«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Название«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
страница5/9
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/6d0de07e-3703-11e3-a987-f6d299da70ee3.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қиял.

1.Қиялдың физиологиялық негізі.

2. Қиял түрлері.

3. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.

Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мысалы, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады.

Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

    • әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді;

    • қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты;

    • қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады;

    • қиял-адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс;

    • адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі – түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И.П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін “күзетші нункт” деп атайды. Осы “күзетші пункттерде” біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан “тіріледі”. Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И.М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған.

Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мысалы, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады.

Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады.

Бұл – қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның шығармашылық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял қайта жасау, шығармашылық қиял, арман болып үшке бөлінеді.

Сүреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет.

Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа бейнелер беруде көрінетін қиялды айтады. Шығармашылық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Шығармашылық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы мүмкін емес.

Актив қиялдың ерекше бір түрі-арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман шығармашылық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.

Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады.

Қиял түрлі елестеулерден өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары құрастырылады.

Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйтіп, образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады.

Қиял образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бір қатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру.


Жеке тұлға және оның психологиялық табиғаты.

1 Жеке адам жөнінде түсінік.

2 Жеке тұлғаның түрткілері.

3 Жеке тұлғаның негізгі қасиеттері.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат-белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтерілді. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке тұлға деп аталады. Жеке тұлғаның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке тұлға қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.

Жеке тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке тұлғаның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады.

Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестері, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі - әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы замаңғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.

Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан қөзқарастар және пікірлер бар. Соның бірі – Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады.

Зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі – айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Е. Фромм, К. Хорни, А. Кординер т. б. З. Фрейд қөзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінің “жаңа фрейдизм” деген ағымды тудырды.

“Жаңа фрейдизм” ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. Олардың ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұндасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, “жаңа фрейдизм” адамның белсенділігін асыра дәрптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеті ғылыми – материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады.

Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекетке итермелуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады.

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке тұлға болып сипатталады.

“Жеке тұлға” түсінігімен қатар біздің қолданымымызда “адам”, “дара адам”, “даралық” терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың іщінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – “адам” түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.

Дара адам – “homo sapiens” тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам.

Даралық – нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.

“Жеке адам” түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.

Жеке тұлға көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке тұлға психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік-себеп аймағы – жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.

Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.

Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді.

Әрбір адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік мәселелерін шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс-тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.

Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймай ды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.

Жеке адамның дербестігі оның жоғары психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмастағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттардыбасшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы.

Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды.

Дара адамның жеке тұлға санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация – дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.

Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз “Мені” негізінде қатынас түзеді. Ғылымда “жеке адамдық рефлексия” деп аталған бұл “Мен” ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.

Әрқандай жеке тұлға өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзеп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдығы өз орнын иелеудің бағдарына айналады.

Жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік- мәдени сапаларының бірлігінен қалыптасады.

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатының және оның мінез-құлқының мән–жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түртікелері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт- бағдарына нәтижесіне әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив- оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер болады (тамақ, киім, еңбек құралдары т.б.). Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын- рухани қажеттерді туғызады (білім, көркемөнер т.б.). Рухани қажеттердің дамуы- материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы- тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады.

Адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер- қызығу, сенім, талап, мұрат.

Қызығу- шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бер көрінісі. Қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.

Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Қызығуы тұрақты касиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекі болады. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, не бір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді.

Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Жанама қызығу- бұл әрекеттің түткі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді.

Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным- адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Оның басты ерекшелігі- ғылымға негізделетіндігі. Бірден- бір ақиқат- дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Сенімі қалыптасқан адамның шындықтын жай- жапсарын дұрыстап айруға өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлықты көлденеңнен кез келген жағдайлар билеп кетіп отырады.

Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің, мәні де шамалы. Сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі – мұрат. Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады.Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі – талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Дифференциалды психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы А. Коңырова
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жарнама психологиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconМазмұны
«Компанияның қаржылық стратегиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon5. Студенттің өздік жұмысы тақырыптарының мазмұны
«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconОҚытушыға арналған пәН
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Қазақстан экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Психологиялық қорғаныс конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған...
«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница