Скачать 3.75 Mb.
|
«Егіншілік заңы» бойынша Византияның аграрлық құрылысы. (ҮІІІ-ІХғ. І-жартысы.) Әдебиет. Е.Э. Липшиц «Очерки истории византийского общества и культуры ҮІІІ-І-половине ІХ в». М-Лен., 1961 ж. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Византияның аграрлық құрылысын түсіну үшін біз өз назарымызды Византияның ІҮІ ғ.ғ. аграрлық құрылысының даму ерекшеліктеріне аударуымыз керек. Сонымен ІҮ-ҮІ ғ.ғ. аграрлық құрылыс ерекшеліктері. Батыспен салыстырғанда
ҮІІ ғ. әлеуметтік, саяси өмірде маңызды өзгерістер болды. Халық бұқарасының қозғалысына ұласқан варвар-славян тайпаларының басып кіруі құлиеленушілік типтегі ірі шаруашылықтардың жойылуын тездетті. Жергілікті ерікті село қауымдары мен славян қауымдары үлкен маңыз ала бастады. Осы қауымдар ыдырау негізінде құлиеленушілік өндіріс феодалдық формамен ауысты. Сақталып қалған ірі құлиеленушілік шаруашылықтар жаңа жағдайға бейімделді. Қалай ? Өз шаруашылықтарында құл еңбегін пайдалануды қысқартып, шаруашылықты тәуелді халықтың түрлі категорияларының еңбегі негізінде жүргізді. Балқан түбегіне келіп қоныстанған славян тайпалары өздерімен бірге ерікті село қауымын ала келіп, жергілікті византиялық шаруа қауымын қайта жандандырды. Сондықтан ҮІІІ-ІХ ғ. Византия деревнясы ерікті село қауымының үстем болуымен сипатталады. Міне осы қауымның ыдырауы феодалдық қатынастарды туғызды. Бұл мәселені түсінуде бізге «Егіншілік заңы» деп аталатын тарихи құжат үлкен мәлімет береді. Бұл не құжат ? Бұл құжат мәліметі бойынша Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихы қандай ? Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихы үшін деревнядағы құқық қатынастарын реттейтін қысқаша юридикалық жинақ-«Егіншілік заңының» маңызы зор. Бұл заң бірнеше қолжазба түрінде бізге жеткен. Ең көнесі ХІ ғ. жазылған. Кейінгі тарихи кезеңдерде де бірнеше аудармалар пайда болды. Бұл құжаттың жазылу кезеңі, орны туралы мәселе үлкен ғылыми дискуссия мәселесіне айналды. Атақты тарихшылар Василевский, Вернадский, Е.Э. Липщиц бір пікірге келе алмады. Жазылу орны туралы да талас бар. Мысалы, Ф.И. Успенский бұл славян құжаты деген пікір айтты. Бірақ құжатта бірде-бір славян тілінде терминнің кездеспеуі, оның пікірін, болжамын жоққа шығарады. Бұл құжат жөнінде көптеген т.б. талас мәселелер бар. Сонымен Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихы қандай екен. І. Византия шаруаларының шаруашылық тұрмысының өзегі егіншілік. Византия шаруалары харафия деп аталатын жер участогінде өз шаруашылығын жүргізді. Су жетіспегендіктен каналдар қазып егістік даланы, бау-бақшаны суландырып отырды. Астық, сұлы, арпадан басқа жүзім және алма, гранат, алмұрт өсірді. Бидайды күзде қыркүйек, қазан айларында себетін. Ауыл-шаруашылық техникасы өте қарапайым болып қала берді. Өндіріс жүйесі екі танапты болды. Жердің бір бөлігіне егін ексе, екінші бөлігі парға қалдырылатын. ІІ. Мал шаруашылығы византия өмірінде үлкен роль атқарды. Қой, ешкі, шошқа өсірілді. Ірі-қара мал өсіру тек жазықтық жайылымы мол аудандарға тарады. Әскери мақсатқа пайдаланылатын жылқы туралы бірде-бір статья жоқ. ІІІ. Құс өсірді. Әсіресе қаз, сол сияқты омарта, балық аулау шаруашылықтары дамыды.(24,45-51). Қауымға сипаттама.
Ал «Салий ақиқаты» бойынша бөгде адам жерін жыртқаны үшін штраф төлейді. Статья 24-25 (49-бет).
Византиялықтардың әлеуметтік структурасы.
Исавр династиясының басқаруы ҮІІІ ғ. бастап Византия берік мемлекетке айналды. Бұның екі себебі бар: (орталықтанған).
Феодалдану процесінің басталуы, терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер Византия мемлекетінің әкімшілік басқармасын қайта құруды қажет етті. Міне осындай қайта құрулар Исавр династиясының негізін салған (717-867) император ІІІ Лев Исавр тұсында жүзеге асты. (717-741). Исавр тұсында бүкіл империя әскери окруктерге-фемдерге бөлінді. Фемдік реформаның мақсаты:
Фемдік реформаның салдарлары:
Сонымен фемдік реформа таза әскери-әкімшілік реформа болып қана қойған жоқ-бұл реформа шын мәнінде феодализмнің қалыптасуына жағдай әзірледі. ҮІІІғ.-ІХ ғ. І-жартысындағы Византиядағы халық бұқарасының көтерілісі. Феодалдық жериеленудің өсуі, шаруалар бостандығының қысымға алынуы-тап күресін шиеленістірді. Осындай тап күресінің мысалы ретінде павликиандардың халықтың-еретикалық қозғалысын айта аламыз. Павликан деген сөз «Послание апостола Павла» деген діни уағыздан шыққан. ҮІІ ғ. Арменияда пайда болып, кейін ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Кіші Азияға тараған еді. Павликан ілімі ересь формасына ие болды.
Павликандар ілімі. Қозғалысқа қатысқандар ертехрестиандық шіркеудің тәртіптерімен дәстүрлерінің қайтадан қалыпқа келуін талап етті. Ертехрестиандық қауымдар тең қауымдар болатын. Бірақ олар тек діни теңдікті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік теңдікті де талап етті. Павликиан ілімі бойынша дүние екіге бөлінеді-құдай патшалығына және –құдайдан безгендер патшалығына, яғни рухани дүниеге және материалдық дүниеге бөлінеді. Павликиандар қозғалысына көптеген бұхара халық қатысты. 820 жылы Фома Славянин бастаған халық қозғалысы бұрқ ете түсті.823 ж. көтеріліс басылып, Фома Славянин өлтірілді. ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІ ғ. Македонский династиясы тұсында феодализмнің қалыптасуы. Македония династиясы дәуірінде (Негізін салған Василий І. 867-1056) феодалдық процес қалай жүрді ? Егер ІХ ғасырға дейін Византияның аграрлық жүйесінде ұсақ шаруашылық үстем болып келсе, енді византия деревниясы жаңа кезеңге аяқ басты. «Егіншілік заңының» өзінен селолық қауымда мүліктік, әлеуметтік теңсіздіктің пайда болғанын байқадық. Ал Х ғасырдың тарихи құжаттарында мүліктік, әлеуметтік теңсіздік айқын байқалады. «Кедей», «жарлы шаруалармен» қатар бірнеше үлес жері бар, ауқатты қауым мүшелері бар. Мүліктік жіктелу процесі қауымды іштей әлсіретті, қауымдар байланысы әлсіреді. Ішкі жіктелу нәтижесінде басқа адам жерін пайдалану құқығы жойылды. (Егіншілік заңын еске алыңыз)-Басқа адам бағына, бақшасына ұлықсатсыз кіргені үшін айып төлейді, не жазаланатын болды. Византиядағы феодалдық қатынастардың дааму процесіне нендей жағдайлар қолайлы әсер етті?
Феодалдық қатынастың қалыптасуы барысында мемлекеттік шаруалардың бірнеше категориясы келіп шықты.
Әсіресе 928 жылғы аштық жылынан кейін, шаруалар арзан бағаға өз жерлерін сатты, сөйтіп шаруалар жерінің негізгі бөлігі динаттар олжасына айналды. Динаттар поместьесі қалыптасты. Х ғ. аяғында ірі феодал иеліктері құрылды (мұрагерлік негіздегі). 966 жылғы император новелласында «Мұндай адамдар жүздеген жылдар бойына өз байлығын, өз қуатын сақтап қалды» - дейді. (Е.Э.Липшиц. «Византиское крестьянство и славянская колонизация» стр. 123-129). Феодалдық қатынастың түрлі жолдармен қалыптасуы структуралық жағынан әр алуан динат поместьелерінің типін туғызды.
Поместьелердің осындай әр алуан типтеріне қарамастан Византия поместьесіне анықтама беруге болады. Х ғ. деректері ірі светтік феодалдық поместьеге сипаттама берген кезде «икос» деген терминді қолданады. Икос – қожайын усадьбасы, (поместье орталығы, қожайын үйі, қора-жайы, шіркеуі, бағы, паркі). 3. Феодалдық қатынасты шіркеулік жериеленудің шығуы тереңдете түсті. ІХ ғ. шіркеулік жериелену кең тараған құбылыс болмаса Хғ. Бастап жериеленудің шіркеулік формасы тез қалыптасты. Шіркеулік жериеленудің қалыптасуының жолдары қандай? А) Шіркеу жанындағы шаруалар «құдай үлесі» деп өз жерлерінен шіркеуге жер беріп отырды. Б) Император сыйға тартты. В) Ірі монастырь – шіркеулер кішігірім шіркеулік жериеліктерін өздеріне күшпен қосып алып отырды. Г) Күйзеліске ұшыраған шаруалар жері есебінен де өсті (класма). Д) Мемлекеттің ақшалай сыйлық, жалақы беруі, шіркеулерге жер сатып алуға мүмкіндік берді. Сонымен Х ғ. аяғында шіркеулік-феодалдық вотчина қалыптасып шықты. Енді осы поместьелер жері қалай өңделді?
Міне, осы тәуелді шаруалар қалай қалыптасып шықты. Жолдары қандай?
Х ғ. Византияда аренданың екі түрі бодлы: А) Эмфитевтік – ұзақ мерзімге жасалған. Б) Қысқа мерзімді аренда. Х ғ. аяғында Византияда аренда өз сипатын өзгертті. Феодалдық процестің тереңдеу жағдайында арендалық қатынастар феодалға тәуелділік қатынаспен ауысты. Мұндай аренданың жаңа формасы – |
![]() | Қолы) (аты-жөні) ... | ![]() | Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы «Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен |
![]() | Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы «Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен | ![]() | Қолы) (аты-жөні) Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды |
![]() | Қолы) (аты-жөні) Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы | ![]() | Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді |
![]() | Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді | ![]() | Дүниежүзілік тарих және саяси әлеуметтік пәндер кафедрасы ның отырысында бекітілді Басқару әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен 050501 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары Қазақстан... |
![]() | Әлеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы 200 9 -2010 оқу жылы 3 семестр 3-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді | ![]() | Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған |