АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары




НазваниеАҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
страница6/61
Дата конвертации13.02.2016
Размер8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://enu.kz/repository/repository2012/23. H ?ilimi-?d
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

С.А.Аманжолов,

педагогика ғылымдарының докторы, доцент


БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БІЛІКТІ

СУРЕТШІ-ҰСТАЗ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылдағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі замандық білім беру жүйесін дамыту және білікті мамандар даярлау мәселесі мен жоғары оқу орындарының жүйесін оңтайландыру талаптары үнемі мемлекеттің назарында екендігі атап көрсетілген. Елбасымыздың 2006 жылы 26 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне арнап оқыған лекциясында: «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға еркін жігері бар адамдардың уақыты», - деп еліміздің жастарына терең ой тастады. Экономиканы өркендетіп, алпауыт елдермен терезені теңестіру оңай жолмен келмейтіні белгілі болғандықтан, ең алдымен ғылымды, білім беру саласын, өнерді дамыту керек деген мақсат алдымызға қойылып отыр. Қазір қай елдің ғылымы, білімі және мәдениеті күшті дамыған болса, сол елдің барлық жағдайы жақсы, болашағы айқын. Бүгінгі жаңа жиырма бірінші ғасырда мемлекеттер арасындағы бәсеке күшейді. Осы кездегі бізге туып отырған мүмкіншіліктерімізді тиімді пайдалану керектігін Елбасымыз үнемі халыққа арнаған Жолдауында баса айтып келеді. Біздің міндетіміз - Елбасы айқындап берген тапсырмаларды орындау, яғни білім беру деңгейін әлемдік стандарттар талабына жеткізу. Елбасымыздың қазіргі ғылым мен білімді дамытуға жан-жақты қолдау жасауы, кезек күттірмейтін тапсырмалары еліміздің таяу арада 50 дамыған елдің қатарына қосылуына жасалып жатқан ең негізгі шараларының бірі. Сол себептен Білім және ғылым министрлігі жоғары және орта білім жүйелерін жаппай реформалауға кірісе бастады. Білім жүйелеріне деген заманның бүгінгі қойып отырған талабы өте жоғары. Мәселе Кеңес уақыты кезіндегідей жоғары оқу орындарының тек санында емес, оның сапасында болып отыр. Биыл еліміздің жоғары оқу орындарын арнайы тексерістен өткізгенде, 60 жоғары оқу орнының арасында біздің университет екінші орында тұрғаны үлкен үміт артып отыр. Оның себебі - біздің университеттің білім беру сапасы жоғары деп танылды. Бұл - еліміздегі жоғары оқу орындарының сапалық деңгейін анықтау үшін жүргізіле бастаған реформаның бірінші сатысы. Осы рейтинг бойынша анықталған университеттерге қазіргі заман талабына қарай мемлекеттік гранттарды бөлу, өзгеше мәртебе беру арқылы қолдау жасау жолдары ойластырыла бастады. Оқу орындарының арасында бәсекелестікті қалыптастыру үшін түрлі ұсыныстар жасалуда. Жоғары оқу орындарының деңгейін көтеруді басты мәселе ретінде қарап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Жарылқасымұлы Әбдірайымов алғашқы бастама көтерді. ЕҰУ - қазіргі таңда халықаралық деңгейде білім беру сатысына лайық бірден бір жоғары оқу орны болып саналады. Жоғары оқу орнының мәртебесі оның білім беру сапасының деңгейіне тікелей байланысты екені белгілі, ал сол білім сапасы деңгейінің жоғары болуы тікелей профессор-оқытушы құрамының ғылыми дәрежесіне және университеттің ішіндегі маман дайындайтын кафедралардың материалдық қорына байланысты.

Біздің мамандықты көтеру мақсатында 2005 жылы 23 наурызда «Бейнелеу өнері» кафедрасы ашылды. Кафедраға Қазақстан бойынша осы саланың ғылым докторлары, кандидаттары, кәсіби білікті суретші-ұстаздары шоғырландырылды. Қазіргі таңда осы мамандықтың ғылыми кадрлармен қамтамасыз етілу рейтингісі Қазақстан бойынша ең жоғары деңгейге шықты. Қазіргі уақытта бізді ойландыратын басты мәселе - Республикамызда бейнелеу өнері және сызу мамандығын дайындайтын 15 жоғары оқу орны бар екен. Біз әлі де болса сапалы білім беруге икемделмей, сандық көрсеткіштен айрыла алмай келеміз. Бірде-бір ғылым кандидаты жоқ болса да грант алып, маман дайындап жүрген университеттер де жетерлік. Немесе педагогика ғылымдарының кандидаты деген дипломы болса, соны желеу етіп жүргеніміз тағы бар. Бір Мәскеу қаласының халқының жалпы саны біздің Республикадағы халық санына жақын бола тұрып, ғылыми кадрлар деңгейі жоғары болса да Кеңес одағы кезінде небары 3 көркем сурет және графика фаультеті болған еді. Қазіргі саны - 4 және 2 ғылыми зерттеу лабораториялары бар. Біздің Республикадағы жағдайға келетін болсақ, елімізде осы мамандық бойынша ғылым докторларының жалпы саны жобамен 4-еу ғана болса, соның 2 докторы осы университетте бір кафедрада қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттік грант бойынша маман дайындауға біздің мүмкіншілігіміз жоғары. Бұл біздің университет басшылығы тарапынан бейнелеу өнерін дамытуға жасалып отырған зор қамқорлығы деп түсінуге болады. Жақында біздің университетте болған кездесу кезінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейтұлы Түймебаев болашақта осы университетте мамандықтар бойынша ғылыми орталық ашу қажет деген талап қойды. Бұл да осы университеттің мамандарына қойылып отырған үлкен үміт және міндет.

Бейнелеу өнері мамандығының қоғамдағы і мен болашақтағы қалыптасып дамуы, мамандық ғалымдарының, суретші-ұстаздарының біліміне, кәсіптік деңгейлеріне, жарық көрген ғылыми монографияларына, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарының маңыздылығына тікелей байланысты екені белгілі. Монография, оқулықтардың сапасы ғылыми-теориялық деректердің қолданысына қарай бағаланатыны белгілі. Монографияны кім жазады? Қатардағы оқытушы ма, көп жылғы жұмыс өтілі бар оқытушы ма, әлде тек ғылыми дәрежесі бар ғалым ба? Әрине жоғары білікті ғылыми дәрежесі бар, бірнеше оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулары басылып жүрген танымал ғалым-оқытушы жазуы керек. Монографиялық еңбек, оқулық, оқу құралын жазатын ғалымның бұрынғы ғылыми еңбектері мен диссертациясы тек өзінің бағыты бойынша жазылған жағдайда дұрыс деп ойлаймын. Себебі сол ғалым ғана көтеріп отырған мәселенің ғылыми негіздерін терең оқып, ерекшелігін түсінген, диссертация жазу кезінде кітапханадағы өзінің ғылыми жұмысына қатысты кітаптардың мазмұнымен таныс, библиографиялық картотекасын жинаған. Бұл жерде тағы бір ескеретін мәселе, тек қана қалтасында ғылыми дәрежесін растайтын дипломы бар, бірақ ғылыми жұмыспен айналыспайтын, қорғағаннан кейін бірде бір оқу құралын жазбайтын оқытушы ғана жазуға құқылы деген сөз емес. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында /10 қаңтар, 2007ж./ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынбас бұрын, еліміздің алдында тұрған жаңа мақсат-міндеттерді саралап, оларды шешу жөніндегі ойын ортаға сала келе, елдің жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізі факторларының бірі білім беру сапасын арттыру екендігін баса айтып өтті. Бұл жерде мәселе ғылыми диссертациялардың қазіргі уақытта қаншалықты біздің білім беру жүйемізге қажеттілігі жайлы /3/. Қаншама ғылыми диссертациялар қорғалса да оқу процесіне қажетті болмағандықтан қолданылмай жатыр. Педагогика саласы бойынша қорғалған ғылыми жұмыстарға сын айтылып келген, қазір де осы мәселе айтылуда. Ол орынды да, мысалы біздің мамандықтан бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша диссертациялық кеңестің болмауынан мамандықтың ізденушілері басқа 13.00.01 - Педагогика тарихы, теориясының кеңесінде қорғап шығады. Қазір тіпті жақсы болды, жаңадан 13.00.08 жаңа мамандық бойынша диссертациялар қорғала бастады. Мысалы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетіндегі біздің бейнелеу өнері бағыты бойынша докторлық қорғайтын кеңесте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі, сызуды оқыту әдістемесі орта мектеп бойынша және осы мамандықтармен қатар ЖОО-да кескіндемені оқыту, сурет, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, өнер тарихы, компьютерлік графика мамандықтарының шифры бар. Ең бастысы, қажеттісі деп ойлаймын, әр сала бойынша Кеңестің құрамы ғалым мамандармен қамтамасыз етілген. Сондықтан мамандар өз саласы бойынша қорғалатын жұмыстарының сапасына қатты көңіл бөледі. Ал бізде педагогиканың тарихы бойынша қорғап шыққан ғалым ғылыми ізденіс кезінде педагогика тарихы мен теориясының ғана ғылыми негіздерін оқыды, өзінің бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне байланысты терең ізденген жоқ. Себебі талап солай. Осыдан барып базалық білімі мен ғылыми дәрежесі екі түрлі болып шығады. Өзінің тікелей мамандығының ғылыми материалдарымен таныспаған ғалым қалай оқулық, оқу әдістемелік құрал жазады. Біздің бұрынғы жазылған кітаптардың тапсырмаларынан шыға алмай жүргеніміз осыған байланысты деп есептеймін.

Қазірге дейін бейнелеу өнерін жоғары оқу орындарында және орта мектепте оқыту әдістемесіне байланысты өз тілімізде оқулықтар жазу толық шешімін таппай тұрған мәселе. Қолданыста жүрген оқу құралдарының барлығында сурет салудың жолдары ғана көрсетіледі. Мектеп оқушылары кітапта қалай көрсетілсе, солай көшіріп салып береді. Баланың жас ерекшелігі, табиғи қабілеті ескерілмейді, уақыт ағымына қарай жаңаша оқыту, жаңа заманның талабын ескеретін, жаңа проблемаларды шешуге бағыттайтын мектеп ұстаздарына ой салатын мәселелер қарастырылмайды. Бұрынғы кеңес уақытынан өзгертілмей қайталанып келе жатқан сабақты жүргізу әдістемесі мен тапсырмаларының көпшілігі орыс тілінде жазылған қалпында. Жоғары оқу орындарының 050107 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған сурет, кескіндеме, композиция және сәндік қол өнері пәндері бойынша қазақ тілінде оқулық, оқу құралдарын жазу да әлі күнге дейін толық қолға алынбай келе жатыр. Ресейде оқулықтарды кез-келген адам жаза бермейді, мысалы, мектепке дейінгі балабақшаға Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова. В.Казакова т.б., мектепке арналған оқулықты Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, С.П.Ломов, С.Е.Игнатьев, жоғары оқу орнына Н.Н.Ростовцев, Н.Н.Анисимов. Н.С.Боголюбов, Т.Я.Шпикалова т.б., сәндік қол өнері оқулығын Т.Я.Шпикалова, А.Хворостов, В.В.Корешков, В,Черемных, В.Демчев т.б жазып келеді. Барлығының тәжірибесі мол. Оларда әрбір ғалым, суретші-ұстаз тек өз бағыты бойынша ғана жазуға құқылы. Бізде қай бағыт болса да жаза береміз. Осыдан барып сапа жағы жоғалады. Қазір біздің мектеп мұғаліміне жаңа бағыттағы оқу құралы, жаңа әдістеме, жаңа педагогикалық технологияны қолдануға бағыт беретін оқулық ауадай қажет. Орта мектептегі білім беру жүйесінің 2008 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшуі мектептегі өтілетін пәндермен бірге бейнелеу өнерінің мамандарына үлкен міндеттер қоюда. Бізде 12 жыдық мектепке арналған оқулықтарды жазумен қатар сол оқулықтарды оқытатын маман дайындау мәселесі әлі де толық шешімін тапқан жоқ, былайша айтқанда, машинасы дайын, ал сол машинаның жүргізушісі дайын емес деген сөз. Қазіргі қоғамдағы күнде болып жатқан өзгерістер, бейнелеу өнері сабағын жүргізетін жоғары мектептің профессор-оқытушыларына, орта мектептің мұғалімдеріне жаңа талаптар меңзеп отыр. Қазіргі студенттерге сабақты жоғары деңгейде жүргізуге, студенттердің сұранысын қанағаттандыруға оқытушының тек үнемі ізденіс арқылы ғана жететіндігіне көзіміз жетіп келеді. Білікті суретші-ұстаз дайындауда студенттің кәсіптік деңгейін көтеру - оқытушының басты міндеті. Біздің «Бейнелеу өнері» кафедрасында арнайы сурет, кескіндеме, сәндік қол өнері пәндері бойынша оқытушылар тиімді оқыту үшін әр түрлі әдістемелік жолдарды қарастырып, қолдануда. Сурет, кескіндеме пәндері бойынша аудиторияда салатын натюрмортты құрастыру кезінде, ішіндегі заттарды қалай болса солай қоймай, студенттерді қызықтыратындай етіп ойластыруда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «дастархан» тақырыбына байланысты натюрморттың ішіндегі заттардың ішінде шын жемістер, бөлке нан, бауырсақ тағы басқадай бұрын салып көрмеген заттарды қолдану арқылы студенттердің тапсырманы салуға қызығушылықтарын арттыруға болады. Бұл кафедра оқытушыларының сабақ жүргізуге ізденіспен қарайтындарын, оқытудың жаңа тиімді жолдарын қолдануға бағыттала бастағанын аңғартады. Білікті маман дайындауда тиімді оқытудың тағы бір түрі – оқу топтарындағы студенттердің арасында өзара бәсекелестікті қалыптастыра білу. Бәсекелестік болмаған жерде ешқандай жақсы нәтиже болмайтыны белгілі. Қазіргі бүкіл дүние жүзіндегі қалыптасып отырған осы бәсекелестік саясаты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, 2-курстан бастап студент Амандық Талғаттың «Менің Қазақстаным» атты дербес көрмесін 2006 жылы желтоқсан айында университеттің бас ғимаратында, қараша айында Отырар кітапханасында ұйымдастырдық. Бәскелестікпен қатар көрменің тағы бір басты мақсаты - бейнелеу өнерінің туындылары арқылы жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту. Көрмеге Талғаттың шығармашылық туындыларымен қоса жазғы пленэр практикасында орындаған жұмыстары да қоса қойылды. 2007 жылы Президенттің мәдениет орталығында Республика көлемінде шығармашылық дербес көрмесі ашылды. 2008 жылы Түркістан қаласы, Шортанды ауданы, Күләш Байсейітова атындағы театрда шығармашылық көрмесін ұйымдастырды. Осы көрмеден кейін қазір басқа оқу топтарында оқитын қабілетті студенттер осындай көрме жасауға дайындала бастады. Өз беттерімен шығармашылық жұмыстарын орындауға кірісті. 3-курс студенті Шалғынбаев Нұрлан Қорғалжын ауданының логотипін жасады. Арнайы шығармашылық көрмесін ұйымдастырып, дипломмен марапатталды. Алдағы желтоқсан айында ИЗО-31 оқу тобының студенті Жалын Бурхан дербес көрмесін ұйымдастыруға дайындық жасауда.

2006 жылы жастардың «Шабыт» шығармашыл фестиваліне 7 студент қатысса, биыл 2008 жылы 11 студент қатысып, 1 диплом, 1 грамотамен марапатталды. Сәндік қол өнері бойынша биыл бірінші рет «Кесте» техникасын қолданып, аудиториялық тапсырмалар орындалуда. Кафедрада бейнелеу өнері пәндері бойынша әр түрлі табиғи материалдар қолдану арқылы студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, әрбір студенттің шығармашылық ойын дамыту міндеттері басым бола бастады. Бұрынғы ескі жүйемен біркелкі тапсырмалар арқылы оқытудың тиімсіздігін сезген оқытушылар, оқыту процестерінде ұлттық өнерімізге баса көңіл аудара бастады. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытуды дұрыс ұйымдастыруға оқулықтармен қатар сол жерде орналасқан кафедраның тікелей қатысы бар екені белгілі. Педагогикалық практика өткізу үшін, кафедра мектептегі арнайы кабинетке әдістемелік жағынан көмек көрсетуге міндетті. Қазіргі жаһандану заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын бейнелеу өнерінің суретші-ұстазын дайындау, біздің мамандық бойынша ең жауапты және маңызды міндетке айналып отыр. 4-курс студенттерінің 4-еуі Республикалық «Дарын» жастар конкурсына құжаттарын өткізді. 3-4-курс студенттері арасында Астана қаласында суретші, дизайнер, өнертанушы, мектеп мұғалімі болып қызмет істеп жүр. Бейсеева Әсел ғылыми жұмыс орындап, Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсына жіберді. Ақпан айында кафедрада Астана қаласының дизайнерлерімен, атақты сәулетші, кафедра оқытушылары және студенттердің қатысуымен ғылыми әдістемелік семинар өткізіліп тұрады. Ғалымдармен қатар студенттерде өз баяндамаларын жасап, пікір алмасады. Мұндағы мақсат – студенттерді ғылыми ізденіс жұмыстарына баулу. Қазір бейнелеу өнерін оқыту барысында оқушылардың жеке даралық шығармашылық қабілетін ескеру арқылы оқыту, пән мұғалімінің басты міндеті болып саналады. Осы уақытқа дейін жоғары мектептің оқытушысы, не болмаса мектеп мұғалімі оқу процесінің жемісті болуы тек бағдарламаларға немесе күрделілеу жазылған әдістемелік нұсқауларға ғана байланысты деп ойлап келген болатын. Практика жүзінде олай еместігін өмір көрсетіп отыр. Ендігі жерде ұстаздарда қалыптасып қалған түпкі психологияны өзгертуіміз қажет. Білім беру саласында жүрген ұстаздар бұрынғы үйреніп, қалыптасқан оқыту әдістемелеріне, оқушыларына деген көзқарастарын түбегейлі өзгертуге күш салулары керек. Ондай ізденіске икеміңіз жоқ па, жаныңыздағы келе жатқан жастарға орынды босату қажет. Сонда ғана жаңа өзгерістерді тезірек енгізіп, білім саласына қойып отырған Елбасымыздың тапсырмасын орындаймыз. Сондықтан қазір білім беру сапасы жаңа формациядағы мұғалімге тікелей байланысты болатыны дәлелденіп отыр. Жаңа формациялы мұғалім дегеніміз – өмірдің сұранысына қарай бейімделе алатын, жастардың мәселесін сезетін, жаңаша ойлайтын, жаңа оқыту технологияларын меңгеруге ізденетін, компьютерді қажетіне қарай сабақта қолдана алатын, әрбір студенттің психологиясын, жас ерекшеліктерін, сурет салу мүмкіншіліктерін анықтай алатын, өз мамандығы бойынша ғылыми, әдістемелік және кәсіби деңгейін көтеруге ізденетін жоғары білікті суретші-ұстаз. Биылдан бастап оқытушы-профессорлар арасында ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру қолға алынды. Жоспар бойынша желтоқсан айында университеттің бас ғимаратында көрмені ашпақшы ойымыз бар. Бұл да оқытушылардың білімі мен кәсіби деңгейлерін анықтайтын көрсеткіш құрал болады.

Сапалы білім беруде оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану – болашақ суретші-ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесін қосары анық.

Әдебиеттер тізімі

1. Болашақ, №1, 2006.

2. Басқарушылардың жаңа буыны қажет. //Егемен Қазақстан, 11 қаңтар, 2007.

3. Ішітарлық жасамасақ, элитарлық оқу оқимыз.// Астана Нұр, 21 сәуір, 2005.

4. Столичное образование, № 3-4, 2006.

Р.А.Байжолова,

кандидат экономических наук, доцент

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

Похожие:

АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ақпараттық технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің оқу-әдістемелік материалдары 01. 09. 2008 ж
«Ақпараттық технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің оқу-әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconФизико-математический факультет Кафедра Информационных систем обучения список научных и методических работ
Асқарова Ғ. А. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік құзырлығын қалыптастырудағы инновациялық технологиясы // Білім және ғылымдағы...
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің
Темпус жобасы бойынша "Екінші компетенция ретінде Ақпараттық технологиялар" оқыту бағдарламасы
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconФизика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені
Экономикалық математикалық модельдеу”,” эаж жаңа технологиялар”, “Ақпараттық технологиялар”, “Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері”,...
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconХалыќаралыќ «Сейтен таѓылымдары» ѓылыми-практикалыќ конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясы материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconОқу түрі: сыртқы
Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница