Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница3/20
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.9 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Duisebaev.Filos-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20



6.Оқу сабақтарының құрылымы


Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен

жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз

бетімен меңгереді,белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8. Оқу түріне байланысты оқу сағаттарының бөлінуі.



-№

Лекцияның тақырыбы

Сағат саны

Лек

Семинар

СӨЖ

Пәннің мазмұны.

1

Кіріспе. Философия ғылым ретінде.


1




3

Негізгі бөлім.

2

Философия мәдениет феномені хақысында

1




3

3

Мәдени- тарихи контекстегі философия.


1




3

1 тарау . Мәдениет контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері.


4

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.


1




4

5

Антикалық мәдениеттегі философия. Натурфилософия. Сократ философиясы


1

1

3

6

Антикалық мәдениеттегі философия. Классикалық кезең.

1




3

2 тарау. Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені.

7

Батыс Европадағы орта ғасырлық философия.


1




3

8

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық = мұсылмандық философия.

1

1

3

9

Қайта Өрлеу Дәуірінің философиясы.


1

1

3

10

Жаңа Уақыт мәдениетіндегі

батысеуропалық философия

1




3

11

18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындағы неміс философиясы

1




5

12

ХІХ ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия

1




3

13

ХІХ ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия







3

14

ХІХ ғ. ХХғ. Басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

1




3

15

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

1




3

16

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

1

1

5

17

20ғ.-21ғ. мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

1




3

18

20ғ.-21ғ. мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

1




3

3 тарау. Философияның негізгі мәселелері.


19

Болмыс философиясы.

1

1

3

20

Болмыс философиясы.

1




3

21

Философиялық антропология.

1

1

3

22

Философиялық антропология.

1




3

23

Диалектика теориясының мәселелері.

1




3

24

Гносеология: жалпы мәселелер

1

1

3

25

Гносеология: жалпы мәселелер

1




3

26

Әлеуметтік философия

1




3

27

Әлеуметтік философия

1




3

28

Мәдениет,саясат, құқық философиясы.

1




5

29

Аксиология

1

1

3

30

Глобальдық мәселелер философиясы.

1




3




Барлығы:

30

8

97



9. ЛЕКЦИЯНЫҢ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


ЛЕКЦИЯ №1.

Тақырыбы:

Кіріспе. Философия ғылым ретінде

Жоспары:

  1. Дүниетаным ұғымы және оның типтері. Философиялық дүниетанымның өзіндік ерекшелігі.

  2. Философияның пәні және проблематикасы.

  3. Философияның негізгі функциялары


Лекцияның мақсаты: дүниетаным ұғымымен және дүниеге көзқарастың түрлерімен танысу. Философияның негізгі функцияларын түсіндіру


1. Әрбір адамда өзіндік таным деңгейіне қарай, дүние туралы түсінік қалыптасады. Адамда эмоциялық-сезімдік салаға қатысты дүниенің бар екенін сезіну мен оны қабылдау, сонымен бірге зерделік-ұғымдық салаға қатысты дүниені ұғынып, зерделеу қасиеттері болады.


Сонымен, дүниетаным дегеніміз – адамның дүниеге қатынасын айқындайтын көзқарастар мен сенімдердің, бағалар мен нормалардың, идеалдар мен ұстанымдардың жиынтығы. Мұның бәрі күнделікті өмірде бағыт сілтеуші болып, реттеуші функцияны атқарады.





Дүниетанымның құрылымын мына сызба бойынша елестетуге болады.


Дүниетаным







Білім

Бағалар мен нормалар

Сенімдер мен нанымдар

Іс-тәжірибелік әрекет




Теориялық деңгей

( Ғылым мен философия)

Өмірлік – іс-тәжірибелік деңгей

(Әдет-ғұрыптар, іс-тәжірибе)



Бұл жерде мынаны ескере кеткен жөн, кейбір философтар іс-тәжірибе әрекетін дүниетанымның құрылымына қоспайды. Ал біздің пайымдауымызша, өмірлік – іс-тәжірибелік деңгейде дүниетаным тікелей адамның сезімдік тәжірибесінен оның дүниені сезініп, оны қабылдауынан келіп туындайды .



Миф (аңыз) – бұл қоғамдық сананың ең көне түрі. Ол дүниенің жаратылысы мен оның құрылымы, табиғат құбылыстарының пайда болу себептері адамдар мен жануарлардың шығу тегі жайлы мәселерінің төңірігіндегі сұрақтарға жауап ретінде пайда болды.





Сонымен, миф дегеніміз – адамның бастапқы санасында шынайы өмірдің фантастикалық көрініске ие болуы және қоғамда қалыптасып отырған қарым-қатынастардың, ұстанымдар мен нанымдардың, мінез - құлық көріністерінің осыған негізделуі. Мифте қоршаған табиғатқа адами қасиет беріледі, ал кеңістік пен уақыт, субъективтілік пен объективтілік бөлінбейтін, тұтас ретінде қарастырылады.

Мифтің ең басты қызметі – дүниенің орналасу тәртібін түсіндіру және қалыптасқан қоғамдық қатынастарды реттеу.

Мифпен және мифологиямен дін тығыз байланысты. Қоғамның бастапқы даму кезеңінде олардың мазмұны біріне-бірі сәйкес келеді. Алайда діннің өзіне тән ерекшелігі болады. Дін догма, аян беру сезімі, рәсімдік әрекеттер жүйесін және адамдардың сенімдегі, үміттегі, махаббаттағы қажеттіліктерін қанағ

аттандыруға қызмет ететін шіркеу мекемелерін қамтиды.

Құдіретті жаратылыс иесіне Құдайға, адам ұғымының сыртында жатқан қандай да бір “қасиетті” бастамаға сену діни дүниетанымның негізі болып табылады.

Рухани – практикалық сипат миф пен діннің ең басты ерекшелігі:

Миф пен дін адамның қоршаған дүниені игеру деңгейімен адамның табиғат пен әлеуметтік тұрмыс жағдайына тәуелділігімен тығыз байланысты.

Философия қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылады. Сонымен қатар, мынадай маңызды ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Философияның ең бастапқы негізі адам, оның дүниедегі орны және сол дүниеге қатынасы болып табылады.

  2. Философия әлеуметтік – табиғи болмыстың жалпы негізін, тұтастық ретіндегі дүниенің дамуының жалпылама заңдылықтарын зерттейді.

  3. Танымның басты құралы адамдық сана (логос) болып табылады.

  4. Жекелеген ғылымдардың жиынтығы мен қоғамдық-тарихи практика – Эмпирикалық танымның базасы.

  5. Философия шындықты зерттеу процесінде, теориялық-танымдық көзқарас пен құндылықтық көзқарасты ұштастырады ( алынған білім іс-тәжірибедегі қолданысын қалай және қай жерде жүзеге асырады, осы білімнің адам мен адамзат үшін маңыздылығы мен құндылығы қандай).

Филосоофия - әлеуметтік және табиғи болмыстың мәнін, тұтастай дүниені,

осы дүниедегі адамның орнын, адамның дүниеге қатынасын және адам өмірінің мәнін ұғынумен байланысты қоғамдық сананың формасы.


2. Философия – бұл дүниетанымның теориялық негізі. Сондықтан ең басты мәселе ретінде бұл жерде сана мен объективті дүниенің қарым-қатынасы қарастырылады, дәлірек айтқанда сана мен материяның өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Бұл мәселені екі аспектісі бар. Бірінші аспект мына сұраққа жауап іздеуге айқындалады:

Барлық жаратылыстың түпкі себебі не – материя ма әлде сана ма? Былайша айтқанда осының қайсысы алғашқы болып табылады? Екінші аспект дүниені тануға бола ма? Деген сұраққа жауап іздеумен байланысты. Бірінші аспекттінің мәселесінің шешіміне байланысты философтарды идеалистерге (субъективтік және объективтік) және материалистерге (метафизикалық, диалектикалық) жіктеуге болады.

Алайда мұндай жіктеу философияның екі бағыты – материализм мен идеализм арасында абсолюттік қайшылықтар қалыптасқан деген көзқарасты тудырмауы тиіс. Керісінше материализм мен идеализм, философиялық білімнің дамуының біртұтас процесінің өзара байланысқан екі жағы болып табылады.

Дүниені танып білу мәселесіне келер болсақ, мұнда да ортақ пікір қалыптаспаған. Философтардың көпшілігі, дүниені танып білуге болады дейді. Слайда кейбір философтардың көзқарасы бойынша адам таным қабілетініің шектеулігіне байланысты (мысалы, Д.Юм) немесе заттардың өз қалпында объективті түрде танылмайтындығына байланысты. (Мысалы, Кант) Өзін қоршаған дүниені танып білуге дәрменсіз.

Философияның түбегейлі мәселесінің шешімінің табылуына маңызы жағынан кем түспейтін, оның өзге де бөлімдері - этиканың, эстетиканың антропологияның, әлеуметтік философияның және т.б. да байланысы бар және әлеуметтік философия үшін дүниенің бір жүйесі ретіндегі монизмнің дамуы ең басты мәселе болып табылады. Этика үшін мұндай мәселе моральдың пайда болуы мен оның табиғаты, мейірімділік пен зұлымдық дегеніміз не және т.с.с. Антропология үшін мұндай мәселе – Адам және оның қоршаған дүниедегі орны.

Басқаша айтқанда, философияның әрбір бөлімінде өзінің өзекті мәселесі бар..


Бақылау сұрақтары:

1. Дүниетаным және оның тарихи түрлері

2. Философия пәні және оның зерттеу объектісі

3. Философияның негізгі фунциялары және әдістері


Лекция №2.

Тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында

Жоспары:

  1. Философияның пайда болуының мәдени-тарихи, экономикалық, әлеуметтік-саяси алғышарттары.

  2. Философиялық білімнің тарихи типтері, олардың типологиясы.

  3. Философияның құрылымы.


Лекцияның мақсаты: Философияның қалыптасуымен және негізгі бағыттарымен танысу

1. Біз алдыңғы тақырыпта дүниетанымның көп түрлілігін білдік. Мифологиялық дүниетаным да, діни дүниетаным да философия пайда болысымен жойылып кетпейді. Олар қатар өмір сүріп келеді Біз қарастырып отырған философиялық дүниетаным адамдардың материалдық мәдениетінің шапшаң дамыған аймақтарында пайда болды. Бұл жерде философия не үшін пайда болды? деген сұрақ туындайды. Мұның мынадай жауабы бізді қанағаттандыратын сияқты: Философия қоғамдық өмірдің жаңа деңгейі, жаңа қоғамдық қозғалыстар дүниетанымның жаңа түріне қажеттілікті туындатқан соң пайда болады. Философияның рухани көзі мифтер мен алғашқы ғылыми білімдер дүниетанымдық бағытқа ие болса, ал ғылымның ықпалымен оларды жүзеге асыру әдісіне ие болады .

Философия шынайы философияға айналуы үшін оған колайлы экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайлар мен алғы шарттар қалыптасуы тиіс. Дүниетанымнын жаңа түрі ретінде философия үшін әлеуметтік қажеттілік қажет. Сондықтан, қоғамдық өмірдің қандай өзгерістеріне байланысты философия пайда болады?

Ілгеріде философия таптық қоғамда пайда болады деген пікір үстем болды.

Бірақ, тарих көрсеткендей мұндай оқуға философия туындамай жатып пайда болды. Сондықтан, философияның генезисінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларын нақтылап алған жөн.

“Қола дәуірінде” философия болған жоқ. Болған тек алғашқы философиялық ойлар. Мифалогиялық көзқарас әлеуметтік теңсіздікке қызмет ете бастады.

Шын мәнінде философия таптық қоғамның пайда болуымен емес, оның даму сатысының белгілі бір кезеңінде пайда болады . Дәлірек айтқанда, ”темір дәуірінде” пайда болды .

Темір балқыту әдісінің жетілдірілуі ауыл шаруашылығына және әскери өнерге үлкен бетбұрыс альп келді.

Басты рольді таптар күресі атқарады. Философия қала халқының жаңа әлеуметтік қабатының өзінің билік құқығын және артықшылынтарын жасап алған топка қарсы күресі нәтижесінде пайда болады.

Философия алғаш рет қайда пайда болды деген сұраққа да біржақты жауап жоқ. Кейбір философтар шығыс философиясын жоққа шығарып тек европалық философия болды дейді. Гегель, Хайдегер міне осындай пікірде болды. Ал батыс Азияны алып қарайтын болсақ, ол жерде философия пайда болуына қолайлы жағдай қалыптасып келе жатқанымен жүзеге аспай қалды. Себебі Парсы державасы ежелгі бұл өркениеттер мен мәдениеттерді жұтып қойды.

Философиялық идеялардың алуан түрлілігі олардың дүрыс қойылуы мен дүрыс шешілуі тарихи философиялық ғылымның алдында философиялық ілімдердің типалогизациясының мәселерін туындатты. Бұған типалогизацияның критерийлері де қосылады. Мұндай критерийлер бірнеше негіздемелер негізінде алға шығады. Оның біріншісі - гносеологиялық. Материализм бе , әлде идеялизм бе? Философиядағы бұл екі бағыт жалпы тарихи тағдырмен қалай байланысты болса да олардың өз тағдыры өздерінің қайнар көздері және дәстүрлері бар. Материалистік философияның да идеялистик философияның да тарихи мектептері бар. Гносеологиялық шек идеализмнің өз ішінде де бар, ол объективтік идеализм мен субъективтік идеализм.

Философиялық жүйелерді типологизациялаудың өзге бір негіздемесі ол да гносеологиялық болып табылады. Алайда ол, философиялық танымның негізгі формалары мен түрлеріне және бір-біріне қатынасы мәселесіне қатысты. Таным процесінде ең басты рольді сезім атқарады дейтін философтар, философия тарихында сенсуалистер деген атауға ие болды. Философиялық сенсуализмнің жалпылама қағидасы “алдымен сезімде болмаған нәрсе, интелектте де болмайды”. Жаңа заманда бұл принципті әсіресе ағылшын философы Дж. Локк (1632-1730 жж) белсенді түрде қорғады. Әйтсе де сенсуализмнің алғашқы идеясы Аристотельге барып тіреледі .

Сенсуализмге қарама - қарсы ретінде – рационализмді айтуға болады. Мұнда сезімдік таным толықтай жоққа шығарылмаса да,’’қараңғы” ілім ретінде жетілмеген әрі заттардың ішіне терең бойлай алмайтын, олардың мәнін аша алмайтын ілім ретінде қарастырылады.

Өзге контексте рационализм ұғымы иррационализмге қарама - қарсы ретінде қолданылады. Иррационализм дүниені танудағы сананың рөлін жоққа шығарады. Ирроцианализм бұл ролді психиканың рационалдылықтан тыс формасына жүктейді. Олар: мистикалық сезім, жоғары сезімді пайым, т.т.б. Ирроционализмнің негізінде болмыстың жалғандығы оның саналы негіздемеге, түсіндіруге тура келмейтіндігі жөніндегі постулат жатыр. Логикаға, санаға деген қатынас – оларды толық қабылдаудан бастан, толық теріске шығару да филофиялық ілімнің типологизациясының критерийлерің бірі (бұл әсіресе Жаңа Заманға тән болды).

Филоософияның ішкі құрылысы - әдіс бойынша да ерекшеленеді. Мұндай критерий бойынша ойдың бұрынғы жағдайы да қазіргі жағдайы да екі консепцияның біріне - метафизикаға немесе диалектикаға жатады. Метафизикалық философия деп дүниені біржақты, дайын қалыптасқан күйінде түсіндіргісі келетін философияны атайды. Бұл бойынша – заттардың мәні өзгермейді әрі мәңгі , олар қозғалмайды .

Сондықтан, оларды тыныштық қалыптан шығарып қозғалысқа келтіретін тек сыртқы күш ғана. Ал диалектикалық методология, философиялық ұғымдардың бір орнында тұрмайтынын, олардың козғалып отыратындығын мойындайды. Мұндай тұрақсыздық диалектиктердің көзқарасы бойынша, соған бара–бар қозғалыста, шынайылық құбылыстардың өздерінің бір-біріне ауысуын туындатады. Диалектиктер дүниеде дайын заттар емес тек процестер ғана өмір сүреді деп есептейді .

Философиялық ілімдердің типологизациясының өзге де критерийлерін немесе негіздемелерін айтуға болады. Олар атеистік және діни-идеялистік , сциентистік және антисциентистік (оның айырмашылық критерийі – ғылымға қатынасы болып табылады).

Бақылау сұрақтары:

  1. Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері.

  2. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары.

  3. Мәдениет дүниесіндегі философия.


Лекция №3.

Тақырыбы: Мәдени-тарихи контекстегі философия

Жоспары:

1. Философия пәні оның негізгі тараулары

2. Логика, этика, эстетика


Лекцияның мақсаты: философиялық пәндерді оқып-үйрену

1. Қазіргі кезеңдегі философияның дамуы мен оның құрылымы күрделі бірлестікті білдіреді . Егер әдеттегі ұғымға сай жүретін болсақ, оны мына түрінде көрсетуге болады.

Философия тарихы.

Онтология



Гносеология


Логика

Философия


Әлеуметтік философия






Эстетика

Философиялық антропология.


Этика

Аксиология

2.Философияны түсінуде, және сонымен қатар, оның адам мен дүниені танудағы

ролінде шектен шығушылыққа жол берілген кездер де болды. Бірде философия “ғылымдардың ғылымы” немесе “барша ғылымдардың атасы” (Аристотель) ретінде түсіндірілсе, бірде ол ақиқатқа жеткізе алатын барша ғылымдардың ішіндегі патшасы ретінде жарияланды (Г.Гегель, догматикалық марксизм). Ал кейде керісінше, философиялық білімнің ақиқаттылығы, әрбір құбылыс жайлы біріне-бірі сәйкессіз, керек болса біріне-бірі қарама-қарсы бірнеше көзқарастарды айту мүмкіндігі болғандықтан жоққа шығарылып отырылды (Софистер) немесе, аталған білімдер априорлық сипатқа ие болып отырды (позитивистер).

Ал шын мәнінде философия мен жекелеген ғылымдардың өзара қарым-қатынасы танымның символдық жасыл ағашындай. Мұнда философия бұтақ болса, жекелеген ғылымдар оның қабығы іспеттес. Философия осы ғылымдардағы зерттеулердің негізгі бағытын белгілеп, оның нәтижесін ой елегінен өткізеді, әрі жалпы мәдени тұрғыдан оларға қорытынды ұғым береді. Философиялық танымның түп негізінің эмпирикалық базасы жекелеген ғылымдардың теориялары мен методтары болып табылады.

Философия сананың ғылыми, тұрмыстық, көркемдік образдық немесе мифологиялық деңгейлерінде көрініс табады. Сондықтан, философияны тек ғылыммен байланыстырып оны білімнің рационалдық жүйесі ретінде ғана қабылдауға болмайды. Себебі философияға образды – пайымдық сипат тән.

Сонымен қатар, философияны Ницше секілді (неміс ойшылы) тек субъективтілікке апарып тіреуге негіз жоқ. Оның қорытуы бойынша, философия, дербес ойшылдың оның субъективтілігін білдіретін жеке шығармашылығы болып табылады. Әрине, субъективті жағдай, өзіндік ерекшеліктер ойшылдың философиялық ой жүйесіне едәуір ықпалын тигізеді. Бірақ, қорыта келгенде ілім ешқашан “объективтендірусіз” өмір сүре алмайды.


Бақылау сұрақтары:

1. Философиялық ой кешудің тарихи типтері.

2. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігі


ЛЕКЦИЯ №4.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница