5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус)




Название5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус)
страница7/18
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.55 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/cdo/Sillabus/PP/Baydulaeva.EtnoPx.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Бақылау сұрақтары:

1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларындағы халықтық психология мәселелері

2. Ш.Құдайбердіұлы, Х. Досмұхамедовтың этнопсихологиялық мәселелері

3. М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М.Жұмабаевтың халықтық психологиялық мәселелері


10-лекция.Тақырыбы:Советтік Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы.


Жоспары:

  1. Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің үлесі (Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Н.Жандильдин т.б.).

  2. Советтік Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы

Лекцияның мақсаты:Советтік Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Лекцияның мәтіні:Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этно психологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этникалық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстартілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этнокультуралогиясы бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы модулінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады /2/. Г.У.Кценова этникалық сана сезімдерді«Заманына қарай амалы» демекші, қоғам күнделікті дамуда. Техникалық прогресте қарыштауда. Сондықтан әлемдік мәдениеттен қалыспай, олармен бірге жылжып, Елбасы биылғы жолдауында айтқандайын, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз десек, өркениетке зор мән бергенде жөн. Ол үшін ұлттық дәстүрді қазіргі дамумен ұштастыра отырып, бала тәрбиесіне де еңгізу керек. Жалпы жоғарыда сөз еткен, тәрбиенің бәрі білім мен ғылымнан бастау алады. Жатпай-тұрмай ендігі кезекте тек оқуға зер салғанымыз абзал. Бұл бүгін ғана күн тәртібіне қойылып отырған талап емес. Ес біліп, етек жиғалы алға қойылған  басты мақсаттардың бірі де, бірегейі. Тәуелсіз ел болып, әлемдегі дамыған елдермен қатар терезе теңестіріп, өзге мемлекеттерге үлгі боларлық іс жасап жатырмыз. Бұның бәрі ел тізгінін ұстап отырған азаматтарымыздың абыройы. Саналы ұрпақтың өсіп келе жатқанынан хабар береді. Алайда жайбасарлық танытпаған абзал. Бүгінім мен ертеңім не болар? Болашақ қалай  бет алмақ? Ертеңгі ел тағдыры не болмақ деген сауалдар үнемі көкейімізде жүруі шарт.Кемеңгер Абай атамыз айтқандай бар ынта-жігер білім жолына арналғаны дұрыс. Білімсіздің көрер қызығы мен асар асуы, жетер биігі, шығар шыңы болмайды. Саналы, білімді, көзі мен көкірегі ояу адам ғана армандаған армандар мен жоспарлаған мақсаттарға жете алады. Ұлы Абай айтқан бес асыл іске ғашық болған жан қай уақытта да өз дегеніне жетіп, мұратына кеңеледі. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой». Міне, осы ойдың астарына үңіліп көріңізші? Адам болам, ата-анама, туған еліме, Отаныма пайда тигізем десеңіз, ең әуелі талаптан. Қазіргі батыстық кейбір менталитетке жат қылықтардан әлі де болса арылғанымыз жөн. Ол ертеңгі ұлт тағдырына, келешегіне кесел болады. Жамандықтың алдын дер шағында ауыздықтап отырғанымыз ләзім. Еліміз қашанда тыныштық туғызып, ұрпақтың ертеңі үшін аянбай қызмет қылуда. Ендігі жерде сол істің ары қарай жалғас табуына бәрімізде ат салысайық.  Жиырма бірінші ғасырға лайық жоғары мәдениетпен өмір сүргеніміз кім-кімгеде жоғары мәртебе емес пе? Өз тағдырымыздың, өз болашағымыздың  жарқын да, кемелді болуы тек өз қолымызда екенін ұмытпайық. Біз салатын әрбір ізбен келешек ұрпақ, яғни қазақ жастары жүретінін ескерейік. Ал сол жастар міне, бүгінгі алдарыңызда тұрған  осы оқушылар. Бұлардың атар таңы арайланып атсын, батар күні тыныштықпен батсын десек, қазірден бастап, ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық тәлім-тәрбиеге, салт-санаға терең мән бергеніміз дұрыс. Бұл сіз бен біздердің мойнымыздағы  аманат. Қазақ елінің шырқар биігі, шығар шыңы тек дара болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіреп, рухы аспандай берсін.


Бақылау сұрақтары:

1. Советтік Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы.

2. Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің үлесі

3. Этнопсихологияның методологиясы


11-лекция.Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы этнопсихологияның дамуы (Қ.Жарықбаев, Н.Елікбаев, К.Жүкеш, С.Жақыпов т.б.).


Жоспары:

  1. Қ.Жарықбаевтың этнопсихологиялық көзқарастары

  2. Н.Елікбаевтың этнопсихологиялық көзқарастары

  3. К.Жүкеш пен С.Жақыповтың этнопсихологиялық көзқарастары

Лекцияның мақсаты: Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихымен танысу.

Лекцияның мәтіні:Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады. Халқымыздың жалпы дамуы тарихына сүйене отырып біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші кезең – психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп –төркіндері, басы VI-VII ғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері , Қорқыт-ата, Әл Фараби., Ж. Баласағұни т.б. ғұламалардың тағлымдары.

Екінші кезең- Қазақ хандығы дәуірінен басталып, Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдайаты.

Үшінші кезең –психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.

XI-XIIғ. Түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.

XI-XIIғ Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, Шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойына түрік тайпасының Қарахан мемелекеті өмір сүрді (астанасы Баласағұн қаласы) Алғашқы –феодалдық түрік мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік , саяси мәдени, ғылым білім мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мұнда ақын жазушылар , ғұлама ғалымдар сәулетші құрылысшы лар сол кездегі түрік мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.Осылардың арқасында бұрынғы Кеңес одағын мекендеген түркі тектес халықтардың тәлім- тәрбиелік пікірлерінің ілкі бастауы, түп төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы-Жүсіп Баласағұнидің “құдатғу білік” атты шығармасы. Баласағұндық Жүсіптің моральдық этикалық психологиялық қағидалары ибн Сина мен Әл Фараби ілімімен сабақтасып жатады.

Осы кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарына қысқаша шолу жасай келіп түйіндейтініміз: бүкіл Шығыс сондай ақ түркілік қоғамдық ой-пікір даму тарихына ежелден қалыптасқан дәстүр – бұл адамның ішкі жан дүниесін зерттеуге үңілу оның психологиялық мінез-құлықтық , адамгершілік , имандылық өнегелік қасиеттеріне ерекше назар аудару , моральдық жағынан тазарту, “тәубә”, “обал” “сауап”, “қанағат”секілді түсініктердің негізгі құндылықтар деп есептелетін, бұлардағы жұртты руханилыққа жетелейтін , яғни кезінде Шәкәрім қажы айтқан “ Мен жетелеп келемін ,өрге қарай қазақты” дегендей, бұл күні бүгінге дейін іргетасты мәселе болып жатыр.

XV-XIX бірінші жартысы қазақ халқының өз алдына хандық құрып , тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кездері қазақтың өзіне тән рухани мәдениетінің өзіндік беті де айқындала бастады. Ол, әсіресе, халықтың тілімен жол- жоралғысы, салт-дәстүрінен айқын сезіледі . Мәселен , кейбір жазба ескерткіштердің де осы кезде таза қазақ тілінде жазылуы осының жақсы айғағы. Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына мықтап булыққан еді. Халқымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп отырды. Осы кезеңде қазақ мәдениетінің біршама тоқырап , тірнектеп жинаған рухани байлығының біразынан айырылып қалуына да осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ. Бұл айтылғандар жайсаң психологиямызға қолайсыз әсер етіп , жұртты мықты жан күйзелісіне ұшыратқаны белгілі.

Қазақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы.

Психология тарихы жайлы сөз қозғағанда еске алар бір жәйт: жалпы әлемдік психологияның дамуында екі тарихтың бар екендігі . Оның бірі – басы Аристотельден басталатын психологиялық ой- пікірлер мен ілім білімдердің тарихы.; екіншісі өткен ғасырдың екінші жартысынан басталатын эскпирименттік психологияныңтарихы. Оның біріншісі –2400 жылдай уақытқа созылса, екіншісінің бар жоғы –115 жылдай ғана. Халқымыз осы тарихтың біріншісіне өлшеусіз үлес қосқан да , екінші кезеңінде ( мұның біразы кеңестік дәуірде) айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине , мұның да түрлі себептері бар. Ежелгі ата бабаларымыздың күмбірлеген күміс көмейімен , сыбызғы үнімен , асқақтата салған әнімен ғашықтық , лироэпостық жырымен , мақал- мәтелімен , шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы , бір сырлы , өнегелі де өнерлі , имандылық – адамгершілік ар- ожданы жоғары , намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткен ін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүйенки, Иассауи шығармалары, сондай ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектерінің қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қ.Жарықбаевтың этнопсихологиялық көзқарастары

  2. Н.Елікбаевтың этнопсихологиялық көзқарастары

  3. К.Жүкеш пен С.Жақыповтың этнопсихологиялық көзқарастары

4. Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы.


12-лекция.Тақырыбы:Қазіргі заманғы шетелдік этнопсихолгияның негізгі бағыттары.Негізгі этнопсихологиялық бағыттар мен мектептер.

Жоспары:

1.Психологиялық антропология («Мәдениет және тұлға» теориясы, Ф.Боас,),Р.Бенедикттің «Мәдениеттердің конфигурасиясы» шығармасындағы .

2. Негізгі этнопсихологиялық бағыттар мен мектептер.

Лекцияның мақсаты: Қазіргі заманғы шетелдік этнопсихолгияның негізгі бағыттары: бихеовиоризм, психоаналитика, фрейдизм т.б теорияларын талдау.

Лекцияның мәтіні:Бізді қоршаған тіршіліктегі оқиғалар мен құбылыстар өздігінен, себеп-салдарсыз болмайды. Объективті дүниенің даму заңдылықтары қоғамдық құбылыстардан да айқын аңғарылады. Сондықтан түрлі ұлттардың күрделі тағдырлары өзара байланысты, бір-біріне ықпал етіп отырады.

Этникалық стреотиптің құрылымы мен функциясы. Автостреотиптер және гетеростреотиптер.

Этнопсихологияның негізгі категориялары. Этникалық тұлға этнопсихологияның негізгі категорияларының бірі. Этникалық тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктері. Қабілет пен темперамент саласындағы этнопсихологиялық ерекшеліктер.

Ұлттық мінездің-этнопсихологиялық құрылымды анықтаушы элемент екендігі. Психикалық тұрпат және ұлттық мінез. Ұлттық өзіндік сана және оның кмпоненттері. Ұлттық сана-сезімнің өзгеріске түсуі. Қазақстандық патриотизмнің этнопсихологиялық негіздері. Пәнаралық этнопсихологиялық ұғымдар (мәнгурттік, маргиналдық тұлға, архетип, менталитет, этникалық сәйкестену, этникалық центризм, этникалық төлеранттылық т.б.).

Буржуазиялық этнопсихологтардың теориялық көзқарастары империализм дәуіріндегі философияның реакциялық бағытта қалыптасуымен баланысты. Олар халықтардың психологиялық ерекшеліктердің империалистердің мүдделері үшін пайдалануға тырысады. Кейбір буржуазиялық зерттеушілер, әсіресе социал-реформистер ұлттық психологияның ролін асыра сілтей көрсетеді. Ұлт мәселесіндегі негізгі әрі шешуші қасиет ретінде психологияның бірлігін ұсынады. Ал американдық этнопсихологтар адамдардың психологиялық табиғатның өзгермейтіндігі жөніндегі идеяларды дәлелдеуге тырысады. Олар Қоғамдық өмірдегі тарихы өзгерістер халықтардың психологиясына болар болмас қана әсері бар немес жоқ деген пікірде.

Ұлттар психологиясы тұрғысындағы пікірлердің таласты ойлар, тұжырымдар екендігін кезінде Густав Шпет өте орынды бағалаған еді. Ол этникалық психологияның шұғылданатын тиісті саласы мен мақсаттарын анықтап алуды қажет тапты. Бірақ ұлттар психологиясына талдау жасауды ұсынғанымен Г.Шпет өзінің бір жақты мүддесіне ұзап шықпады. Оның пікірінше ұлттық мінез-құлықұлттық қауымдасудың мүшелері болып есептелетін жеке адамдардың мінездерінің көріністері ғана. Кейін оның осы тұжырымдары ұлттық психологияда нәсілшілдердің қоныс тебуіне ыңғайлы жағдайлар туғызып, оларға сылтау болды. Қазіргі уақытқа дейін көптеген зерттеушілер мынадай шешімге келді, әлеуметтік-психологиялық заңдар болмыс мәдениетімен өте жиі шектелген, ал көптеген теориялар батыс емес мәдениет шарттарына негізделмеген. Мысалы, қазіргі әлеуметтік психологиядағы мәдениет шекараларын қабылдайтын, - Израилдегі зерттеулерді қайталауға тырысу, АҚШ-та, Амирда, Шаронда., оның бес зерттеулерінің нәтижелері 1973-1975 жылдары шығарылған, ойлауы таңдап алынған, жалпы адамшылдықты ұстанатын әмбебап америкалық мәселелерді, қиын құрылымдарды қажет етпейді. Сонымен қоса 6 нәтиженің 30 ғана Израилде қабылданды, жартысынан да аз, ал қалғадары мәдениетке қабылданады.

Әлеуметтік психологтар АҚШ тағы импорттың көптеген әлеуметтік-психологиялық концепциясын көрші тұрған Канадаға жепейтініне көздері жетті.

Батыс көптеген уақыт бойы психологтарға Азия, Африка және Латын Америкасының эталоны болып табылады. Сондықтан олар ойлаған нәтижелері батыстың теорияларымен сәйкес келмесе, онда нәтижелері дұрыс емес. Г.Триандистің айтуы бойынша, оларда толымсыздық комплексі қалыптасқан.

Сонымен қоса көптеген мәдениетте салмақтылық өте жоғары бағаланған, бірақ Батыста емес, сондықтанда Батыс емес психологтар өздерінің Америкалық құрбыластарын көптеген уақыт бойы айтпаған болатын: «Сендердің теорияларың қате болмаса , әмбебап емес». Ең біінші болып жапондықтар айтқан. Содан кейін өзге елдердегі әлеуметтік психологтар нәтижеге келді, олардың мүшелеріне көзбен қарауға тырысты және әлеуметтік, мәдениеттік контексті сынай отырып – нормалар құндылықтар нақты этникалық жалпылықты міндеттейді.

Батыста  жаңа жағдайға келді және де әлеуметтік-мәдени зерттеулерге өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын болды. Салыстырмалы мәдени әлеуметтік психологияның алдында тұрған негізгі топтастырылулармен ерекшеленеді. Солардың ішінде ерекше-әмбебаптықты  тексеру әлеуметтік-психологиялық теорияларда көрінді. Бұл есепке Дж. Берри былайша атау берді: «Өзгеріс және тексеріс». Психологтар өздерінің жорамалдарын өзгерткісі келеді, этникалық топтарға тексеру үшін көпшілікте қабылдайтындығы барлық мәдени-контекстерде байқалады. Екінші себебі, салыстырмалы-мәдени психологияда тұрған, психологиялық өзгерістерді зерттейтін, батыста қабылданбайды – шектелген мәдени тәжірибеде. Бұл есептерді шеше қойып соңғы мақсатқа жетуге болады, жинап алып және нәтижесінде әмбебап әлеуметтік психологияға негізделді.

Г. Триандистің көқарасы  бойынша, күшті нәтижелер комплексті emic-еtic қолданылады, etic категориясы және еmіс тәсілі пайдаланылады.

Мысал ретінде, мәселелерді келтіруге болады, оларды салыстырмалы-мәдени әлеуметтік аралықта шешеді. АҚШ-та «әлеуметтік аралық» түсінігі бар. Богардустың оригиналды сұрақтары мәдини – АҚШ үшін ғасыр басындағы зерттеушілер үлкен қателік жіберді, оларды басқа уақытта пайдаланады және басқа мәдениетте.

Біріншіден мәдени топтағылар және индивид әртүрлі кезеңдегілерді теңестірді: бір мәдениетті ол нуклеарлы жанұямен байланысты, ал басқаларды – ұйыммен, ал тағы біреулерде – негізгі болып көрші топтары жатады, біреулерде элитарлы клуб. АҚШ-ң мәдени аралығын және Грецияны зерттеген кезде Триандис бұл жағдайды ескерген. Сондықтанда, барлық топтарда ол индивидттердің байланысын және екеуін салыстыра отырып бірақ арасындағы эквивалентті, мәдениет үшін сұрақтар тізімін қарастырды. Ерекше сөздер болып сұрақтың бір бөлшегі ағылшыннан грек тіліне тура аударылды, ал қалғандары мәдени ерекшелікке жатады. Мысалы, Грецияда зерттелінушілердің келісуі этникалық жалпылық (достар тобы), ал АҚШ-та оларды клубтарда достары ретінде көру.

Екіншіден, кейбір қатынас формалары бір мәдениетте әлеуметтік аралықты өлшеуді пайдалану болса, ал келесісінде ешқандай мағынасы болмайды. Индияда әлеуметтік аралықты өлшеу еtіс түсінігі қолданылады, ол «менің ыдысыма қол ұшын тигізу» дегенді білдіреді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Похожие:

5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) icon5В010300-«Педагогика және психология» мамандықтарына «Психология тарихы» пәні бойынша
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама №6, 20. 06. 2012 ж
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) icon050111 «Информатика» мамандықтарының студенттері үшін Оқу-әдістемелік кешен (Силлабус) Оқу түрі: күндізгі
Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22. 06. 2006., Республикалық жоғары және жоғары оқу...
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) icon«Химия» пәні бойынша “Дайындық бөлім” мамандығының студенттері үшін Оқу-әдістемелік кешен (Силлабус)
Силлабус оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары ( ) және пәннің жұмыс бағдарламасы ( ) негізінде жасалған
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) iconЛекция: 30 сағат
«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»,050103 “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері үшін
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) icon«Жаратылыстану» факультеті “Информатика” кафедрасы ОҚУ Әдістемелік кешен
Информатика” пәні бойынша 050110 “Физика”, 050109 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) icon«Педагогика және психология» кафедрасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІV кредит саны – 3
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) iconСиллабус «Инновациялық менеджмент» кафедрасында 5B051100 «Маркетинг», 5B050700 «Менеджмент» мамандықтарының студенттері үшін Қазақстан Республикасының жалпыға
Силлабус «Инновациялық менеджмент» кафедрасында 5B051100 «Маркетинг», 5B050700 «Менеджмент» мамандықтарының студенттері үшін Қазақстан...
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) icon«Өнер» факультеті «Ән және саз» кафедрасы ОҚУ Әдістемелік кешен «Вокал класы» (халық әні) пәні бойынша
Вокал класы” (халық әні) пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус) iconПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІІІ кредит саны – 2
«Психология және педагогика» факультетінің «Психология және әлеуметтік педагогика» кафедрасында құрастырылған типтік оқу бағдарламасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница