«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі»




Скачать 87.72 Kb.
Название«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі»
Дата конвертации13.02.2016
Размер87.72 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://icrov-pvl.gov.kz/files/blog/1384247078223.doc
«№ 3 Успен жалпы орта білім беру мектебі»

мемлекеттік мекемесі


Қолөнер бұйымдарын жасап үйретуде

оқушылардың шеберлігін дамыту


Қосыбаева Төлеу

технология пәнінің мұғалімі


2013 ж


Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, халқымыздың рухани мұрасын зерттеп, зерделеуге көніл бөлініп, әдет-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз, ұлттық өнеріміз өз алдына дербес сала ретінде қалыптаса бастағаны баршамызға мәлім. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-мұраттарынының ең бастысы- өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастаратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Оқушылардың қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихи, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет. Осыған орай қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баулу, шеберлегін дамытудың маңызы ерекше. Халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиындықтарын айтады. Қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жайды салуды, киім-кешекті тігуді, азық-түлікті өндіруді, әсем бұйымдар жасап, сән-салтанатты өз өнерімен жасай білген.

Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері білім беріп қана қоймай, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру. Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі ұлттық қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:

  1. оқушыларға технология сабағында ұлттық тәрбие беріп, шығармашылық іс-әрекеттерді меңгеру керек. Өйткені көркем шығармашылық іс-әрекеттерді күнделікті пайдаланып жүрген әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы оқыту технологиясы деп отырғанымыз халық мұрасындағы қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық тәрбие беру ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, ұлттық тәрбие беруде бірінші орында оқушы тұрады және оның білім алудағы белсенділігіне басты назар аударылады.

  2. Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің негізгі түрлері- тәрбие берудің дербес және топтау түрлері. Бұл жерде алға қойған мақсат оқушыға деген сенім, ұлттық қолданбалы қолөнерге қызығу мүмкіндіктеріне сүйеніп, ұлттық қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальді түрлері көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуге ғана пайдалынады.

  3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша технологиялық білімін жетілдіру үшін пайдаланылатын әдістемілік құралдар оқушының танымдылық іс-әрекеттерін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы оқулықтар мұндай талапты қанағаттындыра алмайды, сондықтан оқушының технологиялық білімін жетілдіру үшін жаңа типтегі оқулықтар қажет-ақ. Қазақ халқының қолөнер түрлерін меңгерту процесінде оқушының технологиялық білімін қалыптастыру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, практикалық, ақпараттық, т.б.) пайдаланамыз.

Оқушының шеберлігін қалыптастыру мақсатында халықтың қолөнерін оқытуды ұйымдастыру: мұғалімді оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушыға қолөнерді үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға, жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оны талдай білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін аңықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұжымдастыруға және орындауға, қолөнер түрлерін жасау процесінде оқушының оған деген қызығушылығын, сұранасын арттыруға, қолөнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастурыға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың шығармашылық жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының қолөнер түрлерін оқыту әдістемесен ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруға ықпал етеді.

Мектепте оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір-ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық жұмыстар істеуге ықпал ету, эстетикалық таным мен этнографиялық ерекшелікті түсінуге бейімдеу, іскерлікке, өнерге баулу.

Мұғалімнің жергілікті материалды тиімді қолдануы оқушының еңбек пен кәсіптік бағдар алуына, өмірге бағыт алуына қолайлы ықпал жасайды. өйткені, оқушылардың көпшілігі мектепті бітірісімен өз өлкесінде жұмыс істеп, өмір сүреді, сондықтан оларға еңбек ету және өмір сүру үшін жан-жақты білім қажет.

Жергілікті материалдарды технологияны оқытуда пайдаланудың үлкен тәрбиелік және білім берудегі маңызы бар. Өз өлкесінің табиғи байлықтарымен танысуы, олардың өңделуі және ауыл шаруышылығында қолданылуы, оқушылардың эстетикалық танымы мен этнографиялық ерекшелігі туралы түсінігін кеңейтіп, туған өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келе жатқан - мектептің жұмыскер жүрегі – мұғалім уақыт талабына сай білім беру керек» - деген. Осы орайда, технология пәнінен «Жібек және жүн маталар. Маталардың физикалық, механикалық қасиеттерімен таныстыру. Жүн, жібек маталардың экологиялық қасиеттері» тақырыбындағы сабақта 6-сынып оқушыларын жас ерекшелігіне байланысты қызығушылығы мен белсенділіктерін дер кезенде дамытуды өз міндетіме санадым. Осыған дәлел ретінде жерлес ғалым, биолог Жұмахан Маусымбайұлы Күдериннің еңбектерінде төрт түлік малдың жүнінің ішіндегі ең көп қолдынылатын қой жүндерінің түрлері, тазарту, иіру сияқты ерекшеліктері жайлы сөз қозғамақпын. Заман ағымына сай оқушы шеберлігін, іскерлігін қалыптастыруда еңбекқорлыққа тәрбиелеуде қазіргі өнеркәсіп пен техника қарыштап дамыған уақытта игерген білімді пайдаланып жасаған дүниелердің орны бөлек.

Халық өнерін игеру - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Енді оқушыларға сәндік-қолданбалы өнердің мағынасын түсіндіруге болады. Өнердің түрі көп. Бізді қошаған өмірдің барлығы - өнер және бір ерекшелігі сәндік-қолданбалы өнер әр кезде пайдалы, бұл өнердің әр затының тұрмыстық қолданылу орны бар. Қолөнердің қайнар көзі – еңбек, «Еңбек адамды ұлы да, данышпан ететін ұлы күш».

Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігінде мал шаруашылығымен айналысып, оның шикізатын пайдаланып, қолөнер бұйымдарын жасауды кәсіп еткен, жастарға үйреткен. Өйткені, бұл өнерді үйреніп меңгерген жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы секілді.

«Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей, өнер түрлі халықпен бірге ықылым заманнан жасап келеді.

Ж.М. Күдериннің мал шаруашылығы саласында қосқан нәтижелі үлесі мол ғалым ретінде еңбектері кейінгі ұрпаққа үлгі. Ол өз еңбектерінде «Қойдың шығу тарихынан» бастап «Қойдың жүні және оның өзгешеліктері, жақсы, жаман болу себептері, сұрыптары туралы» өмірден түйген тәжірибесі негізінде басқа мемлекеттермен салыстыруы, одан алынатын өнімдердің денсаулыққа пайдасымен қатар, одан көп өнім алу жолдарын да ұсынады.

Ғалым еңбектерін танудың ғылыми негізі ҚҒА мүше корреспонденті 3. Бияшев пен Ф. Молдағалиев еңбектерінде салынды. Сәкен Сейфулин өзінің «Көкшетау» поэмасының алғы сөзінде шығармасын арналған 15 алаш ардақтыларының қатарында Ж. Күдериннің есімнің аталуы – «қазақ көгіне өрмелеп шығар жастарға сенетін» алаш ардақтасының білім негізін қалаушы қоғам өкілі екендігін қуаттаса керек. Осы ғалымның сол кездегі ой-пікірлері бүгінгі талапқа сай екіндігіне осы сабақ негізінде көз жектізуге болады.

Ұлттық қолөнердің қыры мен сырын түсіндіріп, көптеген бұйымдарды қолмен тоқып, тігіп, оларды тұрмыста қолдануды үйренбес бұрын «Халық қолөнері» деп аталатын дәріс сабақта қой жүнінің 5 түрге бөлінуі, жүнді шайырдан арылту, жуып ағартып, иіруде жүннің жуандығы, жұмсақтағы, шыдамдылығы, сұрыптары сияқты барлық қасиеттеріне талдау жасалады.

Ж. Күдерин өзінің еңбегінде: жүннің тоқталып өтерлік 9 өзгешелектері болады дейді: мықтылығы, созылштылығы, көпіргіштігі, ширатылғыштығы, жұмсақтығы мен үлпілдектігі, шыдамдылығы, ажары мен түсі.

Осы өзгешелектеріне қарай жүннің жақсы, жамандығы білінеді. Сонымен қатар, қойдың жүнін теріден ажырату жолдарын ұсынып, қырыққан жүндердің сапасы және одан алынатын өнімдерге де тоқталады.

Бұл- өнім аларда, жасарда қойылар басты талап. “ Өнер жұтамайды” демекші, тоқудың түрлері негізгі, қысқа, жай, бір жіп қосылған шалулар арқылы бізбен тоқу деп үйретіледі. Бізбен тоқу үшін жүн, жартылай жүн, қой жүнінен иірілген жіптерді қолдану арқылы тоқыма бұйымдарына өрнек салуға да болады.

Жүннен тоқылған киімнің гигиеналық пайдасы, ыстықты өткізбеуі, кеңістіктегі “ дене- киім- қоршаған орта” қажетті микроклимат туғызады.

Ал, халыққа қажет құрақ құрауда мата қиындыларын кәдеге жарату, асқан шеберлікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластырып, қаңдай да бір бұйым жасап шығару қажет.

Ғалым еңбегіндегі ойды қазақ халқының шеберлері табиғатпен үндестіре, ою-өрнектің шығу тарихын малшылықпен пен аңшылықпен, геометриялық түсініктермен ұштастыру арқылы дүниетанымын кеңейткен.

Аймақтық компонентті пайдағаланда төмендегі міндеттерді шешуге болады:

-Жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану арқылы кәсібі бағдар беруге үйретеді;

-Туған өлке байлығын (жер, су, өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі) ұқыпты пайдалануға, ортаны қорғауға тәрбиелейді;

-Оқушылардың кітапханамен байланысы, шығармашылық ізденісі арттырылады, білімін тереңдетуге көмектеседі, танымдық белсенділігін арттыруға жол ашады.

Ұлылығы мол, ұлағаты жетерлік ұлттық киімдердің кез келгенін көзге көрікті, көңілге қонымды ететін нәрсе -әшекей.Онсыз киімнің сәні кірмейді, мәні қашады. Әшекейдің молдығы – қазақ киімдердің байырғы ерекшелігі болып табылады.

Біздің бүгінгі күнімізге тозбай, шаңға тұтылып қалмай жеткен әшекейлердің болмысы ата-баба санасынан бастау алып жатқаны шындық. Осы ою мен өрнекке қарап тұрып, ежелгі адамдардың ойлау, дүниені елестетуге қөабілеттерін қапысыз анықтауға болады.Олардың өз тұсындағы өмірді, оның мәнін қабылдағаны сол қалпында оюларға түскен.Демек, көне әжелердің қолынан шыққан оюлардыкөне бабалардың қолымен қашалған Орхон –Енисей жазуларына теңдеудің толық қисыны бар.

Ата-бабамыздың көне мұрасын игеру, жас ұрпақты заман талабына сай еңбекке баулу, білім беру, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу мақсатында балалар арасында өздері жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. техникалық-шығармашылық көрмеге оқушылардың ұлттық ою-өрнектермен аппликацияланған, безендірілген бұйымдары айқастыра кестелеленген, бисермен кестелеу арқылы орындалған жұмыстары, бисерден жасаған бұйымдары, ілмекбізбен іліп тоқылған селдірөрнек сияқты бұйымдары «жақсы» деп танылып, бірнеше рет алғыс хат пен мақтау қағаздармен марапатталды. Қатысушылар: 6 «а» сынып оқушылары Сәрсенбенова Карина және Тоқтарова Айдана; 7 «а» сынып оқушысы Шакиримова Гүлназ; 9 сынып оқушылары Ашимова Диана, Булатбай Айгүл, Карканова Бибінұр және Теміржанова Зухра. Аудандық сурет сайысына қатысып, мына балалар жүлделі орындарға ие болды. Олар: 6 «а» сынып оқушысы Смаханбетова Ұлжан I орын, және осы сыныптың оқушысы Аманбай Нұрбек II орын, 5 сынып оқушысы Қажебаев Б. III орын, Мектепте әр мерекеге арналып сурет сайыстар өткізіледі. Оқушылар жиынында сайыстың өткізілуі туралы ережені алдын ала таныстырамын. Мектепішілік сайыстардың жеңімпаздары: 6 «а» сынып оқушысы Смаилов Ринат I орын, 6 «а» сынып оқушысы Төлеуханова Жұпар II орын, 7 «а» сынып оқушысы Аленова Танзиля III орын т.б.

Бұның барлығы  оқушыға келешекте өмірде қателеспей өте қажет мамандық таңдауға бағыттайды.Мамандықты дұрыс таңдай білген адамның келешегі жарқын болады. Біз еңбек мұғалімдері келешек азаматтарын мамандық таңдауға дұрыс бағыттай білейік! Сонда ғана  ұлттық өнеріміз өшпейді.

Сонымен, технология пәнінде қолөнерді негізге алып, оқушыларға ұлттық және шығармашылық бағытта тәрбие беру арқылы еліміздің білімді жастарын тәрбиелейміз.

Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби «шығармашылық қабілет жоғары ойлау әрекетінде және оны ұдайы жаттықтыру барысында іске қосылады » деген. Сол себепті де қазіргі заман талабына сай ұстаздар өздерін үнемі дамыту үстінде болуы тиіс.    Еңбектеріңіз ерен, жұмыстарыңыз алға баса берсін, құрметті әріптестер!


Пайлаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство.- Алматы, 1986.

Т.1. – 175 б.

2. Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. - Алматы, 1977. -213 б.

3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. .- Алматы, 1995. -87 б.

Похожие:

«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconСыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconҚазахстан Республикаеындағы 12 жылдық орта білім беру
Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы (бүдан әрі — Тұжырымдама) — жалпы орта білім беру жүйесінің максаты,...
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» icon«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша жасалынған жұмыстардың жылдық есебі

«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconШЫҒармашылық шыңдалу – басты бағЫТ
Мемлекеттік мекеме – «Павлодар қаласының №28 орта жалпы білім беру мектебі», қазақ тілі
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconСемей
Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру...
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconНегізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,...
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconПавлодар қаласындағы №33 жалпы орта білім беру мектебі
Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconАқбай ауылы, №28 Ақбай жалпы орта мектебі
МҰҒалім – Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық МӘдениетті қалыптастырушы тұЛҒА
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қадылжанова Гүлнәрдің «Исатай ауданының топырақ экологиясы» атты ғылыми...
«№3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» iconОрта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница