Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені




НазваниеПәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница14/32
Дата конвертации13.02.2016
Размер4.12 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/201e2ba0-bade-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД ТОПЫР 03.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

Топырақтың сіңіру кешені және топырақтың сіңіру қабілеті

Топырақ қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның түйірлерінің арасында әр уақытта бос кеңістіктер орын алады. Топырақтың сіңіру қасиеттерін қалыптастыруда топырақ құрамындағы ең майда ұнтақталған, көлемі 0,0001 мм-ден төмен коллоидты бөлшектер шешуші рөл атқарады. Бұл бөлшектер топырақтың әртүрлі органикалық және минералдық қосылыстарынан тұрады. Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған минералдарды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалуын айтады. Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың дамуымен және топырақта өсетін өсімдіктерде күлді элементтердің (азот, т.б. қоректік заттардың) жиналуымен қатар жүреді. Әсіресе, өсімдіктердің қоректік элементтерінің жиналуы топырақтың сіңіру қасиетімен тығыз байланысты. Осы қасиеті арқылы топырақта өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл салада орыстың ірі ғалымдары К. К. Гедройц, Д. И. Прянишников, А. И. Соколовский, И. Н. Антипов-Каратаев, В. А. Чернов, И. И. Горбунов т.б көп еңбек еткен. Әр түрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері әр деңгейде болады. Ол көбінесе, топырақтағы өте жоғары бөлшектерге (дисперсті), түйірлерге, коллоидты бөлшектердің мөлшеріне байланысты. Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай және механикалық құрамы ауырлау балшықты болса, соғұрлым оның сіңіру қасиеті де мол, ал топырақта қара шірінді аз, құрамы жеңіл құм немесе құмдақ болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы келеді. Академик К. К. Гедройцтың тұжырымдамасында топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Сіңіру оның тәсілдеріне қарай, бірнеше түрге: механикалық, физикалық, физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К. К. Гедройц, 1933).

Топырақтың құралу және даму процестері онда өсімдіктердің азот және күл қоректік заттарының жиналуымен қабаттас жүреді. Ал топырақта өсімдіктердің қоректік заттарының жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз байланыста болады.

Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның өзінде ерітінді және судағы лайлы заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады.

Сіңіру қабілеті – әр топырақта әртүрлі болады, ол көбінесе өте ұсақ бөлшектердің көп болуына байланысты келеді. Мұндай топырақтың сіңіру қабілетін күшейтетін ұсақ бөлшектерді каллоидты бөлшектер деп атайды. Коллоидты бөлшектердің мөлшері 0,001 милиметрден ұсақ болып келеді. Табиғатта колоидты бөлшектердің шығатын мына: 1) тау жыныстары бұзылуынан, 2) органикалық заттардың ыдырауынан болатын екі жолы бар. Осыған байланысты топырақ коллоид бөлігінің құрамына органикалық және минералдық заттар кіреді: біріншісі – топырақ шіріндісінің құрамында, екіншісі – балшық құрамында болады. Коллоидтар топырақта тұрақты тұнба гель түрінде кездеседі. Сіңіру қабілеті бес түрге бөлінеді:

Өсімдікке қажетті қоректік заттардың топырақта жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз байланысты болады.

Топырақтың сіңіру қабілеті – оның ерітіндідегі түрлі заттардың молекулалары мен иондарын өз бойына сіңіріп және оларды ұстап қалу қабілеті.

Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті – топырақтың басқа қуыс денелер сияқты, өзінен су өткенде, ондағы үлкен, кіші бөлшектерінің топырақта сүзіліп немесе желмен келген әртүрлі заттарды ұстап қалуы.

Топырақтың бұл сіңіру қабілеті оның механикалық құрамы мен түйіртпектігіне байланысты болады.

Топырақтың биологиялық сіңіру қабілеті – топырақтағы өсімдік тамырлары мен микроағзаларының (микроорганизмдерінің) топырақ ерітіндісінен қоректік элементтерді сіңіріп, өз денелерін құру үшін түрлі органикалық заттардың түзілуі. Биологиялық сіңіру топырақты қоректік элементтердің шайылуынан қорғайды және органикалық затқа байытады.

Биологиялық сіңіру тыңайтқыш қолдануда маңызды рөл атқарады. Микроорганизмдер көмегімен өсімдіктер бойларына сіңірмей қалған нитраттар топырақтарда қатты шайылып кетпейді, жинақталады. Өйткені нитраттар физикалық, физикалық-химиялық немесе химиялық жағынан топырақтарда сіңірілмейді.

Топырақтың биологиялық сіңіру қабілетінің қарқынына топырақ ылғалдылығы, аэрациясы, топырақта энергетикалық заттардың (өсімдік қалдықтары, органикалық тыңайтқыш) болуы елеулі әсер етеді.

Топырақтың физикалық сіңіру қабілеті – топырақ бөлшектерінің әртүрлі заттардың молекулаларын тарту күшімен сіңіріп, өз бойында ұстап тұру, оң немесе теріс адсорбциясы.

Қатты заттардың бөлшектері неғұрлым майда болған сайын олардың сыртқы тарту күші үдейді. Бұл тұрғыдан, майда дисперсті коллоидты бөлшектердің тарту күші зор, сондықтан топырақ бөлшектерінің бетінің көлемі үлкен болса, оның физикалық сіңіру қабілеті жоғары келеді.

Физикалық сіңіру қабілеті тыңайтқыштарды қолданудың мерзімін белгілеуге көмектеседі. Мысалы, хлор ионы бар тыңайтқыштарды күзде, ал нитратты тыңайтқыштарды тұқым себер алдында немесе үстеп қоректендіруде берген жөн. Себебі топырақтағы хлор ионы мөлшерінің көп болуы өсімдіктер үшін зиянды. Мұндай тыңайтқыштарды күні бұрын қолдану хлор ионының топырақтың астыңғы қабатына шайылуына әкеп соғады.

Топырақтағы физикалық сіңіруді бөліп ажырату өте қиын. Ол әрдайым химиялық және физикалық-химиялық сіңіру құбылыстарымен өзара тығыз байланыста болады.

Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті – химиялық реакциялар нәтижесінде топырақтағы суда ерігіш тұздарынан қиын еритін немесе ерімейтін қосылыстар түзіліп, топырақтың қатты күйіне ауысуы.

Азот, тұз қышқылдарының аниондары (NO3- және Cl-) топырақта кең таралған катиондардың (Ca2+, Mg2+, K+, Al3+, Fe3+, NH4+) ешқайсысымен де қиын еритін қосылыс түзбейді. Сондықтан оларды топырақ химиялық жолмен сіңірмейді. Осыған байланысты топырақтағы нитраттар мен хлоридтердің жылжымалылығы жоғары.

Көмір, күкірт қышқылдарының аниондары (CО32-, SO42-) бір валентті катиондармен суда еритін, ал екі валентті катиондармен (Ca2+ және Mg2+) қиын еритін қосылыстар түзіп, топыраққа химиялық жолмен сіңіріледі.

Химиялық сіңіру суда еритін фосфор тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады.

Суда еритін фосфор тыңайтқыштары топырақтағы алмаспалы кальциймен әрекеттесуі нәтижесінде де химиялық жолмен сіңіріледі.

Фосфор қышқылының қарқынды түрде химиялық сіңірілуі топырақтағы фосфордың жылжымалылығын баяулатады. Мұның өзі өсімдіктің фосфор тыңайтқыштарының құрамындағы фосфорды қабылдауын төмендетеді.

Топырақтың физикалық-химиялық немесе алмасып сіңіру қабілеті – теріс зарядты топырақтың майда дисперсті коллоидты бөлшектердің, топырақ ерітіндісіндегі катиондарды сіңіру. Мұнда топырақтың қатты фазасынан (бөлігінен) топырақ ерітіндісіне эквивалентті мөлшерде басқа катиондар шығарылады.

К. К. Гедройц алмасу реакциясына бейім топырақтағы барлық майда дисперсті коллоидты бөлшектердің жиынтығын топырақтың сіңіру кешені (ТСК) деп атаған. Топырақ сіңіру кешені майда (көлемі 0,00025 мм-ден аз) және ірі (көлемі 0,001 мм-ге дейін) коллоидты бөлшектерден тұрады.

Топырақтың сіңіру сыйымдылығы (Т) – алмасу реакциясына бейім топырақтағы сіңірілген катиондардың жалпы мөлшері. Сіңіру сыйымдылығын 100 грамм топырақтағы катиондардың миллиграмм-эквивалентімен өрнектейді (мг-экв/100 г)

Топырақтың сіңіру сыйымдылығының мөлшері оның механикалық құрамына, майда дисперсті бөлшектердің жалпы мөлшері мен олардың химиялық және минералогиялық құрамына, топырақ реакциясына байланысты.

Сонымен бірге, топырақтардағы сіңірілген катиондар құрамы әртүрлі болып келеді. Барлық топырақтарда сіңірілген катиондар арасында кальций мен магний мөлшері көп болады. Мысалы, кәдімгі және қуатты қара топырақта сіңіру сыйымдылығындағы катиондардың 80 – 90%-ы кальций және магний үлесіне тиеді. Оңтүстік қара, қара қоңыр, боз топырақтарда кальций және магний көп болғанмен, оның құрамында аз мөлшерде сіңірілген натрий кездеседі. Олардың құрамында сутек катиондары болмайды. Сор, сортаң топырақтарда кальций, магниймен бірге сіңірілген натрий көп болады. Қызыл және шымды-күлгін топырақтарда сутек пен алюминий иондары көп болады. Калий және аммоний катиондары барлық топырақтарда аз мөлшерде кездеседі.

Сіңірілген катиондар құрамы топырақтың физикалық, химиялық қасиеттеріне, өсімдіктің өніп-өсуіне, тыңайтқыштардың әсеріне жан-жақты ықпал етеді.

Топыраққа сіңірілген катиондардың құрамы мен олардың арақатынасын тыңайтқыш және мелиоранттар қолдану арқылы реттеуге болады. Мысалы, сілтілік реакция тудыратын сіңірілген натрий катиондарын сортаң топырақ құрамынан ығыстыру үшін гипс қолдану керек. Мұнда натрийді алмастырған кальций катиондары өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады.

Топырақтың структуралық құрамы. Әдетте, топырақтар пішіні түрліше болып келетін жеке бөлшектерден тұрады. Бұлар топырақ структурасы болып табылады. Топырақ структурасы шаң немесе тозаң түрінде болатын өте ұсақ бөлшектерден бастап, мөлшері жаңғақтай, тіпті, одан да үлкен болып келетін кесектерден тұрады. Топырақтарда неғұрлым кесекті бөлшектер көп орын алып, неғұрлым олар берік және кеуекті болса, соғұрлым ол борпылдақ келеді. Борпылдақ топыраққа өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын қарашірікке айналдыратын бактерияларға қажетті су мен ауа оңай сіңеді. Топырақ структурасын құрауда жауын құрттарының атқаратын жұмысы орасан зор. Бұл құрттар өздерінің қоректену процесінде топырақтағы өздеріне керекті заттарды пайдаланумен бірге өздері бөліп шығаратын шырынды заттар арқылы топырақтың ұсақ түйіршіктерін біріктіріп, капролитті структуралар түзеді. Міне, осындай структуралы топырақтарда мәдени өсімдіктерге қажетті барлық жағдай жасалынады да, дақылдар жақсы өніп өседі.


Топырақтың қышқылдылығы мен сілтілігі

Өсімдіктердің және микроорганизмдердің дамуына, топырақтағы өтіп жататын әртүрлі химиялық және биохимиялық процестердің жылдамдығы мен бағыттарына топырақ реакциясы үлкен әсер етеді. Қоректік заттардың өсімдіктермен сіңірілуі, топырақ микроорганизмдерінің әрекеті, органикалық заттардың минералдануы, топырақ минералдарының ыдырауы және қиын еритін қосылыстардың еруі, коллоидтардың коагуляция мен пептизациясы және басқа физикалық-химиялық процестер топырақ реакциясына күшті байланысты. Ол сонымен қатар топыраққа енгізілетін тыңайтқыштардың тиімділігіне әсер етеді. Тыңайтқыштар өз жағынан топырақ ерітіндісінің реакциясын өзгерте алады.

Табиғи жағдайда топырақ ерітіндісінің реакциясы 3-тен (сфагнум шымтезектерде) 10-ға дейін (сортаң топырақтарда) құбылады, көбінесе, 4-8 арасында болады.

12-кесте

Әр түрлі топырақтардағы рН өзгеруі

рН деңгейі

Топырақ реакциясы

Топырақ түрі

<4

өте күшті қышқылды

шымтезек (3-3,5)

4,1 - 4,5

күшті қышқылды

шымды-күлгін (4-5)

4,6 - 5,0

орташа қышқылды

5,1 - 6,0

әлсіз қышқылды

сілтісізденген қара топырақ, сұр орманды

6,1-7,4

бейтарап

кәдімгі қара топырақ, қуатты қара топырақ (6,5-7)

7,5 - 8,5

әлсіз сілтілі

оңтүстік қара топырақ, қара қоңыр (7,5)

8,6 - 10,0

күшті сілтілі

сұр топырақ (8,5), сортаң (9)

>10,0

өте күшті сілтілі

-

 

Топырақтың актуалды қышқылдығы, топырақ ерітіндісінің қышқылдығы сутек ионының (Н+) гидроксил ионының (ОН-) концентрациясы артық болғанда байқалады.

Топырақта өнебойы СО2 түзіліп тұрады. Ол топырақ ылғалымен әрекеттесіп, көмір қышқылын Н2СО3 түзіп, Н+ және НСО3- иондарына диссоциацияланады. Нәтижесінде топырақ ерітіндісінде сутек иондарының концентрациясы артады да, ерітінді қышқылданады.

Сонымен топырақ ауасында СО2 концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ерітінді қышқылданады.

Егер топырақта сіңірілген күйде натрий ионы көп болса (сор және сортаң), онда ерітіндіде көмір қышқылды натрий тұздары түзіліп, ерітінді сілтілі келеді.

Егер топырақта кальций мен магний карбонаттары және сіңірілген катиондар арасында кальций көп болса (сұр, қара топырақ), онда топырақ ерітіндісінде кальций бикарбонаты орын алып, топырақты әлсіз сілтілендіреді.

Қышқылды және күшті қышқылды шымды-күлгін және шымтезекті-батпақты топырақтарда сіңірілген күйде кальций аз, сутек пен алюминий иондары көп, топырақ ерітіндісін көмір қышқылы мен қатар еритін органикалық қышқылдар және гидролиз нәтижесінде қышқыл мен әлсіз негіз пайда қылатын алюминий тұздары қышқылдандырады.

Сонымен топырақ ерітіндісінің реакциясы топырақтың сіңіру кешеніндегі катиондардың құрамына қарай өзгереді.

Топырақтың потенциалды қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта сіңірілген сутек немесе алюминий иондары тудырады.

Топырақтың алмасу қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта алмаса сіңірілген сутек немесе алюминий иондары тудырады. Алмасу қышқылдық топырақты бейтарап тұздың ерітіндісімен (KCl) өңдегенде анықталады.

Алмасу қышқылдықты KCl судағы ерітіндісінің рН шамасымен немесе 100 г топырақтағы миллиграмм-эквивалентпен өрнектейді. Топырақтың алмасу қышқылдығы шамасына актуалды қышқылдық та кіреді. Сондықтан алмасу қышқылдығының шамасы актуалды қышқылдықтан жоғары болады.

Топырақтың гидролитикалық қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақпен берік байланысқан, қиын алмасатын сіңірілген сутек иондары тудырады. Гидролитикалық қышқылдық топырақты гидролитті сілтілі тұздың ерітіндісімен (CH3COONa) өңдегенде анықталады.

Гидролитикалық қышқылдықты 100 г топырақтағы миллиграмм-эквивалентпен өрнектейді.

Топырақ ерітіндісінің реакциясы алмасу және гидролитикалық қышқылдықтарының өлшеміне ғана емес, топырақтың негіздермен қанығу дәрежесіне де байланысты болады.

Егер топырақтың гидролитикалық қышқылдығының шамасын Н әрпімен, сіңірілген негіздердің қосындысын (Ca, Mg, K, Na және т.б.) S әрпімен белгілесек, онда топырақтың жалпы сіңіру сыйымдылығы T болғанда:

S + H = T.

Топырақтың сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақтағы миллиграмм-эквивалент түрінде өрнектеледі.

Топырақтың негіздермен қанығу дәрежесі (V) – сіңірілген негіздердің қосындысын (S) сіңіру сыйымдылығына (Т) қатынасын пайызбен өрнектеу:



Топырақтың негіздермен қанығу дәрежесі жалпы сіңіру сыйымдылығының қандай бөлігі сіңірілген негіздерге, қайсысы гидролитикалық қышқылдыққа тиетінін көрсетеді. Негіздермен қанығу дәрежесінің шамасы топырақтың қышқылдығы мен сіңіру қабілетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Топырақ ерітіндісінің реакциясы тұрақты болмайды. Әртүрлі биологиялық, химиялық және физикалық-химиялық құбылыстардың нәтижесінде топырақта қышқылдар немесе негіздер пайда болып, топырақ реакциясы өзгеріп тұрады.

Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар әсерінен де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды (NH4Cl, (NH4)2SO4, т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO3, Ca(NO3)2) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе топырақ ерітіндісі сілтіленеді.

Физиологиялық қышқылды немесе физиологиялық сілтілі тыңайтқыштарды әрдайым енгізгенде топырақ ерітіндісінің реакциясы күшті өзгере алады да, өсімдіктердің және топырақ микроорганизмдерінің тіршілігіне үлкен әсер етеді.

Бірақ әртүрлі топырақтарда реакцияның өзгеруі бірдей болмайды. Біреуінде топырақ ортасы баяу, басқаларында жылдам өзгеріп тұрады.

Топырақтың буферлік қабілеті – топырақтың ерітіндісі реакциясының қышқылды немесе сілтілі жаққа өзгеруіне қарсы тұра алатын қабілеті.

Топырақтың буферлігі оның қатты және сұйық бөліктерінің қасиеттеріне байланысты өзгеріп тұрады. Топырақ ерітіндісінің буферлік қабілеті оның құрамындағы әлсіз қышқылдар (Н2СО3, суда еритін органикалық қышқылдар) және олардың тұздары болуына байланысты.

Топырақ буферлігінің минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолдану үшін маңызы зор. Мысалы, буферлігі төмен топырақтарға физиологиялық қышқылды тыңайтқыштарды енгізгенде, дақылдардың және топырақ микроорганизмдерінің дамуына теріс әсер етеді. Органикалық тыңайтқыштарды үздіксіз енгізу мен әктеу топырақтың сіңіру сыйымдылығын және негіздермен қанығу дәрежесін арттырады да, оның буферлігін жоғарылатады.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

Похожие:

Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПәнінің оқу-әдістемелік кешені №2 басылым 09 2014 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №2 басылым 11. 09. 2014 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ПОӘК магистрантқа арналған «Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәннің ОҚытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы семей 2009 Алғы сөз
«Адам биологиясы» пәнінің ОӘК 050607 «Биология» мамандықтарына арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен,...
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені
«Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы және психокоррекциясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОрта ғасырлардағы Қазақстан тарихы ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – ІI, 07201, 07203 топтар
Пәннің оқу әдістемелік кешені Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. 050203 «Тарих» (ғылыми) мамандығы үшін. Алматы,2005
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – I
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Цитология» бойынша 050113 – «Биология» мамандығы типтік оқу бағдарламасы. Алматы, 2005ж. (типтік бағдарлама...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница