Скачать 143.49 Kb.
|
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіХимия және химиялық технологиялар кафедрасы Мұнай өндеу технологиясы пәнінен 5В072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттері үшін ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ Павлодар
БЕКІТЕМІН Оқу ісі жөніндегі проректор Пфейфер Н.Э. « »____ 20 ж. Құрастырушы: аға оқытушы Тугамбаева Т.Б. Химия және химиялық технологиялар кафедрасы Мұнай өндеу технологиясы пәнінен 5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫЖұмыс бағдарламасы мамандықтың жұмыс оқу жоспары және элективтік пәндер каталогы негізінде әзірленді және С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми кеңесінің отырысында 20___ж. «___» _________, №___ Хаттамамен бекітілді. Кафедра отырысында ұсынылды 20 ж «__» _____ №__ Хаттама Кафедра менгерушісі Жапаргазинова К.Х. 20 ж « _» _____ ХТжЖ факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ж. « » № Хаттама OӘК төрағасы Р.Ж. Нургожин 20 ж. « » __ КЕЛІСІЛДІ: Факультет деканы ХТжЖ К.К. Ахметов 20 ж. « » __ МАҚҰЛДАНДЫ: ОӘБ бастығы ______ Жуманкулова Е.Н.20 ж «__» __________ Университетің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ж «__» ______№_ Хаттама Пәннің мақсаты мен міндеттері Мақсат – мұнайды өңдеудің екіншілік процестерімен танысу, олардың мұнай өңдеу технологиясындағы алатын орыны мен міндеттерін, сонымен қатар бұл процестердің отын өндірудегі ролін анықтау. Термиялық және темокаталитикалық процестердің физика-химиялық негіздерімен, химизмімен, кинетикасымен, технологиялық схемаларымен, аппаратуралық безендірілуімен таныстыру және көрнекі-практикалық козқарас қалыптастыру. Міндеттер: - мұнай өңдеудің даму тарихы, негізгі түсініктері мен заңдарын, мұнайды өндеудің негізгі бағыттары мен ғылыми негіздерін, мұнай шикізатын екіншілік өндеудің негізгі әдістерін, термиялық және термокаталитикалық процестерді, өндірілетін өнімдер құрамын, құрылысын, қасиеттерін және мұңай өндеу технологиясындағы физика-химиялық құбылыстарын білуді қалыптастыру. Студент білуі қажет: - мұнайды өңдеудің екіншілік процестерінің теориялық негіздерін; - термиялық процестердің теориялық негіздерін, өнеркәсіптік орындалуын; технологиясын, аппаратуралық безендірілуін; - термокаталитикалық лық процестердің теориялық негіздерін, өнеркәсіптік орындалуын; - гидрогенизациялық процестердің теориялық негіздерін, өнеркәсіптік орындалуын; технологиясын, аппаратуралық безендірілуін. Студент орындай білуі қажет: - мұнай өңдеудің екіншілік процестерінің технологиясын құрастыруды; - термиялық процестерді орындауға қажетті жабдықтауларды есептеуді; - термокаталитикалық процестерді орындауға қажетті жабдықтауларды есептеуді; - гидрогенизациялық процестерді орындауға қажетті жабдықтауларды есептеуді; - катализаторды таңдауды; - процестердің материалдық және жылу баланстарын орындауды. Пререквизиттер Пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы, жалпы химиялық технология, химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары, органикалық заттардың химиясы мен физикасы, органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері. . Постреквизиттер Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: химико-технологиялық өндіріс пен қауіпсіздік негіздері, жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары,курстық жобалаулар, өндірістік іс тәжірибе, дипломдық жобалау.
Пәннің мазмұны 1 Пәннің тақырып жоспары
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұныКіріспе Мұнай өңдеудің даму тарихы. Мұнай шикізатын өңдеудің екіншілік процестерінің жалпы сипаттамасы және типтері. Екіншілік процестердің өнеркәсіптік маңызы және даму перспективалары. Тақырып 1 Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестері Мұнай шикізатын өңдеудің деструктивтік процестерінің технологияларының ерекшеліктері. Өзгеріске ұшырамаған шикізатты рециркуляциялау.Типтік термиялық және термокаталитикалық процестердің аппаратуралық безендірілу ерекшеліктері. Реакторлардың құрылысының жалпы принциптері. Термокаталитикалық реакторлардың жұмысының негізгі параметрлері. Өнімдерді погондарға бөлу аппаратурасы. Тақырып 2 Термиялық процестер Мұнай шикізатын термиялық крекинглеудің теориялық негіздері. Термиялық крекинг термодинамикасының негіздері. Термиялық өзгерістердің химизмі мен механизмінің негіздері. Термиялық процестердің кинетикасының негіздері. Мұнай шикізатының термиялық өзгерулерінің өнеркәсіптік процестерінің негізгі факторлары. Термиялық крекинг өнімдерінің жалпы қасиеттері. Термиялық крекингтің өнеркәсіптік процестері. Қысым астындағы термиялық крекинг. Ауыр мұнай шикізатын кокстеу. Мұнай шикізатын пиролиздеу. Процестің теориялық негіздері. Процестің өнеркәсіптік безендірілуі. Тақырып 3 Термокаталитикалық процестер Каталитикалық крекинг. Крекингтің алюмосиликатты катализаторлары. Каталитикалық крекингтің механизмі және кинетикасы. Өнеркәсіптік процестің негізгі факторлары. Каталитикалық крекингтің өнеркәсіптік қондырғылары. Каталитикалық крекинг өнімдерінің сапасы. Каталитикалық риформинг. Каталитикалық риформингтің өнеркәсіптік қондырғылары. Риформингтің сұйық өнімдерін бөлу. Жеңіл н-парафиндерді каталитикалық изомерлеу. Процестің негізгі параметрлері. Қондырғының технологиялық схемасы. Тақырып 4 Гидрогенизациялық процестер. Процестердің жалпы сипаттамасы және қысқвшв тарихы. Дистилляттарды гидротазарту. Гидротазартудың өнеркәсіптік қондырғылары. Мұнай қалдықтарын гидрокүкіртсіздендіру. Гидротазарту мен гидрокүкіртсіздендіру катализаторларын регенерациялау. Мұнай шикізатын гидрокрекинглеу. Процестің жалпы сипаттамасы. Өнеркәсіптік орындалуы. 4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі 1) Тақырып 1 Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестері Екіншілік процестер түрлері. Негізгі физика-химиялық параметрлер, оларды есептеу ерекшеліктері. Материалдық жылу баластарын есептеу алгоритмдерін құрастыру 2) Тақырып 2 Термиялық процестер. Термиялық крекинг процесінің технологиялық есептеуін орындау. Процестің жылу балансы есептеу. Реактордың конструктивтік есептеу ерекшеліктерін игеру. 3) Тақырып 3 Термокаталитикалық процестер. Катализаторды регенерациялау кезінде коксты жандыру процесін есептеу. Регенераторлардың жылу баланстарын есептеу. Реакторлардың жылу балансын есептеу. Шикізатты жылыту температурасын және реакция аймақтары бойынша температураны есептеу. 4) Тақырып 4 Гидрогенизациялық процесстер Гидротазарту және гидрокүкіртсіздендіру қондырғыларын таңдау, оларды есмептеу. Материалдық және жылу баланстарын құрастыру. Конструктивтік есептеулер орындау 4.4 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны 4.4.1 СӨЖ түрлерінің мазмұны
4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі 1. Мұнай және мұнайөнімдерінің классификациясы 2. Мұнайдың элементті және топтық құрамы 3. Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі 4. Мұнай кенішінде мұнайды жинау, сусыздандыру және тұзсыздандыру 5. Мұнайды сорттау. Жеңіл фракциялардың жоғалуымен күрес 6. Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестерінің классификациясы 7. Термиялық процестер, классификациясы және мақсаты 8. Термокаталитикалық процестер, классификациясы және негізгі мақсаттары 9. Термокаталикалық процестерде қолданылатын катализаторлар. Түрлері 10. Жоғары тиімді катализаторлар қолдану перспективалары 11. Катализаторларды регенерациялау ерекшеліктері. Жаңа тәсілдер. 12. Мұнайды екіншілік өңдеу қондырғыларының негізгі аппаратарының түрлері 13. Мұнайды екіншілік өңдеу қондырғыларының негізгі аппаратарының конструкциялары 14. Гидротазарту қондырғыларының түрлері 15. Гидрокүкіртсіздендіру қондырғыларының түрлері 4.4.3 Оқытушының қатысуымен студенттің өздік жұмысының мазмұны 1. Мұнай өндеу және мұнайхимия өндірістерінің даму тарихы 2. ҚР және ТМД елдері отын-энергетикалық баланс 3. ҚР мен шет елдердегі негізгі мұнай кен орындары 5. Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін есептеу жолдарымен анықтау 6. Мұнайды айдаудың материалдық балансын құрастыру 7.Термиялық процестердің технологиялық шарттары және олардың материалдық балансы 8. Термокаталитикалық процестердің технологиялық шарттары және олардың технологиялық есептеулері. 9. Термокаталитикалық процестердегі катализатор қабатын есептеу алгоритмдерін анықтау 10. Катализатор қабатының орналасу ерекшеліктері бойынша есептеулер орындау 5 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет 1. Суербаев Х.А. Мұнай газ ісінің негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 235б. 2. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өндеу технологиясы. 1-3 томдары. – Атырау: АМГИ. 2005. – 526б. 3. Қайырбеков Ж.Қ., Әубәкіров Е.А., Мылтықбаева Ж.К. Жалпы химиялық технология. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 244 б. 4. Суербаев Х.А., Абызбекова Г.М. Мұнай өндеудің термиялық процестері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 92 б. Қосымша әдебиет 5. Ахмеджанов Т.К. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы: оқулық. – Алматы : Дәуір, 2011. – 464 б. 6. Мергалиева А. Мұнай және газды өңдеудің химиясы мен технологиясы: оқу құралы. – Алматы : Фолиант, 2010. – 152 б. 7. Бейсенбаев О.Қ. Органикалық және мұнайхимия өндірісінің технологиясы: оқулық. – Алматы : Дәуір, 2012. – 328 б.
5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме Пән атауы Мұнай өндеу технологиясы
Кафедра меңгерушісі _____Жапаргазинова К.Х. 20 ж. «___» ______ |
![]() | Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және смллабус Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың... | ![]() | Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус жұмыс оқу жоспары, эллективтік пәндер каталогі, типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың... |
![]() | Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың... | ![]() | Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың... |
![]() | Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың... | ![]() | Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың... |
![]() | «Химия» пәні бойынша “Дайындық бөлім” мамандығының студенттері үшін Оқу-әдістемелік кешен (Силлабус) Силлабус оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары ( ) және пәннің жұмыс бағдарламасы ( ) негізінде жасалған | ![]() | «Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы... |
![]() | 2006ж жмбс бойынша жұмыс бағдарламасы Пәннің интеграцияланған жұмыс бағдарламасы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде... | ![]() | Лекция: 30 сағат Силлабус 050607 Биология мамандығының Қр мжмбс 08. 019-2006), типтік оқу бағдарламасы (Қр бжҒМ 11. 05. 2005 ж, №289 бұйрық), жұмыс... |