АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары




НазваниеАҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
страница4/61
Дата конвертации13.02.2016
Размер8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://enu.kz/repository/repository2012/23. H ?ilimi-?d
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ


СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕТОДИКИ ПРЕПОДАВАНИЯ


А.Т. Ақылбеков,

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

О. Құрманұлы,

техника ғылымдарының кандидаты, доцент


СТУДЕНТТЕРДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Педагогика жастарға ғылыми негіздегі білім берудің технологиясын жасап, оны практикамен ұштастырғандығының нәтижесінде іргелі ғылым саласы ретінде қалыптасқандығы баршамызға белгілі. Негізінде педагогиканы басқа іргелі ғылым салаларына ұқсас жалпы (теориялық) және қолданбалы деп қарастыру дұрыс сияқты.

Қолданбалы педагогика дегеніміз - белгілі бір ғылым саласына қатысты пәнді оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздегі әдіснамасы болуға тиіс. Олай болса, қолданбалы педагогиканың міндеті  қарастырып отырған мамандық пәндерін оқыту барысында осы мамандыққа қатысты жастарға берілетін білім мен ғылымды практикамен ұштастыру жолын қарастыру болмақ. Ол үшін әрбір оқытылатын пән студент жастарды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуі тиіс. Сонда ғана заман талабына сай болашақ білімді де білікті, яғни құзыретті іскер мамандарды дайындай аламыз.

Біздің дайындап жатқан мамандарымыз ертең-ақ өмірге (ғылым-білім салаларына, өнеркәсіп-өндіріске) жолдама алады. Сондықтан, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер өз мамандылығына икемделген, ертең-ақ сол мамандықты игеріп кететін, бәсекелестікке, шығармашылыққа қабылетті маман болуға сақадай сай болуы керек.

Қазіргі жас мамандарға қойылатын талап та өте жоғары. Себебі, ғылымның шарықтай дамуына байланысты өндірістік техника мен технология күн сайын өзгеріске ұшырауда. Техника мен технологияның жетістігі бір жағынан алып қарағанда педагогикалық әдіснаманы жүзеге асыруды жеңілдетеді, ал бұл өз кезегінде педагогикалық зерттеу саласында жаңаша ізденістерді талап етеді.

Педагог ғалымдар мен оқытушылардың ұстаздық қызметінің басты міндеті  студент жастардың бойындағы шығармашылық қабілетін тани білу, олардың қабілетін дамыту жолдарын қарастыру, ынталандыру, мүмкіндік жасау, шығармашылыққа тәрбиелеу бомақ.

Студенттерде шығармашылық қабілеттілікті қалыптастыру үшін мамандығына қатысты базалық пәннен сабақ беретін оқытушы-ұстаз, ең алдымен оларды шығармашылыққа икемдеу керек. Ол үшін:

 студенттердің пәнге қызығушылығын тудыру;

 ізденімпаздыққа баулу, моральдік ынталандыру;

 пәннің ғылыми-практикалық маңызынан хабардар ету;

 сол пәннің, оның болашақ кәсіби мамандықты игеруіне, нақты әсері болатындығына сендіру;

 теориялық білімсіз ғылыми жетістіке жетпейтінін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу;

 пәнге қатысты ғылым саласының бүгінгі жетістіктері мен болашағы туралы және де басқа ғылым салаларымен ара байланысы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;

 ұлы ғалымдардың еңбек жолдарымен, ашқан жаңалық шығармаларымен таныстыру;

 «сен де жаңалықтар ашасың, қоғам сенен жаңалықтар күтіп отыр, оған сенің мүмкіндігің бар» деген сенім жүктеу;

 мамандыққа қатысты жаңа технологиялар мен құралдарды игеруге көмектесу;

 кәсіби шығармашылықтың маңызын түсіндіру, шығармашылық көзқарас және үміт қалыптастыру;

 ең бастысы - студенттерді шығармашылыққа жетектейтін педагогикалық негіздегі оқу-әдістемелік нұсқаулар мен пәндік әдіснамамен қамтамасыз ету.

Студенттерді шығармашылыққа тәрбиелеудің бірнеше критерийлерін алып қарастырайық.

Шығармашылық:

 болашақта өз мамандық кәсібінің шегін (әр түрлі мамандықтар мен кәсіп аралық байланыс) кеңейту, тәжірибе алмасу, оны өз мамандығының ерекшелігіне сай жаңғырту;

 кәсіпті өзінің жеке шығармашылығымен кеңейту;

 басқаның тәжірибесін сараптау оның жетістігін көре, бағалай білу;

 өздік шығармашылық бағыт ұстану.

Объективтік:

 еңбек өнімін жоғарлату, саны мен сапасын арттыру;

 әлеуметтік мәртебеге жету, кәсіби мәселелерді шешу.

Субъективтік:

 кәсіби бағыттылық, кәсіби құндылық, жоғары нәтиже;

 кәсіби рухани дайындық, белсенділік, сенімділік, өзін кәсіби тұлға ретінде сезіну.

Нәтижелік:

 шығармашылық еңбегін практикада қолдану;

 әлеуметтік, экономикалық жетістікке жету, бүгінгі күнгі, яғни заман талабының сұранысын қанағаттандыру.

Үдерістік:

 еңбек ауқымын кеңейту, іскерлігін, өнімнің сапасы арттыру, санын үнемі молайту,

 уақыт ұту, еңбек қарқынын арттыру.

Нормативтік:

 кәсіп нормаларын қанағаттандыру, еңбек өнімдерінің үлгі өлшемдері стандартқа сай келу;

 кәсіптің сапалық және шеберлік деңгейі жоғары және оның үлгі өлшемдері бәсекелестікке жарамды болу.

Даралық-вариативтік:

 шығармашылық еңбегінің даралығы, басқаны қайталамау;

 ғылымға, өндіріске пайда әкелу, жаңалық ретінде танылу.

Сапалық және сандық:

 кәсіби шығармашылық деңгейі қоғамдық, әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыру, кәсіби сынаққа және бәсекелестікке төтеп беру;

 сандық көрсеткіштері бойынша жоғарыдан көріну, сұранысты қамтамасыз ету.





4.1-сурет


Кәсіби маманның шығармашылық қабілеттілігі дегеніміз  жоғарыдағы критерийлерді толық қанағаттандыратын еңбек ету барысында өзін заман талабына сай өзгертіп, дамытып отыратын, кәсіби қауымды өз еңбегінің нәтижесімен қызықтырып, қоғамдағы беделін көтере білетін, білім мен ғылымды практикамен ұштастыру арқылы мамандық кәсібіне шығармашылық үлесін қосып отыратын дара маман иесінің қасиеті.

Кәсіби маман шығармашылық деңгейге көтерілуі үшін екі қанаты  «білім» және «ғылым», бір базалық тұғыры  «практика» болатындығын, бұл ұғымдардың арақатынасын жоғарыдағы 4.1-суретте көрсеттік.

Әрбір мамандық бойынша студенттерді шығармашылыққа тәрбиелеудің өздік ерекшеліктері бар. Біз мұнда электроника, электротехника және радиотелекоммуникация мамандықтары бойынша оқитын студенттерді, олардың басты базалық пәндерінің біріне жататын электрлік тізбектер теориясы арқылы шығармашылыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздегі әдіснамасын нақты оқу-әдістемелік нұсқаулардың негізінде ұсынып отырмыз. Мұнда студенттерге электрлік тізбектердің сұлбалары беріледі.

Студенттерді шығармашылыққа бастау үшін мынадай талаптар қойылады:

1) берілген тізбекке теориялық, аналитикалық есеп жасайды;

2) тізбекті оқу зертханасында сұлба бойынша өздері құрастырып, өлшейді, өлшеу нәтижелерін теориялық есептеумен салыстырады;

3) тізбектің сұлбасын компьютерлік сұлба техникалық бағдарлама арқылы құрастырып, толық талдау және сараптама жасайды;

5) студент берілген сұлбаға ұқсас жаңа сұлбаны өз ойынан құрастырып, шығармашылық қадам жасайды;

6) шығармасының деңгейі жоғары болған жағдайда, студенттердің ғылыми конференциясында баяндайды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы. Монография. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2001.-125 б.

2. Қолданбалы электроника. Студенттердің пәндік оқу-әдістемелік кешені. (Техникалық физика мамандығына арналған). – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007.-156 б.

3. Электротехника. Студенттердің пәндік оқу-әдістемелік кешені. (050723-Техникалық физика мамандығына арналған). - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006.-200 б.

4. Электротехника. Учебное пособие. - Астана: ЕНУ им.. Л.Н. Гумилева, 2008-250 с.

5. Электроника. Электрониканың салалары және олардың физикалық-техникалық негіздері.- Астана: ЕҰУ им.. Л.Н. Гумилева, 2007. 215 б.

6. Теория электических цепей. Учебное пособие. - Астана: ЕНУ им.. Л.Н. Гумилева, 2008 - 280 с.

7. Нурахметов Т.Н., Курманулы О., Солдатханулы Д. Основы радиофизики и электроники. - Астана: ЕНУ имени Л.Н.Гумилева, 2008. 258 с.

8. Кұрманұлы О., Ерзадақызы М.. Электрлік тізбектер теориясы. Оқу құралы . - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2008. -200 бет

9. Құрманұлы О. Электроника. Импульстік және цифрлік электрониканың негіздері. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007. 135 б.

10. Ақылбеков А.Т., Құрманұлы О. Электрондық оқулық. Электрлік тізбектер теориясы. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2008.


С.А. Аманжолов,

педагогика ғылымдарының докторы, доцент


БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТ САЛУ МҮМКІНШІЛІГІН АНЫҚТАУДА

СУРЕТШІ-ҰСТАЗДЫҢ БІЛІМДІЛІГІ


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылы 8 ақпандағы Халыққа арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында білім берудің басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту екендігін айтты /1/. Бұл Жолдаудан барлық білім беру саласына тағы да маңызды талап қойылғанын анық көруге болады. Басқа пәндермен қатар орта мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері сабағын жаңа көзқараспен оқыту қажеттігі туындады. Себебі бұрынғы оқыту жүйесі қазіргі талапқа сай келмей отыр.

Бейнелеу өнері сабағы бойынша балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтау, сапалы білім беруде жаңаша әдістер қолдану керектігі әлі де іс-жүзінде кейін қалып келеді. Оқушылардың табиғи мүмкіншіліктерін, дербестік ерекшеліктері мен психологиялық даму қабілеттерін, жас ерекшеліктеріне байланысты білім деңгейін жоғарылату, шығармашылыққа деген талпынысын арттыру арқылы қабілеттігін қалыптастыра беру барысында мемлекеттік білім стандартына тың әдістемелік өзгерістер, жаңа тақырыптар, қызықты құрастырулар енгізіп, қабілетті, дарынды, талпынысы бар оқушыларға жеке үйірме сабақтарын ашуды, үйірме бойынша жеке оқу бағдарламаларын дайындауды, сол арқылы сапалы оқыту әдістемесін жасауды жүзеге асыру қажет.

Ал, осы міндеттерді мектеп мұғалімі орындайтын болғандықтан бұл мақсатқа жету үшін пән мұғалімі өз пәніне аса жауаптылықпен қарауы керек. Жауаптылықпен қарау дегеніміз - мұғалімнің бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілді қолдана білуі, оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалануы мен үнемі сурет салуға дағдылану арқылы бейнелеу тілін жан-жақты меңгеруі. Әсіресе бейнелеу өнері пәнін оқытатын мұғалімнің психология, педагогика ғылымдарынан теориялық білімі терең, шығармашылық деңгейі жоғары болуы тиіс. Сонда ғана оқушылар сурет салуды үйреніп қана қоймай, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереді, әсемдікті түсіну арқылы мәдени мүмкіндіктерін арттыра алады. В.Г. Белинский «Эстетикалық сезім - ізгілік негізі, адамгершілік негізі» деген екен /2/. Міне, біз бейнелеу өнері арқылы ғана баланы мәдениеттілікке, адамгершілікке, құрмет пен сүйіспеншілікке бөлей аламыз, тәрбиелей аламыз.

Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс психологы Г.Кершенстейнер: «Балалар сурет салғанда көргенін емес, ойындағы білгеніне сүйене отырып салады», - деп дәлелдеген болатын /3/. Менің ойым осындай ғалымдардың айтқан пікірлерін қазіргі уақытта өз көздерімен іс жүзінде тексеріп көру еді. Балалардың салған суреті жалпы қоғамға қажеттілігі бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл өнертанушы ғалымдармен қатар психологтар, тарихшылар, биологтар, суретшілер мойындап келгенін тарихи деректерден білеміз. Жер шарындағы ең көп халықтардың ішіндегі көбі - балалар болып есептеледі. Сондықтан болуы керек, атақты ағылшын жазушысы Ульям Блэйк: «Балалар – адамзаттың атасы», - деген екен. «Балалардың салған суреттеріне қарап балалық шағымызды есімізге аламыз, туған жеріміз есімізге түседі», - дейді.

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айында Астана қаласының № 54 қазақ орта мектебінде бейнелеу өнері мамандығы бойынша 3-курс студенттерінің үздіксіз педагогикасында практика жетекшісі болдым. Екі апталық үздіксіз практика кезінде мектеп оқушыларымен болып, бейнелеу өнері сабағын жүргізу жолдарын бақыладым. 3-курс студенті Бейсеева Әселге бейнелеу өнері сабағын жүргізуге және сынып жетекшісінің рұқсатымен 2 «А» сыныбына жоспар құрастыруына, сабақ тақырыптарын өзі таңдауына рұқсат бердім. Басты мақсат - студенттің ұйымдастыруды өз мойнына алып, балалардың сурет салуға және суретке деген талпынысын анықтай алу мүмкіншілігін тексеру және балалардың психологиясын қаншалықты деңгейде түсінетіндігін анықтау. Сабақ беру барысында қай баланың деңгейі қандай екенін білу үшін, еркін тақырыпта тапсырма берілді. Еркін тақырыпты орындағанда балалардың жеке-дара шығармашылық, сурет салу қабілеттері анық байқалатыны белгілі. Қалған сабақтарын практика жұмыстарымен қатар өткізді.

Студент Ә.Бейсеева балалардың сурет салу мүмкіншілігін анықтау мақсатында алдымен балалармен танысты, оларға өздері ойланып, қалаған тақырыптарына қарай, қандай сурет салғысы келетінін анықтап, сол суретті салуға рұқсат етті. Бұл әдіс - балалардың жалпы бейнелеу мүмкіншіліктерін анықтау. Тапсырма орындаған оқушылардың жұмыстарын талдау кезінде оқушы Сәдуақасов Біржанның қыз бен жігітті салған суреті қызықты болды. Мұны Біржан өз ойынан салғандығы көрініп тұр. Оның бұрынғы суреттерінен көшіруге және теледидарда жүріп жатқан мультфильм кейіпкерлерін елестетіп салуға қабілетінің жоғары екендігі аңғарылады. Басқа да сынып оқушыларымен салыстырғанда Біржанның қабілеті ерекше. Ал, Кенжеәділ Әмина өз ойынан тау етегіндегі ауылдың көрінісін бейнелеген. Ауылдың ұлттық ерекшелігін, әсем табиғатын анық және шынайы көрсете білген. Қала баласының ауылдық жерді бейнелеуі еліне, жеріне деген баланың сүйіспеншілігін аңғартқандай. Темірлан жануар еліктің лағын бейнелеген, бояу қолдану кезінде суреттің маңайында боялмай ақ қағаз қалып қойған. Жалпы суретті артқы сурет заңдылықтарына қарағанда дұрыс салынған, түсті де орынды қолдана білетіндігін аңғартты. Маликаның салған суретінде Астана қаласындағы зәулім ғимараттың бірі бейнеленген. Алайда бояу түсін дұрыс қолдана білгенімен, зәулім ғимараттың жан-жағын ешқандай көрініспен байланыстыра алмағандығы жұмысына кедергі жасайтындай. Қарап отырсақ, әр баланың сурет салу деңгейі мен ойлау қабілеттері әр түрлі болатынына көзіміз толық жетті.

Балалардың суреттерін осындай жолмен анықтау арқылы жұмыстарынан туған еліміздің болашағы, табиғаты туралы толық мағлұмат алуға болады.

Бұдан балалардың қиял деңгейлері мен болашаққа деген үлкен ойларын аңғарамыз. Таң қалатын бір жай - бастауыш сынып оқушыларының сурет салудың жолдарын және талаптарын мойындамайтындығына қарамай, суреттері арқылы адамға ой салатын деңгейде үлкендерге әсер қалдыра алуы. Бұндай ерекшелікті кезінде атақты орыс психологы, балалардың суретін зерттеген Е.И.Игнатьев жазған болатын. Қазір біз балалардың табиғи заңдылықтарына қарай салған суретіне көп мән бере бермейміз, сондықтан бірінші сыныптан бастап, тіпті жастайынан сурет салу техникаларын үйреткіміз келіп тұрады. Біз бірінші, әрбір баланың өз ойымен, өз деңгейіндегі композициясын салғызбай басып тастаймыз, еркіндік бермейміз, керісінше үнемі табиғи қабілетінің еркін шығуына кедергі жасаймыз. Балалардың салған суреттерін бағалау да қазіргі орта мектептерде дұрыс жолға қойылмағанын көріп жүрміз. Мектеп балаларының суретін үлкендердің жұмыстарымен салыстыруға болмайды. Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі жоғарғы оқу орнында алған білімі бойынша сурет салудың барлық заңдылықтарына байланысты баланың суретін бағалауға тырысады. Бұл - үлкен қателік болады. Ондай мұғалім балаларды дұрыс оқыта алмайды. Өмірде қандай да болсын бір нәрсеге үйрету үшін, алдымен адамға қалай істелінетінін көрсетеді, содан соң үйренгісі келген адам сол көрсеткенді өзгертпей қайталайды. Солай тігін тігуді, машина жүргізуді үйренеді. Ал, балаларды оның ішінде бастауыш сыныптың балаларына сурет салу жолдарын осындай әдісті қолдана отырып үйретуге болмайды, жас балаларға үйрету мүлдем басқаша. Бастауыш сынып оқушыларының салған суреттеріндегі қатені қалай шығарады және оның қате салғанын қалай дәлелдеуге болады. Егер де баланың салған композициясындағы бір жерін дұрыс емес деп өшіріп тастасақ, қызықты болып көрінген композицияның мазмұны мүлдем өзгеріп шыға келеді. Баланың суретін көрген адам өзінің білім деңгейіне сүйене отырып бағалап, баланың суретінде қателіктер бар деп ойлайды, шын мәнінде баланың салған суреттерінде ешқандай қате болмайды. Мұғалім балалардың сурет салу ерекшеліктерінің теориялық негіздерін түсінуіміз керек. Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін көтеру және сурет салу деңгейін дер кезінде түсініп, дамыту тек мұғалімнің міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Баланы дұрыс оқытуға оқыту әдістемесінен басқа баланың мінезі, қабілеті, темпераменті де әсер етеді. Әсіресе, бейнелеу өнерінде баланың психологиялық жағы, мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, қабілеті, танымдық процестері қалыптасатыны белгілі. Бейнелеу өнерінде қозғалыс жүйелері мен ойлауы да көп өзгеріске ұшырайды.

Бастауыш сынып мұғалімі балалардың сурет салу деңгейін үнемі қадағалап, өзгеруін сезуі, ақыл беріп отыруы, тапсырманы орындауда балалардың алдына мақсат қоя білуі, оқушылардың еңбектерін дұрыс бағалауы, баланың салып бастаған суретін аяқтауды үйретуі ерекше маңызды. Бала сурет салуды мұғалімнің, не болмаса басқа әдіскердің талабы арқылы үйренбеуі керек. Бұл мұғалімнің қажеті жоқ деген пікір емес, яғни әр баланың жас мүмкіншілігін дұрыс түсіну туралы айтып отырмыз.

Елімізде осы уақытқа дейін балалардың суреттерін, ғылыми негіздерін түсіндіретін қазақ тіліндегі оқулықтар өте аз. Оның басты себептері, біріншіден, біздің елімізде бейнелеу өнерін оқытудың әдістемесі бойынша арнайы диссертациялық кеңестің болмауы, екіншіден, балалардың суреттерін зерттейтін ғалымдардың жетіспеуі және арнайы зертхананың жоқтығы.

Осы орайда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бейнелеу өнері кафедрасында алғашқы зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Болашақта Астанамызда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі және тәрбиесі жайлы диссертациялық кеңес ашу қажет. Мәскеуде бейнелеу өнерін оқытуға байланысты 2 арнайы зертхана бөлек, сондықтан араларында қызу бәсекелестік қалыптасқан. Біздің елімізде бір-бірімен бәсекелесетін ұйымдар құру арқылы оқулықтар мен бағдарламалар сапалы дайындалатын болады. Сонымен қатар осы бағытта небары 4 ғылым докторы мен 20 шақты ғылым кандидаты бар. Бұны көлге құйылған бір тамшыдай ғана деп түсінуге болады. Педагогика саласынан диссертация қорғаған кандидаттар мен докторлардың барлығы бірдей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сапалы оқулықтар жазуы мүмкін емес, себебі балалардың салған суреттері жайлы жүргізілген ғылыми зерттеу материалдарымен және ғылыми деректермен таныс емес. Сондықтан біздің алдымызға қойып отырған өмір талабы – үлкен ғылыми жетістіктерге жету және сапалы оқулықтар мен бағдарламалар дайындауға қол жеткізу деп ойлаймын.

Мұғалім өзінің теориялық білімін практикамен байланыстырып, іс жүзінде дұрыс қолдана білсе, білім беру сапасы жоғары болары анық. Елбасымыз еліміздің ғалымдары мен білім беру саласына осындай үлкен міндеттер қойып отыр.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Халыққа Жолдауы. // Дала мен Қала №5. 8- ақпан, жұма. 2008.

2. Даналардан шыққан сөз. Алматы, 1994.

3. Аманжолов С.А. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы. Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

Похожие:

АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ақпараттық технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің оқу-әдістемелік материалдары 01. 09. 2008 ж
«Ақпараттық технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің оқу-әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconФизико-математический факультет Кафедра Информационных систем обучения список научных и методических работ
Асқарова Ғ. А. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік құзырлығын қалыптастырудағы инновациялық технологиясы // Білім және ғылымдағы...
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің
Темпус жобасы бойынша "Екінші компетенция ретінде Ақпараттық технологиялар" оқыту бағдарламасы
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconФизика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені
Экономикалық математикалық модельдеу”,” эаж жаңа технологиялар”, “Ақпараттық технологиялар”, “Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері”,...
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconХалыќаралыќ «Сейтен таѓылымдары» ѓылыми-практикалыќ конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясы материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
АҚпараттық технологиялар Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары iconОқу түрі: сыртқы
Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница