Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




Скачать 490.22 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер490.22 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://iktu.kz/files/panderkatalogy/magistratura/6M020600.doc
  1   2   3   4

Ф-ОБ-001/186


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті

Тарих – педагогика факультеті

Дінтану және теология кафедрасы


Мамандықтың пәндер каталогы



МАМАНДЫҚ (6M020600 - дінтану)




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ түрі

бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, құзыреттері)




1

2

3

4




1 КУРС




1 семестр

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

GTF 1101

Ғылым тарихы мен философиясы

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Ммақсаты:

«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік береді, ғылымға философиялық және социологиялық талдау жасайды.

«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті дағдыларын дамытады.

Міндеті: Курстық теориялық негіздеріне оқып-үйрену.

Ғылымның отандық, шетелдік методологтарының классикалық еңбектерімен және әдебиеттерімен жұмыс істеуге үйрету.

Магистранттарды өзбетінше жұмыс істеуге,

сыни баға беруге үйрету, өз ойын айқын

айта білуге үйрету.

Қысқаша мазмұны: ғылым философиясының негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Білімі: Негізгі ғылыми эпистемологиялық моделдерді, рационалдық ұғымын сипатын: танымның ғылымға дейінгі, ғылыми және ғылымнан тыс түрлерімен әдістерін; Әлеуметтік – гуманитарлық білімнің қазіргі кезеңдегі ыңғайларын; ғылыми – зерттеу жұмыстары барысында пайда болатын және терең, кәсіби білімді қажет ететін мәселелерді шеше білулері керек; қажетті зерттеу әдістеріне таңдай білулері қажет.

Білігі: Ғылыми танымдық әлеуметтік – гуманитарлық және жантану білімдерінің методологиясының негізде қазіргі кезеңдегі теория мен практиканың шындықтарын түсініп талдау жасай алу.

Магистрант өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде, ғылыми мақалалар мен тезистер жазу барысында, конференцияларда, симпозиумдарда, дөңгелек столдарда, пікір-таластарда, сұхбаттар жүргізуде методологиялық білімдерін қолдана білулері тиіс.

Құзыреттері: Болашақ мамандардың бойында тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағын қалыптастыруда ғылымның тарихы мен философиясын дамыту үшін ғылыми білімдерді іске асыру болып табылады.



Psi 1103

Психология

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты:

Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын білуі мен қатар, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін дамытудың жолдарын меңгерту.

Міндеті: - психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін оқытып үйрету.

Қысқаша мазмұны: Психология пәні, әдіс-тәсілдері. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Психология пәнінің объективтік шындықпен қатынасы заманауи психологияның сатылары. Психология және басқа да ғылым салалары. Қарым-қатынас. Іс-әрекет психологиясы және өзіндік тану процессі. Жеке тұлға психологиясы. Қабілет. Темперамент. Мінез. Ойлау мен сөйлеу. Қиял. Эмоция және сезім. Мотивация. Ерік.

Білімі: ғылыми психологиялық білімдер негізін қалыптастыру.

Білігі: жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін оқытып үйрету. Адамды іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектісі ретінде зерттеу үшін психологиялық білімдерді ғылыми негізде қолдана білуге дағдылар қалптастыру.

Құзыреттері: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.


КӘСІБИ МОДУЛЬДЕР БЛОГЫ


DDN 1202



Дінтанудағы деректану негіздері

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты: Көнеден қалған діни, тарихи қолжазбаларды оқу, сыныптау, ерекшеліктерін анықтау, сипаттамасын жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізе алу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Міндеті:

-көне қолжазбалардың алғашқы сипаттамасын жасай білуді үйрету;

-көне қолжазба деректері жазылған жазу үлгілерін үйретіп, қолжазбалардың жазу үлгілерін анықтай білуді үйрету;

-қолжазбаларды ғылым саласына қарай жіктей білуді үйрету;

-ауызша деректермен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру;

-қолжазба ерекшеліктері мен түпнұсқа мен көшірме арасындағы айырмашылықты ажырата білуді үйрету.

Қысқаша мазмұны:

Діни деректану мен оның түрлерімен таныстыру. Қолжазба деректер және оларды зерттеу жолдарын үйрету. Ислам деректерінің қолжазбалар кезеңіне талдау жасау. Құран тәпсірлері мен Хадис ғылымының қалыптасу кезеңдері мен жазба дереккөздерінің қалыптасу кезеңдеріне талдау жасау. Араб жазу үлгілері. Сулс жазу үлгісі. Насх жазу үлгісі. Тағлиқ жазу үлгісі. Настағлиқ жазу үлгісі. Куфи жазу үлгісі. Исламдық ғылым салаларының пайда болуы және жіктелуі. Ислам ақидасы және доксография. Ислам құқығы және оның негіздері. Сопылық ілімнің негізгі дереккөздері. Ислам тарихнамасы және қазақ ақын-жыраулары шығармаларындағы ислам тарихы. Қожа Әулеттерінің шежіресі «Насаб-нама»нұсқаларындағы деректерге талдау жасау.


Білімі:

-бұл пәнді оқу барысында білім алушылар исламдық дін ғылымының пайда болу және қалыптасу кезеңдері мен оның салалары туралы білімге ие болады;

-діни жазба ескерткіштер жазылған араб жазу үлгілерін игереді.

Білігі:

-пәнді оқыту нәтижесінде студент көне жазба ескерткіштерімен жұмыс істей алу, қолжазбаларды оқу, сұрыптау, сипаттамасын жасай білу, зерттей алу мүмкіндігіне ие болады.

-діни дереккөздерімен жұмыс істей алу дағдысы қалыптасады;

-діни дереккөздерін талдау және оларды жанрлық ерекшелігіне қарай сыныптау дағдысы қалыптасады;

-араб жазу үлгілеріндегі ерекшеліктерді ажырата білу дағдысы қалыптасады.

Құзіреттері:

-пәнді толық меңгерген студент діни дереккөздерімен еркін жұмыс істей алу мүмкіндігіне ие болады;

-діни дереккөздердің салалары мен жанрлық ерекшеліктерін ажырата алатын дәрежеге жетеді:

-араб жазу үлгілері түрлерін тани және оқи алу мүмкіндігіне ие болады.


DKZM 1203

Дінтанудың қазіргі замандық мәселелері

3 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0

Мақсаты: Талапкерге дінтану ғылымындағы жаңалықтар мен оларды діни үдерістерді зерттеуде қолдану жолдары мен олардың қазіргі кезеңдегі діни үдерістерді зерттеуде практикалық тиімділігін меңгерту және діннің қоғамдағы орны мен атқарар қызметіне қатысты мәселелерді толығымен меңгеруге, діни ағымдардың бағыт-бағдары мен мақсатын анықтай білуге, кез-келген аймақтағы діни ахуалға сараптама жасап, талдай білуді үйрету.

Міндеттері: -Дінтану ғылымының қазіргі кезеңдегі мәселелерін талдай білуге үйрету;

-дінтану ғылымындағы жаңалықтар мен оларды қолдану жолдарын қарастыру;

-діндерді салыстыра зерттей білуге үйрету;

-дін мен ғылым арасындағы арақатынасты айқындап беру;

-дін мен саясат арасындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талдай білуді үйрету;

-дін мен дінтану арасындағы арақатынасты айқындап беру.

Қысқаша сипаттамасы: Дін мен дінтану пәнінің негіздерін мен «дін» ұғымының негіздері. Діндерді классификациялау, діндерді тарихи тұрғыдан қарастыру, жаңа діндердің пайда болуымен адамзат қоғамында болған күрделі өзгерістерге талдау.

«Дінтану» ғылымының негізгі тармақтары мен олардың негізгі зерттеу нысандары. Дін философиясы және дін философиясы ғылымының қалыптасу кезеңдері мен оның шығу себептеріне жан-жақты талдау жасалады. Дін социологиясы пәні, ерекшеліктері мен зерттеу тәсілдері. Діни үдерістерге социологиялық тұрғыдан талдау. Дін психологиясы және оның зерттеу тәсілдерін үйрету. Дін феноменологиясы пәні және ерекшелігі. Діннің құбылыс ретінде адам санасына ықпалы. Дін мен діни сана. Діни сананың өзгеруіне ықпал ететін фактолар. Діннің өзгеруі мен оның діннін өзгерткен халықтың рухани-мәдени болмысына ықпалы. Дін мен мораль. Діннің саясатқа қатысы. Билік жүйесіндегі киелілік сипаттың қалыптасу кезеңдері. Көне түркілік билік жүйесінің қалыптасуы және оның киелілк сипаты. Дін және материалдық құндылықтар арақатынасы. Ислам реформаторларның шығуы. Қазіргі кезеңдегі Ислам және оның экономикалық саясаты. Ислам банкингі. Дін және ғылым арақатынасы.


Білімі:

-діннің шығу негіздерінен толық хабары болады;

-дінтану пәнінің шығу себептері мен даму тарихын меңгереді;

-діндерді зерттеу тәсілдері мен оның тармақтарын меңгереді;

-дін мен діни сана арасындағы сабақтастық пен бірлік және олардың мәдениетке ықпалын түсінеді;

-дін мен саясат арасындағы арақатынасты реттеу жолдары туралы білімді үйренеді;

Білігі:

-модернизация үдерісінің пайдалы және зияды жақтарына талдау жасай алатын, қоғамды келе жатқан қатерден сақтандыра алатын дәрежеде білігі болады.

-дін мен дәстүр және моденизациялық үдерістер арасында сабақтастық орнатып, қоғамның рухани тұрғыдан азғындамау жолдарын қарастыра білетін білігі қалыптасады.

Құзіреттері:

-қоғамда болып жатқан кез-келген модернизациялық үдерістердің қоғам болашағына ықпалы қаншалықты болатынына талдау жасай алу құзіретіне ие болады;

-қазіргі кезеңдегі елімізде болып жатқан модерниязацилық үдерістер мен діни үдерістердің қазақ мәдениеті мен дәстүрлі дүниетанымына қаншалықты ықпалы болатындығын талдай білу құзіретіне ие болады;

-әлемдік жаһандану жағдайында қазақ халқының дәстүрі мен дінін сақтаудың қаншалықты маңызы барлығы мен оның қазақ халқының тарихи тағдырындағы миссиясын сезіне алатын құзіреті болады.


DA 1204

Дінтану әдіснамасы

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты: Пәнді оқыту барысында дінді оқып-үйрену үшін зерттеудің тарихи және сыни әдістерін қарастыру, мұнымен бірге әсіресе исламдағы білім қайнар көздерін, олардың ерекшеліктері мен мәнін үйрену.

Міндеттері: Дінді оқып-үйренудің тарихи әдістеріне көз жүгірту;

Діни білім қайнар көздерін және олардың ерекшеліктеріне назар аудару;

Исламдық білімдерге тән дәстүрлі әдістердің қалыптасуын қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Әрбір адам өзінің өзінің дүниені түйсінуіне, дүниеге көзқарасына және сеніміне байланысты дінді қабылдауы немесе қабылдамауы, тіпті әуелі одан теріс айналуы мүмкін. Бірақ діннің бар екендігімен санаспауға болмайды. Ал ол бар болғаннан кейін, кез келген құбылыс сияқты, ол терең және жан-жақты зерттелуге тиіс. Дінтану методологиясы пәні дінтану зерттейтін тақырыптарды айқындаумен айналысады.


Білімі:

Дінтану негізін салған ойшылдар мен олардың еңбектеріне шолу жасау және талдау,

Діндер тарихы мен діндер философиясы негізінде қолданыстағы әдістер мен тәсілдерді білу.

Білігі:

Дінтану әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы дінге қатысты ақпараттар мен деректерді талдай білу;

Білім саласындағы ерекшеліктерді дінтану әдістері арқылы анықтай білу.

Құзіреттері:

Магистрант дінтану саласындағы тақырыптар мен мәселелерге әдіснама тұрғысынан лайықты баға бере алады.


DTDT 1205

Дәстүрлі түркілік дүниетаным

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты:

Қазақ халқының мәдени дәстүрлерінің негізін таныту, дін мен мәдениет арасындағы өзара ықпалдастық пен қазақы дүниетанымның діндегі, исламдағы қайнарларын көрсетіп, қазақ мәдениетінің діннен тыс емес екендігін таныту. Қазіргі кезеңдегі «әсіре діншілдердің» қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының, мәдениетінің дінмен сабақтасығын ашу. Жалпы қазақ халқының мәдениетін қалыптастыруда діннің орны қандай екендігін үйрету болып табылады.

Міндеттері:

-дін мен мәдениет арасындағы бірліктің шығу тегін түсіндіру;

-дін мен халықтың өмір-салтының өзара ықпадастығы мәселесін түсіндіру;

-дін мен мәдени дәстүрлердің шығу себептеріне талдау жасай білуді үйрету;

-діннің мәдени дәстүрлер арасындағы ұйыстырушылық қызметіне талдау жасай білуді үйрету болып табылады.

Қысқаша мазмұны: «Дәстүрлі түркілік дүниетаным» пәні түріктердің ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен дүниетаным негіздеріне талдау жасап, оның шығу негізі мен даму барысын тарихи деректер негізінде сапарптамадан өткізеді. Түріктердің мәдени дәстүрлерінің дінмен сабақтастығы жан-жақты талқыланып, мәдени дәстүрлердің киелілік сипатының қалыптасу негіздеріне талдау жасалып, дүниетаным мен мәдени дәстүрлердің теологиялық білім жүйесіндегі орны анықталады.


Білімі:

-Дәстүрлі түріктік дүниетаным мен дін, мәдениет арасындағы сабақтастық деңгейін үйренеді;

-дінді өзгертудің түріктік дүниетаным мен салт-дәстүр, жалпы мәдениетке кері ықпалы қаншалықты болатынын, дінін өзгерту халықтың дүниетанымын да, этникалық бет-бейнесін толығымен өзгертуге дейін жеткізетін қауіпті үдеріс екендігін түсінетін болады.

-түрік халықтарының этникалық жіктелуге түсуінде діннің түркілік дүниетанымға қаншалықты ықпалы болғандығын білетін болады.

Білігі:

-дәстүрлі діни танымы негіздерін сырттан келген өзге діни-рухани ықпалдан қорғау жолдарын білетін маман ретінде қалыптасады;

-пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы дін мен мәдениет арасындағы байланысты, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің сенімдік негіздеріне талдай білу дағдысын қалыптастырады;

-қоғамда болып жатқан діни-рухани үдерістердің қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне қаншалықты ықпалы барлығын талдай алатын деңгейге көтеріледі;

-сонымен бірге, кез-келген діни ағымның сенім негіздері мен танымдық негіздерін тани білуді, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне қаншалықты кері ықпалы болатынына талдай алу дағысы қалыптасады.

Құзіреттері:

-дін мен дәстүр, мәдениет арасындағы сабақтастық мәселесін толық меңгеріп, оның дүниетаным негіздеріне қаншалықты ықпалы болатындығы мен олардың арасындағы ықпалдастықты талдай алу құзіретіне ие болады;

-қазіргі кезеңдегі елімізде болып жатқан діни үдерістердің қазақ мәдениеті мен дәстүрлі дүниетанымына қаншалықты ықпалы болатындығын талдай білу құзіретіне ие болады;

-қоғамдағы діни танымды өзгерту бағытындағы әрекеттердің қазақ мәдениеті мен этникалық болмысына қаншалықты ықпалы болатындығын болжалдай алатын дәрежеде болады.

  1   2   3   4

Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: жоо болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми-...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница