Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница8/20
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.9 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Duisebaev.Filos-Z.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Ағартушылық рухы әсіресе Францияда айқын көрінді. Бұл елде ағартушы ойшылдар революцияны идеологиялық жағынан дайындап берді. Француз ағатушыларының ұлы бастамасы “Энциклопедияны” жазып шығуда болды. Бұл еңбекте адамзаттың қолөнердегі, өнердегі, ғылымдағы жетістіктеріне ағартушылық тұрғыдан баға берілді, бұл орасан зор еңбек болды. Оны жазуға ағартушылардың бәрі қатысты. Оған Дени Дидро (1717-1784 ) және Жан Д’Аламбер (1717-1783) басшылық жасады. Математик, физик Ж.Д,Аламбер гносеологияда Локқа жақын болды. Сол заманның жаратылыстану іліміне сүйене отырып, деистік сипаттағы жалпы дүниетанымды негіздеуге тырысады.

Дидро, Жюльен, Ламетри мен Клод Гельвеций, Поль Гольбах секілді атеист болды. Ол атеизмді материалистік дүниетанымға негіздеді. Осы келтірілген ойшылдардың көңіл қояр ең басты мәселесі – адам болды. Адам қоршаған табиғатпен физикалық байланыста болады. Табиғат, тылсым күшті қажет етпей-ақ өздігінен өмір сүреді. Материя табиғаттың құрылыс материалы. Ол мәңгі және әрдайым қозғалыста болады. Адам, табиғатында мейірімді. Оны зұлымдыққа итермелейтін жетілмеген қоғамдық қатынастар. Мұндай кемшіліктерді ағартушылық жолмен түзету қажет дейді Француз ағартушылары.

Европалық ағартушылықтың ең басты мәселерінің бірі – ол қоғамдық қатынастың сол кезеңдегі жағдайы болды. Француз ағартушылығының ең көрнекті өкілі Франсуа Вольтер (1694-1778) бүкіл европалық ойға орасан зор ықпалы болған ойшыл болды. Ол өз ойларын ашық әрі батыл түрде айтудан шаршамады. Вольтер бәрінен бұрын революцияның жақындап келе жатқанын сеїді. Францияның өзге де ойшылдарымен бірге, ол әлеуметтік жаратылыстың идеологиясын дайындап берді. Ол философиялық-әлеуметтік қозғалыстың көсеміне айналды. Вольтер мен оның достары ой бостандығы мен сөз бостандығын батыл түрде талап етті. Ол бүкіл әлемге “Дербес түрде ойлауға құлшыныңдар” деп жар салды. Өзінің саяси көзқарасын Вольтер мына қанатты сөзімен түйіндейді: “Үкімет бәрі бағынған кезде ғана жақсы болады.”. Ол билеушінің данышпандығына, мейірімділігіне философ карольға үміт артты. Оны Англияның қоғамдық-саяси құрылысы қанағаттандырды.

Клерикализмді қатты сынға ала отырып, Вольтер Құдайға деген сенімнің керектігін

мойындады. Ол Құдайды бүкіл кеңістіктің қозғаушысы ретінде таниды. Мәнділіктің қозғалысының соңғы себебін ойлауды және рухани құбылыстардың бәрін Вольтер Құдайдың құдіреті деп есептеді.

Вольтер сол замандағы феодалдық тәртіпті қатаң сынға алды. Ол феодалдық биліктің кез келген тұрпайы да зұлым формасын жоюға шақырудан таймады.

Әлеуметтік және мүліктік теңдікті батыл түрде алға тартқан ағартушылардың бірі Жан-Жак Руссо болды (1712-1778). Қоғамдық келісім теориясын дамыта келе, ол оның ерекшелерінен, халықтың өктемшіл билеушіге қарсы көтеріліске шығу құқығын негіздеді. Руссоның шығармашылар секілді, қоғамдық процесті жоғары бағалай келе, ол сонымен бірге оның қарама-қайшылыққа толы сипатын да айқындап берді. Осыған байланысты ол алғашқы болып мәдениеттің дамуы жасанды қажеттіліктерді тудыратынын атты. Ал мұндай қажеттіліктерді Руссоның пікірінше қанағаттандыру күмәнді болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Танымдағы индуктивті әдістің маңызы

2. Б.Спинозаның пантейстік ілімі

3. Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі


ЛЕКЦИЯ №11

Тақырыбы: XVIII-XIX ғ.ғ. неміс философиясы.

Жоспар:

  1. И.Канттың космологиясы мен философиясы.

  2. И.Фихте мен Ф.Шеллингтің философиялық көзқарастары.

  3. Гегельдің философиялық жүйесі.

  4. Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы.


Лекцияның мақсаты: Неміс философиясының философиялық ойларын оқып үйрену.

    1. XVIII ғасырлардың ортасына қарай Европадағы философиялық

шығармашылықтың орталығы Германияға ауысты. Әйтсе де Германия-эконмикада және саяси қатынаста артта қалған ел болғанымен, ол рухани мәдениеттің дамуында – философия мен өнерде алдыңғы орынға шықты.

Философияда 1750-1850 жылдар аралығындағы жүз жылдық жемісті болды. Бұл

классикалық неміс философиясының қалыптасқан кезеңі болды. Оның негізін Иммануил Кант (1724-1804) қалады. И.Канттың философиялық-шығармашылығын “Сынға дейінге ” және “Сыни кезең” деп екіге бөлуге болады. “Сынға дейінгі кезең” Кантта жаратылыстану ғылымымен байланысты. Бұл кезеңде ол жаратылыстану ғылымы ұстанымында болды. Ал “Сыни кезеңде” Кант философияны реформалау мәселесіне ден қояды. Жетілдірілген философияның міндетін, сонымен бірге оның негізгі құрылымын философ мынадай қарапайым сұрақтар түрінде береді:

    1. Мен нені біле аламын? (Оның жауабы – “Таза ақыл-ойға сын” кітабы)

    2. Мен не істеуім керек? (“Практикалық санаға сын” – Кант этикасы)

    3. Мен неге сене аламын? (“Дін тек сана төңірегінде ғана”)

Канттың көзқарасы бойынша кез келген білім тәжірибеден басталады, бірақ ол

онымен шектелмейді. Кейбір білімдер адамның өзінің таным қабілетінен туындайды. Және де ол тәжірибеге дейін априорлы болып табылады. Тәжірибелі білім жалғыз, кездейсоқ, ал априорлы – жалпыға бірдей және қажетті. Жаңа философияның қалыптасуын, теориялық танымның шектеулігі мен антиномиялылығы себепті бірқатар қиындықтарды арылумен байланыстырды. Теориялық танымның шектеулілігі, дүниенің білімнің шамасы жететін “құбылыстарға” (феномендер) және танылмайтын “өзіндік заттарға” (ноумендер) бөлінуінің нәтижесі. Танымның антиномдылығы, қарама-қарсылығы ойлаудың мәнінде жатыр, оның тұтастай бүкіл әлемді сезімдік танымға сүйеніп қамти алмауында.

Мұндай қиындықтардың болуы, философияның мүмкіндігінің шектеулі екенін көрсетпейді. Канттың пікірінше ол танымның дұрыстығын сынға алғанда ғана оның нақты шеқараларын айқындағанда ғана мүмкіндіккке ие болады. Сонымен бірге философия теориялық (“таза”) ақыл-ойды сынаумен шектеліп қалмауы тиіс. Ол үшін практикалық ақыл-ойға сын маңызы жағынан төмен болуы тиіс. (Ол Мораль, құлықтылық және т.б.)

Кант үшін адамның мінез-құлқы үш максимаға негізделуі тиіс.

  1. Баршаға бірдей заң болатын ережеге сәйкес амал істеу .

  2. Өз амалдарыңды, адам ең жоғарғы құндылық тұрғысынан жүзеге асыр , он құрал ретінде қолдануға болмайды.

  3. Барша амалдар, жалпының игілігіне бағытталуы тиіс.

    1. Фихте философиясы бастауыш онтологиялық сипаттағы,

жеке бастама ретінде қарастырылатын өзін-өзі пайымдау ілімімен байланысты. Мұндағы жалғыз субстанция -субект. МЕН, өзін-өзі таза пайымдау.

Таза пайымдау ең жоғарғы принципті құлықтылық заңы. Мұндағы ең басты бостандық туралы мәселе болып табылады. Таным туралы ілімінде Фихте философтардың ілімдегі алғашқылардың бірі болып бейсаналылықты зерттеуге тырысты

Ф.Шеллингтің шығармасында бостандық философиясы мен өнер философиясы ерекше орын алады. Шеллинг үшін негізгі гносеологиялық проблемалардың бірі, теориялық (оның түсінігіндегі бейсаналы) және практикалық (саналы) болып табылады. Осы проблеманың шешімін шығармашылықтық ең жоғары түрі - өнерде деп біледі Шеллинг.

Шеллингтегі бостандықтың өзіндік орны жайлы мәселе оның әмбебап бастамадан бөлініп шығуымен шешіледі. Осының нәтижесінде адам Құдаймен қосылуға ұмтылуы керек.

    1. Гегель үшін адамзаттың рухани күштерін біртіндеп айқындау ретінде

көрінеді. Жеке адамның рухани дамуы, “Әлемдік рухтың” өзіндік санасының сатыларын байта өндіреді. Бұл рухани даму процесін іштей басқарып отыратын, сезімдік “заттардың” атауға ие болу сәтінен бастап, формалар мен заңдарды яғни “абсолюттік білімді” білумен аяқталады. Гегельде таным процесі, дүниені өзінің мазмұнын ашатын, абсолютті сананың (идеялар) өзін-өзі тануына айналдырған. Сондықтан Гегельде шындықтың дамуы логикалық-рационалдық процесс ретінде көрінеді. Мұнда ұғымдар диалектикасы, заттар диалектикасынан үстемдік етеді.

Гегельдің ең бастр сіңірген еңбегі философия категориялары жайлы, дүние

жайлы ілімдерді таным теориясын, логиканы реформалау болды. Мұндағы идеялар, оның “Логика ілімі” деген жалпы атауы бар үш кітабында шоғырланған.

    1. Классикалық Неміс философиясының ең соңғы өкілі Л.Фейербах болып

табылады. Ол философияны жаңартуды, оның мазмұнын адамға қарай бұруға тырысты. Фейербах материалист. Оның көзқарасы бойынша, табиғат - барлық білімдердің көзі. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, психилогиялық жаратылыс иесі. Ол үшін әлеуметтік ортаның үлкен маңызы жоқ.

Өзінің философиясында Фейербах діни сананы сынға алады. Оны ол жаратылыстан тыс нәрсеге сенуге негізделген және фантастикалық образдардың жиынтығы деп қарастырды. Алайда діни сынға ала отырып Фейербах оны мүлдем жоққа шығаруға тырыспайды. Еекі дінді жаңасымен алмастыруды ұсынады. Ол жаңа дінді Құдайға деген сүйіспеншіліктің орнына адамға деген сүйінпеншілікті дәріптейтін “Махаббат діні” деп атады


Бақылау сұрақтары:

  1. Неміс классикалық философиясындағы көрнекті тұлғаларды еске түсірңіз

  2. Г.Гегельдің философиялық жүйесі

  3. И.Канттың «дилектикалық антиномияларын» еске түсіріңіз



ЛЕКЦИЯ №12

Тақырыбы: XIXғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

Жоспары:

  1. Классикалық емес философияның қалыптасуының алғы шарттары. Марксизм классикалық емес философиялық тұжырымдама ретінде.

  2. Батыс философиясындағы сциентистік беталыс, позитивизмнің қалыптасуы.

  3. Неокантшылдық

  4. Гуссерльдің феноменологиясы.


Лекцияның мақсаты: 19ғ. философиясымен танысу.

1 Диалектикалық материализмнің негізін қалаушы К.Маркс пен Ф.Әнгельс болып табылады. Сондықтан диалектикалық материализмді, көбінесе марксистік философия деп атайды.

Диалектикалық материализм философиясы ХІХ г-ң ортасында пайда болды. Марксистік философияның пайда болуының алғы шарттары:

Қол еңбегінен машина еңбегіне өту кезеңін білдіретін Европадағы XVIII-XIX ғасырдағы өнеркәсіп революциясы.

Саяси аренада, өзінің саяси талаптарымен бірге пролетариаттың пайда болуы.

Классикалық неміс философиясының идеялары (әсіресе Гегельдің және Фейербахтың).

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар, Дарвиннің эволюциялық теориясы, организмнің клеткалық құрылысы жайлы ілім, әнергияның сақталуы және ауысуы заңы.


  1. Диалектикалық әдіс материалистік принциппен байланыста қарастырылады.

  2. Тарихи процесс, материалистік тұрғыдан, табиғи, заңды процесс ретінде түсіндіріледі.

  3. Дүниетанымды өзгертудің жалпы методологиялық негізі жасалып шығады. Осының нәтижесінде, философиялық зерттеулердің ортасы өзге пайымдаулар саласынан, адамдардың материалдық-практикалық іс-әрекеті саласына ауысады.

  4. Қоғамдық дамудың қажеттіліктерімен сәйкес келетін пролетариаттың, бүкіл еңбекшілердің мүдделері, диалектикалық-материалистік көзқарастармен байланыстырылады.

К.Маркстың философия мен әлеуметтік ғылымдарға қосқан ең басты үлесі ол қосымша құн теориясы мен тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Маркс бойынша Қоғам – бір қоғамдық формациядан келесі қоғамдық формацияға табиғи жолмен өту арқылы дамиды. Мұндай әрбір формацияның негізгі ерекшелігі мұндағы өндіріс тәсілдерімен айқындалады. Ал мұның негізінде қандай да бір өндірістік қатынастар жатыр. Тауарлық өндіріс үстем болған қоғамда, қанаушылық пен зорлық-зомбылық туындайды. Қоғамды қанаушылықты жою мақсатымен қайта құру, капиталистік формациядан коммунистік формацияға өту кезеңінде пролетарлық революцияның көмегімен және пролетариат диктатурасын орнату арқылы жүзеге асуы мүмкін. Маркс бойынша коммунизм – бұл өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнатылған қоғам. Бұл қоғамдағы адам бостандығының өлшемі, оның бос уақыты. Мұнда “әркімге қабілетіне қарай және қажетіне қарай” деген принцип жүзеге асырылады.

К.Маркстің серігі Ф.Әнгельс болды. Бұл екеуі бірлесіп, материалистік диалектиканың негізгі идеяларын жасап шықты. Ф.Әнгельс өзінің көп уақытын материяның мәніне, оның қозғалу формалары мен атрибуттарына бөлді. Оның Марксизм философиясына қосқан үлесі – табиғат диалектикасы.

2. ХІХ ғасырдағы Батыс Европалық философияда едәуір өзгерістер болды. Бұл өзгерістер сол кезеңдегі мәдениеттің, ғылымның, техниканың және адамдардың бүкіл іс-әрекетінің өзгеруімен байланысты болды. Адамзат тарихындағы бұл кезең – бұл қарама-қайшылыққа толы кезең болды. Бұл кезеңде адам өмірінің барлық саласында революциялық өзгерістер жүріп жатты.

Міне осындай қарама-қайшылыққа толы әлеуметтік-мәдени жағдайда философияда құндылықтарды қайта қарау мен парадигмалардың ауысуы болмай қоймады.

Философиялық ойлауда плюрализм (лат-pluralis-көп) пайда болды. Бұл кезең әртүрлі философиялық бағыттардың, тұжырымдамалардың және мектептердің; материалистік және идеялистік рационалистік және иррационалистік, діни және атеистік бағыттағы көзқарастардың пайда болып қатар өмір сүруімен ерекшеленеді.

Осы көптеген философиялық бағыттардың ішінде енді біз позитивизм философиясын алып қарастырайық.

Позитивизм философиясы (франң. positivisme, лат. Positivus-оң) классикалық индуктивизмнің ағылшындық мектебінің дәстүрлері негізінде қалыптасып, эмпирикалық-индуктивистік дәстүрдің жалғасы іспеттес болды. Позитивистік философияның қарастыратын негізгі мәселесі – философия мен ғылымның, методолгия мен гносеологияның өзара қарым-қатынасы болды. Оның басты принципі – білім арнайы ғылымдардың ғылыми зерттеуінің нәтижесі және олардың синтетикалық қосылысы ретінде болуы мүмкін, ал философия жеке ғылым ретінде өз алдына өмір сүруге құқы жоқ. Философия ғылыми шектерден азат болып, шынайы ғылыми білімге арқа сүйенуі қажет. Позитивизм философиядағы дербес сциентистік бағыт ретінде ХХ г-ң 30-шы жылдарында қалыптасты да, өзінің бір ғасырлық өмір сүруінде о баста өзіне тән субъективтік идеализм мен агностицизм бағытындағы эволюцияны басынан өткізді. Себебі, ол ғылым – заттардың мәні емес, ол тек құбылыс қана деген тезисті негізге алды.

2. Енді біз мұнда позитивистік философияның даму эволюциясының негізгі кезеңдерін қысқаша түрде қарастырып көрейік.

І. Классикалық позитивизм кезеңі.

Бұл кезең Огюст Конттың (1798-1857) философиясынан және оның отандастары әрі ізбасарлары Жозеф Әрнест Ренан (1823-1892) мен Әмиль Литреден (1801-1881) бастау алады. Англияда бұл философияның негізін қалаушылар: Джон Стюарт Милль (1806-1873) мен Герберт Спенсер (1820-1920) болды. Ал Германияда Якоб Молешотт (1822-1893) пен Әрнест Геккель (1834-1919) Италияда- Роберто Ардиго (1828-1920), Ресейде- В.В.Лесевич (1837-1905) және т.б.

Классикалық позитивизмнің негізгі сипаттары.

Ғылым өзіне-өзі философия – міне позитивизмнің мәні осында.

Танымның жалғыз әдісі – табиғатпен бірге қоғамды зерттеуде жұмыс атқаратын ғылыми әдіс болып табылады. Философия аксиологиялық (құндылық) үйлесімділіктен бас тартып, өз негізінде позитивті (ғылыми) білімге ден қоюы тиіс. Себебі философиялық білім дәл болуы шарт.

Огюст Конт бойынша, адамзат позитивті философияға өз ой-қабілетінің дамуы арқасында қол жеткізді. Ол адамзаттың интеллектуалдық эволюциясының 3 кезеңін бөліп көрсетеді: 1) Теологиялық.

2) Метафизикалық. 3) Позитивті.

ІІ. Махизм немесе эмпириокритизм.

Позитивтік философияның екінші тарихи формасы ХІХ ғасырдың соңында пайда болды. Өкілдері: Әрнст Мах (1838-1916) және Рихард Авенариус (1843-1896). Махизм мен эмпириокритизмнің негізгі сипаттарры.

Махизм – ілім ретінде жаратылыстану ғылыми ойды, метафизикадан (философиядан) оның алданыш проблемаларымен қоса тазалауды талап етті.

Э.Махтың тұжырымдамасы “ойлауды үнемдеу және таза сипаттау ғылымы идеясы” деп аталатын екі методалогиялық принципке негізделген. Э.Мах ғылымның абстрактылы табиғаты жайлы ұғымды алға тартады.

Р.Авенариустың әмпириокритизмі философияның негізінде сыни тәжірибе жатуы қажет деген тұжырымнан келіп шығады.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница