Скачать 8 Mb.
|
Республики КазахстанАстанаПРЕДИСЛОВИЕ 1 РАЗРАБОТАН И ВНЕСЕН Техническим комитетом № 41 «Автоматизация и информатизация» при Евразийском национальном университете имени Л.Н.Гумилева Министерства образования и науки Республики Казахстан 2 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ приказом Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан № 1 от 26 января 2005 г. 3 СРОК ПЕРВОЙ ПРОВЕРКИ 2010 год ПЕРИОДИЧНОСТЬ ПРОВЕРКИ 5 лет
Настоящий стандарт не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен без разрешения Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан Содержание
Приложение 2Структурацентра дистанционного обучения Приложение 3Структурафункционирования центра дистанционного обучения ![]() ![]() S S-S*s% S*s% S – Общая сумма платы за обучения, s – доля каждого тьютора. ![]() ![]() М.С.Мәлібекова, информатика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы CТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК-АҚПАРАТТЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ Ғаламдық даму көшкiнiнен қалыспас үшiн бiлiм үнемi озық жүруi тиiс. Жоғары бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi нысаны – осы заманғы бiлiм мен компьютерлiк, ақпараттық технологияларға негiзделген, барынша сапалы бiлiм беру арқылы бiлiктiлiгi жоғары және бәсекелестiктiң мықты тегеурiнiне төтеп бере алатын кадрларды даярлау. Сонымен бiрге қоғамдағы әлеуметтiк және ғылыми-техникалық процестердiң дүниежүзiлiк сфераға бет бұруы, жаhандық және ақпараттық қоғамдағы тұлғаның белсендiлiгi, идеялық көзқарасы мен сенiмдiлiгi, шығармашылығы, кәсiптiк даярлығы бүгiнгi күннiң өзектi мәселесiнiң бiрi. Кәсiптiк-ақпараттық бiлiм берудiң бiр ерекшелiгi - студенттердi арнайы кәсiптiк және техникалық, ақпараттық технологиялық теориялармен қамсыздандырылып, қатар оқытылуында. Бұл өмiр ағымына сай мамандар даярлауда бiлiмдi ғылыми, техникалық, технологиялық, ақпараттық өзгерiске қарай қадағалап, толықтырып отыруды қажет етедi. Осыдан келiп оқыту бағдарламасын қалыптастыру, техника мен технологиялық процестермен ұштастыру, олардың дифференциаланып кiрiктiрiлген бiлiмiн бағалау талабы туындайды. Оқыту мазмұнына қойылатын мiндеттi минимумдардың iшiнде циклдар немесе пәндер бойынша мамандықтар стандарттарында бөлiмдер, проблемалар және тақырыптар деңгейiндегi iрi дидактикалық бiрлiктер көрсетiледi, мемлекеттiк деңгейдегi (мемлекеттiк компонент) жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мазмұны - үлгi оқу жоспарлары және бағдарламаларымен, ЖОО-нiкi – оқу жұмыс жоспарлары және бағдарламаларымен анықталуы тиiс. Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк компонентi ретiнде кәсiптiк бiлiм бағдарламалары мен ЖОО-ның оқу жоспарларына қазiргi iстегi заңдардың нормаларын iске асыратын пәндер мiндеттi түрде қосылды. Оқу процесінде жалпы мақсаттардан шығатын және басты принциптердi ескеретiн бiлiм мазмұнының құрылуына нормативтi талаптар жасалған:
Оқу пәнiнен кешендi бiлiм қалыптасуы үшiн ол бiлiмдер арасындағы байланыстың сипаты белгiлi болу керек, яғни студенттiң белгiлi бiр дәрежеде басқа пәндер туралы бiлiмi болуы тиiс. Сонымен қатар студенттердi ғылыми танудың ең жалпыланған әдiстерiмен, тану диалектикасы туралы бiлiммен қаруландыру керек. Студент пәндердi өзара байланыстыра алса, ұғымдарды танып, бiлiп қана қоймастан, оның қандай белгiлерi бойынша танылып тұрғанын да бiлiп тұрса, онда ұғымды саналы меңгергенiн көрсетедi. Оқу процесiнде кәсiптiк-ақпараттық бағыттылыққа баулуға байланысты ұсынылған әдiстемелер және құрылған модель негiзiнде iрiктелген пәндер циклы жүргiзiлдi. Мамандар даярлаудың құрылымдық-логикалық моделінің элементтерін граф ретінде қарастырып, сыбайлас матрицасын құрастырамыз. Матрица оңтайлы құрастырылған делінеді, егер бағандар мен жолдардың декарттық көбейтіндісі (ai*bj) бинарлы қатынастарынан құрылған элементтерінің саны n(n-1)–ге қарай ұмтылса. Матрицаның бағандары компьютерлік-ақпараттық технологияларға байланысты, жолдары кәсіптік пәндерге байланысты векторлардан тұрады дейік: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Матрица оңтайлы, егер матрицадағы бірліктер саны n(n-1)–ге жақындаса. Матрицаның бинарлы қатынасында ![]() ![]() ![]() ![]() Мұндағы n(n-1) - байланыстардың максимальді саны, к – кәсіптік және ақпараттық пәндерге байланысты шыққан байланыстардың саны. Біздің жағдайда графтың байланыстылығы жоғары дәреже көрсетеді. Пәндердiң құрылымдық-логикалық схемасы олардың iшкi құрылымын және басқа пәндермен байланысын бейнелейдi. Бұл жағдайда оқытудың мазмұндық жағы, пәннiң аталған бөлiмдерi мен тақырыптары бойынша қарастырылған. Құрылымдық-логикалық схема негiзiнде талданып отырған пәннiң өзiнiң алдында тұрған және өзiнен кейiнгi оқытылатын пәндермен құрылымды және мазмұнды байланысы анықталады. Тек құрылымдық-логикалық схема оқыту процесiндегi бiлiм мазмұны мен деңгейi, ақыл-ой мен бiлiктiлiк, маманға оқыту iсiнде қажеттi құрылымдық талаптар қамтамасыз етiлген бе деген сұрақтарға жауап бермейдi. Бұл сұраққа жауап негiзiнен жоғары оқу орнының пәндерiне талдау жасаған, нақты белгiлермен байланыстырған мамандар iскерлiгiнiң эксперттi бағалауы арқылы алынады /3/. Осындай талдауды негiздей отырып, жаңадан құрылған құрылымдық-логикалық схеманың бiр жүйеге келтiруге әкелетiнiн көремiз. Ол жүйе жалпы дүниетанымдылық, іргелі, арнайы пәндердi оқытуда, әсiресе компьютерлiк техника, жаңа ақпараттық технологиялардың процессуалдық жақтарын ескеруге тiкелей байланысты және ғылыми негiзделiп қолданылады. Ол бiздi жүйелi бiлiм беру, пәндер интеграциясы, бiлiм мазмұны мен оқыту мазмұнын оңтайлауға әкеледi. Сонымен студенттердiң ойлау қабiлетi жинақталған бiлiм қорына байланысты. Демек, ақыл-ой дамуының негiзi оқытылатын пәннiң мазмұнына, яғни олардың меңгеретiн ғылыми бiлiмдерi жүйесiне байланысты. Студент белгiлi бiр бiлiм қоры болмаса ойлай да алмайды. Бұл осыған әкеледі. Бiлiм мазмұнының оңтайлылығын арттырудың мынадай жағдайларын қарастырамыз:
Оқу пәндерi негiзiнен мына принциптер негiзiнде интеграцияланады:
Оқыту материалы түсiну тәсiлдерiн ғана емес, сонымен бiрге студенттiң таным және iскерлiгiнiң логикалық субъектiсiнің де қалыптасуын, оның құрылым, логикалық ұйым, жаңа ақпараттық технология жағдайында алдағы материалды меңгеру құралдары, әдiстерi жайында түсiнiгiн дамытуды болжайтын оқытудың әдiстемелiк типiне көңiл бөлуге мүмкiндiк беретiн оқыту материалы мазмұнының шешiмiнiң негiзгi жайларының бiрi болып табылатынын түсiну керек. Бұл тұрғыда біз «Информатика» мамандығына арналған ақпараттық-дидактикалық жүйе жасадық. Ол жүйе аталған мамандықтың оқу пәндерінен тұратын электронды оқу-әдістемелік кешен болып есептеледі (сурет 1). ![]() Сурет 1 – «Информатика» мамандығы бойынша пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешенінен көрініс Бiлiм беру мазмұнын жаңарту оқу пәндерiн көбейту тұрғысынан ғана емес, сонымен бiрге оқу пәндерiн қайта қарастыруда бiрлестiрiлген курстарды құру және оларды ұйымдастыру тұрғысынан жүргiзiлуi керек. Оқу курстарының мұндай құрылымдары бiркелкi әдiстемелiк басталуын, жеке пәндердiң бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығын қамтамасыз етедi. Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П.Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қабығының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша нерв байланыстары жетекшi роль атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде нерв қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi оларды жалпылап отырады. Бұл жерде де ойлаудың бiрiншi сигнал жүйесi мамандықтың қызметiне байланысты студенттiң кәсiптiк ойлауына, ал екiншi сигнал жүйесi сол кәсiптiк ойлауының тереңдеп, модельденуi болып, яғни ақпараттық ойлау болып есептеледi. Әдебиеттер тізімі:
|
![]() | «Ақпараттық технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің оқу-әдістемелік материалдары 01. 09. 2008 ж «Ақпараттық технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің оқу-әдістемелік материалдары | ![]() | Физико-математический факультет Кафедра Информационных систем обучения список научных и методических работ Асқарова Ғ. А. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік құзырлығын қалыптастырудағы инновациялық технологиясы // Білім және ғылымдағы... |
![]() | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің Темпус жобасы бойынша "Екінші компетенция ретінде Ақпараттық технологиялар" оқыту бағдарламасы | ![]() | Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған |
![]() | «Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым «Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары | ![]() | «Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым «Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары |
![]() | «Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым «Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары | ![]() | ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені Экономикалық математикалық модельдеу”,” эаж жаңа технологиялар”, “Ақпараттық технологиялар”, “Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері”,... |
![]() | Халыќаралыќ «Сейтен таѓылымдары» ѓылыми-практикалыќ конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясы материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы | ![]() | Оқу түрі: сыртқы Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған |