«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы




Название«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
страница1/13
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/KT/Abenova.KazAd.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ




«ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ » ФАКУЛЬТЕТІ


«ТІЛДЕР» КАФЕДРАСЫ


«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)



Оқу түрі: Сыртқы


Курс: IV



Кредит саны: 3

Лекция: 30

Семинар: 8

СӨЖ: 97

Барлық сағат саны: 135

Аралық бақылау (АБ): 60

Қорытынды бақылау: 40



Жетісай, 2009

Силлабусты дайындағандар: 1. Доцент Әбенова Л.У.




Силлабус Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі

22.06.2006 жылғы бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БЃМ 11.05.2005 жылғы №289 бұйрығына сәйкес шыққан баѓдарламаның ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.








Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы








МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………......................................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі .............................................

  4. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  5. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  6. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................................

  7. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........




  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу - әдістемелік кешені “Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыста неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарын құрайды. Білім беруде жартылай кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген., ПС – практикалық сабақтар.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әр бір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Әбенова Л.У.

Уақыты __________

Ауд № 36


Уақыты _______

Ауд №6

Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ


Курстың мақсаты: Әдебиеттi оқыту әдiстемесi пәнiнiң мақсаты болашақ мұғалiмдердi өз кәсiбiнiң сырларын терең меңгерген, шәкiрттерге бiлiм берiп, тәрбиелеуге әзiр, көркем шығарманы талдау бiлiмiн терең меңгерiп, оны оқушыларға түсiндiре алатындай етiп дайындау. Әдебиетттi оқытуда мұғалiм жұмысының әдiстерi мен тәсiлдерiн принциптiк жолмен негiздеп беру - әдебиетттi оқыту әдiстемесiнiң негiзгi мiндетi болып табылады.

Студенттер әдебиеттi оқыту әдiстемесiнiң ғылыми пән екендiгiн, оның басқа ғылым салаларымен байланысын, әдебиеттi оқытуда қолданылатын әдiс-тәсiлдердi, әдiстеменiң зерттеу әдiстерiн, көркем шығарманы талдау, ауызша, жазбаша тiл дамытуға төселдiру амалдарын жалпы меңгерген теориялық және тарихи - әдеби бiлiмдерiн, оқу дағдыларын өздерiнiң мұғалiмдiк қызметiнде дұрыс пайдалана бiлуге үйренедi.


Курстың міндеттері:

  • V-IХ және Х-ХI сыныптарға арналған қазақ әдебиетi пәнiнiң бағдарламаларымен танысу, оның мазмұнын, мiндетiн меңгеру;

  • Әдебиттi оқыту әдiстемесiнiң негiзгi әдiс амалдарын және көмекшi әдiс - тәсiлдерiн үйрену;

  • Орта мектептiң V – IХ және Х – ХI сыныптарына арналған қазақ әдебиетi пәнiнiң оқулықтары мен хрестоматияларын талдау;

  • V-IX және Х-ХI сыныптарда әдебиеттi әдебиеттi оқыту әдiстемесiне байланысты көрсетiлген үлгiлер бойынша әр типтi сабақтардың әр алуан жоспарларын, конспектiлерiн жасау;

  • Мазмұндама, шығарма жаздырып, тексерiп, талдауға үйрену;

  • Күнтiзбелiк - тақырыптық жоспардың үлгiсiн жасау;

  • Өздiгiнен көрнекi құралдар жасап үйрену;

  • Сыныптан, мектептен тыс жүргiзетiн жұмыстарды ұйымдастыра бiлу


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)


Кафедра


Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні

1

“Әдебиеттану ғылымына кіріспе”

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

«Тілдер» кафедрасы

№ 1 хаттама 20.08.09ж.

2

“Ежелгі дәуір әдебиеті ”

Қазіргі қазақ әдебиеті







3

“Хандық дәуір әдебиеті”










4

“Халық ауыз әдебиеті”











5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

2

3

135

30




8







97

еМТИХАН



6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні.

1













3

2

Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері.

1













3

3

Қазақ әдебиетін оқытудағы басты заңдылықтар мен ғылыми-зерттеу әдістері.

1













3

4

Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

1













4

5

Оқытудың жаңа технологиясы

1




1







3

6

Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.

1













3

7

Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау.

1













3

8

Әдебиетті оқыту әдістері

1




1







4

9

Әдебиет сабағында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары

1













3

10

Әдебиет пәнінің мұғалімі

1













3

11

Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

1




1







4

12

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1













3

13

Көркем шығарманы оқыту

1













3

14

Көркем шығарманы талдау

1













3

15

Эпикалық шығармаларды оқыту

1













3

16

Драмалық шығармаларды оқыту

1













3

17

Лириканы оқыту

1




1







3

18

Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

1













4

19

Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі

1













3

20

Қорытынды сабақтар

1




1







3

21

Ақын-жазушы өмірбаянын оқыту

1













4

22

Шолу тақырыптарды оқыту

1













3

23

Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту

1




1







3

24

Әдебиет сабағы. Сабақ үлгілері мен түрлері.

1













3

25

Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары

1













4

26

Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту

1




1







3

27

Оқушы білімін есепке алу мен бағалау

1













3

28

Әдебиет сабағының көрнекілігі

1













3

29

Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

1




1







3

30

Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

1













4




Барлығы:

30




8







97




  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі


Жоспары:

  1. Әдістеме туралы түсінік

  2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екені.

  3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.


Лекция мақсаты: Әдістеме туралы түсінік беру. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігін студенттерге түсіндіру. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы жөнінде жан-жақты мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. Методика - әдістеме (грекше метод – зерттеу жолы). Метод - әдіс жеткізу жүйесі. Әдебиет әдістемесі – қазақ әдебиетінің оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Әдістеме әдістерден тұрады. Әдіс – «танымның одан әрі дами түсуіне қызмет ететін, танылған заңдылықтардың негізінде жасалған ережелер». Әдіс мақсатқа жетудің белгілі бір жүйеге түскен жолы. Әдіс – зерттеліп отырған нысанаға сай келетін таным құралы. Әдіс - әдебиетті талдау мен бағалау ісінде жинақталған ілімдер мен тәжірибелерге, қағидаларға, амалдарға, тәсілдерге негізделеді. Әдіссіз танып-білу мүмкін емес.

Тәсіл – оқушыларға тірек сигналдары арқылы жеткізу жүйесі. Олар: образды сөз өрнегі, көркем бейнелі сурет, графикалық көрнекіліктер.

Қазақ әдебиеті әдістемесі – жан-жақты дамыған, жетілген, теориялық, тәжірибелік негізі қалыптасқан. Оның зерттейтін нысанысы (обьектісі), мақсаты, зерттеу әдістері жүйеленген. Әдебиет әдістемесінің нысанасы – оқыту мәселесі. Әдебиеттегі көркем шығармаларды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен халықтық даналық тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл міндетті жүзеге асыруда педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағидаларына, ережелеріне сүйенеді.

2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымымен, тіл білімімен, тарих ғылымымен, психологиямен, педагогиканың теориясымен, таным теориясымен, эстетикамен тығыз байланысты.

Мектепте өтілетін оқу пәндерінің ішінде қазақ әдебиеті тіл біліміне тікелей байланысты. Қазақ әдебиеті әдістерінің зерттейтіні – көркем әдебиет. Көркем әдебиет – сөз өнерінің туындысы, алтын қазынасы.

«Әдебиет сөзбен жасалады». Сөзді жасайтын халық.

Әдебиеттану ғылымынсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның әрі өнердің бір саласы ретінде оқыту мүмкін емес. Бұл пәнді оқытудың күрделілігі де қызықтығы да осында. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркемсөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.

Әдебиет ғылымының үнемі дамуының арқасында әдебиет әдістері жүйеленіп, молайып, қорланып, байып отырады. Мектепте оқылатын әдебиет пәні, қазақ әдебиеті әдебиет тану ғылымына енген теориялар мен әдістер арқылы дамиды. Қазақ әдебиетін оқыту – ғылым ретінде дамуын мына бағытта зерттейді:

  • ғылыми-әдеби эксперимент;

  • жаңартылған сабақтың түрлері;

  • шығармашылықпен оқыту жүйесі;

  • дидактикалық ұстанымдар.

3. Мектепте әдебиет сабағы оқытудың білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.

Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1-кезең: 1-4 сыныптар

2-кезең: 5-8 сыныптар

3-кезең: 9-14 сыныптар

1-кезеңнің негізгі мақсаты – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйрету, көркем туындыға деген оқушы ынтасын қалыптастыру.

2-кезеңде көркем сөздің көркем шығармадағы ролі, маңызын танып-білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру.

3-кезеңге әдебиетті оқыту ауыз әдебиетін байытып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушы өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер туралы үйрету.


Бақылау сұрақтары:

  1. Әдістеме туралы түсінік

  2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екені.

  3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

  4. Әдістеменің зерттеу объектісі

  5. Әдебиет әдістемесінің нысаны



2- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

Жоспары:

  1. Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мақсаты.

  2. Әдебиеттің ғылыми пән ретіндегі мақсаты.

  3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің міндеттері.


Лекция мақсаты: Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мақсатын көрсету. Әдебиеттің ғылыми пән ретіндегі мақсаты және әдебиетті оқыту әдістемесінің міндеттері мен таныстыру

Лекция мәтіні:

1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттердің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып, олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді.

Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары:

1. Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пәні болғандығы әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

3. Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, жалғаспалық әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.

4. Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету.

5. Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын байыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру.

6. Туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.

7. Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

8. Тәрбиешілік мақсат. Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.

2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты – қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білімді ғылыми-теориялық жағынан қаруландыру. Оқушының шығарманы оқуы, қабылдауы – көркемдік танудың екі жағы. Бұл - әдебиетті оқытудағы басты нәрсе. Оқыту үрдісінде (процесінде) шығарманың ерекшелігіне, сабақ мақсатына қарай әдістер таңдалады. Қазақ әдебиеті әдістемесінде зерттелген әдістер ұтымды пайдаланып, мектеп тәжірибесінде жинақталды. Әдеби зерттеу негізі жүйеленді.

Әдебиетті зерттеу әдістері екіге бөлінеді:

  • мектепте оқытылатын көркем шығарманы оқушыға жеткізу әдістер жүйесі;

  • сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері.

Әдеби әдістер, яғни, оқушыға жеткізу жолы мен жүйесі – күнделікті сабақта батыл енгізіліп, оқушының өзіндік шығармашылық еңбегіне құрылады.

3. Әдебиет әдістемесінің міндеттері:

  • білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;

  • әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;

  • әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;

  • сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;

  • сыныптан тыс оқу кітаптары;

  • көрнекі құралдар: синтетикалық, синхроникалық кестелер, альбомдар, портреттер;

  • техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мақсаты.

  2. Әдебиеттің ғылыми пән ретіндегі мақсаты.

  3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің міндеттері.

  4. Әдебиеттің дамыту мәселелері

  5. Әдеби білім берудегі дамыта оқыту Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

  6. Әдебиетті дамыта оқыту принцптері



3- лекция. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты заңдылықтар мен ғылыми-зерттеу әдістері


Жоспары:

1. Қазақ әдебиетінің заңдылықтары.

2. Ғылыми зерттеу әдістері.

3. Экспериментті зерттеу әдісі.

4. Проблемалы зерттеу әдісі.


Лекция мақсаты: Қазақ әдебиетінің заңдылықтарын жан-жақты қарастыру. Ғылыми зерттеу әдістерін көрсету. Әдеьбиетті оқытуда экспериментті зерттеу әдісінің қолданылуы жайында және проблемалы зерттеу әдісі жөнінде мәліметтерді жеткізу.

Лекция мәтіні:

1. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде оқылатын барлық пәндер секілді қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің де заңдылықтары мен ғылыми зерттеу әдісі бар. Ол зерттеу әдістер - әдебиетті оқыту дидактикасына негізделген. Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің мақсаты - әдебиеттің зерттейтін нысанасын (объектісін) жан-жақты ашып, оқушыға толық таныту.

Қазақ әдебиетінің заңдылықтары - әдебиеттің қамтитын тақырыптық жанрлары мен шығарманы танытып білу тұтастығымен айқындалатын заңдылықтар. Заңдылықтар ғылыми зерттеу әдісі арқылы (практикаға) өмірге енеді.

2. Ғылыми зерттеу әдісі – белгісізді таныту, анығына жеткізу, заңдылықтарын айқындап, жүйелі жеткізу жолдарының теориялық ережелерін табу.

Қазақ әдебиетінің заңдылықтары мынандай әдебиеттің саласы бойынша зерттеледі:

  • ауыз әдебиетін оқыту заңдылықтары;

  • поэзиялық шығармаларды оқыту заңдылықтары;

  • прозалық шығармаларды оқыту заңдылықтары;

Қазақ әдебиеті әдістемесінің ғылыми зерттеу жұмыстары мынандай үш түрлі зерттеу әрекеті бойынша танып біліп, жүзеге асады:

  • көркем поэзия мен көркем шығарманы таныту мақсатында оқыту әдістерінің жүйесін жасау;

  • көркем поэзия мен көркем шығармаларды талдау, салыстыру, оқыту әдістерінің бағытын айқындап, комплексін жасау;

  • эксперимент жасау арқылы тиянақты тәжірибе, теориялық тұжырымдар негізінде қорытынды ережелерін айқындау.

Осындай үш саладан тұратын зерттеу жұмыстары негізгі ғылыми нысананы танып білу мәселесінде іске асырылып, оқыту әдістеріне түп қазық негіз болады.

Әдебиет әдістемесінің даму шарты:

  • эксперименттік тәжірибелер жасау;

  • әдебиет пәні ғылымындағы жетістік пен жаңалықтарды сабаққа ендіру;

  • озат мұғалімдердің жеке тәжірибелерін зерттеу, оған жаңа ойларды қосып толықтыру;

  • әдебиетке байланысты барлық зерттеулерді екшеп, айқындап тиімді әдісін қарастыру;

  • әдістердің барлық түрі бала психологиясына сай келуін қамтамасыз ету.


Теориялық зерттеу әдістері – белгілі бір теориялық ережелерге сай, жалпылап, тектестіріп, аксиомалық тұжырым мен альтернативті тұжырым арқылы жаңа ереже жасау.

Эмпирикалық зерттеу әдістерінде жаңа теориялық ереженің іске асуын бақылау, сипаттау, бағалау.

3. Экспериментті зерттеу әдісі – белгілі бір әдісті мектеп тәжірибесінде сынақтан өткізіп, эксперименттегі әдістің тиімділігін дәлелдейді. Эксперимент екі сыныпта, екі мектепте қатар жүргізіліп тексеріледі. Экспериментке қойылатын мақсаттар мен әдістер екі мектепте бір-бірімен салыстырылады.

Экспериментті зерттеу төрт түрлі жолмен жүзеге асады. Олар: оқыту, бағалау, тексеру, қорытындылау.

4. Проблемалы зерттеу әдісі – экспериментті зерттеу әдісінің қол жеткен табыстарын, әдістерін шығармашылықпен өмірге ендіріп, жаңа әдіспен терең білімнің көзін ашу. Проблемалы зерттеу әдісі арқылы, проблемалы оқыту әдісі туындайды. Проблемалы зерттеу әдісі дидактиканың заңдылықтарына бағынады.

Оның бес түрлі жүйелі кезеңі бар. Олар:

  • проблемалық ситуацияларды туғызу жолын алдын ала болжау;

  • проблемалық зерттеу жұмыстарының құрылымын дұрыс құру;

  • проблемалық зерттеу әдістерін күні бұрын дәл белгілеу.

  • теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

  • проблемалық зерттеу нәтижесінде проблемалы оқыту жүйесі дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.

Әдебиеттегі әдістерді зерттеу – педагогика ғылымының құрамына енетін тарихи жағынан дамыған, жетілген әдістерді зерттеп өмірге, мектепте оқыту саласына ендіретін, бір жүйеге келтіретін ғылыми әдіс. Белгілі жанрға жазылған шығарманың мазмұнының ғылыми сипатын, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын толық анықтап, оқушыға жеткізу әдісін табады.


Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ әдебиетінің заңдылықтары.

2. Ғылыми зерттеу әдістері.

3. Экспериментті зерттеу әдісі.

4. Проблемалы зерттеу әдісі.


4- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

Жоспары:

  1. 1917 ж. дейінгі қазақ мектептері.

  2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі.

  • 1917-1927 жылдар;

  • 1928-1939 жылдар;

  • 1939-1990 жылдар;

  • 1990-2000 жылдар.

  1. Оқытудың жаңа технологиясы


Лекция мақсаты: 1917 ж. дейінгі қазақ мектептерінің жай-күйі. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі. 1917-1990 жылдар және 1990-2000 жылдар аралығындағы әдебиеттің оқытылуы. Оқытудың жаңа технологиясы жайынды мәліметтерді студенттерге жеткізу.

Лекция мәтіні:

1. 1917 жылға дейін қазақ жерінде 3 түрлі мектеп өмір сүрді:

1. Қадым мектебі.

2. Жәдит мектебі.

3. Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары.

Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.

Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше. Ол халық ағарту саласында тарихи тәжірибені меңгере отырып, қазақ тілінде оқулық шығару, қазақ мектептерін ашу жұмысымен айналысты. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» (1979) алатын орны орасан, ол хрестоматияға енген материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтарына көп көңіл бөлді. Ыбырай өз халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани біліп, оны жинап бастырды. Ол әлемдік үздік туындыларды қазақ халқының рухани игілігіне айналдырып, жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелейтін аудармалар (Л. Толстой, К. Ушинский, И. Паульсон) жасады. Ыбырай ағартушылық көзқарасын қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтарының тәжірибелерімен байланыстыра білді. Ол оқыту әдістемесіне осылай жаңалықтар енгізді.

Қазақтың Шоқан, Абай, Шәкәрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Торайғыров, Байтұрсынов, Дулатов, Аймауытов, Жұмабаев сынды ағартушы-демократтары халық санасын оятуға тарихи үлес қосты.

2. 1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады. 1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды; 6 с. авт. М. Әуезов; 5 с. Ә. Тәжібаев т.б.

1939-40 ж. Шайқы Кәрібаев әдіскерлерді, мұғалімдерді қатыстырып, 5-7, 8-10 сынып бағдарламалар жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 сынып бағдарлама жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 тарихи-әдеби курс болып бөлінді. Осы бағдарлама бойынша Ш. Кәрібаев, А. Көшімбаев әдебиеттік оқу кітаптарын, Т. Ақшолақов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, С. Мұқановтар жоғары сыныпқа арналған әдебиет оқулықтарын жазды.

Қ. Жұмалиев 8-10 сыныпқа арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы жарық көрді.

1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты. 1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»; 1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»; 1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектері, А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»(1969) атты іргелі еңбектері басылды.

70-80 жылы әдебиет әдістемесі ғылым ретінде дамып, зерттеулердің теориялық салмағы, практикалық тиімділігі арта түсті. Сыныптан тыс оқу кітаптары сериялары даярланып шығарылды. 1973 жылы С. Тілешова 4-5 сынып оқушылары үшін екі жинақ, 1973 жылы Ә. Дайырова екі жинақ, 6-7 сынып оқушылары үшін 1973 жылы бір кітап, 1979 жылы екі кітап Ә. Дайыров жазып, басып шығарды. 1980 жылы Р. Құтхожина 10-11 сыныптар үшін «Қазақ поэзиясы» бойынша, 1972 жылы 8-11 сыныпқа арнап шетел әдебиеті бойынша, Ә. Дайырова сыныптан тыс материалына оқу кітаптарын шығарды. 1972 жылы М. Мырзахметов пен Ә. Дайырованың жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Әдеби-сын мақалалар хрестоматиясы», «Әдебиет тану» оқу құралдары шықты.

Кестелер – А. Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына арналған синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды.

Синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды. 1985 ж. факультативтік курстар хрестоматиясы жинақталып, көпшілікке ұсынылды.

1986-90 ж. әдеби білімнің негізгі тереңдетілген деңгейлері айқындалып нақтыланды. Зерттеулер нәтижесі:

Орта мектеп қазақ әдебиетін оқыту мына еңбектер арқылы толықтырылды:

3. 1991 ж. бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта (болашақ және қазіргі мектеп) және де бірнеше тақырыптар бойынша жүргізілуде. Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңарту – ғылыми-зерттеудің негізгі бір бағыты. Бұл зерттеу бойынша білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптерін концептуалдық бағыттары мен жолдарын, шарттарын ғылыми негіздейтін «Әдеби білім тұжырымдамасы» жасалды. Ондағы соны проблемалар:

1. Оқушы шығармашылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі;

2. Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді пайдалану мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары қолға алынды.


Бақылау сұрақтары:

  1. 1917 ж. дейінгі қазақ мектептері.

  2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі.

  3. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы

  4. 1928-1939 жылдардағы әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері

  5. 1939-1990 жылдардағы білім беру реформалары және әдеби білім беру ісін жетілждіру жолдары.

  6. 1990-2000 жылдардхағфы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер

  7. Оқытудың жаңа технологиясы



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Сырдария» университеті «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне 8 семестрлерде «Жалпы тіл білімі» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Шетел әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Сырдария» университеті филология-тарих факультеті ОҚУ-Әдістемелік кешені
Абстракт
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Филология және психология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы “
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бғМ
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы icon«Сырдария» университеті «Химия және биология» факультеті «Химия-география» кафедрасы
«Химия» мамандығының 2-курс студенттеріне 4-семестрде «Мамандыққа кіріспе» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 1-кредит (45-сағат)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница