Лекция: 30 сағ




НазваниеЛекция: 30 сағ
страница14/20
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.9 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Duisebaev.Filos-Z.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

2.а) Саясат деп әлеуметтік топтар, ұлттар немесе мемлекеттер аралысындағы қарым-қатынасты айтады. Бұл қарым-қатынастар осы топта арасындағы билік үшін күреске байланысты. Сондай-ақ, мемлекеттің қоғамды басқарудың мазмұнын, түрлері мен тәсілдсрін білдіреді. (саяси қатынастар болуы үшін немесе жүзеге асыу үшін саяси сана - сезім болуы шарт. Саяси сана дегеніміз - бұл ірі әлеуметтік топтардың негізгі мүдделерін білдіретін сезімдердің, дәстүрлердің идеялар мен теориялардың жиынтығы. Олар бір-біріне және қоғамның саяси институттарына қатысты. Саясаттың маңызды аспектілері: саяси бағыт пен саяси мақсаттарды іске асыратын практикалық іс-әрекеттер, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен ұлыстардың, мемлекеттердің, мемлекетаралық бірлестіктердің мақсаттары мен мүдделер;, саясаттың субъектілсрі болып табылатын – азаматтар, көшбасшылар, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, мемлекеттердің бірлестіктер;, мемлекет ісіне азаматтардың саяси және мемлекет қайраткерлерінің, қоғамдық ұйымдардың қатысуы;ғылымның әлеуметтік заңдарға сүйене отырып, саяси-іс-әрекеттердің мәнін ашып көрсету шамасы; адамдармен жұмыс істеу, олардың мүмкіндіктерін іскерлік қабілеттері мен адами қасиеттерін ескере білу өнері.

Ал саясаттың маңызды қызметіне - саяси қатынастарды ұйымдастыру, саяси сананы қалыптастыру, билеуші топтардың және әлеуметтік топтардың қоғамдық-саяси ұйымдастырылуын қалыпқа келтіру жатады.

Саясат болғаннан кейін, біз саяси іс-әрекетті айналып өте алмаймыз саяси іс-әрекет сыртқы және ішкі саясат болып екіге бөлінеді. Саясаттың құрылымы - ол мемлекет пен қоғамдық ұйымдар.

Б). Қоғамның саяси өмірдегі, оның азаматтарының саяси сана -
сезімдерінің оянуында әртүрлі әлеуметтік топтардың, таптардың өз мүдделерін
білдірулері, қоғамдық-саяси ұйымдардың рөлі ерекше. Қоғамдық - саяси
ұйымдар қандай да әлеуметтік немесе саяси топтардың мүдделерін қорғау
арқылы мсмлекеттік билікке ықпал етіп, қоғамдық-саяси өмірді жандандыра
түседі. Осындай әрекеттер, қоғамда саяси күресті туындатады. Әрбір қоғамдағы
саяси күресте саяси партияларсыз мүмкін емес. Партия мемлекетке қарағанда ол
қоғамдық ұйым болып табылады. Бұл әрекеттер әлеуметтік топтардың
мүдделерін білдіреді. Партиялардың өздерінің әрекеттерін реттеп, мүдделерін
білдіретін жарғылары мен бағдарламалары болады.

Қазіргі кезде саяси партиялар электораттың дауысын өз кандидаттарын билік құрылымдарына сайлау үшін құрылған дауыс жинау институтына айналып барады.

В)Мемлекет дегеніміз - ел территориясында тұратын
халыққа өз билігін жүргізетін қоғамның біртұтас саяси ұйымдасуы. Ол міндетті түрдегі
құқықтық бұйрықтар шығарады, оның басқару және мәжбүрлеу аппараты, өзінің
дербестігі болады. Мемлекетті, оны мемлекеттік емес ұйымдардан
ажырататын сипаттары болады. Тарихтан мемлекеттің бірнеше түрлері белгілі.
Мемлекеттің типтерін айқындауда экономикалық қатынастарды негізге
алатын, қоғамдық-экономикалық-формациялық ұғымдағы көзқарас (Маркс,
Энгельс, Ленин) мен өркениеттілік ұғымдағы көзқарастар (Еллинек, Крюгер, Гэлбрейт, Тойнби) өмір сүріп келеді. Қоғамдық-экономикалық формациялық -
көзқарас бойынша мемлекеттер, құл иеленушілік, феодалдық,
капиталистік, социалистік болып әртүрлі тарихи кезеңдерге бөлінеді. Ал өркениеттілік ұғымдағы

көзқарас бойынша - мемлекеттср - ежелгі шығыс, ежелгі афиналық, ежелгі римдік, орта ғасырлық, қазіргі заманғы мемлекеттер болып бөлінеді.

Мемлекеттің өз функцясы бар. Ол ішкі және сыртқы функциялар. (Мемлекеттің функциясы дегеніміз - оның іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары. Мұнда мемлекеттің әлеуметтік міндеттері іске асырылады). Ішкі функцияларға экономикалық, әлеуметтік, халықты бақылау, құқық қорғау, экологиялық функциялар кіреді.

Сыртқы функцияларға - өзге мемлекеттермен қарым -қатынас, елді сыртқы агрессиядан қорғау.

Мемлекеттің түрі ретінде - басқару түрін (монархия немесе республика) территориялық ұйымдасу түрін (унитарлық, федеративтік) сондай-ақ қандай да бір мемлекетте орнаған саяси тәртіптің түрін (тоталитарлық, демократиялық) айтамыз.

Мемлекеттің пайда болуы жөнінде әртүрлі көзқарастар мен теориялар бар. Олар: табиғи-құқықтық (келісімділік .Ж.Ж.Руссо) материалистік (Маркс, Энгельс Ленин).органикалык (Аристотель, Спенсер) Психологиялық (Петрашевский), зорлық-зомбылық теориясы (Дюринг, Гумплович, Каутский).


Бақылау сұрақтары

  1. Постиндустриалды қоғам термині

  2. Қоғам өмірінің негізгі салалары

  3. Саясат философиясы


ЛЕКЦИЯ № 28

Тақырыбы: Мәдениет,саясат, құқық философиясы

Жоспары:

1. Мәдениет философиясы

2. Саясат философиясы

3. Құқық философиясы

Лекцияның мақсаты: Адам өмірінде мәдени, саяси және құқықтық құндылықтардың маңызы мен рөлін игеру.

I. Мәдениет философиясылық ой-толғамның аса маңызды, терең теориалық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет-қызмет нәтижелерінде мәдениет дарежесі айқындалады. Басқаша айтқанда, адамның - адам болуы үшін жасап шығарған еңбек құрал-жабдықтары ежелгі мәдениеттің ескерткіштері болып табылады. Материалдық өндіріс бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын, күрделенуін туғызады. Материалдық өндірістегі әрбір жаңа белес мәдениеттің де жаңа, негұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни бұл жерде мәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберінен де асып, қоғам өмірінің барлық саласын қамтитындығын айтуымыз керек. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп көрсетіп, мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармауымыз қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құрал-жабдықтары мен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен формасы мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі өткеннің, бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет.

Мәдениеттің негізі - еңбек. Еңбек негұрлым күрделенген сайын мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдсниетке байланысты. Мәдениет тарихи процеспен ұштасып жатады, әрі сол тарихи процесстердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі - оның өз бойындағы сабақтастыққа терең бойлай білуінде.

Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірлерді білу қажет, оның өмірлік алғы шарттары қандай болғанын айқындау қажет, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес. Мәдениеттің ерекшелігі - ол тек обьективті шындық қана емес, өзінің шығу тегі жағынан ол субьективті мазмұнға ие. Адамның өмір сүру тәсілі мен объективті қызметі негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Мәдениет туындысы ол заттық мазмұнға ие болған адам мәні. Бұл айтылғандардан, мәдениеттің дайын зат ретінде өмір сүретіндігін қорытындылауға болады.

Сөйтіп мәдениет құрылымы жағынан материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалдық мәдениентке өндіріс құрал жабдықтары, архитектуралық ескерткіштер жатса, ал рухани мәдениетке кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары және халық ауыз әдебиетінің туындылары жатады.

2. Мәдениет адамзаттың өркениет сатыларымен жоғары көтеріліп
келе жатқанын білдіреді. Мәдени көрсеткіш негұрлым жоғары болған сайын,
адам еркіндігі де согұрлым жоғары болады.

Өркениеттің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес. Өндірісті дамыту дегеніміз-жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуін қамтиды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру, мәдениет ережесін және өркениеттің қандай қалыпта екенін көрсетеді. Олай болса, өркениет пен мәдениет өзара байланста дамуда бір объективті негізге тәуелді болады екен. Сонымен бірге өркениет пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты, қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Мұның өзі өркениет пен мәдениет арасында әлі шешімі табылмаған күрделі қатынас бар екендігім көрсетіп отыр. Оны ғылыми-техникалык революция жетістіктерін пайдаланудан да көруге болады. Өркениет мазмұны жағынан күрделі және көп салалы болып келеді. Өркениет қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәдениеттің дамуына жағдай туғызады, өз кезегінде мәдениет өркениетті жетілдіреді.

3. Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланыста болады. Қоғамның
даму белесі өзіне сай келетін мәдениет дәрежесімен сипатталады, мәдениет
жағдайы қоғам жағдайына тәуелді.

Мәдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды. Олай болса мәдениеттің дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты екен. Қоғамдық қатынастар адам дамуының өлшемі болғандықтан, олай болса ол оның мәдени дамуының да өлшемі екенін мойындау қажет.Мәдениет қоғам дамуының да көрсеткіші болып табылады.

Дүние жүзілік мәдениеттің дамуы, мәдениет типтерінің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі, мәдениет мазмұнының қоғамдағы өзгерістерге тәуелді екенін көрсетеді.

Жалпы адамзат мәдениеті - ұлттық мәдениеттерден құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің жай жиынтығы емес. Ұлттық мәдениетті ұлттар, халықтар тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Ұлттық мәдениет ұлттық, халықтық дәстүрлерден нәр алады, соның даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Халық тарихынан тыс, оның өмір салтынан оқшау ұлттық мәдениеттің болуы мүмкін емес. Бірақ қай ұлт болмасын, қай халық болмасын, өзге ұлттар мен халықтардың әсерін қабылдамай тұра алмайды. Сондықтан әрбір ұлттық мәдениетте жалпы адамзаттық мәдениет элементтерін көреміз.

Әрбір ұлттық мадениет - мәдениет мазмұнындағы жалпы адамзаттың нақтылы көрінісі. Солай бола тұра, ол дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ұлттық мәдениет өз дамуында түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ, мына ұлттық мәдениет мешеу қалған деп барлық мәдениет көріністерін бір қалып негізінде сипаттау дұрыс емес.

Мәдениеттің нақтылы ұлттық және халықтық сипат алу процесі, қоғамымызда дамып келе жатқан демократия талаптарына сәйкес келуімен тығыз байланысты.


ЛЕКЦИЯ № 29

Тақырыбы: Аксиология.

Жоспары:


1. Аксиология ұғымы.

2. Адам іс-әрекетін құндылық тұрғысынан бағалау.

3. Қоғамдық прогрестің құндылықтық аспектілері.


Лекцияның мақсаты: Философия тарихындағы құндылықтар туралы іліммен танысу. Құндылықтар түрлерімен танысу және игеру

1. Аксиология (грек тілінде"ахіа"-құндылық және "логос"-ілім) құндылықтар жаратылысы туралы ілім. Оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы,яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі кұндылықтық байланыстар туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология XIX-ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.

''Игілік дегеніміз не?" деген аксиологияның басты сұрағын алғаш болып Сократ койды. Аксиология - этикалык, эстетикалық, діни және өзге де құндылықтардың өзара байланысын және әлеуметтік-мәдени орта мен жеке тұлғаның кұрылымына қатынасын зерттейді. Аксиологияның басты міндеті – құндылықтардың болмыстың жалпы кұрылымындағы орны мен табиғатын анықтау.

Аксиология ілімінің қалыптасуындағы екі кезеңді атап өтуге болады.
1-ші кезеңі – синкретизм деп аталады. Бұл кезең онтология мен аксиалогияның, яғни болмыс пен
кұндылықтардың бөлінбеуімен ерекшеленеді. Мәселен, антикалык дәуір мен
орта ғасырларда этикалык-эстетикалык, діни құндылық сипаттары ақиқат пен
шынайы болмыс ұғымына енді. Мұндай дәстүр Платоннан, Гегельге дейінгі
идеялистік рацонализмде көрініс тапқан.

2-ші кезеңі - болмыстың ақиқат және құндылық болып екіге бөлінуімен сипатталады.Соңғысы заттық құндылықты және субъективтік құндылықты білдірсді. Мұның екеуі де адамның іс әрекетінің бағыт бағдары мен оның дүниеге деген құндылықтық көзқарасының көрсеткіші болып табылады.

2. Құндылықтар жүйесіндегі ең жоғары құндылық - адам және оның өмірі болып табылады. Ең жоғары құндылықтарға жалпы адамзат құндылықтары – мейірімділікті, әділеттілікті, сұлулықты, ақиқатты жатқызуға болады. Бұлар жеке адамның әлеуметтенуінде маңызды роль атқарады. Бұлардың жүзеге асуы жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің тұңғиығында жатқан мүмкіндіктерді жүзеге асырумен бара-бар. Осыларды түсінбейінше және оларды жүзеге асырмайынша адам баласының жеке тұлға болып қалыптасуы қиынға соғады. Мұнсыз өмір өз мәнін жоғалтады. Ал өмір мәнін жоғалтқан адам үшін оның өмірі қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.

Жоғары құндылықтармен сонымен бірге "экзистенциалдық вакуум "проблемасы да өте тығыз байланысты. Мұндай вакуумға құндылықтарда адасқан немесе оны таба алмаған адам түсіп қалады. Мұндай жағдай қазіргі заманда өте көп кездеседі. Көптеген жылдар бойы қалыпты өмір сүріп келген құндылықтар жойылып, өмірлік тәжрибесі бар адамдар түгілі жастар үшін де өмірдің мәні төмендейді. Экзистенциалды вакуум, жеке адамның әлеуметтенуіне кері әсерін тигізеді де невроздардың пайда болуына алып келеді.Экзистенциалды вакуумның пайда болуының ең негізгі формасы уақыттың босқа кетуі, яғни өмірлік қызықтың болмауы болады. Бұл жоқшылыққа қарағанда көбірек проблемалар туғызады. Жоқшылық адамды іс-әрекетке көшуіне бейімдейді, ал қызықсыз өмір шынайы өмірден безуге алып келеді (маскүнемдік, нашақорлық, т.б)

Тек жоғары құндылықтар ғана емес, сонымен бірге жеке адамның әлеуметтенуіне құндылық құралдары да елеулі ықпалын тигізеді.Олар ең жоғары құндылықтарға бағынып, соларға негізделген. Мәселен адам әділеттілікті орнату жолына түссе ол осы жолда ешқашан әділетсіз әрекеттерге бармайды. Құндылық құралдарынсыз ешқандай игі істерді жүзеге асыру мүмкін емес.

3. Қоғам әртүрлі қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесін құрайды. Осындай алуан түрлілікті ұғыну үшін вакуумды түсіну өте маңызды. Қоғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар біздің санамыздан тыс тәуелсіз өмір сүреді. Ал рухани қатынастар адамдар санасынан өту арқылы қалыптасады. Олардың арасындағы байланыс аралық сипатқа ие. Материалдық қатынастар қоғамдық санада бейнелене отырып, белгілі бір рухани құндылықтарды туындатады. Ал мұндай құндылықтар рухани қатынастардың негізі болып табылады.

Рухани өмір бай мазмұнға ие атмосфераны, қолайлы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастырады. Ал өзге жағдайларда рухани өмір жұтаңдау болып келеді.Мұндай қоғамда рухани азғындық белең алады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнында оның шынайы адамгершілік мәні көрінеді. Рухани өмірдің басты элементтері - рухани қателіктер, рухани құндылықтарды жасап шығару жолындағы іс-әрекеттер, рухани азық және адамдар арасындағы рухани қарым-қатынастар.


Бақылау сұрақтары

  1. Философия тарихындағы құндылық мәселесі

  2. Материалдық және рухани құндылықтар арақатынасы

  3. Құндылықтардың қоғам өміріндегі маңызы


ЛЕКЦИЯ № 30

Тақырыбы: Жаһандану үрдістерінің философиялық астары.


Жоспары:

  1. Жаһандану дегеніміз не?

  2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер



Лекцияның мақсаты: Қазіргі әлемдік деңгейде адамзатты толғандыратын мәселелермен және оларды шешу мақсатында білім алу

Тек бүгінгі таңда ,20ғ. аяғы мен 21ғ. басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан міндетті түрде қаралып, сарапталуы керек.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми – техникалыү, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығынығ қалыптасуы. Ол біздің көз алдымызда тез қарқынмен өтетін үрдіс.

Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау методологиясының тұрғысынан алып қарастырғанда, жаһандану үрдісінің негізінде ғылыми техникалық революция жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт дамуы табиғи ресурстардың жер бетінде әр түрлі шоғырлануы , сондықтан елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу ,алмасу мәселелері де жаһандану үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды.

2.Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер де бірінші орында ядролық соғыс қарй-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекеттің қатарына бүгінгі таңда Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды.

Екінші үлкен мәселе бүгінгі қалыптасқан тәндік сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшеусіз қолдану, қоршаған ортаны ластау- адамзатты болашақ экологиялық апатқа алып келуі мүмкін.

Үшінші- демографиялық мәселелер, яғни жер бетінде адамның халықтың тым тез қарқынмен өсуі.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Похожие:

Лекция: 30 сағ iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Мектеп педагогикасы” пәні бойынша 050116-“География”– мамандығының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 45 сағ
Кєсіпорын экономикасы” пәні бойынша 050506 “Экономика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 68 сағ
Эем-дегі практикум” пәні бойынша 010510,050111 “Информатика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11. 05
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 52 сағ
Информатика” пәні бойынша 050102 “ПБӘ”, 050117“Қазақ тілі”, 050119 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 30 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
...
Лекция: 30 сағ iconЛекция: 15 сағ
Философия” пәні бойынша 050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница