Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы




НазваниеДүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
страница6/51
Б С Алматы
Дата конвертации13.02.2016
Размер3.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Орта_ғасырлар_тарихы.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

Ерікті шаруаның күзеліп тәуелділікке түсуі.

Ірі жер иеленудің өсуі жер иелерінің жеке билігін күшейтті. Экономикалық жағынан әлденген жер иелері қауым бостандығы мен ерікті шаруа бостандығына қол сұға бастады.

Энгельс былай дейді «ерікті франк шаруасы біреудің қарауына түспестен бұрын, олар түрлі жолдармен аллодынан айырылып жерсізденген ерікті франктер табы құралуы керек. Бұл тап жердің бір қолда шоғырлануы нәтижесінде қалыптаса бастады».

Алодынан айырылған шаруа жерін ірі жер иеленушіге беріп қана қоймай, оған өзінің жеке басыда кіріптарлыққа түсе бастайды, яғни бас еркіндігінен айырылады. Оның басқа амалы жоқ. Жерінен айырылған шаруалар қайда барды? Қалалар, дамыған қолөнер жоқ. Сол кездегі жазылған грамотада былай делінген: «Күн көруден, тамақ ішіп киінуге жағдайым жоқ, сондықтан мені сіз қарауыңызға алып, жеке басыммен не істесеңіз де өз еркіңізде».

Энгельс «Бұрын тек экономикалық жағынан кіріптар, ал юридикалық жағынан өз вотчиниктерімен тең правалы шаруалар енді права жағынан да оларға тәуелді бола басатды» дейді.

Күйзелген шаруа,көршісінен қысым көрген шаруа, енді сол құдыретті көршісіне тәуелділікке түсті, яғни коммендация қатынасына енді. «Өздерін көрші қарауына берді». Коммендация қатынасына түскен шаруа ең алдымен жер қатынасы жағынан тәуелділікке түссе, мүлде жер жоқтары үшін, бұл толық жеке бас тәуелділігіне түсу болды. Ірі жер иелшенушілер өздерінің жеке биліктерін күшейтті, яғни экономикадан тыс қанау келіп шықты.

Сонымен ірі жер иеленудің қалыптасу процессі шаруалардың тәуелділікке түсуімен қатар жүрді. Алайда феодализмнің бұл процессі бастапқы стадияда ғана болды да, негізгі шаруашылық ұйымы-қауым-марка болды.

Жерге феодалдық меншік тек ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. аграрлық төңкеріліс жағдайында үстем болды. Жерге феодалдық меншіктің қалыптасуына шаруалар қарсылық көрсеткенімен бұл процесті тоқтатуға қабілетсіз болды.

ҮІІ ғасырдан бастап Франк қоғамының Королинг дәуірі деген тарихи кезеңі баталады. (ҮІІғ.-ІХ ғ.ортасы). Міне осы Королинг дәуіріндегі аграрлық төңкеріліске тоқталамыз.

Аграрлық төңкерілістің мәнін Энегельс ерікті қауым мүшелерінің күйзелуі негізінде ірі жер меншігінің тез қалыптасып, ерікті шаруалардың тәуелді, содан кейін крепостнойға айналуы деп түсіндіреді. Бұл екі жақты процестің басын Энгельс аллодтың шығуымен байланыстырады. «Ірі жер иеленушіліктің қалыптасуы енді тек уақыт мәселесі ғана болды» дейді. Бұл процесс Меровингтер дәуірінде басталды, бірақ ҮІІІ-ХІ ғ.ғ. ерекше тез жүре бастады. Неліктен ерікті франктің жерінен айырылуы барысында феодалдық қатынас орнады?. Былай қарағанда осындай тікелей өндірушінің жерсізденуі өз кезінде құл иеленушілік қоғамды, кейін капиталисік қоғамды туғызды.

Бұл сұраққа тоқтала келе Энгельс ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. өндіргіш күштердің даму дәрежесі басқа өндірістік қатынастарды емес, тек қана феодалдық қатынастарды туғызады дейді. Энгельс бұл кезеңде өндірістің негізгі саласы егіншілік пен мал өсіру болды. Жерге және оның өніміне ие болу байлықтың негізгсі. Яғни жер байлық көзі. Өнеркәсіппен сауда Римнің империя дәуірінде құлдырап, варвар шапқыншылығы нәтижесінде мүлде жойылды.

Энгельс сондықтан «мүліктік жіктеліс барысында қалыптасатын үстем тап тек ірі жер иелері ғана бола алды, мемлекеттің саяси формасы аристократиялық құрылыс болды».

Т.21 497-498.

Ерікті қауым мүшелерінің жерсіздену процесі барысыда тәуелді шаруа тобы қалыптасты. Себебі Энгельс «Орта ғасырда федалдық қанаудың негізгі көзі халықты жерден босату емес, қайта оларды жерге бекіту болды» дейді.

Т. 21-349 бет.

Шаруалар өз жерлерінде отыра берді, бірақ крепастной немесе тәуелді шаруа есебінде отырып, жер иесіне не азық-түліктей, немесе жұмыс формасында салық төледі. Олай болса аллодтан айырылу дегенді былай түсіну керек. Олар аллодқа меншік правосынан айырылды, бірақ сол жерден қуылмады.

Олар енді жер меншік иелеріне емес, жер ұстаушыға айналды. Сондықтан Энгельс тәуелділіктің көзі-шаруалардың үлес жерге меншік правасынан айырылуы дейді. Энгельс алғашқыда шаруалар тек жер тәуелділігінде болды дей келе, олар енді жеке бас бостандығынан айырылып, бара-бара крепостнойға айналды дейді.

Қоғамда екі таптың қалыптасуы феодалдық меншіктің формаларының өзгеруіне алғы шарт болды. Аллодттық меншік енді жетілген феодалдық меншікпен ауысуға тиісті болды. Күйзелген шаруалар енді жасақ қатарында қызмет ете алмады. Сондықтан әскери күшті қайтадан құру қажеттілігі шықты. Ол қажеттілік Карл Мартельдің «бенефиция реформасы» барысында шешілді. Бенефиция процесі феодалдық процесті одан әрі тереңдете түсті. Егер бұрын король, немесе ірі тиагнаттар жерді шартсыз сыйлыққа берсе, жер иеленудің «бенефиция» деп аталатын шартты түрі шықты. Бенефиция өмірлікке әскер қатарында қызмет атқару шарты негізінде берілді. Егер бенефицияны алушы өлсе, онда бенефиция жері жер иесіне қайтадан қайтарылды. Яғни бенефиция мұраға қалдырылмады.

Бірақ бара-бара бұл шарт өзгерді де ІХ-Х ғ.ғ. бенефиция мұраға қалдырылатын жерге айналып феод (лен) белгілеріне ие болады.

Бенефиция реформасының салдарлары.

    1. Бенефиция реформасы орталық үкіметті нығайтты. (Бұл бізге онша қажет емес).

    2. Бенефиция реформасы ұсақ және орта дәрежелі феодалдар тобын қалыптастырды (Әскерде қызмет атқаратындар). Ал бұрын жасақта үлкен роль атқаратын франк шаруасы негізгі әскери күш болудан қалды.

    3. Бенефиция реформасы феодалдық жер иеленуді нығайтып, шаруаларды одан әрі кіріптарлыққа түсірді. Бенефиция алғандар осы жерде отырған шаруаның «сеньорына» айналды.

    4. Экономикалық билік саяси билікті күшейтті. Вотчиник сеньорға айналды, отырған шаруа-оның адамына (подданый) айналды. Еріктілердің бас бостандығы жойылады, ерікті тәуелді адамға жақындай түседі.

Вассалдық қатынас келіп шығады «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес».

Ф. Энгельс Бенефиция реформасын аграрлық қатынастағы түбірлі төңкеріліс болды дейді.

19 том.499 бет.

Сонымен бенефиция реформасы Франк мемлекетінде феодалдық қатынастарды одан әрі тереңдетті.

Прекарлық қатынас.

Шаруаларды тәуелділікке түсірудің ең кең тараған әдісінің бірі жерді прекарийге беру болды. Бұл әдіс әсіресе ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. кең тарады. Прекарий «өтініші бойынша берілген» деген түсінік береді деген жер пайдаланудың шартты бір түрі. Ірі жер иесі (бірнеше жылға немесе өлгенше) жері аз немесе жері жоқ шаруаға жер береді. Жерді пайдаланғаны үшін шаруа не оброк өтейді, немесе барщина өтейді.

Прекарийдің 3 түрі болды.

  1. Жер үлесі жері мүлде жоқ, немесе жері өте аз адамға беріледі.

  2. Жұттық қысқан ұсақ меншік иесі өзінің осы жерге деген меншік правасын ірі жер иесіне береді де, өзі осы прекарий түрінде қайтадан алады (өлгенше, не мұрагерлік правамен алуы мүмкін). Нәтижесінде ерікті меншік иесі қарапайым жер ұстаушыға айналады.

  3. Прекарист өзінің жерінің үстіне, үстеме жер қосып алады. Прекарийдің осы түрі шіркеу жерінде әсіресе үстем болды.

Меншік правасынан айырылып, жер ұстаушыға айналған прекарист алғашқы кезде бас еркіндігін сақтап қалды, бірақ жер иесіне жер тәуелділігінде болды. Бірақ Энгельс былай дейді «Тәуелділіктің осындай түріне тап болған шаруалар, бара-бара өз жеке еркіндіктерінен де айырыла бастады, ал бірнеше ұрпақтан кейін негізінен крепостнойға айналды дейді».

Т.19. 502 бет.

Сөйтіп прекарийлық қатынас барысында феодалдық қатынастың даму процесі тездеді, тереңдеді.

Иммунитет.

Ірі жер иелері өз поместьелерінде саяси билікке ие бола бастады. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. әлі әлсіз король үкметі жергілікті жерлерді жер иелерінің осы саяси правасын юридрикалық тұрғыдан мойындауға мәжбүр болды. Қалайша?

Арнаулы король грамотасы бойынша мемлекеттің жергілікті жерлердегі өкілдерінің-граф, жүздіктер, олардың көмекшілерінің праваларына шек қойып, жергілікті жерлердегі әкімшілік, саяси, сот праваларын жер иелерінің өздеріне берді. Бұндай правалар беруді «иммунитет» деп атады. (immunitas-тәуелсіз, еркін).

Иммун правасына ие болған магнат мынандай функциялар атқарды.

1). Өз жерінде сот правасына ие болды.

2). Алым-салық, штраф, т.б. жинады.

3). Иммунитет территориядағы әскери жасақтың қолбасшысы.

Маркс феодалдық дәуірде әскери қызметпен, сот ісіндегі жоғарғы билік жер меншігінің атрибуты болды дейді.

Өткен лекциялардан сіздер Меровингтер және Королингтер тұсындағы Франк мемлекетіндегі феодалдық қатынастың дамуымен таныстыңыздар. (ҮІ 81-ҮІІ ғасырдың аяғына дейінгі кезең Мерговингтер дәуірі ҮІІ ғ. аяғы мен-ІХ ғ. ортасына дейінгі кезең-Королингтер кезеңі).

(Ұлы Карл 768-814).

Ұлы Карл орталықтанған мемлекет құруға ұмтылды.

  1. Орталық басқарма - король сарайы - палаций.

  2. Ең жоғарғы чиновниктер: палата графы (жоғарғы сот, император орынбасары) архиканцлер (император) концеляриясын басқарды.

Камерарий (король қазынасын басқарды).

  1. Жергілікті жерлерді – графтар – comites - әкімшілік округ басшысы.

  2. Скабиндер – сот коллегиясының мүшелері.

  3. Епископтер – бұларда да сот, әкімшілік роль атқарды.

  4. Король ревизорлары

  5. Жазба түрде шыққан король заңдары - капитулярий деп аталады. Ұлы Карл тұсында 250 – капитулярилері сақталған.

Ұлы Карл империясының қарама - қайшылығы.

  1. Ұлы Карл империясы орталықтанған мемлекет болған жоқ.

  2. Басқару аппараты өте қарапайым.

  3. Сот, финанс ведомостволары – палаталар қалыптасқан жоқ.

  4. Тұрақты салық жүйесі болған жоқ.

  5. Орталық пен жергілікті жерлер арасында тұрақты байланыс жоқ.

  6. Франк мемлекеті - әскери монархия – жаулап алу соғыстары барысында бірыңғай мәдениет, экономикалық базасы қалыптаспаған - әр алуан этникалық тайпалардан тұрды.

  7. Империя құрамына кірген тайпалар дәстүрлік праваларды пайдаланды. (Салий, Ринуар, Бургундия, Бавария, Сакония)

Королинг поместьесі және оның структурасы.

ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жер қатынасындағы төңкеріліс нәтижесінде феодалдық құрылыс негізі-жерге феодалдық меншік қалыптасып, толық орнықты. Осы өзгеріс нәтижесінде франк қоғамының шаруашылық ұйымында елеулі терең өзгеріс туды.

Егер аграрлық төңкеріске дейін оның шаруашылық ұйымының негізі-ерікті село қауымы-марка болса, енді ҮІІІ ғ. аяғы мен ІХ ғ. басында марка орнын феодалдық поместье басты-немесе-вотчина мен оған тәуелді крепостникті қауым.

Королинг поместьесінің структурасы жөніндегі бізге негізгі мәлімет беретін басты деректер.

  1. Ұлы Карлдың «Поместьелер туралы капитуляриі» мен

  2. Аббат Ирминиан полиптигі (Сен –Жермен Моностыры жерінің санақ қағазы).

  3. Міне осы деректерге сүйене, зерттей отырып біз ерте феодалдық Батыс Европадағы поместьеге сипаттама бере аламыз.


4 Дәріс

ІҮ-ХІІ ғ.ғ. Византия.

Бұл тақырыпта ең алдымен Шығыс Рим империясының дамуынының ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.

Қандай ерекшеліктер:

  1. Экономикалық даму ерекшеліктері.

  2. Құл еңбегі және оның ерекшелігі.

  3. Византия территориясында сауда мен қолөнер дамыған ірі қалалар болды.

  4. Византияның әлеуметтік-саяси тұрмысында христиан діні орасан зор роль атқарды.

Юстиниан 2-маңызды міндет қойды.

  1. Император билігінің беделін, қуатын, ықпалын арттыру.

  2. Рим империясының ұлы қуатын қайта қалпына келтіру.

Византияның ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. аграрлық құрылысын зерттеу үшін «Егіншілік заңы» деп аталатын тарихи дерек мәліметтеріне сүйенеміз. Бұл құжат ҮІІІ ғ. аяғында басылып шыққан.

«Егіншілік заңы» бойынша.

  1. Византия шаруалары егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. (24, 45-51 статьялар).

  2. Византия қауымы-көршілес қауым, яғни марка. (№1, №2).

  3. Византия қауымындағы жер қатынасы.(№16,№61,№20).

  4. «Егіншілік заңы» бойынша Византия қауымының әлеуметтік құрылымы:

а) Ерікті қауым мүшелері.

б) Георгийлер-толыққанды қауым мүшелері.

в) Апорлар-кедейлер.

г) Мистин-мүліксіздер.

д) Мортит-статья (9,10). Бұл арендатор. Аренда құны егістік өнімінің 1\10. Өнімнің 1\10-бөлігі «морта» деп аталады.

ІХ ғ. ІІ жартысы-ХІ ғ. Македония династиясы кезіндегі феодалдық қатынастардың ерекшеліктері болды. Бұл процесс эвалюциясында мемлекет үлкен роль атқарды.


Ү-ХІ ғ.ғ. Византия.

Шығыс Рим империясының даму ерекшеліктері.

Византия (Шығыс Рим империясы) ІҮ ғ. тәуелсіз мемлекет ретінде құрылған Византия 395 жылы біртұтас Рим империясының Шығыс және Батыс империя болып екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болды. Шығыс Рим империясы қолөнер,сауда, мәдени дамуы дәрежесі жағынан әлдеқайда жоғары тұрды. Рим империясының шығыс аудандарының, батыс провинциялардан оқшаулануы әсіресе ІҮ ғ. айқын байқалды. Империяның көне астанасы Римнің құлдырап, экономикалық және мәдени өмір орталықтарының шығысқа ауысуы саяси орталықты да Шығысқа ауыстырды.

330 жылы император Константин тұсында империяның астанасы (кейіннен Константинополь атанған) Византияға көшірілді. Жаңа саяси орталықты таңдаған кезде қаланың саяси, саяси стратегиялық жағынан артықшылықтары ескерілді. Константинополь империяның қуатты сауда және қолөнер орталығына айналды.

Шығыс Рим империясының құрамына мынандай аудандар кірді. (Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Полестина, Египет, Киренайка және Қара теңіз жағалауындағы тірек пункттер (херсони).

406 жылы Батыс Рим империясы құлады, ал Византия 1069 жылға дейін өмір сүрді.

Византияның мұнша өміршең болуының себебі неде? Варварлар соққысы нәтижесінде неліктен құламады. Оның себебін Шығыс Рим империясының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінен іздеу керек.

Сонымен Шығыс Рим империясының даму ерекшеліктері.

  1. Экономикалық дамуы. Энгельс Сауда мен қолөнер ежелден Батыс империясының үлесіне тиген кәсіп болмады, олар Шығыста дамыған шаруашылық түрі болатын. Егер Рим бір кезде өрлеген болса тек өсімқорлықпен ғана өрлеген еді. Сонымен Батыспен салыстырғанда Шығыс Рим империясының әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшелігі бұл ауданда товарлы өндірістің елеулі табысқа жетуі болды. Жүн, жібек маталарын тоқу өрістеді. Сән- салтанат бұйымдарын, шыныдан, папирустан бұйым шығару ісі дамыды. Шығыста ірі-ірі қалалар болды. Константинопольден басқа Антихония, Александрия, Эдгес, Никея, Коринф, Фессалоника гүлденген қалаларға айналды. Сауда, тығыз экономикалық байланыстар, гүлденген қала өмірі Шығыс Рим империясын іштей бекітті.

  2. Шығстағы құлдық, батыстағыдай ешуақытта да классикалық формаға ие болмады. Жерге отырғызылған, қожайын шаруашылығында жұмыс атқармайтын белгілі-бір шаруашылық бостандығымен пайдалаған құлдар өмір сүрді. Еңбек өнімділігін анықтайтын, форма-құл еңбегі емес еді. Шаруа қауым мүшесінің еңбегі кеңінен пайдаланылды. Сондықтанда құл еңбегі бірден-бір негізгі өндіруші еңбек болмады, осыған байланысты құлиеленушілік құрылыс дағдарысы да Батыстағыдай терең болмады. Құл еңбегі де дағдарысқа ұшырады, бірақ оның орны ерікті шаруалар еңбегі есебінен толықтырылып отырды.

  3. Қолөнер, сауда шоғырланған үлкен қалалар Шығыс империяны экономикалық жағынан бекітті. Саудадан, қолөнерден түскен табыстарды императорлар жалдамалы әскер ұстауға жұмсады, мемлекеттің басқару аппараттарын ұстауға жұмсады. Тұрақты әскер империяның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қалаларда қолөнершілер, магистраттар тобы болды. Магистраттар күшті король билігі қол астында болды. Яғни король билігінің берік әлеуметтік, экономикалық тірегі болды.

  4. Византия қоғамының идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде христиан шіркеуі үлкен роль атқарды. ІҮ ғасырға дейін қудаланған христиан діні, енді үстем идеологияға айналып, Византия мемлекетінің одақтасына, тірегіне айналды.Шығыста христиан шіркеуі император билігімен тығыз байланыста болды. Үстем құлиеленуші таптың мүддесін қорғай отырып, Византия шіркеуі құлдық жүйесіне қарсы болмады. Әрине христиан шіркеуінің роліне үлкен, маңызды мән бермеу керек, бірақ мүлде ескермеуге де болмайды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

Похожие:

Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconҚолы) (аты-жөні)
...
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconҚолы) (аты-жөні)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconҚолы) (аты-жөні)
Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconДүниежүзілік тарих және саяси әлеуметтік пәндер кафедрасы ның отырысында бекітілді
Басқару әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен 050501 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары Қазақстан...
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconӘлеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы 200 9 -2010 оқу жылы 3 семестр 3-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
Дүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница