Қмму ф 4/3--06/03




Скачать 74.74 Kb.
НазваниеҚмму ф 4/3--06/03
Дата конвертации13.02.2016
Размер74.74 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/FARM/2 kurs/Filosofia/Kaz/Metod rekomend/SRSP/14..doc
ҚММУ Ф 4/3--06/03

ҚММУ БЕ 4/03


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау


Тақырыбы: Философиялық антропология. Адам – оның мәні және тіршілік етуі. Адам және тұлға философиясы. Дәрігер тұлғасының қалыптасуы


Пән: «Философия»


Мамандығы: 5В110300 «Фармация»


Курс: 2


Құрастырушы: Бакирова А.Т.


Қарағанды-2014 ж

Кафедраның мәжілісінде талқыланып және бекітілген


Хаттама № 1 «2» қыркүйек 2014 ж.


Кафедра меңгерушісі Темірғалиев Қ.А.



  • Тақырыбы: Философиялық антропология. Адам – оның мәні және тіршілік етуі. Адам және тұлға философиясы. Дәрігер тұлғасының қалыптасуы.




  • Мақсаты: Философиялық ізденістердің негізгі сұрақтары әрдайым адам, оның мәні мен мағынасына бағытталады. Адам өмірінің мәні қай кезеңде болса да, философияның өзекті тақырыбы бола тұра, әр уақытта адам өмірінің мәні мен мағынасы, тіршілік ету принципі сан қырлы жақтарынан талданып келді. Бұл тақырыптың мақсаты философиялық білімде адам, оның өмір сүруінің мәнін анықтауды әр уақытта актуальді болып қалатын мәндерге назар аудару және талдау.




  • Оқыту мақсаты: Студент әлеуметтік тұлға ретінде, келешекте қоғамның белгілі бір сатысында өзіндік функциясы мен орны анықталған адам ретінде өмірлік принциптерін жүйелейді. Бұл тақырыпты игеру барысында студентті әлемдік философиялық ойға бағыттау арқылы адам өмірі, оның мәні мен өмір сүру принциптерін ойластыруға бағдарлау.




  • Өткізу түрі: Видео көру, шығарма жазу




  • Тақырып бойынша тапсырмалар:

    1. “Адам табиғаты”, “адам мәні”, “адам болмысының экзистенциалары” ұғымдарының философиялық мағынасын ашу.

    2. Философиядағы адамның образын анықтаудағы мәселілікті түсіндіру.

    3. Адамның философиялық мәселелерінің өлімді жеңу, бостандық, өмірдің мағынасын рухани іздеудегі ажырамайтын байланысты көрсету.




  • Таратылатын материал (әдістемелік нұсқаулар, тақырып бойынша деректер,афоризмдер, тақырыпты бекіту үшін арналған тесттік тапсырмалар).




  1. Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Алтаев Ж.А. Қылым тарихы мен философиясы: оқулық / Ж.Алтаев, Т.Х.Ғабитов. – Алматы, 2011. – 468 б.

  2. Кішібеков Д. Философия: оқулық / Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов. - Алматы: Қарасай, 2010. - 360 б.

  3. Мырзалы С. Философия: оқулық / С. Мырзалы. - Алматы: Бастау, 2008. - 644 б.

  4. Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы / Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов. – Алматы: Эверо, 2009. – 272 б.

Қосымша:

  1. На переломе. Философия и мировоззрение / Сост. П.В. Алексеев. – М., 1990.

  2. Ғабитов Т.Х. Основы философии. А.,2000.

  3. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. – М., 1990.

  4. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общества. М.1992.

  5. Гевин Г.Д. К вопросу об основном вопросе философии. // Вопросы философии. 2002 , №10

6. Фролов И.Т. Проблема человека. -М., 1987.


Сабақтың мазмұны:

Топ студенттері 2-3 студенттен бірнеше топқа бөлініп жұмыс істейді. Студенттердің әрқайсысы алдын ала адм болмысы туралы ээссе жазып келеді. Сабақ барысында топқа біріккен студенттер өздерінің эссе мазмұндарын мүмкіндіктерінше бір жүйеге келтіруге тырысады. Сабақ өту процесінде топ студенттері философиялық антропология саласындағы ғалымдар ретінде адам және оның өмір сүруінің мәнін анықтайтын басты фактілерді идеялық түрде ұсынады.


Студенттерге дайындық үшін қосымшы деректер:


Қосымша1:

Адам болмысы философиядағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды.

Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/ мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды.

Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының философиялық негіз етіп алады.

Тұлға мәселесі философияда және жаңа заманғы қоғамдық практикада маңызды мәселе болып табылады. Тұлғаның даму деңгейіне көбінесе олардың жалпы адамзаттық мақсаттарын түсіну мен өздерінің қоғамдық функцияларын атқарудағы жауапкершілік қатынастары әсер етеді.

Тұлға ұғымының мазмұны «адам», «индивид» деген ұғымдармен тығыз байланысты, бірақ олармен тең емес. «Адам» жалпы тектік статусты бейнелесе, «индивид» текке индивидуальдық тұрғыдан қатыстылықыты бейнелейді. Тұлға ұғымы өте терең және күрделі, сондықтан адамның өмірлік қызметіндегі қоғамдық көрсеткіштердің байлығын, яғни оның әлеуметтік мәнін бейнелейді. Сондықтан тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік ортаның маңызы зор. Сонымен бірге тұлғаның қоғамнан салыстырмалы тәуелсіздігін ескеру керек,өйткені бұл тұлғаның қалыптасуындағы қажетті шарт болып табылады.

Тұлға қоғамдық өмірдің объектісі және субъектісі ретінде көрініс беруі мүмкін. Тарихтың барысында тұлғаның ролі көбінесе қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты болып, адамның ерекше белгісі ескерілмеді. Тұлғаның жан-жақты дамуы гуманистік идеал және адамзат тарихының мән-маңызын құрайтын бастама ретінде көрініс береді. Сондықтан, қоғамдық дамудағы тұлғаның еркіндігі мен тарихи қажеттіліктің диалектикасын ескерту өте маңызды. Қоғамдық өмірдегі еркіндік пен қажеттіліктің диалектикасы адамның еркіндігі мен жауапкершілігінің диалектикасында көрініс береді.

Тұлға мәселесін, оның сыртқы және ішкі еркіндігін қарастыру кезінде жатсыну мәселесін, оның себебін, мәні мен тарихи формаларын философиялық тұрғыдан талдау өте маңызды. Осы мағынада тұлғаның еркіндігін жатсынуды болдырмау, жою проесі ретінде қарастыру керек.


Тақырыпты бекіту үшін студенттерге арналған тесттік тапсырмалар:


1. Адам мен табиғаттың арақатынасы қандай:

А)Адам,қоғам және мәдениет бір уақытта табиғатқа қарсы да тұрады,қосылып та тұрады

В)Адам табиғатты билеп тұруы керек,себебі табиғат мәдениетке қарағанда түрсіз,ұйымдаспаған,ақылсыз,төмендеу

С)Адам табиғатқа қосылып тұр,ол – ұлы,табиғат ананың белгісі және туындысы

Д)Адам табиғаттан үйрену керек,оған бағыну керек,оның себебі табиғат үйлесімділік үлгісі

Е)Адам өзінің іс-әрекетінде өзін-өзі табиғатқа қарама-қарсы қояды


2. Тұлға ұғымы білдіреді:

А)адам индивидінің әлеуметтік сапасын,оның бірегейлігінің,даралылығының өлшемін

В)адамның биологиялық ерекшеліктерін

С)адамның сыртқы пішінін

Д)адамның өзіндік санасын

Е)адамның психикалық күйін


3. Абай философиясының орталық мәселесі-

А)дін

В)таным

С)адам

Д)методология

Е)онтология


4 Адам – бұл ...

А)танымның,еңбектік іс-әрекеттің,қарым-қатынас пен басқарудың субъектісі

В)еңбек құралын жасай алатын жандар

С)ойлай алатын қоғамдық жандар

Д)өзіне тиісті генетикалық бағдарламасы бар индивид

Е)ойлауға,сөйлеуге және еңбектенуге қабілетті биологиялық,психологиялық,әлеуметтік жандар


5. Адамдардың әлемдегі көркемдік игеруге бағытталған рухани – практикалық іс-әрекетінің саласы:

А)ғылым

В)философия

С)мораль

Д)өнер

Е)дін


6. Адам мәселесін зерттейтін философияның бір бөлігі:

А)әлеуметтік философия

В)аксиология

С)онтология

Д)антропология

Е)гносеология


7. Адамның дамуын сипаттайтын,белгілі нәтижесі бар адам іс-әрекетінің тәсілін бейнелейтін ұғым:

А) өркениет

В) мәдениет

С )техника

Д) қоғам

Е) технология


8. Тұлга ұғымы білдіреді:
А) адамның өзіндік санасын

В) адамның психикалык күйін

С) адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралылығының өлшемін

Д) адамның сыртңы пішінін

Е) адамның биологиялық ерекшеліктерін.


9. Адамдардың әлемді көркемдік игеруге бағытталған рухани – практикалық іс - әрекетінің саласы:

А) өнер

В) ғылым

С) философия

Д) мораль

Е) дін


10. Антропология саласынынң негізіг ізденісі:

А) таным

В) қоғам

С) дін

Д) адам

Е) ғылым


Сабақ қорытындысы:

Сабақтың қорытындысын шағыру үшін студенттерге 10 мин уақыт беріледі. Әрқайсысы жазбаша эссе түрінде немесе ауызша түрде ойын ортаға салып, тақырыптың мағынасын қалай түсінгенін талдайды.

Похожие:

Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму өӘК төрағасы м.ғ. д., профессор В. Б. Молотов-Лучанский
Молотов-Лучанский Вилен Борисович – м.ғ. д., ҚМму оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф 4/3-07/02
Оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф 4/3-05/03
Тақырыбы: «Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Қазақтардың халық медицинасы»
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф 4/3-05/03
Тақырыбы: «Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Қазақтардың халық медицинасы»
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф. 4/3-07/03
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның дамуы мәселелері бойынша қолданбалы әлеуметтік зерттеулер
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф. 4/3 – 08/02
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері. Медицина қызметінің түрлері
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф 4/3-06/03
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф 4/3-06/03
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф. 4/3-07/03
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның дамуы мәселелері бойынша қолданбалы әлеуметтік зерттеулер
Қмму ф 4/3--06/03 iconҚмму ф 4/3-07/03
Жұмабаев У., Әубәкіров Ә. Б., Досаев Т. М. ж т б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница