Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница9/20
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.9 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Duisebaev.Filos-Z.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

ЛЕКЦИЯ №13

Тақырыбы: 19ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

Жоспары:

1. Неокантшылдық

2. Феноменология

Лекцияның мақсаты: 19ғ.батыс философиясымен танысу.

1. Неокантшылдық – “Кантқа қарай артқа!” деген ұранмен ХІХ ғасырдың екінші жартысында Германияда пайда болған философиялық идеялистік бағыт. Кейінірек бұл бағыт өзге де елдерге соның ішінде Ресейге де тарады. Оның басты міндеті: Кант философиясын (әсіресе оның идеялистік және метафизикалық элементтерін) жекелеген ғылым салаларында жаңа нәтижелермен толықтырып, жаңарту болды.

Неокантшылдықтың басты принциптері үш негізгі ұғымға келіп тіреледі:

А) Философияны танымды тек сынау ретінде ғана ұғыну.

ә) Танымды тәжірибе сферасымен шектеп, онтологияның ғылыми пән ретіндегі мәртебесінен бас тарту.

Б) Априорлық нормаларды танымның басты себепшісі ретінде мойындау.

Неокантшылдық өзінің толық мағынасында екі неміс мектебінде: Марбург және Фрейбург (баден) мектептерінде көрінді. Екі мектепке де тән негізгі сипат және бұлардың бастарынан кешкен ортақ қиыншылығы, Канттық ұғымдағы “өзіндік затты” қарастырып отырған негізгі мәселелерінен алып тастау арқылы Кант үшін үлкен мәнге ие болған танымның объективтілігі мәселесін шеше алмады.. Бұл мектептің ең басты өкілдері: Г.Коген (осы мектепті басқарған), П.Наторп және Ә.Кассирер. Бұлар таным пәнін кез-келген танымнан тыс жатқан субстанция ретінде емес, прогресс нәтижесінде тәжірибе болып қалыптасқан субъект ретінде қарастырады. Соған сәйкес философия, қандай да бір субъектіні талап шығарудағы шығармашылық жұмысты ғана алдыңғы орынға қоюды мақсат етіп қояды. Сонымен бірге бұл жұмысты өзінің таза заңды негізінде таниды.

Коген Герман (1842-1918) Кант ілімінің логикалық жағына мән бере отырып, ойлау тек форманы ғана емес, сонымен бірге танымның мазмұнын да туындатады. Ойлаудың білімді туындататын басты маделі Коген бойынша математика болып табылады.

Коген секілді Наторп Паульда (1854-1924) математикалық талдауды ғылыми білімнің классикалық үлгісі ретінде есептейді.

Коген мен Наторптан кейін Кассирер Әрнст та (1874-1945) Кант жүйесінен, тәжірибе әлемін қалыптастырушы екі фактордың бірі ретіндегі (таным субъектісімен қоса) “өзіндік зат” ұғымын алып тастады. Тәжірибені құрайтын материал Кассирер бойынша алдымен ойдың өзінде қалыптасады. Осылайша кеңістік пен уақыт түйсінудің априорлық формасы ретінде болудан қалып (Канттағыдай) ұғымға айналады. Канттың теориялық және практикалық санасының орнына Кассирерде біртұтас “мәдениет әлемі” болды.

Маргбургшілердің көзқарасы бойынша ғылым формасында берілген және соған бағытталған және ойлау мәдениетті жаратушы ретінде көрінеді. “Өзіндік заттан” бас тарту ойлаудың белсенділігінің абсолюттенуіне және субъективизмге алып келеді. Осыдан олардың тарапынан объективті-идеялистік бағытқа ден қоюдың қажеттілігі туындайды. Болмыстың алғы шарты ретіндегі қағиданы Марбургшілер Құдайдың ақыл-ойы мен құлықтылығы деп санайды.

Баден мектебі өкілдерінің ең басты қарастырған мәселесі - әлеуметтік танымның өзіндік ерекшелігі мәселесі, оның формалары, әдістері, жаратылыстану ғылымдарынан ерекшелігі т.б. болды.

Неокантшылдардың Баден мектебінің өкілдері: Виндельбанд Вильгельм (1848-1915) және Риккерт Генрих (1863-1936) ғылымдардың екі тобы: тарихи және жаратылыстану ғылымдары бар екендігі жайлы тезисті ұсынды. Мұның біріншісі - жеке, қайталанбас оқиғаларды, жағдайлар мен процестерді сипаттаушы болса, екіншісі - өмір сүрмейтін жекелеген қасиеттерден алшақтау арқылы зерттелетін объектілердің жалпы, қайталанып отыратын қалыпты қасиеттерін анықтап отырады. Біріншісі Бадендіктер идиографиялық деп атаса, екіншісін номотетикалық деп атады.

2 Феноменология (грекше- құбылыстар жайлы ілім)- 1) философиялық пән. 2) идеялистік философиялық бағыт.

Негізін қалаушы және философиядағы феноменологиялық мектептің басшысы Эдмунд Гуссерль (1859-1938).

ХХ ғасырдың басында феноменология дербес философиялық ілім ретінде пайда болды. Ә.Гуссерльдің пікірі бойынша, оның негізгі зерттеу объектісі – ол ғылыми білім мен таным. Мақсаты – ғылым жайлы ғылымды қалыптастыру, яғни “ғылымтану”. Философия бүкіл ғылыми білім жүйесінің негіздемесі ретінде қызмет атқаруы тиіс. Ол ғылыми танымның логикасына, әрі ғылым жайлы ілімге айналуы тиіс.

Ә.Гуссерль ілімінің мәні мынадай үш идеяға барып тіреледі:

  1. Философияның сыртқы әлемге ешқандай да қатысы жоқ. Оның зерттеу саласы – таза сананың трансңендентальды әлемі, оның пәні – сана құбылыстары (феномендері).

  2. Бұл құбылыстар – психологиялық құбылыстар емес, Қандай да бір абсолюттік мәнділіктер. Бұлардың жалпыға бірдей маңызы бар және жеке санадан тәуелсіз, бірақ сонда өмір сүреді.

  3. Бұл мәнділіктер ақылмен танылмайды, сезіну уақытында аян болады.

Ә.Гуссерльдің феноменологифсы психологиялық өзіндік бақылаудың формасы.

Бақылау сұрақтары:

1. Неокантшылдықтың негізгі принциптері

2. Э.Гуссерльдің негізгі философиялық ойлары

ЛЕКЦИЯ № 14

Тақырыбы: Орыс философиясының тарихы.

Жоспар:

  1. Орыстың Х-ХVІІІ ғасырдағы философиялық ойының қалыптасуы. М.В.Ломоносовтың философиялық көзқарастары.

  2. ХІХ ғасырдағы Орыс философиясы. Славянофилдік және батысшылдық.

  3. Ресейдегі Марксистік философия.


Лекцияның мақсаты: Орыс философиясындағы бағыттармен философтармен таныс болу. Олардың негізгі идеялармен таныс болу.

1.Орыс философиясы дүние жүзілік философияның бір бағыты болып табылады. Орыс философиясы өзге де ұлттық философиялар секілді халықтың өзіндік санасы мен менталитетін, оның тарихын, мәдениетін және рухани ізденістерін білдіреді.

Орыс философиясындағы халықтың өзіндік санасының негізі – орыс идеясы болып табылады. Орыс идеясы бұл Ресейдің дүниежүзілік тарихтағы алар орны.

Орыс философиясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл адамның рухани-құндылық мәселелері мен философиялық және діни антропология басты мәселе болып табылатын діни философия. Орыс философиясының проблематикасын көрсететін негізгі ерекшеліктерге әлемдік тұтастық консепциясы орыс космизмі, орыстың діни этикасы, орыс герменевтикасы, соборшылдық идеясы жатады. Орыс философиясының негізгі мәселесі – ақиқат мәселесі мен адам болмысының мәні оның космостағы және жердегі тағдыры. Бұл мәселе діни-рухани ақиқат теориясында шешіледі.

Орыс философиялық ойы славяндық философиялық-мифологиялық дәстүр мен грек-византиялық діни-философиялық дәстүрлер негізінде қалыптасты.

Орыс философиясы өз дамуында бірқатар кезеңдерден өтті.

  1. Орыс философиялық ойының қалыптасуы (ХІ-ХVIIг.г)

  2. Ағартушылық дәуіріндегі орыстың философиялық ойы (ХVIII г-ғы орыс ағартушыларының философиялық және әлеуметтік идеялары).

  3. Орыс философиясының қалыптасуы (ХІХ г-ң басы мен ортасындағы революцияшыл демократтардың славянофилдер мен батысшылдардың халықшылдардың философиясы).

  4. Орыстың рухани реннесансы, орыс философиясының “күміс ғасыры” (ХІХ г-ң соңғы ширегі мен ХХ г-ң басы).

Ойлаудың орыс адамына тән ерекшелігі ол көкейкөзділікке негізделеді. Ол рационализмге қарсы рухта қалыптасты. Орыс дүниетанымының өзіне тән сипаты реализмге жақындығы. Орыс ойы, жанды сыртқы әлем тұрғысынан емес, адамның ішкі әлемі тұрғысынан түсіндіреді.

Орыстың философиялық ойының ортасында адам тұр, оның тағдыры мен өмірінің мәні.

Орыс ойының ең алғаш дүние жүзілік философиялық ойдың бір бөлігі ретінде байқала бастаған кезеңі ол ХVІІІ ғасырдағы Ағартушылық ғасыры болды. Орыс ағартушыларының ең көрнекті өкілі М.В.Ломоносов (1711-1766) орыс философиясы мен ғылымында материалистік дәстүрдің негізін қалап, миетицизм мен агностиуизмге қарсы тұрды, ғылымда жаңа бағыттың жолын салып, тәжірибе мен теорияны біріктірді. М.В.Ломоносов заттар мен қозғалыстартың сақталуы туралы заңды негіздеп, материяның атомдық қорпускулярлық құрылысы теориясын, жылудың механикалық теориясын жасады.

2. Орыстың классикалық философиясының қалыптасуы, өзіндік “философиялық ояну”, “ұлттық-тарихи ізденістер” процесінде жүзеге асты. Мұның нәтижесінде славянофилдік және батысшылдық деп аталатын екі ағым пайда болды.

  1. Славянофилдік. Бұл ағым өкілдері орыс мәдениетінің өзіндік болмысы туралы идеяны ұсынды. Бұл идеяны славянофилдер православиелік идеямен толықтырды. Осы идеялдың жүзеег асырылуы соборлықтың арқасында болуы мүмкін.

Қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас жайына келгенде, славянофилдер, ерекше назарды қоғамға оның құлықтылығына аударады. Олар үшін қоғам – халық болып есептелді.

Славянофилдердің либерализмі, жеке адамның бостандық идеялының православиелік-рухани формасында тұжырымдалды.

Славянофилдер орыстың өзіндік ұлттық мәдениеті мен философиясының дамуына ерекше көңіл бөлді.

Өкілдері:

А.С.Хомяков (1804-1860)

И.В.Киреевский (1806-1856)

К.С.Аксаков (1817-1860)

Ю.Ф.Самарин (1819-1876) ж.т.б.

  1. Батысшылдар орыс халқы өзге де европа халықтары секілді жалпы христиандық идеял – еркін және құлықты жеке адамды қалыптастыруға өзіне тән ерекше жолымен барады. Орыстың өзіндік болмысы жайлы ойдың орнына орыс мәдениетінің өзіндік ерекшелігі жайлы ойды айтты, ал православиенің орнына христиандық-либералдық идеялды ұсынды. Қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа келгенде батысшылдар, басты көңілді мемлекет және құқық мәселесіне аударды. Қоғам олар үшін жеке адамның қимыл-әрекет жасайтын ортасы. Батысшылдардың либерализмі классикалық батыс либерализміне жақындау.

3.Орыстың Марксистік философиясының тарихы ХІХ г-ң 90-шы жылдарында, яғни Ресейде жұмысшы қозғалысының басталуымен байланысты.

Орыстың Марксистік философиясы өзінің қалыптасу процесінде, бірқатар кезеңдерден өтті.

Бірінші кезең. ХІХ г-ң 90-шы жылдарынан бастап ХХ г-ң 20-шы жылдарына дейін, Ресейде орыс Марксистік ойының қалыптасу процесі жүреді. Алғашқы Ресейлік марксистер – либералдық және революциялық көңіл күйдегі зиялылар болды. Марксизмге әлеуметтік сала бойынша берілгенімен, философияда материалист болудан бас тартты. Олардың қатарына Н.А.Бердяев, И.С.Булғанов, С.Л.Франк, П.Б.Струве ж.т.б. Кейінірек олар рухани мәдениет проблемасына ден қойды.

Марксистердің өзге бағыт өкілдері, философтар Г.В.Плехановтың, В.И.Лениннің, А.А.Богдановтың, А.В.Луначарскийдің еңбектерінде, орыс марксизмінің негізі қаланды. Бұл бағыт, батыс европалық философия мен ғылыми дәстүрлердің негізінде дамыды. Ортодоксальды немесе революциялық Марксизмнің басында В.И.Ленин тұрды.

Марксизмнің екінші кезеңі, кеңестік философия ретінде дамыды. Бұл бағыт айқын материалистік бағытта дамып марксизмнің шеңберінде болды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Славянофилдер мен батысшылдар бағытының арақатынасы

  2. В.С. Соловьевтің философиялық негізгі ұғымы.

  3. А.Н. Бердяев философиясындағы еріктік мәселесі



ЛЕКЦИЯ № 15

Тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

Жоспар

  1. Қазақ ұлттық философиясының қалыптасуы.

  2. Ақындар мен жыраулар шығармашылығының философиялық аспектілері.

  3. Қазақтың ағартушылық философиясы.


Лекцияның мақсаты: Қазақ ұлтының философиялық бастауларымен, алғашқы діни сенімдермен, әдет-ғұрыптарымен салт-дәстүрлерімен танысу. Тәрбиелік мәнін қарастыру

1. Қазақ халқы – ертеден келе жатқан этнос. Тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел – қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір сүру тәсілі, шаруашылығы. Қазақ халқының киіз үйі соңғы мың жылдықта бір елі де өзгермеген. Сонда, киіз үй қай заманда дүниеге келген, қалай дамып, жетілген? Қонақ күту, дастарқан басына отыру, табақ тарту, етті мүшелеп, әр сүйекті мағыналай бөлу, бас беру кәдесі Еділ (Аттиль) заманында да қалай болса, қазір де солай. Асылы, мұның бәрі арнайы зерттеуді керексінетін проблемалар.

Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады. Сондықтан да шығыс “философемі” дәстүрлі көркем және діни әдебиеттерде малтығып, философия тарихшыларын философиялық жүйені әлеуметтік аспектіде зерттеуге, дүниетанымдық бағыттағы текстерді тануға итермелейді.

Қазақтың ата-тегі табылатын сақтар, гұндар, үйсіндер, қаңлылардың түп-төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан, мәселен, гұндар көшпелі болды (қаңлылар Сырдарияның егіншілері еді, ал сақтар мен үйсіндер малшылық пен отырықшылықты үйлестіре отырып Жетісуды мекендеді) көшпенділік әмбебапшылығы басымдылққа ие болды. Солай бола тұра жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды. Бүкіл қазақ мәдениетін көшпенді өмір тіршілігінен шығарамыз деу бекершілік, өйткені көшпенділер ешқашан автономды өмір сүрмейді.

Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі (халықтың рухани бастауларына зор көңіл аудару) 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге, сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, гұндар, үйсіндер, қаңлылардың мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық зәру мәселе ретінде көшпенділердің (гұндар), малшы-егіншілердің және отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының жолдарының арақатысы шығады. Бұл дала мен егістік Тұран мен Иран арасындағы өзара қатынас мәселесіне ұласады. Бұның өзі көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі. Үлкен мәселелер тізбегі көне Қазақстандағы діни бағыттарға байланысты. Тәңірге (көкке) табыну, Жер-Суға, Ұмайға табыну бақсылық пен тіленшілікке (шаманизм, язычничество) ұласты. Тұрғындардың идеологиялық қауымдастығын сақтау үшін діннің әмбебаптық қалыптағы қажеттіліктерін іске асыру ретінде биддизм пайда болды. Осымен бірге Манидің үш уақыт жайындағы консепциясының нәтижесінде манихейшілік дамып өркендеді. Христиан діні болса, несторианство және яковиство қалыптарында заораостризммен жарыса дамыды, ал бұлардың екеуі де даланың барлық халықтарына ықпал жүргізген Митра құдіретіне ұмтылды. Бұл мәселелер діндердің синкретизмін және әртүрлілігін ой елегіне өткізуге алып келеді. Мұның өзі руникалық жазбалар куә болғандай, синтез, жалпылау мәселесін алға қояды.

2.Ақындық өнер шынайы өмірді бейнелеудің ерекше формасы ретінде Қазақстанда Қазақ хандығының қалыптасуымен бірге пайда болды. Жазуды шектеулі топтың қолдануы, баспаның болмауымен, халықтың жаппай сауатсыздығы хандық кезеңдегі қазақ қоғамында әртүрлі формадағы ауызша мәдениеттің үстем болуына қолайлы жағдай қалыптастырды.

Қазақ жыраулары мен ақындарының ауызша өнері, халықтың ауызша шығармашылығы негізінде қалыптасты. Бұл өнер жанры мен мазмұны жағынан және идеялық бағыты жағынан халықтың ауызша өнерімен тығыз байланысты болды.

Қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүр бойынша қазақтардың ақындық өнері, өзінің қалыптасуында үш кезеңді басынан өткізді: 1) Жыраулар кезеңі (XV мен XVIII г-ң бірінші жартысы). 2) Ақындық шығармашылық кезең (XVIII г-ң екінші жартысы мен ХІХ г-ң бірінші жартысы). 3) Айтыс өнерінің пайда болу кезеңі (ХіХ г-ң екінші жартысы мен ХХ г-ң басы).

Жыраулардың ең ерте өкілдері: Қазтуған, Асан Қайғы (XV), Доспамбет жырау (ХVІ), Шалкиіз жырау (1465-1560), XVIII ғасырда халық арасында Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Бұқар жырау, Шал ақын әйгілі болды.

Жыраулар шығармашылығы толғау формасындағы философиялық-дидактикалық ой-талғамдар болды.

Талғауларда билеушілерге халықты қалай басқару керектігі жайлы, ал халыққа өзін оқиғалар барысында қалай ұстау керектігі жайлы кеңестер мен өсиеттер болды. Қоғам мен табиғаттағы өзгерістердің мәнін түсіндірудің әрекеттері де болды. Толғау түрінде көбіне мораль принциптері, құлықтылық қағидалары көрініс тапты. Көптеген жыраулар жорықтарға қатысып жауынгер де болды. Олардың шығармалары батырлықты, жауынгерлікті ерекше дәріптеп, жырлары жауынгерлерді алдағы болар шайқастарда рухтандырып отырды.

Жыраулар шығармашылығы сонымен қатар, өмір мәні жайлы толғаныстарға да толы болды. Өмір мен жер, яғни ел тағдыры мен жер тағдыры Қазтуған, Асан Қайғы шығармаларының басты тақырыбына айналды. Мұндай сарын әсіресе Асан Қайғы толғауларында өте өткір қойылған. Асан жырлары экзицтенциалды сарынға толы. Адам өмірі оның проблемалары Асан Қайғыны қатты толғандырды. Мұндағы ең басты құндылық адам мен жер. Жер ақынның пікірінше бұл халықтың өмірі. Ел мен жер өзара тығыз байланыста болады. Адам болмысының игілікті болуы жердің игілігіне оның байлығына байланысты.

Жырау адамның жерге деген қарым-қатынасын оның ізгілігі критерийі тұрғысынан қарауға бейім. Елдің игілігінің нағыз кепілі Асан Қайғыда “Жер Ұйық” болып табылады. Асан Қайғы осы “Жер Ұйықты” іздеуде утопияға беріледі.

3. Қазақ халқының рухани даму тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы бетбұрыс кезеңі болды. Міне осы кезеңде, Қазақстанда, ағартушылық мәдениет пайда болып дамыды. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев оның классикалық өкілдері болды. Қазақстанда ағартушылық адамзаттың рухани өмірінің дамуының жалпы заңдылықтарының ықпалымен пада болды. Алайда бұл заңдылықтардың жүзеге алуының Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері болды.

Қазақстанда ағартушылықтың пайда болуы қазақ қоғамының сол кезеңдегі тарихи даму процесімен айқындалып қана қоймай, сонымен қатар қазақ халқының тағдырын түбегейлі өзгерткен, ұзақ жылдарға оның саяси өмірінің мазмұнын айқындап берген сол кезеңдегі саяси оқиғалардың барысы да өз ықпалын тигізді. Өзінің Ресей мен Европаның алдыңғы қатарлы қоғамдық ойымен орғаникалық, тығыз байланысының болуына қарамастан тарихы тереңде жатқан өзіндік құбылыс болды. Сондықтан оны, Ресейдегі Еуропамен байланыстырып тұрған қоғамдық-саяси жағдайлармен қалай байланыстырсақ, Ресей империясының бір бөлігі ретінде қалыптасып келе жатқан Қазақстандағы жағдайлармен де солай байланыстырған жөн.

Демек қазақ ағартушыларының негізгі ерекшеліктері сол, ол Дала өлкесінің Ресейге қосылуының идеялық көрінісі ретінде пайда болды.

Европалық ағартушылық пен орыс ағартушылығынан қазақ ағартушылығының негізгі айырмашылығы, ол идеялық мазмұны бойынша нашар дамыған. Халықтардың артта қалушылығынан құтылу проблемасының теориясы талап шығарудың төңірегінде дамыды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресс жолымен дамуының қозғаушы күші ретінде оның орыс өркениетімен қоян-қолтық араласуында деп есептеп, осыған бар күштерін жұмсады.

Батыс ағартушыларының көзқарас ұғымдарымен қазақ ойшылдарының идеялары да сәйкес келмеді. Егер Батыс ағартушылары өзінің көзқарастарына қарама-қайшы түрде, буржуазиялық құбылысты объективті түрде идеялизацияласа, қазақ ойшылдары білімге негізделген демократиялық тәртіптерді орнату үшін күресті.

Қазақ ағартушылары сонымен бірге батыс ағартушыларына қарағанда езгіні қатаң түрде сынға алуымен ерекшеленді. Міне осы ерекшелігімен қазақ ағартушылары бүкіл дүние жүзілік ағартушылық ойдың дамуына баға жетпес үлес қосты.

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) әнциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері. Ш.Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа гұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.

Ш.Уәлихановтың ойшыл ретінде қалыптасуына демократиялық бағыттағы орыс ойшылдарының көзқарасы елеулі ықпал етті.

Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады.

Ол “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Сахарадағы мұсылмандық жөнінде”, “Тәңір” деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш.Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады.

Ш.Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуы белсене араласты.

Ыбырай арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен өз еңбектерінде дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. “Жаз”, “Өзен” сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі.Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы Құдай деп біледі.

Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, жаңа “Жаз”, “Өзен” өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы көгорай шалғында көркі, күмістей сыңғырлаған суы, көкжиектің мұнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелейді.

Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынай да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән. “Қырғыз қайғысы” деген жазбаларында ол 1868 жылға отаршылдық қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік реформасына наразылық білдіреді.

Абайды көбінесе ұлы ақын сазгер деп жатамыз. Шындығында Абай алдымен философ ақын. Оның кез-келген өлеңі философиялық терең ойларға құрылып отырады.

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар елбек.

Арамдықтан жамандық көрмей қалмас

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Бұл жыр шумағын философ ақын ХІХ ғасырда жазғанымен, бүгінгі күндегі қоғамымызда болып жатқан құбылыстарға байланысты айтылып тұрғандай. Байқасақ қазақ қоғамының бұдан жүз жылдан астам бұрынғы басынан өткізген проблемасының негізгі мазмұны сол күйінде қалып отыр. Сондықтан Абай өлеңдері қазіргі кезде де өз актуальдығын жояр емес.

Өзінің терең ойымен Қазақ философиясында ерекше із қалдырған Абай, әдебиетімізде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай деизмге жақын болды. Құдайдың жақсы мен жамандықты жаратқанын, алайда оны істейтін адамның өзі екенін Абай алға тартады да фатализмді сынға алады.

Мұны ол атеистік тұрғыдан емес, Қазақ ағартушыларының көбінде кездесетін “нағыз” дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынға алады.

Дегенмен Абай нағыз идеялист философ болды. Отыз екінші сөзінде барша заттарды, тіптен машиналар мен завод фабрикаларды да Алла жаратты деген тұжырым жасайды.

Сонымен бірге Абай нағыз рационалист болғаноымен, ол сезімнің ізгілікке жетудегі шешуші рөлін алға тартады.

Өзге ағартушылар секілді Абай философиясының басты проблемасы – адам болды. Қазақ елінің надандықтан шығар жолы ол еңбек етуде деп білді. Еңбек пен білімді де Абай жоғары қояды. Абай шығармаларындағы еңбек пен білім халықты игілікке жеткізер, қатар әрекет ретінде ұғындырылады.

“Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей”.

немесе

“Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық”.

Деген сөздерде қаншама философиялық тұжырым, ой жатыр.

Абай дүниетанымы ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшыл-зиялыларына елеулі ықпалын тигізді. Осы зиялылардың еңбегі арқасында Абай ұлы ойшыл ретіндегі бағасын әділ түрде алды деуге болады.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница