауды және төтенше жағдайларға (мұнайдың
төгiлуi, мұнай платформаларындағы, аралдар мен ұңғымалардағы авариялар, өрт, шығарылымдар) ден қою жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi жобаларды;
      4) қазақстандық қамтуды ұлғайту жөнiндегi жобалар мен мәселелердi;
      5) қосалқы инфрақұрылым жөнiндегi мәселелердiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн теңiз мұнай операцияларын қолдауға арналған объектiлер енгiзiледi.
      Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жалпы iс-шаралар жоспарына КТҚС жағадағы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шаралар бөлiмi енгiзiлдi.
      Бұрын басталған газдандыру жобаларын аяқтауға арналған iс-шаралар шеңберiнде елдi мекендердi газдандыруды жалғастыру көзделуде. 2010 - 2014 жылдары елiмiздiң газбен қамтамасыз ету жүйесiнде өңiрлiк газ желiлерiн қайта жаңартуға, жаңғыртуға және дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды iске асыру, сондай-ақ «Алматы қаласының автокөлiгiн сығымдалған табиғи газға ауыстыру» пилоттық жобасын iске асыру жоспарлануда.
      4. Саланы техникалық реттеу.
      Техникалық реттеу саласындағы мұнай-газ саласының алдында үлкен мiндеттер тұр.
      Халықаралық стандарттармен үндестiрiп бiрқатар жаңа мемлекеттiк стандарттар әзiрлеу және бiрқатар бар стандарттарды, оның iшiнде бұрынғы салалықтарды қайта қарау, мемлекеттiк ретiнде бiрқатар халықаралық стандарттар қабылдау қажет.
      Әлi күнге дейiн мұнай-газ саласы ұйымдары бұрынғы КСРО нормативтiк-техникалық құжаттарын қолданады, оларды қайта қарау және қысқа мерзiмде өңдеу мүмкiн емес, өйткенi ол уақыт пен едәуiр қаржы шығындарын талап етедi.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енген сәттен бастап газ саласының бiрқатар стандарттары өңделген болатын, алайда, әзiрленген стандарттар атап айтқанда, мұнай-газ жабдығының саны, теңiз құрылыстары жеткiлiксiз болғандықтан бұл бар болғаны осы салада жасауды қажет ететiн жұмыстың жалпы көлемiнiң аз ғана бөлiгi.
      ИСО ынтымақтастықты жандандыру мақсатында дайындық iс-шараларына қатысуда (Техникалық реттеу және метрология комитетiне өтiнiм беру, қажеттi құжаттарды ресiмдеу), нәтижесiнде Қазақстан Республикасы Халықаралық стандарттау ұйымының ТК 193 "Табиғи газ" техникалық комитетiнiң мүшесi болып тiркелдi.
      Қазiргi уақытта мұнай-газ саласының кәсiпорындары осы техникалық комитеттiң бiрқатар iшкi комитеттерi мен жұмыс топтарының жұмысына, сондай-ақ ТК 67 "Мұнай және газ өнеркәсiбiне арналған материалдар, жабдықтар мен құрылыстар" және СЕН/ТК 12 жұмысына қатысып жүр.
      Қазақстанның халықаралық стандарттарға жедел өтуi жөнiндегi жоспарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi (бұдан әрi - МГМ) газ саласы ұйымдарының 9001 және 14001 сериялы сапа менеджментi және экологиялық менеджмент халықаралық стандарттарын енгiзу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi. Алда саланың кәсiпорындарына OHSAS 18001 және SA 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйесiн енгiзу жөнiндегi ауқымды жұмыс тұр.
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) шеңберiнде мүше мемлекеттердiң ұлттық техникалық регламенттерiн оларды әзiрлеуге негiз ретiнде пайдаланып, бiрнеше ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерiн әзiрлеу және қабылдау болжанып отыр.
      ЕурАзЭҚ Мемлекет кеңесiнiң 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 405 шешiмiмен бекiтiлген алдыңғы қатардағы ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерiн әзiрлеу кестесiнде 38 техникалық регламент қабылдау көзделген, оның iшiнде, ҚР Мұнай және газ министрлiгiне «Бензинге, дизель отынына және мазутқа қойылатын талаптар» техникалық регламентiн әзiрлеу бекiтiлген.
      Бұдан басқа, ҚР Мұнай және газ министрлiгi «Газ тәрiздi отында жұмыс iстейтiн аппараттардың қауiпсiздiгi туралы» ЕурАзЭҚ техникалық регламентiнiң жобасын әзiрлеу бойынша жұмыс тобының құрамында жұмыс жүргiзiп жатыр.
      Саланың халықаралық техникалық реттеу моделiне жылдам өтуi мақсатында Министрлiк жыл сайын салалық стандарттау жоспарын жасайды және бекiтедi.
      Мұнай-газ саласында мемлекеттiк стандарттардың халықаралық талаптарға сәйкестiгiнiң деңгейi экономика салаларының арасында ең жоғары болып табылады және 91,5 %-ды құрайды.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2007 жылғы 30 қазандағы № 320-ө өкiмiмен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерi персоналының санын, шикiзатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнiнде жаңа әдiстемелер әзiрлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесiне сәйкес жанар-жағармай материалдары, жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен материалдар, авариялық қор, магистралдық газ құбырларының желiлiк бөлiгiндегi энергетикалық ресурстар, компрессорлық станциялар, жерасты газ қоймалары шығысы нормаларын, магистралдық газ құбырларымен тасымалдаған кезде жеке мұқтаждықтары мен технологиялық шығындарға, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге және жаңа технологияларды енгiзуге арналған газ шығындары нормаларын есептеу бойынша 30 әдiстемелiк нұсқаулық әзiрлендi.
      Газ саласының нормативтiк-техникалық базасын жетiлдiру үшiн бiрқатар құжаттарды, оның iшiнде КСРО уақытынан берi қолданыстағыларын қайта қарау және мыналарды әзiрлеу қажет:
      магистралдық және газ таратушы құбырларды пайдалануға және газбен жабдықтайтын ұйымдардың қызметiне қатысты нормативтiк-техникалық құжаттар (әдiстемелер, әдiстемелiк нұсқаулар, нормалар мен нормативтер), оның iшiнде сұйытылған газды сақтауды, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдар персоналы санының үлгiлiк нормативтерiн, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi мiндетiн атқарушының 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 322 бұйрығымен бекiтiлген Газ желiсi ұйымдарының газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттерiндегi, топтық резервуарлық қондырғылардағы сұйытылған көмiрсутек газын жұмсауын есепке алу әдiстемесiне өзгерiстер мен толықтырулар;
      техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары, газ құбырларын, олардың электр-химиялық қорғаныштарын тексеру, ресурсты ұзартуға қатысты газ саласының мемлекеттiк стандарттары, сондай-ақ автомобильге газ толтыру компрессорлық станцияларын жобалау нормалары (қала көлiгiн газға ауыстыру жөнiндегi пилоттық жобаларды iске асыру үшiн).
      Техникалық регламенттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және халықаралық стандарттарды енгiзу үшiн мынадай iс-шараларды жүргiзу қажет:
      оларды нарық талаптарына өзектендiру мақсатында стандарттау бойынша қолданыстағы нормативтiк құжаттарды талдау;
      техникалық регламенттермен өзара байланысты (үйлестiрiлген) стандарттар тiзiмiн қалыптастыру;
      техникалық регламент туралы ақпаратты өндiрушiлерге дейiн (дайындаушыларға) жеткiзу;
      Қазақстан Республикасы заңнамасынның техникалық регламентiне сәйкестендiру;
      ресми сайттар мен баспасөз құралдарында техникалық реттеу мәселелерiн насихаттау;
      техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды енгiзу және бейiмдеу бойынша дөңгелек үстелдер өткiзу.
      Қазақстан Республикасының барлық үш мұнай өңдеу зауытының (ПКОП, АМӨЗ, ПМӨЗ) өзiнiң өндiрiстiк құрылымында белгiленген тәртiпте аккредиттелген қолданыстағы нормативтiк құжаттарға (ҚР СТ, МЕМСТ, ТШ, СТО және т.б) сәйкес бастапқы шикiзат пен шығарылатын өнiмнiң талдамалық бақылау мiндетiн орындайтын орталық зауыт зертханалары (OЗЗ) бар. Жобаланып отырған Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдары өндiрiсi битум зауытының жалпы зауыттық шаруашылығының құрамында кейiннен аккредиттеумен ОЗЗ салу қарастырылып жатыр. Мұнай-газ секторы компаниялары мен ұйымдарының шығарылатын өнiмнiң сапасын және сынақ әдiстерiн регламенттейтiн қолданыстағы халықаралық нормативтiк-техникалық құжаттарды үйлестiру қажеттiлiктерiне жүргiзiлген талдау қорытындылары бойынша Мұнай және газ министрлiгi 2011 - 2013 жылдарға арналған Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстар жоспарына (бұдан әрi - Жоспар) енгiзу үшiн Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне тиiстi өтiнiм жiберген болатын. Осы өтiнiм бойынша 2011 жылы республикалық бюджет есебiнен 19 (отындағы меркаптан күкiртiн анықтау, дистилляция әдiсi, тығыздықты анықтау әдiсi, қату температурасы, мұнай және мұнай өнiмдерi сынамаларын қолмен iрiктеу жөнiндегi басшылық және т.б.), 2012 жылы -11 (сұйық мұнай өнiмдерiнiң көмiрсутек құрамын анықтау әдiсi, күкiрт құрамын анықтау және т.б.), 2013 жылы - 19 (мұнай өнiмдерiнiң түсiн, қышқыл санын, жану температурасын, нафталиндi көмiрсутектерiн, электр өткiзiмдiлiгiн анықтау және т.б.) халықаралық (шетелдiк) нормативтiк-техникалық құжаттарды үйлестiру ұсынылған болатын.
      2010 жылдан бастап 2014 жылдар кезеңiнде магистралдық құбыр көлiгi бойынша заңнамалық нормаларды, мұнай-газ саласында 14 техникалық регламент және 185 мемлекеттiк стандарт қабылдау жоспарланып отыр (оның iшiнде сынақ әдiстерiне - 98, өнiмге - 80 және менеджмент жүйелерiне - 7).
      Өндiрiстi метрологиялық қамтамасыз етуге және машина жасау өнiмiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын бақылауға арналған геометриялық шамалардың және физикалық-химиялық өлшемдердiң мемлекеттiк эталондары жаңғыртылатын болады.
      Газ саласының нормативтiк-техникалық базасын жетiлдiру үшiн Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы (бұдан әрi - КСРО) уақытынан берi қолданылып келе жатқан бiрқатар құжаттарды қайта қарау және мыналарды:
      нормативтiк-техникалық құжаттар, оның iшiнде магистралдық және газ тарату құбырларында және газбен қамтамасыз ету ұйымдарында шикiзатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсау нормалар мен нормативтерiн;
      газ құбырларына техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарына, газ құбырларын зертетуге, оларды электр-химиялық қорғауға және газ құбырларының ресурсын ұзартуға қатысты газ саласының мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу қажет.
      5. Жер қойнауын пайдалану келiсiмшарттары бойынша қазақстандық қамтуды дамыту.
      Таяу арадағы перспективада Қазақстан үшiн өндiрушi сектор жеке экономиканың дамуына да зор ықпал ететiн болады. Бұл ресурсты қосылған құнының үлесi неғұрлым жоғары бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм шығаруды озық дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында пайдаланған жөн.
      «Қазақстандық қамту» институты республика үшiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтiң экономикалық нәтижелiлiгiн ұлғайту үшiн пайдаланылуы тиiс болатын жол картасы болуы тиiс.
      Қазақстандық қамтуға қатысты, әдетте, Қазақстанда жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жер қойнауын пайдаланушы мердiгерлерге мұнай операцияларын жүргiзу технологиялары мен әдiстерiн ең жоғары дәрежеде сақтау бойынша қойылатын қатаң және әдiл талаптарды қамтитынын атап өткен жөн. Әрине, бұл талаптар тиiстi әлемдiк жеткiзу деңгейiн көздейдi. Өкiнiшке орай, қазақстандық тауарлар мен қызметтердiң барлығы мұндай деңгейге сәйкес келе бермейдi.
      Осылайша, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар дилеммаға ұшырайды: мұнай операцияларын қалай келiсiмшарттық мерзiмдерде әлемдiк деңгейде орындауды қамтамасыз ету және бiр мезгiлде мемлекеттiң жергiлiктi өндiрушiлердi тарту туралы талаптарды орындау.
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада машина жасаудың сегменттерi анықталған. Негiзгi сегменттердiң бiрi бiрiншi басымдыққа жататын және жоғары тартымдылығымен әрi өтiмдiлiгiмен айқындалатын «Мұнай-газ өнеркәсiбi үшiн машина жасау» болып табылады. Отандық мұнай-газ машина жасаудың даму басымдығы мұнай-газ саласы үшiн машина жасау өнiмiнiң үлкен тұтынушысы болғандығымен түсiндiрiледi.
      Қазақстандық мұнай-газ машина жасауды дамыту үшiн қажет мұнай-газ сферасы және технологиялары машина жасаудың ең көп сұраныстағы өнiмдерiнiң тiзбесiн анықтау қарастырылып жатыр. Ұзақ мерзiмдi болашақта тұтынушылар мен сұраныстағы және/немесе жоғары технологиялық өнiмдердiң машина жасау кәсiпорындары арасында технологиялық келiсiмдер жасау қажет болады.
      Өнiмi мұнай-газ саласында неғұрлым қажет болып табылатын өндiрiстiк кәсiпорындардың қызметiн талдау қазақстандық қамтуды дамытудағы негiзгi проблемалар:
      жалпы алғанда Қазақстандағы өңдеушi өнеркәсiптiң жеткiлiксiз дамуы. Мысалы, өңдеушi өнеркәсiптердiң негiзгi салаларының салымы: өнiмi мұнай-газ саласында неғұрлым қажет болып табылатын машина жасау, металлургия және химия салалары, Қазақстанның IЖӨ-де тиiсiнше 1,76%, 8,48% және 0,87%-ды құрайды. Жоғары технологияларды пайдалануды көздейтiн өндiрiстердiң көптеген түрлерi жоқ немесе пайда болу алдында;
      отандық компаниялардың төмен инвестициялық қызметi. Көптеген кәсiпорындар тапсырысшылармен, пайдаланылмайтын өндiрiстiк қуаттармен (қуаттардың шамамен 70
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында 2006 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2009 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында 2006 2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2009 2011 жылдарға арналған iс-шаралар...
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconБалаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 2007 жылдарға арналған ұлттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница