Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница7/20
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.9 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Duisebaev.Filos-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

ЛЕКЦИЯ №7


Тақырыбы: Батыс Европадағы орта ғасырлық философия.

Жоспары:

  1. Орта ғасырдағы христиан философиясының өзіндііік ерекшеліктері, оның дамуының негізгі кезеңдері.

  2. Августин Аврелийдің құдай, адам, тарих туралы ілімі.

  3. Фома Аквинскийдің философиясы схоластика жүйесі ретінде.


Лекцияның мақсаты: Орта ғасыр кезеңіндегі құдай ілімімен және христиан дінінің философиялық негіздерімен танысу.

  1. б.з. 5 ғасырда Рим империясының күйреуімен Батыста феодалдық қоғаммен

бірге пайда болған философия ол Орта ғасырлық христиандық философия еді. Бұл философия алғашқы капиталстік қоғам пайда болғанға дейін Европа елдерінде үстемдік құрды.

Құлиеленушілік антикалық қоғамның күйреуі философияның әлсіреуіне әкеп

соқты. Антикалық философияның мұрасы жоғалып, 12 - ғасырдың екінші жартысына дейін батыс Европа ғалымдарына белгісіз болып келді. Дін үстем идеологияға айналды. Егер де Алдыңғы Азия мен Орта Азияда, араб тілді елдерде ислам діні үстемдік етсе, Европада христиан діні өзінің екі түрлі бағытында үстемдік етті. Европада білім беретін мектептер шіркеудің қолына өтті. Мектептер мен университеттің дамуы философияның алдына шіркеуге діннің догматтарын философиялық тұрғыдан түсіндіру міндетін қойды. Философия бірнеше ғасырлар бойына діннің қызметтісіне айналды. Мұндай рольді алғашында христиандықты дінсіздерден қорғаушы апполегеттер орындаса (б.з. І г.), кейін христиандықтықтағы философияның таным мәселесімен патристика өкілдері (шіркеу әкейлері айналыса бастады. Бұл ілімнің ең әйгілісі Августин Аврелий өз іліміне неоплатонізм идеяларының бірқатарын енгізді. Батыстағы неоплатонизмнің христиан идеологиясының мақсаттарына бейімделгеен өкілдері шығыс неоплатониктер болды. Олардың ішінде жалған Дионисий Ареокаист (5 г.) деген облды. Орта ғасырлық христиан философиясының қалыптасуында Иоанн Скотт Әриугена маңызды роль ойнады. Діннің догмаларын түсіндіргенде орта ғасырлық философтардың алдында жекенің жалпыға қатынасы және жалпының шындығы жайлы мәселер туындады. Осы мәселерді шешу тәсілдеріне қарай, схоластика бірқатар көзқарастарды дүниеге келтірді. Бұл көзқарастардың негізі жалпылық жөнінде өзара пікірталасқа түскен реализм мен номинализм еді. Бұл екеуінің айрылысын философия тарихында жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды (Универсалийлер). Реалистер, - жалпы ұғым -әмбебаптар адам санасынан, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндірді. Ал Номиналистер болса бұған қарама-қарсы пікірде болды, яғни әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Екі көзқарастың да шектен тыс кетуіне 12-ғасырда өмір сүрген Абеляр қарсы шықты. 12-ғасырдың орта шенінен бастап Аристотель шығармалары латын тіліне аударыла бастады да, оның ілімі христиан дінінің философиялық негізі ретінде қабылданды. Содан бастап схаластика ұстаздары Аристотельді түсіндірушілер мен жүйелеушілрге айналды. Олар Аристотелизмді өздерінің діни және философиялық ұғымдарына бейімдеді. Аристотель дүниетанымының еекірген бөлігін догматтықпен игеріп, (мыс: геоңентрлік жүйесін , физ) принциптерін ғылымдағы жаңалық іздестірудің бәрін теріске шығарды. 13 ғасырда схоластиканы жүйеге келтірушілер. Ұлы Альберт, Фома Аквинский және Иоанн Дунс Скот болды. Соның ішінде шіркеу Фома Аквинскийдің ілімі жоғары бағалады. Оны өз әулиелерінің қатарына қосты. Ал 1879 ж. оның ілімін өзінің ресми философия доктриналы деп жариялады.


2. Августин Аврелий (354-430) - гиппона епископы (Солтүстік Африкада ), христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын тұрған философ-мистик патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фидейстік сипатта, “Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ”, деген принципке бағынады. Августиннің көзқарасы схоластика көздерінің бірі “Құдайдың қаласы туралы” (426) деген шығармасында Августин тарихты адам тағдырын фаталистік (satalis- қашып құтылмайтын яғни тағдыр) тұрғыда түсіндіретін христиандық консепциясын ұсынды. “Жердегі қалаға”, “күнәһар”, “зиялы мемлекетке” ал, “құдайдың қаласын”, шіркеудің бүкіл дүние жүзі үстемдігін қарама – қарсы қойды . Августинның христиан теологиясының кейінгі дамуына ықпалы орасан зор.

Фидеизм – лат. fides – сенім – діни догмаларды қорғау үшін идеалистік философияны және ғылыми білімдерді пайдаланатын, ғылымды діне бағындыруға әрекет жасайтын көзқарас. Ол бойынша болмыстың түпкі себептерін ғылым ашып беруге дәрменсіз.


3. Ф. Аквинский (1225-1274) Аристотельдің ілімі теология тұрғысынан түсіндірді. Аристотелизмді христиан дінінің догмаларына сәйкестендірді. Фоманың объективті – идеалистік философиясы осылай қалыптасты. Ф.Аквинский Универсалиялардың үш түрін мойындады: жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті) заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық) және заттардың кейінгі түрі (адам санасындағы танылатын). Ф.Аквинскийдың философиясының негізгі принципі – сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша ақыл құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп сенімнің ақиқаттығына қарап пікірді қабылдамайды. Барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.

Мән – әссенция, өмір сүру – әкзиетенция. Оның түсінігінше өмірде бұл екеуі жеке, бірінен бірі алшақ және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал құдайда бұл екеуі бір-бірінен ажыратылмайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Орта ғасырлар адамзат тарихының қай уақыттарын қамтиды?

  2. Ф.Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеу жолдарын еске түсіріңіз.

  3. Августиннің болмысының пайда болуының үш жолын айтыңыз.



ЛЕКЦИЯ №8

Тақырыбы: Исламдық орта ғасыр мәдениет контексіндегі арабтық-мұсылмандық философия

Жоспары:

  1. Мұсылман философиясының қалыптасуы мен дамуы.

  2. Суфизм философиясы. Қ.А. Иассауи шығармашылығы.

  3. Әл-Ғазали және араб-түркі тілді философиясының дамуы.


Лекцияның мақсаты: Исламдық мәдениет пен ислам дінінің негізгі тұжырымдарымен студенттерді жете таныстыруү

  1. Ислам діні дүниеге келіп, арабтар Солтүстік Үндістан мен Пиреней түбегі аралығындағы орасан үлкен территорияны жаулап алғаннан кейін. Осы территорияда өмір сүретін халықтармен тығыз байланысқа түседі. Арабтар көшпелі болды. Олар бүкіл адамзатқа жіберілген жаңа ілім ислам ілімін өзге халықтарға таратудың өздерінің ең басты миссиясы деп санады. Осы ілімге сай келетін өзге халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктерін арабтар лезде үйреніп,дамыта түсті. Ислам әлемінің ойшылдары ерте грек философиясы мен қатар, Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырды. Егер батыс Европада христиан дінін идеалогияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу жүріп өтее, ал мұсылман аймағында әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кшіді . Бұл кезеңде ғылымның жаратылыстану салалары да жақсы дамыды . Арнайы білім салаларының дамуына Әл-Харазми, Әл-бируни, Ибн –Сина, Омар Хайям т.т.б. ойшылдар өз үлестерін қосты.

Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және тиориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсымандық шығыс арқылы, алғаш рет антик мәдини мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдинетінің озық жетістітеі-мен танысты. Бұл ғылыми теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы әтникалық шығу тегі жағынан арап емес , түркі және парсылар болды.

Осылай батыс әлемі Шығыспен рухани диалоғы нәтижесінде ерте грек философиясымен қатар шығармашылық пен жаңашылдыққа толы шығыс мәдениетімен танысты.

Мұсылман философиясында екі бағыт рационалистік және сезімдік таным бағыты болды. Біріншісіне Әл-Кинди, Әл–Фараби және Ибн – Сина жатады. Ал екіншісіне көбіне суфизім философиясы өкілдері кіреді. Біз келесі бөлімімізді осы екінші бағыт өкілдерінен бастағалы отырмыз .

2. Суфизим данагөйлері рухани – адамгершілік тұрғыда толысу жолын ұсынады. Осы парасаттылыққа жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. Бұл ақиқаттың мәні Құдайға деген сүйіспеншілік, барлық әлем оның өзгерістері құдайға тән құдіретті сұлулықтың феномені, “Әсем тазалық пен асқақтық” арқылы түсіндіріледі. Сопылардың пікірінше, бүкіл дүние құдаймен толық бірегей. Әлем мен адам - Құдай мен ақиқаттың, құдай мен құштарлықтың бірегейлі көрінісі. Мәнділіктің тұтастығы теориясы (Вахдат – ал вуднуд) барлық нәрсенің құдай екендігін мойындайды. Барлық бар нәрсе Мәнділіктің тұтастығында бар, демек ол құдай. Бұл бірлік құштарлық арқылы ғана жүзеге асырылады. Ол жаратылғанда Жаратушымен, ғашықтарды құдай құштарымен байланыстырып ақырында оларды Мәнділік Тұтастығында толығымен қосылуға алып келеді. Суфизмнің ең көрнекті өкілдері қатарына Қ.А.Иассауи жатады.

Қ.А.Иассауидың өмірге қөзқарас танымын ашуға көмектесетін құнды деректердің бірі соңғы жылдары табылған оның “Рисала” атты трактаты. Бұл еңбектің екінші атауы “Миратул Кулуб” “Көңіл айнасы” деп те аталады. Мұндағы мақсат! Осыны оқыған кісі өзінің ісі мен бейнесін ұғып, танысын деген ниетті аңғартады.

“Рисалада” ойшыл ақын өзінің дүниеге қөзқарас – танымын, ислам діні мен шариған жолдарының мән жайын, фәни және бақи өмірдің айырма нарқын осмыған орай адамдар арасындағы қарым – қатынас мәселелерін жүйелі түрде ашып талдайды. Оның ерекше мән беріп талдаған төрт бағанды тақырыбы : шариғат, тариқат, хақиқат, магрилат төңірегінде болып келеді. Оның екі әлемнің мән – жайын сипаттайтын “Диуани хихмет” атты адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді жырлауға арналған. Жинақ сол кездегі Қыпшақ – Оғыз тайпаларының тілінде жазылған. Осы тайпа халықтарына Ислам ілімінің нәрін беру үшін ұлы данышпан Құранның мазмұнын сол халықтардың жыр дәстүрімен жеткізе білді.

3. Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің Әл-Ғазали (1058-1111) сияқты ірі теологы да қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде Сұлтанға ұсыныстар береді. Сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Ғазали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан – жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Ғазилидің пікірінше мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол “Философтарды терістеу” деген еңбегінде Фарабиді, Ибн Синаны сынап, оларға “Әлемнің ешнәрседен жаратылысы” туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бұкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді. Ғазали Фарабидің, Ибн Синаның ақыл – ой ролі туралы позициясымен келіспейді. Мистиктің пікірінше ақыл – ой тек реттеуші рөлді ғана атқара алады, ол біздің ізденісімізді мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, Мәнділікті ешқашан да аша алмайды. Мәнділікті танудағы жалғыз тәсіл өзіне - өзі терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана Мәнділік ашылады. Бұл мәнділік құдайдың болмысы.

Әбу-Юсуф Якуб ибн Исхақ Әл-Кинди (800-879). Басра қаласынан шыққан філософ.

“Арабтардың философы ” деген атаққа ие. Оның дүниетанымы неоплатонизмға жақын турады. Құдай, ақыл-ой, мен философиясының мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Өзінііің шығармаларында Әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді:

  1. Құдай түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде

  2. Құдай мақсатты себеп ретінде

  3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақытты жаратқан. Пайда болған

нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен оол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін анықтай отырып, Әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идеяныайтады. Әл-Кинди ақыл- ойдың мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.

2. Егер Әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал Әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Фараби Аристотельдің алғашқы коментаторларының бірі. Ол Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Аналитика”, “Софистика”, “Поэтика” сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ Әл-Фарабидың дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдық пен әділетсіздіктің жойылып жер бетінде қайырымдылық пен ізгілік орнайтынына сеніп он идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Ол өз заманындағы саяси және әлеуметтік қайшылықтарды талдай келе ондай әділетсіздіктен құтылудың теориялық негізін өзініің утопиялық сарыында жазылған “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” деген еңбегінде жасайды. Әл-Фарабидің бұл ой ежелгі грек ойшылдары Аристотель мен Платонның мемлекет туралы теорияларын еске түсіргенімен, ол грек ойшылдары секілді құлдық қоғамды сол күйінде қабылдаған жоқ. Оның бастр идеялы зорлық-зомбылықсыз, басшысы әділетті әлеуметтік теңдік орнаған мемлекет. Әл-Фарабидың көзқарасы одан көп жылдар кейін өмір сүрген енциклопедист – ғалым Ибн–Синаның дүниетанымына елеулі ықпал жасады. Ибн-Сина (980-1037) Бухара маңында дүниеге келген жастайынан өзінің зеректігі арқасында білімнің көп саласын меңгеріп шығады. Әл-Фарабидың кейбір идеяларын қолдай отырып өз шығармаларын да ұсынады. Ол әманация, ақыл-ой туралы идеяларын алға тартты. Оның шығыста да Батиста да әйгілі болған еңбегі “Емшілік канондары” деп аталады. Бұл еңбегі атақты грек емшісі дәрігері – Ғаленнің тәжірибесінің негізінде жазылды.

Платондық ілімнен бас тарта отырып, Ибн Сина өзінің философиялық жүйесін перипатетизм арқылы құрастырады. Оның ғылымдарды классификациялауда өз жүйесі болды. Ибн-Сина философияны екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия – игілікке жетуге ұмтылады.

3. Орта Азиядан шыққан келесі бір торік ойшылы Жүсіп Баласағұни (XI г.) . Ол

өлең түріндегі “Құтадғу білік” шығармасын жазды. Бұл моральдық-этикалық мазмұнда жазылған еңбек. Ж. Баласағұнидың бұл шығармасы Әл-Фарабидың “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” деген еңбегімен мазмұндас. Мемлекеттің өмір сүруі оның формасының сақталуы мемлекетті бастаушы билеушіге байланысты. Әділдік мемлекеттің ұзақ өмір сүруінің кепі лі екенін шығармының өн бойында байқаймыз. Әділдікпен ел басқару үшін Ж.Баласағұни билеушіге елшіге, бірнеше кеңес береді. Тіл туралы тарауында сөздің өте жоғары маңызы бар екенін айтады. Сені өрге сүйреуші де тіл, басыңнан айыратын да тіл. Ж. Баласағұнның бұл шығармасы Қарахандар мемлекеті саяси дагдарысты бастан кеміп жатқан кезінде дүниеге кеді. Сондықтан ондай саяси ахуал еңбекте өз ізін қалдырмай қоймады.

Махмұт Қашқари Диуани Лұғат-ат-Түрік еңбегінде түркі тайпаларының тілдерінен әдет-ғұрыптары мен саяси дәстүрлерінен мол маглұмат береді. Сонымен бірге бұл еңбекте топкі тайпаларының ортақ идеясы туралы алғашқы ойдың нышанын байқатады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аль-Киндидің философиялық көзқарасы

  2. Ибн- Халдунның мемлекеттің пайда болуы жөніндегі ілімі

  3. Әл-Фараби елбасының қандай қасиеттері туралы айтады?


ЛЕКЦИЯ №9

Тақырыбы: Қайта Өрлеу Дәуірінің философиясы.

Жоспары:

  1. Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы антропоцентризм

  2. Жаңа космологияның пайда болуы. Дж. Бруно, Н.Коперниктің шығармашылығы. Н.Кузанскийдің пантеизмі.

  3. Қайта Өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия.


Лекцияның мақсаты: Қайта өрлеу дәуіріндегі негізгі философиялық бағыттармен танысу. Антропоцентризм идеясымен жете танысу.

  1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі антропооңентризм болып

табылады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамиды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі (Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Компонелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып, отырған қоғамдық құрылысты сынап, социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

Схоластықфилософиядан гуманистық идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский (Николай Кербс) (1401-1464) болды. Негізгі еңбектері: “Мүмкіндіктің болмысы туралы”, “Жер шарының айналуы туралы”, “Құдайдың көріпкелдігі туралы”, т.б. Кузанскийдің пікірінше , әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерініің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жжалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дами өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі.

Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, “адам дегеніміз оның ақыл-ойы” – деп тұжырымдайды.

Леонардо да Винчидің (1452-1519) философиясы беделді-ліктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күресіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдиениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан орта ғасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи “философиялық тас” іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеті мен заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп. тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.

Да Винчи Әл-Фараби мен Ибн Руштың “Екі ұдайды ақиқат” теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, Діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі жоқ, шын - ақиқат тек ғылыми ақиқат ғана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы – математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде ) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станоғы, т.б.).

Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы піків айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына аса зор әсер етті.

Н.Коперник (1473-1543). Негізгі еңбегі – “Аспан денелерінің айналуы туралы”. Оның әлемнің күн орталық жаратылысы теориясы тек астрономияның ғана емес, бүкіл жаратылыстанудың дамуына зор әсер етті.

Дж.Бруно (1548-1600) Н.Коперниктің теориясы негізінде философиялық көзқарастарын қалыптастырды. Негізгі еңбектері: “Себептілік, бастама және біртұтастық туралы”, “Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы”, т.б.

Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама) жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәң.гі және өзгермейді. Барлық заттар өшпейтін мәңгі қозғалыстағы бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар.

Г.Галилей (1564-1642) Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырды. Негізгі еңбектері: “Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар”, “Табиғат туралы кітап”, т.б. Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы 1) қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы; 2) денелердің құлау заңдылықтары – оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына үлкен әсері болды. Оның пікірінше философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған “табиғат кітабын” оқуы керек. “Табиғат кітабы” үшбұрыш, квадрат, дөңгелек шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық философия емес, таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек. Ол Коперник пен Бруно сияқты жер өз осі мен күнді айналып жүреді және ол күн жүйесіндегі көптеген планеталардың бірі ғана, ал күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пікір айтты.

3. Қайта Өркендеу Дәуірінің философиясында әлеуметтік-саяси ілімдерді дамытқан ойшылдар Никколло Макиавелли, Томас Мор ,т.б. болды.

Н.Маккиавелли (1469-1527) адам еркін бостандығын жүзеге асыруда қоғамның мемлекеттік ролін атап көрсетті. Негізгі шығармалары: “Билеуші және Тит Ливийдің бірінші декадасы туралы пікірлер”, “Олардың принциптері” және т.б.

Макиавелли Рим империясының этикасы мен күшін дәріптеді. Мемлекеттің қайсысы болса да римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болу үшін өз ісі әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолшданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеу керек. Макиавеллидің бұл ілімі “Макиавеллидің ” деп. аталып кеткен, саясатта өз мақатына қалай жетіссең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты.

Томос Мор (1478-1535). “Утопия”, Томаза Компонелле (1568-1639) “Күн қала” атты шығармаларында “беймәлім жерде”, “күн қалада” әділетті қоғам арнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, Бұл мемлекеттерде меншік иесі - қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілерде де, қарапайымдар да заң алдында тең және олар әртүрлі діндерге дәйектілікпен қарайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Н. Кузанский сенім мен аүыл ой мәселесін қалай шешеді?

  2. Н. Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде?

  3. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде?

  4. Н.Коперниктің ғылымға енгңзген төңкерісі неде?



ЛЕКЦИЯ № 10

Тақырыбы: ЖаңаУақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

Жоспары:

  1. Жаңа европалық философияның қалыптасуың алғышарттары және өзіндік сипаты .

  2. Ғылымы таным әдістері проблемасының талқылануы. Эмпиризм және рационализм.

  3. Д.Беркли мен Д.Юмның идеалистік ілімдері.

  4. XVIII ғасырдағы Европадағы ағартушылық философия.


Лекцияның мақсаты: Жаңа заманда қалыптасқан рационализм мен эмпиризм бағытаымен танысу.

  1. Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (жаңғыру) үлкен

ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы , антик мәдениетін қайта жанғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды . XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық

және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың әкспериментальдық негіззі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-раукаполистер Декарт пен Лейбниц, философ-әмпиристер Локк және Юм, транңендентокис Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шеқараны деморкациялау туралы мәселені шешумен айналысты.

Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр – бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты әкспериментальды зерттеуді негіздеп әлемге үстемдік етуге рационализмді уағыздаған Жаңа Заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және т.б. жатады.

  1. Жаңа замандағы философиялық тайпаластардың ең өзекті

мәселелері мыналар: бөлімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі). Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза) “айқындықты” рационалды интуиция арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе, ал әмпиристер (Локк, Юм және т.б.) арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанңія, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселелері болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз-өзіне себе болып табыладды. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монадана мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен ғылым құрылады.

Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар, Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды.

  1. Беркли өзінің “өмір сүру” демек “қабылдану” деген метологиялық принципіне

сәйкес, жалғыз өмір сүретін тек Құдай деп есептейді. Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етюді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша, осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады. Өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір-бірімен байланысады.

Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани (ментальдық) субстанңя туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім орғандары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны, жаратылыстану ғылымындағы “меннің” себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім ықтималдықтарға қарсы индукцияның ролін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымды да, моральна да, саясатта да маңыздылығын көрсету.

4. Европа тарихында XVIII - ші ғасыр ағартушылықтың ғасыры ретінде белгілі болды. Локк пен Лейбництен мұраға қалған өмірді саналы негізде қайта құру идясы, Англияның, Германияның, Францияның және басқа да европалық ойшылдар тарапынан әрі қарай жалғасын тапты. Мұндай бетбұрыс сол кезеңдегі білімді адамдар арасында табиғат пен қоғам жайындағы пайдасы зор білімнің кең түрде таралуы ретінде ќабылданды. Билеушілерге ғылым пен философияның ең соңғы жетістіктерін таныстыру арқылы сол жетістіктерге айырықша көңіл бөлінді. Көзі ашық монархтар өз мемлекеттерінде сана принциптерінің енгізілуіне жағдай жасауға тырысты. Қоғам мен табиғат жайындағы ілімдер дәстүрлі христиандық қағидаларға қарама-қайшы болғандықтан ағартушы ойылшылдар өздерінің ең басты міндеті діни догмамен күресте екенін айқын сезінді .

Жаңа заман ойшылдары Декарт Спиноза, Лейбниц өздерінің дүниетанымында қалай болмасын, құдай идеясын қабылдап, сананың, діннің негізгі ережелерімен сәйкестігі жайлы тұжырымды қалыптастырса, ағартушы ойшылдар шығармашылығының христиандыққа, дінге қарсы бағыты, сонымен қатар метафизикаға да қарсы сипатта болды. Діни дүниетанымның алғы шарттары - тәжірибеден тыс жоғары тұрған, болжамдардан азат болған сананың, адамды зиянды нәрселерден аластатып тұруы тиіс екендігі. Ағартушылар өздерінің көзқарастарының жалпы философиялық негізін Локк ілімінен тапты. Алайда Дж.Локктың өзінің “Рационалды христиандық жайлы”деген еңбегінде тєжірибеге сүйенген рационалдық таным мен дінді ұштастыруға тырысса, оның ізбасарлары ағылшын ағартушылары Джон Толанд (1670-1722) пен Антони Коллинз (1676-1729) деизм позициясынан антидогматик ретінде көрінді. Толанд кейінірек материалистік ілімді қабылдаған. Ол қозғалыс материяның атрибуты деген тезисті ұсынды. Ал Дэвид Ғартли адам психикасының материалистік түсінігінің негізін ќалады. Джозеф Пристли (1733-1804) өзінің гносеологиясында Локк пен Гартлидің көзқарастарына сүйенді. Ол социологияда; егер де билеушілер халықтың табиғи құқықтарын аяққа басса халықтың көтеріліске шығу құқығын қорғады. Дж. Локк пен ағылшын ағартушыларының ықпалымен ағартушылар алыстағы Америкада да пайда болды. Олар Америка Құрама Штаттарын құрушы және сол мемлекетке адам мен оның құқықтары жайлы деистік ағартушылық идеяны бойына сіңірген Конституцияны жасап беруші - Томас Джефферсон (1743-1826) мен Бенджамин Франклин (1706-1790) болды .
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница