Скачать 3.75 Mb.
|
15 апта 1 кредит сағат № 29 дәріс Тақырып: Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы. Әдебиет:
ОЖСӨЖ мазмұны: Білімнің, ғылымның және техниканың дамуына байланысты кесте толтыру. 2 кредит сағат № 30 дәріс. Тақырып: Орта ғасырлар тарихының даму ерекшеліктерінің шолу дәрісі 3 кредит сағат № 15 практикалық сабақ Тақырып: Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетімен Батыс өркениетін салыстыру. ОЖСӨЖ мазмұны: Қорытынды емтиханға дайындық. 3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ.
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ. Кафедра Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер тьютор Қожабергенова Х.И. Мырзабаева Б.М. Пән Орта ғасырлар тарихы. Кредит саны 3
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ 1 Дәріс. Орта ғасырлар Үғ. ІІ жартысы мен ХҮІІ ғасырдың ортасын алып жататын кезең. ХІІ ғ. шеңберінде Батыс Европаның экономикалық, қоғамдық, саяси дамуында орасан зор өзгерістер болды.
Орта ғасырлық қоғам мен мемлекет тарихының негізгі кезеңдері. Ерте орта ғасыр - Ү-ХІ ғ. ортасы. Мазмұны:
Ерте орта ғасыр. ҮІ-Х ғ.ғ. Батыс Европадағы антикалық тарихтан орта ғасырға өту проблемасы көптеген тарихшылар назарында болды. Буржуазия тарихнамасында екі теория үстем болды.
Біріншілері Ортағасырлық Европаның қоғамдық, саяси құрылысы рим правасының, мекемелерінің, әлеуметтік институттарының эвалюциясы негізінде қалыптасты десе Екіншілері орта ғасырлық дүниенің басын рим дәстүрлерін жойған герман шапқыншылығынан, рим территориясын жаулап алған герман тайпаларының әлем-саяси тәртіптерінен іздеу керек деді. Бұл екі теория ХҮІІІ ғ. шыққан болатын, бірақ 1876 ж. ФР. Реакцияшыл тарихшысы Фюстель де Куланжының «Общ. учреждении древ. Франции» деген еңбегінің І-томының шығуымен қайта жанданды. Ф. де Куланж роман теориясын жаңа сатыға көтермекші болды. Ескі теорияда бір-біріне жау теория болғанмен тарихты зерттеу методологиясы жағынан бір позицияда тұрды.
Тұңғыш рет бұл даулы мәселені тереңғылыми негізде шешкен Энгельс болды. Ол Батыс Рим империясының өз ішіндегі өзгерістерге де және де герман қоғамының ішіндегі өзгерістерге де көңіл аударды. Сондықтан біз ең алдымен Рим империясының өмір сүруінің соңғы кезеңінде, оның өз ішінде қандай терең өзгерістер жүрді, соған тоқталамыз. Әлеуметтік және саяси дамуының өзіндік ерекшелігі мынада болды. Ерте феодалдық мемлекет жай құрылды. Дәлел: Х ғасырда Саксония, Тюрингия, Франкания, Бавария сияқты тайпалық герцоктіктер сақталды. Ал бұл жалпы Германияның дамуына үлкен кедергі жасады. Дамыған орта ғасыр. ХІ ғ. ортасы-ХҮ ғ. Мазмұны:
Кейінгі орта ғасыр. ХҮІ ғ.-ХҮІІғ. І-жартысы.
Европалық өркениет және оның қалыптасуы. ХҮ ғасырда итальян гуманистері «орта ғасырлар» деген терминді тұңғыш ғылымда қолданған. Тарихнамадағы қалыптасқан пікір бойынша орта ғасырлар б.э. Ү ғ.-ХҮІІ ғ. Орта ғасырлар батысевропалық өркениет үшін өте маңызды, себебі Батыс Европаның бүгінгі таңдағы саяси, экономикалық, мәдени дамуына орта ғасырлық дәуірдегі үрдістер мен оқиғалар тікелей әсерін тигізді. Бұл кезеңде буржуазиялық қатынастардың қалыптасуына ықпал жасаған протестанттық эстетика, қала мәдениеті дамып, сасловиелік-өкілеттік органдар өмірге келіп, құқықтық , азаматтық қоғам негіздері қаланды. Батысевропалық орта ғасырлық қоғам дамуы үш кезеңнен тұрады.
Міне осы әрбір кезеңнің даму ерекшеліктері қандай болды. Ерте ортағасырлық батысевропалық қоғам аграрлық қоғам болды. Ауыл-шаруашылығы экономиканың негізі. Ауыл-шаруашылығындағы еңбек қол еңбегі болғандықтан оның тиімділігі де төмен, тұтастай технико–экономикалық эвалюциясының қарқыны да баяу. Шаруашылықтың бұндай натуралды сипаты тауар-ақша қатынастарының дамуын тежеді, өнеркәсіп қолөнер және мануфактура түрінде ғана дамыды. Қоғамның рухани, мәдени тұрмысында шіркеу үлкен роль атқарды. Хрестиан діні бірыңғай европалық өркениеттің қалыптасуының идеологиялық базасына айналды. Ерте ортағасыр ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы кезеңі. Мемлекеттердің формасы әр алуан: монархиялық, сословиелік-өкілеттік, абсолюттік. Жалпыевропалық ықпалдастық элементтері болды, бірақ мәдени және дін саласындағы байланыстармен қатар ұлттық мемлекеттердің оқшаулануы, яғни саяси бытыраңқылық осы дәуір сипатын анықтады. Ортағасырлық қоғамда сословиелер қалыптасты. Негізгі сословиелер: дворяндар, дін иелері және халық. (халық деген түсінікке шаруаларды, қолөнершілерді сауда адамдарын біріктіруге болады). Әрбір сословиеның өзіне ғана тән құқықтары мен міндеттері болды. Сондықтан да олардың қоғамдық-саяси және экономикалық ролі де әр алуан. Вассалитет жүйесі. Иерархиялық структура мен вассалитет жүйесінің қалыптасуы ертеортағасырлық қоғамның ерекше белгілері. Феодалдық иерархияның басында король-жоғарғы сюзерен. Бірақ оның билігі шартты сипаттағы билік. Ал Шығыс елдеріндегі билік шынайы абсолюттік монархиялық билік болатын, әрине батысевропалық қоғам бұндай деңгейге көтеріле алған жоқ. Феодалдық иерархиялық құрылымның екінші басқышында король вассалдары тұрды. Олар: ірі феодалдар-герцогтар, графтар, архиэпископтар, эпископтар, аббаттар. Бұларға арнайы король грамотасымен иммунитеттік правалар берілді. Иммунитет правасын алғандар жергілікті жерлерде алым-салық жинады және сот, әкімшілік қызметтерін атқарды, кей жағдайларда өз монеталарын да шығарды, сондықтан да бұларды бағындару король үшін оңайға түскен жоқ.. Феодалдық басқыштың үшінші сатысында герцоктар, графтар, эпископтар вассалдары- |
![]() | Қолы) (аты-жөні) ... | ![]() | Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы «Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен |
![]() | Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы «Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен | ![]() | Қолы) (аты-жөні) Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды |
![]() | Қолы) (аты-жөні) Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы | ![]() | Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді |
![]() | Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді | ![]() | Дүниежүзілік тарих және саяси әлеуметтік пәндер кафедрасы ның отырысында бекітілді Басқару әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен 050501 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары Қазақстан... |
![]() | Әлеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы 200 9 -2010 оқу жылы 3 семестр 3-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді | ![]() | Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған |