Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
страница1/8
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://comprom.gov.kz/files/prog-po-razv-him-kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1001 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1001 қаулысымен 
бекітілген     


Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама


1. Бағдарламаның паспорты


Атауы           Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту
                жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама


Әзірлеу үшін    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14
негіздеме       сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан
                Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
                мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
                Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар
                жоспарының 3-тармағы


Әзірлеуші       Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                технологиялар министрлігі


Мақсаты         Химия өнеркәсібінің одан әрі дамуына жағдай жасау


Міндеттері      Бағдарламаның мақсатына мына міндеттерді іске
                асырған кезде қол жеткізілетін болады:
                1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту.
                2. Озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге
                қабілетті химия өндірістерін құру.
                3. Ішкі нарықты отандық өндірістің бәсекеге
                қабілетті, экспортқа бағдарланған қосылған құны
                жоғары химиялық өнімдерімен толтыру.
                4. Ресурстық базамен қамтамасыз ету.
                5. Тиімділігі жоғары технологияларды жасауға ғылым
                әлеуетін тарту арқылы химия өнеркәсібі
                кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру.
                6. Химия өнімдерінің экспорттық әлеуетін ұлғайту.
                7. Білікті мамандармен қамтамасыз ету.


Іске асыру      2010-2014 ж.ж.
мерзімдері


Күтілетін       Химиялық өнімдерді өндіру жалпы көлемін 2 есеге нәтижелер       арттыру.
                Химиялық өнімдерді экспорттау көлемін 2 есеге
                арттыру.
                Химиялық өнімдердің 6 жаңа түрін өндіруді
                ұйымдастыру.
                Каустикалық сода өндіру көлемі кем дегенде 33 мың
                тонна.
                Хлор өндіру - 9,6 мың тонна.
                Тұз қышқылын өндіру - 45 мың тонна.
                Натрий гипохлоритін өндіру - 6,6 мың тонна.
                Минералды тыңайтқыштар өндіру - кем дегенде 1 млн.
                тонна.
                Химиялық шикізатты өңдеу және байыту бойынша 4
                нысанды іске қосу.
                Күкірт қышқылын өндіру - 2527 мың тонна.
                Жарылғыш заттарды өндіру көлемі - кемінде 15 мың
                тонна.
                Гуматтар мен биопрепараттар өндіру - жылына 600
                тонна.


Қажетті         Бағдарламаны іске асыруға 2010-2014 жылдары
ресурстар       меншікті және қарыз қаражаты, сондай-ақ бекітілген
мен оларды      республикалық бюджет шеңберіндегі қаражат
қаржыландыру    бағытталатын болады.
көздері        


2. Кіріспе


      Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде химия өнеркәсібінің одан әрі дамуына жағдай жасау мақсатында әзірленді.
      Бағдарламаны әзірлеу "Қазақстан Республикасын" үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен күшін жойған «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2009 - 2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 641 қаулысымен көзделген саланы реформалау бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың жалғасы болып табылады.


3. Ағымдағы жағдайды талдау


      1. Сала жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
      Әлемдік және отандық химия саласын салыстырмалы талдау осы саланың Қазақстан жағдайында даму үшін үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті, сала өнімдерінің үлкен шоғыры іс жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларында, сондай-ақ күнделікті тұрмыста пайдаланылуы мүмкін. Химия саласы бүкіл әлемде экономиканың нақты секторларының басқа салалары үшін шикізаттардың, жартылай өнімдердің, материалдардың ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады.


Химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіп санының және персонал санының өзгеруін талдау (2004 - 2009 жж.)



Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

«Химия өнеркәсібі» қызметінің негізгі түрі болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорындар саны

212

223

220

217

223

206

Негізгі қызмет персоналының саны, мың адам

16,1

14,0

13,6

13,6

14,2

14,8



      2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы отандық химия өнеркәсібінде персонал саны анағұрлым төмендеді. Сонымен қатар, ұқсас кезеңде 11 өнеркәсіп іске қосылды. Қызметкерлер саны 2,1 мың адамға қысқаруы ірі кәсіпорындардың жабылуымен, өндірістер рентабельділігінің және айналым құралдарының жетіспеушілігімен негізделеді.
      2009 жылғы жағдай бойынша өңірлерде ірі және орта химия кәсіпорындарының шоғырлануы төмендегідей:
      Оңтүстік Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнімдерін, минералдық тыңайтқыштар, тұрмыстық химия құралдарын, лактар мен бояулар өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ техногенді қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар орналасқан. Республиканың оңтүстігінде бір ірі кәсіпорын - «Қазфосфат» ЖІДС (Жамбыл облысы) орналасқан.
      Батыс Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнімдерін, жарылғыш заттар, минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындар орналасқан. Қазақстанның батысында екі ірі кәсіпорын - «ҚазАзот» ЖШС (Маңғыстау облысы) және «Ақтөбе хром қосылысы зауыты» АҚ (Ақтөбе облысы), сондай-ақ бір орта кәсіпорын - «Нитрохим» қазақстандық оқ-дәрілерді кешенді кәдеге жарату орталығы» ЖШС бар.
      Солтүстік және Шығыс Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнімдерін өндіретін, сырлар мен боялуар, полиэфирлі шайырлар, жарылғыш заттар, газға қарсы құралдар мен респираторлар, өсімдіктерді қорғау құралдарын және металлургиялық өндірістің қосалқы өнімі ретінде күкірт қышқылын өндіретін кәсіпорындар орналасқан. Республиканың бұл өңірінде орта кәсіпорындар орналасқан - «Каустик» АҚ (Павлодар облысы), «Орика - Қазақстан» АҚ, «Үлбі - ФторКешен» ЖШС, «Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауыты» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы). Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» АҚ (күкірт қышқылын шығаратын ірі металлургиялық кәсіпорын).
      Орталық Қазақстанда органикалық емес және органикалық химия өнімдерін, лактар мен бояулар, жарылғыш заттар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тұрмыстық химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар орналасқан. Республиканың бұл өңірінде химия кәсіпорындарының үлкен саны, оның ішінде өндірістің жанама өнімі күкірт қышқылы болып табылатын металлургия саласының ірі кәсіпорындары («Арселор Митал Теміртау» АҚ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, Қарағанды облысы), сондай-ақ Қарағанды облысындағы орташа кәсіпорындардың оннан астам - «Максам Қазақстан» ЖШС, «Вертекс-Инициатив» ЖШС, «Эгофом» ЖШС, «Alian Paint» ЖШС, «Гербицидтер» ЖШС, «Прогресс - Сельхозхим» ЖШС және де басқалары орналасқан.


Химия өнеркәсібі қызметінің көрсеткіштері



Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Өнімді өндіру көлемі (тауарлар, қызметтер), млн. теңге

43 170

53 912

54 064

72 258

106 157*

85 542*

Нақты көлемінің индексі (бұдан әрі - НКИ), %

111,7

95,3

103,6

128,6

109,3

76,3

Саланың өнеркәсіптік өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесі, %

1,1

1,0

0,8

0,9

1,1

1

Саланың өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі үлесі, %

2,8

2,9

2,2

2,4

3,2

2,9

Жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ), млн. теңге

18 693,8

20 785,4

24 719,4

35 201,7

50 982,4

44 128,4

Саланың ЖІӨ-дегі үлесі, %

0,84

0,74

0,57

0,69

0,76

0,64



      * - деректер экономикалық қызмет түрлерінің жаңа жіктеушісі бойынша келтірілген.
      2004 - 2008 жылдар аралығында экономикалық қызмет түрі бойынша өндіріс көлемінің артқаны байқалды. Бірақ дүниежүзілік рецессияның әсерінен 2009 жылы өндіріс көлемінің төмендегені байқалады. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемі - 85 542 млн. теңгені құрайды, 2008 жылы бұл көрсеткіш 20 615 теңгеге артық болды.*
      2009 жылы өнімдердің НКИ 2008 жылмен салыстырғанда 23,7%-ға төмен. Бірақ, 2010 жылдың екінші тоқсанында 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда НКИ-нің өсімі 53 % құрады. Өндіріс көлемінің қалпына келуі байқалады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес қазіргі уақытта қазақстандық химия кәсіпорындары ЖІӨ шамамен 0,76 % (2008 ж.) және 0,64% (2009 жылдың бірінші жартыжылдығында) өндіреді, алайда сала дамудың үлкен әлеуетімен сипатталады. Қазақстанда 2008 жылға дейін химия өнеркәсібінің өсу қарқыны жылына шамамен 5% құрады, қаржы дағдарысы саланың өнімін 3%-ға қысқартуға алып келді
      Жалпы өнеркәсіптік өнімнің құрамындағы химия өнеркәсібінің үлесі 1 % айналасында болды. Мысалы 2007 жылы - 0,9 %, 2008 жылы - 1,1 %, 2009 жылы - 1,0%. Бұл ретте осы кезең ішіндегі өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі химия өнеркәсібінің үлесі 2,4-тен 3 %-ға дейін құрады, атап айтқанда, 2007 жылы - 2,4 %, 2008 жылы - 3,2 %, 2009 жылы - 2,9 %.
      Химия өнеркәсібінің ЖҚҚ соңғы жылдары: 2007 жылы 35 201,7 млн. теңгені, 2008 жылы - 50 982,4 млн. теңгені, 2009 жылы - 44 128,4 млн. теңгені құрады.


Тауар номенклатурасының бөлімдер бойынша экспорты



Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Тауар номенклатурасының бөлімдер бойынша экспорты, млн. теңге

*

*

*

*

12,4

6,7



      *-деректер жоқ


Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің импорты



Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің 1 импорты, млн. теңге

120155

252030

295026

375358

221756

322789



      Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ағымдағы жылдың соңғы 6 айы ішінде импорт экспорттан әлдеқайда асып түсті, мысалы азот тыңайтқыштарының экспорты, фосфор тыңайтқыштарының, жарылғыш заттардың, пестицидтер мен дезинфекциялаушы және оларға ұқсас құралдар, бастапқы түрдегі стирол полимерлері - және басқалары: 14 382 мың АҚШ долл., химия өнімдерінің импорты осы позициялар бойынша - 221 934,8 мың АҚШ долл. құрады.
      Химия өнімдерінің кейбір түрлері бойынша экспорт импорттан асып түседі, олардың арасында хром кені мен концентраттары, хром оксидтері мен гидроксидтері, фосфор қышқылы және полифосфор қышқылдары - 231 773,7 мың АҚШ доллары. Импорт осы позициялар бойынша - 677,8 мың. АҚШ доллары.
      Осылайша, химиялық өнімдер импорты құрылымында жоғары құны қосылған жоғарғы мөлшерлі өнімдер басым болса, экспорт құрылымында - қосылған құны төмен химиялық өнеркәсіптің негізгі салалық өнімдері басымдылық танытады.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница