Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы




Скачать 282.97 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
страница1/2
Дата конвертации13.02.2016
Размер282.97 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://pa-academy.kz/images/ASR dok. kaz.doc
  1   2


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Әлеуметтік саясат кафедрасы


Академияның Ғылыми-әдістемелік

кеңесінің отырысында бекітілді

Хаттама № 5. 25/12/2012 ж.


2013-2014 оқу жылында

6D090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Академияға докторантураға оқуға түсушілерге арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының

Бағдарламасы


Астана қ.


Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже


ҚР МЖБС 5.04.034-2008 «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша жоғары оқу орнына кейінгі білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде 6D090500 - Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша Академияға докторантураға түсушілерге арнайы пән бойынша Қабылдау емтиханының бағдарламасы.


Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы бойынша ғылыми білімнің жүйесін іс жүзінде қолдана алатын, ғылыми-зерттеу ізденісі білік-дағдыларына ие болған, ғылыми-зерттеу қызметіне дайын әлеуметтік жұмыс саласында жоғары білікті мамандарды – «Әлеуметтік саясат» мамандандырылған даярлық бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс докторларын даярлау.

Бейіні бойынша докторларды даярлаудың білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын, әлеуметтік салалар: білім беру, медицина, құқық, өнер, қызмет және бизнес салалары үшін нақты бағыттар бойынша әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді терең оқуды қамтиды.


Мына қағидаттар негізінде бағдарлама әзірленеді және жүзеге асырады:


- «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша магистратураның бағдарламасымен (екінші деңгей) келісілуі(түйіндесу);

- докторанттарды даярлаудағы жалпы стратегияны айқындаудағы икемділік пен мобильділік;

- маманды даярлау бағдарламасына жеке бағдарлану;

- гуманистік бағдарланған әлеуметтік технологияларына бағытталу;

- әлеуметтік жұмыстың мамандарының кәсіби білімдерін құрастырудағы әмбебаптық, іргелілік, жүйелік, интегративтілік;

- өңірлік шарттарды есепке алу.


Емтихан кешенді нысанда өткізіледі, оның мақсаты мына пәндер бойынша «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша МЖБС көлемінде білімді бағалау: 1. Әлеуметтану, 2.Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы. 3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты.


Мына пәндер бойынша қабылдау емтиханына

қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар:

  1. Әлеуметтану

1-тақырып. Әлеметтану ғылым ретінде

Әлеуметтанудың объекті мен пәні туралы қазіргі түсініктер. Әлеуметтанудың қазіргі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны. Әлеуметтану ғылымының құрылымын құрудың негізгі тұрғылары. Әлеуметтану ғылымының ерекшеліктері. Әлеуметтану білімінің деңгейлері және типтері. Пәндік және әдіснамалық білім. Теориялық және эмпирикалық білім. Тұғырнамалық және қолданбалы ғылым.

Әлеуметтану білімінің негізгі құрылымдық элементтері: әлеуметтанудың әлеуметтік-мәдени және философиялық-әдіснамалық негіздері; жалпы әлеуметтану теориясы; әлеуметтану тарихы, әлеуметтанулық ойдың мектептері мен бағыттары; салалық әлеуметтану пәндері; зерттеу әдістері мен процедуралары; персоналийлер.

Әлеуметтану ғылымының негізгі қызметтері (танымдық, дүниеге көзқарастық, болжамдық, практикалық (колданбалы), тәрбиелік және т.б.). Әлеуметтанушының кәсіби кодексі. Әлеуметтанушының кәсіби іс-әрекетінің құқықтық және адамгершіліктік аспектілері.


2-тақырып. Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде қалыптасуы. XIX – XX ғ.ғ. басындағы негізгі әлеуметтану мектептері. XX ғ. әлеуметтану дамуының басты бағыттары. Қазіргі әлеуметтану теориясындағы ізденістердің негізгі бағыттары.


3-тақырып. Әлеуметтік өмірдің негізгі құрамды бөліктері

Адам биоәлеуметтік (биоәлеуметтік-мәдени) тіршілік иесі. Адам және тұлға. Әлеуметтанулық тұрғының тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық, антропологиялық тұрғылармен салыстырмалы ерекшеліктері. Жеке адам және жекешілдік. Жеке адамның әлеуметтенуі: мәні, формалары және кезеңдері.

Тұлға – әлеуметтік өзарақатынастар мен өзгерістердің белсенді субъектілері. Тұлғаның әлеуметтік типологиясы. Тұлғаның рөльдік және диспозициялық тұжырымдамасы.

Мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан түсіну. Мәдениеттің құрылымы (морфология) және компоненттері. Мәдени іс-әрекет және оның құрылымдық элементтері. Әлеуметтік-мәдени құбылыстардың материалдық нұсқалары. Рухани құндылықтар мәдениеттің жалпы маңызы бар рәміздері ретінде. Мәдениеттің нормативтік сипаты. Әлеуметтік-мәдени құбылыстардағы мағыналар, құндылықтар және нормалар. Мәдениеттің көптүрлілігі, бұхаралық және маманданған мәдениет, субмәдениеттер. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік-мәдени үдерістердің жаһандануы.


4-тақырып. Қоғам жүйе және әлеуметтік өмірдің формалары ретінде

Социеталдық жүйе: ұғымы және құрылымы. Адамның әлеуметтік өмірі және оның табиғи және биологиялық алғышарттары. Қоғамның белгілері. Қауым және қоғам. Әлемдік қауымдастық.

Социеталдық және әлеуметтік жүйелер. Әлеумет ұғымы. Әлеуметтік жүйе, оның құрылымы және элементтері. Әлеумет және мәдениет. Әлеуметтік жүйелердің экономикалық, саяси және т.б. жүйелермен арақатынасы. Әлеуметттік қауымдастықтар, олардың түрлері және құрылымы.

Әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топтардың негізгі сипаттамалары. Топтық сананың мінез-құлықтың және топтық іс-әрекеттің ерекшеліктері. Әлеуметтік топтардың типологиясы. Кіші әлеуметтік топтардың ерекшеліктері.

Әлеуметтік таптар. Таптардың негізгі белгілері. Классовая структура индустриалдыққа дейінгі, индустриалдық және индустриалықтан кейінгі қоғамдар.

Ұлттар (этностар) және ұлттық (этникалық) қауымдастықтар. Ұлттық өзіндік сана. Ұлттық мүдделер және ұлшылдық.


5-тақырып. Әлеуметтік стратификация

Қоғамның әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік жіктелудің объективті және субъективті көрсеткіштері. Әлеуметтік жік ұғымы (страттар). Әлеуметтік стратификация және оның өлшемдері. Әлеуметтік статустар мен рөлдер. Орта тап мәселелері. Қоғамның элитасы: құрылымы және қызметтері.

Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификацияның ерекшеліктері: тарихы және қазіргі жағдайы.


6-тақырып. Әлеуметтік институттар

Әлеуметтік институт ұғымы, оның құрамы. Әлеуметтік институт қоғамның әлеуметтік құрылымының компоненті ретінде. Әлеуметтік институттың типологиясы. Әлеуметтік институттардың: отбасының, мемлекеттің, экономиканың, білімнің, ғылымның, діннің және т.б. негізгі сипаттамалары. Әлеуметтік институттардың қызметтері, айқын және латенттік қызметтер мен дисфункциялар. Қазіргі қазақстан қоғамындағы әлеуметтік институттардың дағдарысы.


7-тақырып. Әлеуметтік ұйымдар және басқару

Әлеуметтік ұйымдар жүйе ретінде. Әлеуметтік ұйымдардың негізгі сипаттамалары. Олардың типологиясы. Ұйымдық иерархия. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару. Формальді және бейформальді ұйымдар. Бюрократия. Әлеуметтік ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлі.


8-тақырып. Әлеуметтік өзара қатынастар және үдерістер

Әлеуметтік әрекет ұғымы, оның құрылымы. Әлеуметтік әрекет әлеуметтік іс-әрекеттің бірлігі ретінде. Әлеуметтік әрекетерді типологиялау (М. Вебер бойынша). Т. Парсонс әлеуметтануындағы әлеуметтік әрекет тұжырымдамасы. "Адам әрекетінің жалпы жүйесі" ұғымы.

Әлеуметтік өзара қатынастар әлеуметтік субъектілер қатынастарының типі ретінде. Тұлғаның мінез-құлқы және әлеуметтік топтар. Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері және түрлері. Әлеуметтік бақылау, оның мазмұны, тетіктері мен формалары. Әлеуметтік бақылаудың объекті мен субъекті. Нормалық және ауытқулық мінез-құлық (девианттық).

Қоғамның қызметіндегі коммуникацияның орны мен рөлі. Коммуникацияларың түрлері. Әртүрлі қауымдастықтардағы, институттардағы, ұйымдардағы коммуникациялардың ерекшеліктері.

Коммуникациялардың негізгі элементтері. Коммуникациялық торлар. Коммуникациялық құралдар. Бұхаралық коммуникация және әлеуметтік таптауырындар.

Қоғамның ақпараттық жүйесі, оның негізгі тарихи кезеңдері.

Әлеуметтік ауысудың мәні. Әлеуметтік ауысудың түрлері. Ауысудың жазық және тік ауысудың ерекшеліктері.

Әлеуметтік шиеленістер. Әлеуметтік шиеленістер ұғымы және оның құрамы. Шиеленістер типологиясы және себептері. Шиеленістің даму сатылары. Әлеуметтік шиеленістерді шешу тәсілдері. Қазіргі қазақстан қоғамының шиеленістілігі.

Қоғамдық пікір әлеуметтік құбылыс ретінде. Қоғамдық пікірдің объекті мен субъекті. Қоғамдық пікір және қоғамдық көңіл-күй.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері. Бұхаралық ақпарат құралдарының осы үдерістердегі рөлі. Қоғамдық пікір қоғамның саяси өмірінің және әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдау факторы ретінде.


9-тақырып. Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік даму

Әлеуметтік өзгерістер: ұғымы және формалары. Әлеуметтік өзгерістердің деңгейі, бастаулары, субъектілері бойынша типологиясы. Эволюциялық және революциялық өзгерістер. Циклдық әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктері.

Әлеуметтік өзгерістердің мәдени, экономикалық, технологиялық және т.б.-лармен арақатынасы.

Әлеуметтік өзгерістерді басқару. Әлеуметтік өзгерістер және әлеметтік инженерия. Әлеуметтік технологиялар. Инновациялар (жаңашылдық) және инновациялық үдеріс. Жаңғырту.

Әлеуметтік даму ұғымы. Әлеуметтік даму және әлеуметтік өзгерістер. Әлеуметтік дамудың бастаулары және субъектілері. Әлеуметтік дамудық бейсызықсыз сипаты. Бифуркация ұғымы.

Әлеуметтік дамуды басқару. Әлеуметтік болжау. Әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жоспарлау.

Әлеуметтік даму және әлеуметтік прогресс. Әлеуметтік тұрақтылық ұғымы. Әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығы және қоғамның с тұрақтылығы. Әлеуметтік тұрақтылықтың факторлары. Әлеуметтік тепе-теңдік ұғымы.

Әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыларды қазіргі қазақстан қоғамының дамуын талдауда пайдалану. Тұрақтылық және тұрақсыздық факторлары.


10-тақырып. Әлеуметтанулық әдіснама және зерттеу әдістері

Ғылымдағы әдіснама ұғымы. Әдіснамалық білімнің деңгейлері: философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми. Әлеуметтанулық теорияның әдіснамалық қызметтері. Әлеуметтанулық зерттеулер әлеуметтану ғылымының тіршілік ету формасы және даму тәсілі.

Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары. Әдіснама және парадигма.

Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және оның сатылары. Әлеуметтанулық зерттеулердің типтері: фундаментальді және қолданбалы, теоретиялық және эмпирикалық. Олардың мақсаттарының, міндеттерінің, әдістерінің, кезеңдерінің ерекшеліктері. Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін практикалық пайдалану. Әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармашылықтың құқықтық, адамгершілік аспектілері.

Зерттеу бағдарламасы және кезеңдері. Проблемалық әлеуметтік жағдай және ғылыми проблема. Зерттеу объекті және пәні. Болжамдарды ұсыну және тексеру. Таңдау зерттеу процедурасы ретінде. Таңдаудың типтері және таңдау әдістерінің ережелері. Алынған мағлұматтарды өңдеу, талдау және жалпылау.

Әдістері топтау. Эмпириклық мағлұматтарды жинау, талдау және интерпретациялау. Әдістерді таңдау және оларды негіздеу ережелері. Бар мағлұматтарды бірінші және екінші рет талдау. Контент - талдау. Бақылау ақпарат жинақтау әдісі ретінде және оның түрлері. Жаплы сауал әдісі. Таңдау, таңдаудың түрлері, құрастыру ережелері. Таңдау жиынтығы және генеральді жиынтық. Интервью и сауалнама жүргізу. Интервью жүргізетін адамдарды дайындау ережесі. Сұрақтарды құрастыру ережелері.

Әлеуметтанулық эксперимент және оның түрлері. Фокус - группалар және оны өткізу әдістемелері. Әлеметтанудағы болжаулар. Болжаулардың түрлері мен әдістері.


2. Әлеуметтік жұмыс теориясы және практикасы.


1-тақырып. Әлеуметтану және әлеуметтану антропология контексіндегі әлеуметтік жұмыс теориясы. Философия әлеуметтік жұмыстың дүниетанымдық және методологиялық негізі ретінде. Әлеуметтік жұмыс іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде. Әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі теорияның ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдің феномені ретінде. Әлеуметтік жұмыс теориясының мақсаттары мен міндеттері. Жеке тұлғаның табиғи құқықтары және қоғамдық шарт теориясы. Мемлекет Гоббс, Ж-Ж Руссо, Монтескье, Джефферсон, Л. фон Штайн және тағы басқаларының тұжырымдамаларындағы әлеуметтік әділдіктің кепілдігі ретінде. Әлеуметтік стратификацияның және әлеуметтік жұмыстың әртүрлі модельдерінде халықтың «әлсіз топтарына» (тәуекел топтарға) қатысты теңдіктер-теңсіздіктерінің проблемалар көрінісі. Билік пен ресурстарды бөлу және қауымды жас, гендерлік, этикалық және өзге де ерекшеліктері бойынша ажырату. Э. Гофманның тұжырымдамасындағы «өзгелер».

2-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік мәдени факторлары, оның мазмұны және нысаны.

Әлеуметтік жұмыс және мәдениет.Әлеуметтік жұмыс және ұлттық мәдениет. Әлеуметтік жұмыс моделі және оларды құру өлшемдері. Модельдердің вариациялығы, құрылымдық және жеке әлеуметтік жұмысы. Әлеуметтік қамсыздандырудың қалдық моделі. "Trickle down economics" Г. Беверидж, М. Фридман, Хайек және тағы басқаларының қоғамдық әл-ауқат тұжырымдамасының негізі ретінде. Кедейлерге және кедейлікке «либералды» қатынастардың ерекшелшіктері, стигматизация проблемасы. Әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігі және «жұмыспен өтеуді» дамыту. Әлеуметтік қатысу, коммунадағы жұмыс және АҚШ-тағы волонтерлік қозғалыс.

Әлеуметтік теңдік, толық жұмыспен қамтылу тұжырыдамасы, әлеуметтік қызметтердің табыстарын және қол жетімділігін тегістеу және әлсіз топтарды нормалау әлеуметтік қамсыздандырудың институционалды жүйенің мақсаты ретінде. Әлеуметтік қорғалғандық (қайтарымдылық) – мемлекеттік және қоғамдық институттардың қосылған бастауы. Еңбек жетістіктері моделі. Әлеуметтік қамсыздандыру институттары экономикалық жүйелерге қосымша ретінде. Бисмарк реформалары және әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік жүйесін құру жалданған жұмыскер мен оның отбасының әлеуметтік қорғалуы негізігі ретінде.

Мотивациялауды қалыптастыруға, өндірістік қызметке ниет тудыруға байланысты клиенттің жеке рөліне ерекше назар аударылған З.Фрейд, Э.Фромм, В.Франкл, Э. Берннің және тағы басқалары көзқарастары негізінде әлеуметтік жұмыстың психологиялық модельдері.

Қазіргі әлеуметтік жұмыстағы неокорпоративизм және либерализация (әлеуметтік қызмет көрсету). Клиент қызметтерді тұтынушы мен сатып алушы ретінде. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және әлеуметтік жұмысты жүзеге асыруға мемлекеттік емес ұйымдар.

3-тақырып. Әлеуметтік жұмыс деңгейлері. Жеке және топтық жұмыс.

Әлеуметтік жұмыстың деңгейлерін белгілеу және жеке адамның / топтардың қосылу өлшемдері. Жеке адамның әлеуметтік жауапкершілігі мен бастапқы әлеуметтік институттардың (отбасы, көршілес, кәсіби және аумақтық ортақтық) идеясы. Клиент түсінігі және негізгі клиенттік топтар, оларды белгілеу өлшемдері. Субсидиарлық қағидаты, оның байланысы және оның әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік өкілеттіліктерді орталықтандырудан айырмашылығы.

4-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары.

Әлеуметтік диагностика адвекатты технологияны таңдау неігізі ретінде. Кез келген клиенттермен Дағдарыс интервенциясына араласу (басқыншылық) жұмысында алдын алуды (превенциялар) артық көру қағидаты. Әлеуметтік бейімделу мен нормалаудағы оқытудың және өзге де ынталандырушы технологияларының рөлі. Мүгедектердің (мүгедек-балалар) «тәуелсіз өмірін» реабилитациялау және тұжырымдамалар.

Отбасы мен балалармен жұмыстың нысандары. Патронаж және кеңес беру алдын алу технологиясы ретінде. Кеңес беру, қамқор, қамқоршылық, «көше» балаларымен жұмыс және т.б.

5-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру, қамкорлық, сақтандыру және көмек. Технологияны таңдау және олардың тиімділігін бағалау.

Табыстарды қостау және әлеуметтік қамсыздандыру үшін әлеуметтік сақтандыру мен салықтарды қайта бөлудің мәні. Кедейлікті өлшеу және оны жеңу мүмкіндіктері проблемаларының ерекшеліктері. Әлеуметтік сараптаманы дамыту. Қысқа және ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламалар. Табыстың трансферті және отбасыны қолдау проблемалары. Әлеуметтік қызмет көрсету қарттар мен мүгедектермен бірге жұмыстың негізгі технологиясы, оның түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әлеуметтік жұмыстың тиімділігінің және оларды араласу мен оның технологиясын бағалауға пайдалану мүмкіндіктерінің өлшемдері.
  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы Академия түлектерінің қауымдастығы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
«6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Кешенді емтихан бағдарламасына пәннің екі блогы енген, олар: «Экономикалық теория», «Менеджмент негіздері»
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан республикасының Қабылданатын заң жобаларының Әрекетінің Әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша
Мелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы iconҚазақстан республикасы президентінің жанындағЫ
«Саясаттану» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы саясаттану бағыты бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница