Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус




НазваниеҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
страница5/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.61 Mb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/MPD/2 kurs/Filosofia/Kaz/Sillabus/Sillabus.doc
1   2   3   4   5   6

Берілген тақырыптарды оқытылу аяқталғаннан және тапсырмалардың барлық түрлері орындалғаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға біріктірілген баға қойылады.


3 тапсырма.

3 тапсырманы орындауда студент келесі жұмыс түрлерін төмендегі тапсырмалар бойынша орындау қажет:


ПС «Неміс классикалық философиясы».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып неміс классикалық философиясының категориялық аппараттары келтірілген конспект құрастыру қажет, студент онда еркін түрде бағытталуы тиіс. Келесі сұрақтарға ауызша жауап беруі керек: неміс классикалық философиясы және оның негізгі идеялары. Кант философиясы таным теориясы ретінде. Кант этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін мінсіз стандарт ретінде және азаматтық қоғам негізі ретінде ме? Осындай тұжырыммен Сіз келісесіз бе? Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары және олардың медицинада көрінуі. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Л.Фейербахтың махаббат концепциясы.

ОСӨЖ «Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Неміс классикалық философиясы».

Студент оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолдана отырып 20-30 санында тесттік тапсырмалар құруы керек немесе неміс классикалық философиясының барлық ұғымдары қамтылған сөзжұмбақты ұсыну керек.


ПС «XIX ғасыр мәдениетіндегі батысеуропалық философия».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып, студент А.Шопенгауэрдің пессимизм философиясы мен Ф.Ницше философиясын бойынша хабарлама дайындауы қажет.

ОСӨЖ «XIX ғасыр мәдениетіндегі батысеуропалық философия».

Студент таңдауы бойынша алғашқы шығармаларды не А.Шопенгауэрдің «Тұрмыстық даналық афоризмдері» немесе Ф.Ницшенің «Заратустра солай деді» деген романын оқуы тиіс және эссе жазуы керек (яғни, берілген шығармалар туралы өз түсінігін айту).


ПС «19 ғасыр – 20 ғасыр басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс жазушыларының еңбектеріндегі дәрігер бейнесі. Қарт дәрігер Н.И. Пироговтың күнделігі философиялық ойдың үлгісі ретінде».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып, орыс философиясының негізгі бағыттары бойынша хабарлама дайындауы, орыс философиясының қалыптасуына тән ерекшеліктерін аша білуі қажет. Орыс философиясының көрнекті өкілдері мен олардың негізгі идеяларын білу.

ОСӨЖ «19 ғасыр – 20 ғасыр басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс жазушыларының еңбектеріндегі дәрігер бейнесі. Қарт дәрігер Н.И. Пироговтың күнделігі философиялық ойдың үлгісі ретінде».

Студент таңдауы бойынша алғашқы шығармаларды оқуы қажет, ол М.Булгаковтың «Жас дәрігердің жазбалары», В.Вересаевтың «Дәрігердің жазбалары», Н.И.Павловтың «Қарт дәрігердің жазбалары» шығарамалары немесе «Құдайдан оташы» деректі фильмін талдау, оқылған немесе танысқан бір шығарма бойынша өз ой пікірін жазу.

СӨЖ «Дәрігердің адамгершіліктік – этикалық тәрбиесі».

Студент өзі әдебиеттерді оқып, осы ұсынылған тақырыптардың біріне презентация жасап оқытушының электрондық поштасына жіберуі тиіс. Міндетті түрде өз қорытынды пікірін жасауы қажет (қазіргі заманғы дәрігердің қандай сапалары болуы қажеттігі туралы өз пікірін айту, қазіргі кезде Гиппократ анты ескірді ме?).

«Білімнің және тәрбиенің философиялық аспектілері» (білім беру жіне тәрбиелеу жүйесінде нені өзгерту керек қорытындысын жасау, Сіздің пікіріңізше білім алу және өздігінен білім алу, тәрбиелеу және өздігінен тәрбие алу қатынасы қандай, Сіздің ойыңызша қазіргі кездегі білім жүйесінде не қызық, не жағымды, не жағымсыз?).

Берілген тақырыптарды оқытылу аяқталғаннан және тапсырмалардың барлық түрлері орындалғаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға біріктірілген баға қойылады.

4 тапсырма.

4 тапсырманы орындауда студент келесі жұмыс түрлерін төмендегі тапсырмалар бойынша орындау қажет:

ПС «Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Қазақтардың халық медицинасы».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып, қазақ философиясының негізгі ойшылдары бойынша хабарлама дайындауы, қазақ философиясының қалыптасуына тән ерекшеліктерін аша білуі қажет. Келесі сұрақтарға ауызша жауап беруі керек: Жыраулар шығармашылықтарының философиялық аспектілері. Сопылық дәстүр және оның қазақ философиясы қалыптасуына ықпалы. Ш.Уалихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларындағы антропоцентризм және гуманизм. Абай Құнанбаев Құдай және адам, сенім мен білім, адамның тіршілік ету мағынасы арақатынасы туралы. Абайдың адамгершілік философиясы. Шәкәрім Құдайбердиев философиялық шығармашылығы. Ұлттық қазақ зиялылар еңбегіндегі философиялық тақырыптар.

ОСӨЖ «Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Қазақтардың халық медицинасы».

Студент берілген тапсырманы орындауда Абайдың «Қара сөздерін» оқуы қажет, түсініктеме жасау, өз ұстанымын айту. Қазақтардың халық медицинасы бойынша конспект жазу.


ПС «ХХ – ХХІ ғ. Қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия».

ОСӨЖ А.Камю, Ж.П.Сартр, М.Хайдеггер және т.б. шығармаларын талдау.

Студент дөңгелек үстелге дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып конспект жасауы тиіс, онда батыс философиясының категориялық аппараты ұсынылуы керек, студент онда еркін түрде бағытталуы тиіс. Келесі сұрақтар бойынша пікір таласты қолдай білуі керек: Батыс Еуропа мен АҚШ елдеріндегі әлеуметтік мәдени дағдарыс, ол өткен ғасыр басында неден көрінеді? 20 ғасырдың батыс мәдениетінің құндылықтысыни қайта ойлау неден көрінеді? 20 ғасыр экзистенционалисттерінің философиялық ізденістері. А. Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның абсурдтық тіршілігі тақырыбы. Бүлікшілік абурдттығы. Ж.П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірегейлігін философиялық іздеу. Адам тіршілігінің трагизмінің философиялық талдануы. К. Ясперстің «Осьтік уақыты».

ОСӨЖ «ХХ – ХХІ ғ. Қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия».

Студент берілген тапсырманы орындау барысында келесі шығармалардың біреуін оқып шығуы қажет, оқыған шығарманы талдау, өз ой қорытындысын жасауы керек. А.Камю – «Оба» немесе «Бөтен»; Ж.П.Сартр – «Лоқсу»

ОСӨЖ «Психоанализ: философиялық және медициналық аспектілері».

Студент берілген тапсырманы орындауда З.Фрейдтің санасыздық туралы дәрісімен танысуы тиіс, және психоанализдің философиялық және медициналық аспектілерін көрсетіп эссе жазуы керек. Студент оқулықты және қосымша әдебиеттерді оқып, З.Фрейдтің санасыздық теориясын түсінуі қажет. Санасыздық деген не, оның құрылымын білуі, санасыздықтың категориялық аппараты туралы түсінігі болуы қажет.

Берілген тақырыптарды оқытылу аяқталғаннан және тапсырмалардың барлық түрлері орындалғаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға біріктірілген баға қойылады.


5 тапсырма.

5 тапсырманы орындауда студент келесі жұмыс түрлерін төмендегі тапсырмалар бойынша орындау қажет:


ПС «Философиялық антропология. Адам – оның мәні және тіршілік етуі. Адам және тұлға философиясы. Дәрігер тұлғасының қалыптасуы».

Студент дөңгелек үстелге дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып конспект жасауы тиіс, онда адамның тіршілік ету мәселесіне философиялық ойлар тарихындағы әр түрлі ұстанымдар ұсынылуы керек, студент онда еркін түрде бағытталуы, антропоцентризм феномені неде екенін түсінуі тиіс. Келесі сұрақтар бойынша пікір таласты қолдай білуі керек: дене мен рухтың үйлесімділігі мүмкін бе, адам өмірінің бірегейлігі неде? Өмір мәне неде, бақыт феномені туралы өз пікірін айта білу. Бостандық пен бассыздық, бостандық пен жауапкершілік арасындағы қатынас қандай. Бостандық адамгершілік императив ретінде.

ОСӨЖ «Философиялық антропология. Адам, оның мәні және тіршілік етуі. Адам және тұлға философиясы. Дәрігер тұлғасының қалыптасуы».

Студент әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларында мәліметтерді оқып дәрігер тұлғасының қалыптасуы туралы шығарма жазуы тиіс.


ПС «Сана философиясы және медицина».

Студент дөңгелек үстелге дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып конспект жасауы тиіс, онда сана, өзіндік сана, санасыздық мәселесіне философиялық ойлар тарихындағы әр түрлі ұстанымдар ұсынылуы керек. Студент онда еркін түрде бағытталуы тиіс, келесі сұрақтарға жауап беруі керек: сана мәселесі әр тарихи кезеңдерде қалай қарастырылды, сананың пайда болуында басты болып табылатын факторларды, медицинада психосоматикалық мәселенің неде екенін білу, сана пайда болуындағы діни және эволюциялық тұжырымдамалар туралы білу, өз ұстанымын айту.

ОСӨЖ «Сана философиясы және медицина».

Студент әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларында мәліметтерді оқып баяндама жазуы тиіс: «Қазіргі кездегі философия және санаға деген табиғи-ғылыми көзқарастар».


ПС «Таным философиясы. Медициналық танымның ерекшелігі».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып конспект құрастыру қажет, онда келесі сұрақтарға жауаптар берілуі керек:

Әлемге деген танымдық қатынас ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім мен таным. Сезімдік және рационалдық таным. Рационалдық және сезімдік танымдардың формалары. Ақиқат. Ақиқат теориясы. Медициналық таным ерекшелігі. Медициналық білімнің өзгерісі. Әдіс мәселесі. Медицинадағы танымның негізгі әдістері. Диагностикадағы логика ролі. Ғылыми таным әдістері. Медициналық ғылымның даму келешегі.

СӨЖ «Ғаламдық мәселелер философиясы. Медицинаның ғаламдық мәселелері».

Студент әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып баяндама жазуы, презентация жасауы қажет.

Берілген тақырыптарды оқытылу аяқталғаннан және тапсырмалардың барлық түрлері орындалғаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға біріктірілген баға қойылады.


6 тапсырма.

6 тапсырманы орындауда студент келесі жұмыс түрлерін төмендегі тапсырмалар бойынша орындау қажет:

ПС «Мәдениет философиясы. Мәдениет және өркениет. Медицина және мәдениет. Этика және медицина».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып, ролдік ойынға қатысуға дайын болуы керек. Студент мәдениет дегенге түсінігі болуы тиіс. Мәдениет ерекшелігі неде. Мәдениет пен табиғат, мәдениет пен адам байланысы неде. Мультикультурализм, көпшілік, элиталық мәдениет деген не. Мәдениет және өркениет деген не. Жаһандану жағдайындағы мәдениет.

ОСӨЖ «Мәдениет философиясы. Мәдениет және өркениет. Медицина және мәдениет. Этика және медицина».

Студент өздігінен оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын оқып өз ой қорытындысымен биоэтика мәселесі бойынша эссе жазу.


ПС «Диалектиканың жалпы заңдары және олардың медицинада көрінісі».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып, студент хабарлама дайындауы, онда келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Диалектиканың тарихи түрлері. Көне үнді және көне қытай философиясындағы диалектика. Диалектика формалары. Неміс классикалық философиясындағы диалектика. Диалектика жүйе ретінде. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың категориалдық аппараты. Диалектика адамның ғылыми-танымдық және практикалық іс әрекетінің логикасы мен методолгиясы ретінде.

ОСӨЖ «Диалектиканың жалпы заңдары және олардың медицинада көрінісі».

Студент өздігінен оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын оқып өз ой қорытындысымен жоғарыда аталған тақырып бойынша баяндама, эссе, шығарма жазу.

ОСӨЖ «Махаббат философиясы».

«Махаббат құпиялары» фильмін өздігінен немесе сабақта көру және берілген тақырыпқа махаббат феноменіне Сіздің түсінікті көрсетіп шығарма жазу.

ОСӨЖ «Дін, діни фундаментализм және экстреремизм».

Студент өздігінен оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын оқып өз ой қорытындысымен жоғарыда аталған тақырып бойынша баяндама, эссе, шығарма жазу, онда дүниеге діни қатынасы, діннің пайда болуы тұжырымдамасы, діннің адамгершілік мағынасы, сенім мен білім қатынасы ерекшеліктерін көрсету керек. Сіздің ойыңызша діни сезім деген не. Сіздің дүниетанымның қалыптасуындағы діннің ролі. Дәрігер және сенім.


ПС «Жаhандану жағдайындағы мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау мәселесі. Ғаламдық мәселелер философиясы. Медицинаның ғаламдық мәселелері».

Студент сабаққа дайындық барысында оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын қолданып медицинаның жаһандық мәселелері туралы өзіндік пікірін құрастыруы қажет, оны негіздеуге және пікір таласқа қатысу керек.

СӨЖ «Эстетика және медицина. Ауруды емдеудегі өнердің рөлі».

Студент өздігінен оқулықты, қосымша әдебиеттерді, Ғаламтор-қорларын оқып өз ой қорытындысымен жоғарыда аталған тақырып бойынша баяндама, эссе, шығарма жазу.

Берілген тақырыптарды оқытылу аяқталғаннан және тапсырмалардың барлық түрлері орындалғаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға біріктірілген баға қойылады.


1 аралық бақылау сұрақтары

  1. Үнді философиясындағы негізгі дүниетанымдық идеялары (Веда дәстүрлері)

  2. Упанишаданың дүниетанымдық ізденістері

  3. Үнді философиясының негізі ретінде карма, реинкарнация, және касталық жүйе ілімдері

  4. Буддизм және оның Ведалық дүниетанымға қатынасы

  5. Буддизмнің негізгі идеялары

  6. Ортодоксалды философиялық мектептер (астика).

  7. Ортодаксалды емес философиялық мектептер (настика).

  8. Көне Қытай философиясының мәдени алғышарттары және тарихи көздері.

  9. Конфуцишілдік философияның практикалық бағыттылығы, конфуцишілдіктің негізгі идеялары

  10. Дао философиясы және дүниенің пайда болу сипаттамасы

  11. Көне Грек философиясының қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік мәдени контекстісі

  12. Антиканың натурфилософиялық мектептері

  13. Көне Грек философиясының ары дамуындағы софистер мен Сократтың ролі

  14. Философиялық дәлелдеудің қалыптасуындағы Парменид

  15. Платонның білім және біліктілік мәселелерін қойылуының негізгі сипаттамасы

  16. Платон шығармашылығы мемлекет мәселесі

  17. Аристотель философиясы антика мәдениетінің энциклопедиясы ретінде

  18. Аристотель философиясындағы материя ұғымы

  19. Жеке бақытты қамтамасыз етудегі философиялық ізденістер. Эпикуреизм жеке игілігінің (благополучения) философиясы ретінде

  20. Стоицизм жеке бақытқа жету философиясы ретінде

  21. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм орта ғасыр философиясы негізі ретінде

  22. Орта ғасыр адамының мәдени таңдауының негізгі стратегиясының қалыптасуындағы А.Аврелийдің ролі

  23. Схоластика кезеңіндегі философия. Ф.Аквинский

  24. Ислам мәдениеті және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы

  25. Калам – ислам қағидаларын рационалды түсіндірудің жолы

  26. Шығыс перипатетизмінің философиясы

  27. Сопылық философиясы

  28. Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм және антропоцентризм

  29. Қайта өрлеу дәуіріндегі натурфилософиялық бағыт

  30. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық-социалистік бағыт



2 аралық бақылау сұрақтары

  1. Жаңа дәуір философиясындағы негізгі рухани бағыттар

  2. Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрлерінің қалыптасуы

  3. Жаңа дәуір философиялық ізденістерінің негізгі идеялары

  4. Ф.Бэкон, Р.Декарт философиясындағы ғылыми танымның әдістері туралы мәселе

  5. Б.Спинозаның субстанция туралы идеясы

  6. Канттық трансцендентальды философия таным теориясы ретінде

  7. Канттың категориалдық императиві

  8. Гегельдің диалектика туралы ілімі

  9. Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары және олардың медицинада көрінісі

  10. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі

  11. К.Маркс ілімі

  12. А.Шопенгауэр философиясындағы ерік мәселесі

  13. Ф.Ницшенің өмір философиясы

  14. Орыс философиясының негізгі бағыттары мен мәселелері

  15. Н.Ф. Федоровтың негізгі философиялық идеялары

  16. Л.Н.Толстойдың діни – философиялық ілімі

  17. В.С.Соловьев негізгі философиялық идеялары

  18. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

  19. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық идеялар

  20. Ш.Құдайбердиевтің философиясы

  21. Экзистенциалистердің философиялық ізденістері

  22. А.Камю және адамның абсурдтық тіршілік ету тақырыбы

  23. Ж.П.Сартрдың философиясындағы таңдау мәселесі

  24. Шекаралық жағдай шартындағы адамның тіршілік ету трагизмінің философиялық талдануы

  25. З.Фрейд философиясындағы бейсаналық мәселесі

  26. Феноменология философиясы. Э.Гуссерль

  27. Герменевтика бағыты. Г.Гадамер

  28. Неопозитивизм және постпозитивизм философиясы

  29. Аналитикалық философия

  30. Постмодернизм рухани жағдай, тұрмыс дәстүрі және философия ретінде


Коллоквиум сұрақтары

  1. Медицинаның философиялық мәселесінің мәні мен мазмұнын Сіз қалай түсінесіз?

  2. Мәдениет жіне өркениет деген не?

  3. Қазіргі медицинаның жаһандық мәселелері.

  4. Ауруды емдеудегі өнердің ролі қандай?

  5. Адам, оның мәні және тіршілік ету, ол неде?

  6. Этика және медицина, олар қалай өзара байланыста?

  7. Махаббат экзистенциональды уайымдау ретінде.

  8. Қазіргі қоғам өміріндегі діннің ролі.




  • Пәннің мазмұны:

Философия мәнін түсіндірудің негізгі түрлері. Дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарас және философия. Философияның пайда болуының әлеуметтік-тарихи жағдайлары. Философияның мағынасы және тағайындалуы. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және медицина. Философия және философ. Философиямен шұғылданудың түрлері.

Көне үнді мәдениетінде діннің мәртебесі және оның философияның қалыптасуы мен дамуына әсері. Ведалық әдебиеттердің негізгі дүниетанымдық идеялары. Упанишадалар.

Шығыс ойларының өзіндік ерекшеліктері. Карма, реинкарнация және касталық жүйе туралы ілім. Буддизм және оның Ведалық дүниетанымға қатынасы. Буддизм мен жайнизмнің іргелі идеялары. Буддистік зорлық көрсетпеу стратегиясы, оның шығыстық адамның дүниетанымын қалыптастыруға ықпалы.

Қытайдың алғашқы философиясының негізгі мазмұны. Конфуцишілдік философияның практикалық бағыттылығы. Конфуцишілдік қытай қоғамының идеологиясы ретінде. Конфуцишілдіктің негізгі қағидалары.

Дао философиясы және әлем бейнесі. Даолық әлем бейнесіндегі адамның ролі. Даосизмнің негізгі ұғымдары. Даосизмнің конфуцишілдіктен айырмашылығы.

Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік мәдени контексті. Философия генезисі. Антиканың натурфилософиялық мектептері және болмыстың алғашқылығы мәселесінің қойылуы. Парменид және оның болмыс туралы ілімі. Философияның ары қарай дамуында софистер мен Сократтың ролі. Платонның білім мәселесін қоюының іргелі сипаттамасы. Платон философиясы табиғат пен қоғамға зерденің артықшылығын белгілеудегі ізденіс формасы ретінде. Аристотель философиясы антикалық мәдениеттің энциклопедиясы ретінде. Логика ойлаудың органоны ренінде. Эпикуреизм жеке амандық философиясы ретінде. Стоицизм бақытқа жету философиясы ретінде. Антика философиясының дүниетанымдық бағыттарының тұлғаның мәдени және әлеуметтік-саяси белсенділігінің қалыптасуына ықпалы.

Батыс еуропалық орта ғасыр мәдениетіндегі философия және діннің феномені. Христиан философиясының қалыптасуының негізгі бастамалары. Христиандық және антика философиясы. Неоплатонизм дүниетанымдық ізденістердің діни бағыттылығының кқрінісі ретінде. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм, монотеизм барлық орта ғасыр философиясының негізі ретінде. Философиямен айналысудың жаңа теоцентрлік тәсілінің ерекшелігі. Орта ғасыр философиясының дүниетанымдық ізденістерінің орталық тақырыптары. Орта ғасыр адамының мәдени таңдауының негізгі стратегияларын қалыптастыруда А.Августиннің ролі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың ерекшелігі. Ф.Аквинский, томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Схоластика философиясы. Батыс адамының рухани құндылықтарының қалыптасуына орта ғасыр діни философиясының ықпалы.

Ислам мәдениеті және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Іргелі идеялар және «Пәлсафа». Энциклопедизм, универсализм, араб тілді перипатетизм: аль-Кинди, аль-Фараби, ибн Сина, ибн Рушд. Әлемнің исламдық үлгісі. Ислам мәдениетінде сопылықтың орны мен ролі. Түрік тілді философияның қалыптасуы. Ж.Баласағұн философиясы. М.Қашқари философиялық ізденістері.

Орта ғасыр мәдениетінің және ойлауының әлеуметтік мәдени өзгеруі. Антропоцентризм ренессанстық дүниетаным. Табиғат пен адамның жаңа түсінігі. Антикалық ілімдердің қайта жаңаруы және Қайта өрлеу философиясына ықпалы. Қайта өрлеу кезеңінің ойшылдарының философиялық ойларының негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм және оның өкілдері. Н.Кузанскийдің философия. Реформация философиясы. Н.Макиавеллидің саяси философиясы. Ренессанстық философияның ықпалымен батыс адамының мәдени іс әрекетінің жаңа формаларының қалыптасуы.

Жаңа уақыт басының әлеуметтік мәдени жағдайы. Жаңа уақыт философиясындағы негізгі рухани бағдарлар. Эксперименттік жаратылыстанудың пайда болуы. Эмпиризм (Ф.Бэкон, Д.Локк) мен рационализмнің (Р.Декарт, Спиноза, Лейбниц) философиялық дәстүрінің қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиясы ретінде.

18 ғ. Екінші жартысы мен 19 ғ. Басындағы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Неміс классикалық философиясы және оның негізгі идеялары. Кант философиясы таным теориясы ретінде. Зерде және парасат туралы Кант ілімі. Кант этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін мінсіз стандарт ретінде және азаматтық қоғам негізі ретінде. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары және олардың медицинада көрінуі. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Л.Фейербахтың махаббат концепциясы.

19 ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеттің заманалық оқиғалар. Рационализм және оптимизм, сенім және шексіз ілгерілік. Маркс ілімі. Жатсыну мәселесі. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Иррационалдық философия. А.Шопенгауэрдің пессимизм философиясы. Ф.Ницше философиясы және оның негізгі идеялары.

Орыс философиясының әлеуметтік мәдени контексті және идеялық алғы шарттары. Славянофилдік және батысшылдар философиясы. Орыс космизімінің философиясы. Орыс философтарының діни-философиялық ізденістері (Н.О.Лосский, С.Л.Франк, Н.Бердяев). Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселелері.

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Жыраулар шығармашылықтарының философиялық аспектілері. Сопылық дәстүр және оның қазақ философиясы қалыптасуына ықпалы. Ш.Уалихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларындағы антропоцентризм және гуманизм. Абай Құнанбаев Құдай және адам, сенім мен білім, адамның тіршілік ету мағынасы арақатынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы. Шәкәрім Құдайбердиев философиялық шығармашылығы. Ұлттық қазақ зиялылар еңбегіндегі философиялық тақырыптар.

Мәдени өзгеру және батыс Еуропа мен АҚШ елдеріндегі әлеуметтік мәдени дағдарыс. Өркениеттік жетістіктерді сыни қайта ойлау. Батыс еуропа халықтарының мәдени және философиялық мұраларын сыни қайта ойлау. 20 ғасырдың батыс мәдениетінің құндылықтық және дүниетанымдық негіздерін сыни қайта ойлау. Гуссерль еуропалық ғылым, философия, мәдениеттің дағдарысы туралы. Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. 20 ғасыр экзистенционалисттерінің философиялық ізденістері. А. Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның абсурдтық тіршілігі тақырыбы. Бүлікшілік абурдттығы және батыс адамының абсурдтық ерлігі. Ж.П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірегейлігін философиялық іздеу. Адам тіршілігінің трагизмінің философиялық талдануы. К. Ясперстің «Осьтік уақыты».

Мәдени есеңгіреу және адамның одан шығу ізденістері. Мәдениет және адам арасындағы қақтығыс. Адам тіршілігінің қайшылығы және шиеленісуі, «бақытсыз сананың» қалыптасуы. Психоанализ. Көпшілік мәдениет пен мәдени өнеркәсіп ықпалымен өзіндікті жоғалту және бір өлшемділікті табу. Көпшілік қоғам жаңдайындағы бір өлшемдік жағдайдың философиялық талдануы. Маркузе. Философия мен ғылымның мәртебесін сыни қайта ойлау. Ғылым философиясы мәдениет феномені ретінде. Логикалық лингвистикалық позитивисттердің философиялық ізденістеріндегі ғылымның логикалық-әдістемелік мәселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Батыс-еуропа мәдениетінде адам өлімі феномені және адамның қайтылуының себептері мен жолдарының философиялық түсіну. Структурализм философиясы. Постструктуралисттердің философиялық идеялары. М.Фуко философиясы. Постмодернизм рухани жағдай, өмір салты, философия ретінде. Постмодерн философиясының қалыптасуы. Постмодернизм философиясы және батыс мәдениетінің негіздерінің сыни талдануы.

Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс және болмыс еместік мәселесі. Болмыс адам болмысы ретінде. Заттар дүниесіндегі адам болмысы. Болмыс еместік феномені. Адам болмысының болмыс емеске үнемі айналуы. Адамзат тіршілігінің тірексіздігі. Өлімді қабылдау адамның стратегиясы ретінде. Өлім феномені. Өлімнің мәдениет пен философияға қатынасы. Танатос идеясының пайда болуы. Өлімнің діни түсіндірмесі. Адам болмысының экзистенциялары. Қорқыныш феномені. Экзистенциализм өлім туралы. Қорқыныш пен үрей. Қасірет феномені. Өмір қасірет ретінде. Қасіретке христиандық ұғыну. Адамзат тіршілігінің қасіретінің азаптылығы. Бақытсыздық өмірлік ереже ретінде. А.Шопенгауэр, жалғыздық терең экзистенционалды күйзеліс ретінде.

Философиядағы адамның негізгі келбеттері. Антропоцентрліктің феномені. Денелілік пен руханилықтың үйлесімділігі. Дене және рух антиномиясы. Адамның өмірінің бірегейлігі. Өмір құндылық ретінде. Өмір алдында қастерлену. Өмір мәні. Өмірдің адамгершілікті мәні. Бақыт феномені. Еркіндік құндылық ретінде. Адамның еркіндіктен қашуы.еркіндік және бассыздық. Еркіндік адамгершіліктік императив ретінде.

Мәдениет ұғымы. Мәдениет философиясының пәні. Мәдениет және табиғат. Мәдениет және адам. Мәдениеттің негізгі белгілері. Мәдениет және тіл. Мультикультурализм. Көпшілік мәдениет.

Мәдениет және өркениет. Жахандану жағдайларындағы мәдениет. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы.

Махаббат феномені. Махаббат терең экзистенционалды күйзеліс ретінде. Әр түрлі мәдени дәуірлердегі махаббат бейнесі. Махаббаттың әр түрлі келбеттері.

Діни философия пәнінің шекарасы. Дін философиясы. Әлемге деген діни қатынас ерекшелігі. Діннің пайда болу концепциясы. Діннің адамгершілік мазмұны. Сенім және білім. Сенім және ырымшылдық. Діни сезім.

Диалектиканың тарихи түрлері. Көне үнді және көне қытай философиясындағы диалектика. Диалектика формалары. Неміс классикалық философиясындағы диалектика. Диалектика жүйе ретінде. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың категориалдық аппараты. Диалектика адамның ғылыми-танымдық және практикалық іс әрекетінің логикасы мен методолгиясы ретінде.

Әлемге деген танымдық қатынас ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім мен таным. Сезімдік және рационалдық таным. Рационалдық және сезімдік танымдардың формалары. Ақиқат. Ақиқат теориясы.

Ғылыми таным ерекшелігі. Ғылыми білімнің өзгерісі. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Логика және методология. Ғылыми таным әдістері. Философиялық әдістер. Ғылымның даму келешегі.


Консультация уақыты:


Т.А.Ж.

Апта күндері

E-mail

Консультация уақыты

Нұрмаханова Н.Ж. аға оқытушы

Сәрсенбі

Nurmahanova@kgmu.kz

15.00-16.00

Жұмағалиева Г.Ф. аға оқытушы

Сейсенбі

ZhumagalievaG@kgmu.kz

16.00-17.00

Мустафина Т.В. аға оқытушы

Жұма

T.Mustafina@kgmu.kz

16.00-17.00

Бакирова А.Т. аға оқытушы

Сәрсенбі

A.bakirova@kgmu.kz

16.00-17.00

Аубакиров Е.Ж. оқытушы

Жұма

AubakirovE@kgmu.kz

16.00-17.00

Сарсенбеков Н.Ж.

Жұма

Sarsenbekov@kgmu.kz

16.00-17.00


Аралық бақылау уақыты:

Аралық бақылау кафедрада ауызша түрде, билет бойынша жүргізіледі. Билет екі сұрақтан тұрады. Әр сұрақ максимальды бағаланады – 50%. Аралық бақылау ЖОО-ның академиялық күнтізбеге сәйкес анықталған кафедра мерзімімен жүргізіледі. Аралық және қорытынды бақылаудың барлық сұрақтары пәннің мазмұнында бейнеленген (жоғарыдан қара).



Мамандығы

Курс/лек/топ

Пән

Апта/күні

Уақыты

Медициналық-прафилактикалық іс

2 курс, 2-001

Философия

КТЖ

бойынша

КТЖ

бойынша
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130200 – «Стоматология» мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В060700 – «Биология» мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
...
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус “Жалпы медицина ” 5В130100 мамандығына арналған «Экономикалық теория негіздері» етn 1110 жұмыс бағдарламасының негізінде...
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Медико-профилактикалық іс» 5В110400 мамандығына арналған «Экономикалық теория негіздері» етn 1110 жұмыс бағдарламасының...
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница