Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус




НазваниеҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.61 Mb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/MPD/2 kurs/Filosofia/Kaz/Sillabus/Sillabus.doc
  1   2   3   4   5   6


ҚММУ Ф 4/3-03/03

ҚММУ БЕ 4/03


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы


СИЛЛАБУС


Fil 2102 «Философия» пәні бойынша


5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі: 135


Курс - ІІ


Семестр – 4


Қарағанды 2014 ж.


Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В060700 – «Биология» мамандығы үшін құрастырылған.


«____» ____________2014 ж.


Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды және бекітілді.


«____» ____________2014 ж. Хаттама №1


Кафедра меңгерушісі Қ.А.Темірғалиев



  • Оқытушылар туралы мәлімет:

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


А.Т.Ж.

Дәрежесі

Қызметі

Ғылыми қызығушылығы/жетістіктер

Педагогикалық стажы

Темірғалиев Құдайберген Абаевич

Философия ғылымдарының кандидаты

Кафедра меңгерушісі

Мәдени бірегейлілік пен әлеуметтік анализ.

2006 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденісте диссертация қорғалды.

25

Мирзабекова Алма Шаимовна

Философия ғылымдарының докторы

Доцент

Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін ізденісте диссертация қорғалды, импакт-фактормен журналдарда ғылыми мақалалар.

40

Ломан Надежда Филиповна

-

Аға оқытушы

Жоғарғы мектептерде философия пәнін оқытудың әдістері.

2011 ж. «Философия» мамандығы бойынша КарГУ-де біліктілікті жоғарлату курсы, 2012 ж. ҚММУ құзіреттілік бойынша педагогикалық біліктілікті жоғарлату курсы өтілді.

29

Нұрмаханова Несібелі Жумабаевна

-

Аға оқытушы

Медицинаның философиялық мәселелері 2011 ж. «Философия» мамандығы бойынша КарГУ-де біліктілікті жоғарлату курсы, 2012 ж. ҚММУ құзіреттілік бойынша педагогикалық біліктілікті жоғарлату курсы өтілді.

32

Жұмағалиева Гулияш Фазылжановна

-

Аға оқытушы

Қазақ философиясы

36

Жоломанова Алма Хайрулловна

-

Магистрант

Француз экзистенциялизмі 2011 ж. «Философия» мамандығы бойынша КарГУ-де біліктілікті жоғарлату курсы, 2012 ж. ҚММУ құзіреттілік бойынша педагогикалық біліктілікті жоғарлату курсы өтілді.

7

Мустафина Толганай Вагизовна

Философия магистрі

Аға оқытушы

Ежелгі қытай философиясы 2010 жылы магистрлік диссертация қорғалды; 2010 жылы «Teaching Excellence – Педагогикалық біліктілік» семинарында оқыды, «Болашақ» степендиясы Мәскеу қаласында мамандық бойынша біліктілік жоғарлатты.

3

Бакирова Алуа Турсуновна

-

Аға оқытушы

Неміс классикалық философиясы, диалектика мәселелері

10

Аубакиров Ерлан Жанайдарович

Философия магистрі

Оқытушы

Өмір философиясы

7




  • Байланыс ақпараты: кафедра мекен жайы: Алалыкин көшесі, 7, 2 корпус, аудиториялар 331-347, тел: 56-41-81 (114)

  • Пән саясаты: студент дәріс және семинар сабақтарына қатысуға, сабақтарға жүйелі дайындалуға, барлық тапсырмалар түрлерін уақытылы тапсыруға міндетті. Кафедрада міндетті түрде өзімен бірге халат, қалпақ, бейдж және қосымша аяқ киімі болуы керек. Философия бойынша сабақта студентте ноутбук, оқулық, дәптер, конспект болуы керек. Студент өз ойын еркін түрде жеткізе алуы керек, өзінің конспектісінде жазылғанды түсініп және түсіндіре білуі қажет. ОСӨЖ бойынша барлық тапсырмалар сабақ барысында не сабақ соңында тапсырылады, одан кеш емес. Басқа күні тапсырылған тапсырма қабылданбайды және орындалмаған болып саналады. Студентке біріктірілген баға дәріске, семинар сабақтарына қатысу, сабақтағы белсенділік пен көрсетілген уақытқа дейін берілген барлық тапсырмаларды орындау негізінде қойылады. Студент тапсырманы орындаудың өз нұсқасын ұсынуға құқы бар, ол іскерлік ойын, дөңгелек үстел, пікірталас және т.б. сценарийы болуы мүмкін, осы сценарийді тәжірибеде жүзеге асыру қажет.

  • Кіріспе: философиябұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін қаузайтын дүниені танудың айрықша формасы. Оқу пәнінің объектісі мәдени – тарихи дамуында және қазіргі жай-күйінде алынған рухани өңдірістің ерекше формасы ретінде философия болып табылады. Философия рухани өндірістің оның басқа формаларына (дін, ғылым, өнер, мораль, және басқа) сайылмайтын ерекше формасы. Философия мәдени бірегейлікті анықтау және іздеуде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәдени дамуында мүмкін стратегиялар мен таңдауды ұсына отырып, дүниені түсінудегі практикалық және рухани нәтижелерді талдайды және қамтиды.

Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның пәні мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытындылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік – практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құрлымдық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми – техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды).

Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін жинақтай отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыптастыруға қатынасады, іс – әрекеттің барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени – тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени – тарихи дәуірдің өзіңдік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалды, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады.

Философия әртүрлі мәдени – рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Философия қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төніретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.



  • Пәннің мақсаты:

Болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.


  • Оқытудың міндеттері:

Студенттерге философиялық ой кешудің тарихи типтерін, медицина контекстінде дүниетанымдық мәселелердің шешілуінде философиялық тәсілдерді ұсыну, философия мен медицинаның негізгі мәселелерімен танысуға, болашақ мамандардың клиникалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру.


Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Дескрипторлар

Білім алудың қорытынды нәтижелері

Құзыреттілік

А

Осы саладағы алдыңғы қатардағы білімнің элементтерін қоса отырып, зерттелетін салада білім мен түсінікті көрсету

  • Болашақ дәрігер маман үшін медицина саласында философияның пәні, мақсаты және міндеттері, қызметтері туралы анықтама беру

  • Профилактикалық медицина контексінде дүниетанымдық сұрақтарды негізгі философиялық тәсілдермен шешуді түсіндіру.

1,4

В

Осы білімдер мен түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану

  • Профилактикалық медицина саласының қазіргі кездегі маманы үшін әр түрлі философиялық идеялардың адамгершіліктік құндылықтарын бағалау

  • философия пәні сабағында алған білімдерді түрлі өмірдегі жағдайларда, тәжірибеде қолдана білу

  • медициналық сипаттағы дүниеге көзқарас мәселесін шешуде болсын өзінің философияны игеру барысында алған білімдерін талқылау кезінде көрсету

1, 4, 6

С

Зерттелетін салада дәлелдерді қалыптастыру және мәселелерді шешу

  • медициналық ғылымдағы және практикасындағы, адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелердің қойылуының альтернативті тәсілдерін салыстыру және талдау

  • ұлы ойшылдардын афоризмдерін талқылау, салыстыру

1, 4, 5



D

Философиялық этикалық және ғылыми түсінігін қалыптастыру үшін ақпараттарды интерпретациялауды және жинауды іске асыру

  • Реферат, резюме, аңдатпа жазу кезінде жеке қорытынды ойларды құрастыру

1, 4, 5

Мамандарға, сонымен бірге маман еместерге ойларды және мәселелерді, ақпараттарды және шешімдерін хабарлау

  • Философияның негізгі мәселелері және профилактикалық медицинадағы философияның ролі бойынша ойды құру

  • Әлемдік философиялық ойлар саласында құнды жетістіктерді жинақтап қорыту

  • Философия және профилактикалық медицина саласында өзіндік ой-пікірін дәлелдеу

1, 4,6

Е

Өз бетінше оқып-үйрену одан әрі қарай жалғастыру қабілеттілігі

  • Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау, коммуникативтік дағдылар

3


Құзіреттіліктер тізбесі: 1.Жалпы білімділік. 2.Биомедициналық ғылымдарды білу. 3.Коммуникативтік дағдылар. 4.Әрдайым өзін-өзіжетілдіру дағдылары. 5.Ғылыми зерттеулер дағдылары. 6.Топта жұмыс істеу дағдысы. 7.Кәсіпқойлық. 8.Клиникалық дағдылар.


Реквизитке дейінгі: Қазақстан тарихы, экономикалық теория негіздері.

Реквизиттен кейінгі: Дәлелдеу медицина негіздері


Тақырыптық жоспар (дәрістер, практикалық, семинар, зертханалық, білім алушының оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы): тақырыптар, өткізу түрі және ұзақтылығы, консультация, аралқ, қорытынды бақылаулар уақыты).


Пән бойынша тақырыптық жоспар:






Тақырыптар атауы

Оқу сағаттарының саны:

дәрістер

практикалық сабақтар

ОСӨЖ

СӨЖ

барлық сағаты

1 КРЕДИТ

1

Философия мәдениет феномені хақысында

2







-

2

2

Мәдениет контекстіндегі философиямен шұғылданудың тарихи түрлері

2










2

3

Мәдениет контекстіндегі философиямен шұғылданудың тарихи түрлері

1










1

4

Философия мәдениет феномені хақысында. Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және ондағы философияның рөлі. Дәрігердің әлеуметтік-философиялық мәні және дүниетанымының мазмұны




2

2




2

5

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені. Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясы мен медицинасы




2




-

2

6

Антика мәдениетіндегі философия. Гиппократ- ғылыми медицинаның негізін салушы. Ежелгі Греция медицинасы




2




-

2

7

Ежелгі үнді, ежелгі қытай және ежелгі грек философиясы мен медицинасының дүниетанымдық ұстанымдарын салыстырмалы талдау







6




6

8

Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық – мұсылмандық философия. Ибн-Сина және «Дәрігер ғылымының каноны»

-

2

2

-

4

9

Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Ренессанс дәуіріндегі табиғаттың, адамның және медицинаның жаңа түсінігі

Аралық бақылау.

Биоэтика және эвтаназия мәселелері.

-

-

4

7

11

10

Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Эмпиризм мен рационализмнің философиялық дәстүрінің қалыптасуы




2

1

-

3

11

Адам денсаулығының философиясы. Денсаулық медицинасының қазіргі кездегі мәселелері. Салаутты өмір салты – түсінігі және мәселесі

-

-

-

8

8




Барлығы:

5

10

15

15

45

2 КРЕДИТ

1

Мәдениет контекстіндегі философиямен шұғылданудың тарихи түрлері

2







-

2

2

Мәдениет контекстіндегі философиямен шұғылданудың тарихи түрлері

2










2

3

Философия тарихы – адамзат мәдениетінің өзін-өзі тану тарихы ретінде

1










1

4

Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Неміс классикалық философиясы




2

1




3

5

XIX ғасыр мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

-

2

2




4

6

19 ғасыр – 20 ғасыр басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс жазушыларының еңбектеріндегі дәрігер бейнесі. Қарт дәрігер Н.И. Пироговтың күнделігі философиялық ойдың үлгісі ретінде

-

2

4

-

6

7

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Қазақтардың халық медицинасы

-

2

2

-

4

8

ХХ – ХХІ ғ. Қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

-

2

4

-

6

9

Психоанализ: философиялық және медициналық аспектілері

-

-

2

-

2

10

Дәрігердің адамгершіліктік – этикалық тәрбиесі

-

-

-

8

8

11

Білімнің және тәрбиенің философиялық аспектілері










7

7




Барлығы:

5

10

15

15

45

3 КРЕДИТ

1

Философияның негізгі мәселелері

2







-

2

2

Философияның негізгі мәселелері

2










2

3

Философияның негізгі мәселелері

1










1

4

№ 2 аралық бақылау







2




2

5

Философиялық антропология. Адам – оның мәні және тіршілік етуі. Адам және тұлға философиясы. Дәрігер тұлғасының қалыптасуы

-

2

2




4

6

Сана философиясы және медицина

-

2

2

-

4

7

Таным философиясы. Медициналық танымның ерекшелігі




2

-




2

8

Мәдениет философиясы. Мәдениет және өркениет. Медицина және мәдениет. Этика және медицина.

-

2

2

-

4

9

Махаббат философиясы

-

-

2

-

2

10

Дін, діни фундаментализм және экстреремизм

-

-

2

-

2

11

Коллоквиум







2




2

12

Диалектиканың жалпы заңдары және олардың медицинада көрінісі

-

-

1




1

13

Жаhандану жағдайындағы мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау мәселесі. Ғаламдық мәселелер философиясы. Медицинаның ғаламдық мәселелері

-

2

-

7

9

14

Эстетика және медицина. Ауруды емдеудегі өнердің рөлі

-

-

-

8

8




Барлығы:

5

10

15

15

45




Барлығы:

15

30

45

45

135
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130200 – «Стоматология» мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В060700 – «Биология» мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
...
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус “Жалпы медицина ” 5В130100 мамандығына арналған «Экономикалық теория негіздері» етn 1110 жұмыс бағдарламасының негізінде...
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Медико-профилактикалық іс» 5В110400 мамандығына арналған «Экономикалық теория негіздері» етn 1110 жұмыс бағдарламасының...
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница