Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету




НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету
страница9/10
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.44 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/1768_pravila_13.03.13kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9. Авиациялық жұмыстардың, таулы мекенде ұшулардың, теңіз кемелеріне және ашық теңіздегі алаңдарға тікұшақтардың ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету ерекшеліктері


467. Авиациялық жұмыстарды атқаратын теңіз кемелерінің пайдаланушылары әуеайлақтың метеорологиялық органы бекітілген аудан бойынша шығаратын ауа райының болжамдармен қамтамасыз етіледі. Болжамдар әр 6 сағатқа жасалады және ұшу кезеңінде әр 3 сағат сайын шығарылады. Қажет болған жағдайда ұшу ауданы бойынша қолданыстағы болжамдарға және ескертулерге түзетулерді шығару қамтамасыз етіледі.

468. Пайдаланушылар мен әуеайлақ метеорологиялық органдары арасындағы келісім бойынша авиациялық жұмыстарды қамтамасыз ету үшін арналған аудандар бойынша ауа райының болжамдары ШҰЕ бойынша орындалатын бағыттар бойынша ұшуларды қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.

469. Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің (ЖДП) басқа ауданында ұшуларды қамтамасыз ету үшін ұшу әуеайлағының метеорологиялық органы осы ауданды қамтамасыз ететін тиісті метеорологиялық органнан жұмыстар ауданы бойынша ауа райының болжамын сұрайды.

470. Климаттың ерекшелігіне, мекеннің рельефіне және көлеміне байланысты болжаудың бекітілген ауданы уәкілетті авиациялық орган мен тиісті метеорологиялық орган арасындағы келісім бойынша шектері мен белгілері белгіленген бірнеше алаңдарға бөліну мүмкін (географиялық координаттарда).

471. Орнатылатын алаңдар мен олардың өзгертулерінің тізбесі әуе қозғалысы қызметі ауданында ұшуларды қамтамасыз ететін әуеайлақтық метеорологиялық органдарының мекенжайына таратылады.

472. Қону алаңдарында (сыныпталмаған әуеайлақтар) азаматтық авиация немесе басқа ведомстволардың қызметкерлері жүзеге асыратын метеобақылауларды ұйымдастыру барысында әр алаң үшін әуеайлақтық метеобақылау жүргізу және жақын маңдағы метеорологиялық органының әуеайлақ және ӘК экипаждарына ақпаратты жеткізу тәртібі жасалады.

473. Әуеайлақ метеорологиялық органы жоқ жерде жедел авиациялық жұмыстардың басталу алдында әуе кемесінің экипажы әуе қозғалысына қызмет көрсету органы диспетчеріне болжамды жасауға жауапты метеорологиялық органға беру үшін ауа райы туралы мәліметті хабарлайды.

474. Осы Қағидалардың 449-тармағында аталған қауіпті құбылыстардың кездестірген жағдайда олардың пайда болуы туралы ақпарат дереу хабарланады.

475. Жұмыстар ауданы бойынша нақты ауа райы туралы ақпарат болмаған жағдайда алғашқы болжам бағдарлы болжам ретінде құрылады. Нақты ауа райы туралы ақпаратты алғаннан кейін әуеайлақ метеорологиялық органы нақтыланған болжам шығарады.

476. Авиациялық пайдаланушылардың тапсырмасы бойынша тиісті метеорологиялық органдар ауа райының тәулік болжамдарын таратуды ұйымдастырады.

477. Авиациялық-химиялық жұмыстарды (бұдан әрі – АХЖ) орындайтын әуе кемелерінің экипаждары осы Қағидалардың 467-тармағының талаптарына сәйкес метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

478. АХЖ ауданына ұшуға дайындалу кезінде әуе кемелерінің экипаждары осы Қағидаларың 362-373-тармақтарының талаптарына сәйкес метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

479. Алдын ала жоспарлау мақсатында авиациялық пайдаланушылардың тапсырысы бойынша негізгі әуеайлақ метеорологиялық органы АХЖ аудандары бойынша екі 12 сағаттық кезеңге бөлумен ауа райының тәулік болжамдарын қосымша шығарады.

480. Авиациялық – химиялық жұмыстардың аудандары бойынша ауа райының болжамдарын және ескертулерді тарату жергілікті радио тарату арналары арқылы жүзеге асырылады қажет (техникалық мүмкіндіктер болғанда).

481. Ұшулардың алдында әуе кемесінің экипажы АХЖ әуеайлақтағы (қону алаңында) ауа райының жағдайын бақылайды, байланыс орнатқаннан кейін бақылаулардың деректерін негізгі әуеайлаққа жібереді. Көрінуді бақылаған кезде әуайлақтың шекарасында орнатылған табиғи бағдарлар пайдаланылады. Желдің жылдамдығын бағалау үшін пайдаланушылар әуе кемесінің экипаждарын қол анемометрлермен қамтамасыз етеді.

482. Ұшу үшін қажетті ақпаратты қамтитын метеорологиялық құжаттама әуе қызмет көрсету органы диспетчеріне немесе авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшуларды басқаратын басқа лауазымды тұлғаға қол қою арқылы беріледі. Құжаттарды қолға беруге мүмкіндік болмағанда ақпарат қолданыстағы байланыс құралдары арқылы беріледі.

483. АХЖ орындау үдерісінде әуе кемелерінің экипаждары ауа райының өзгерілуін бақылау және ауа райының құбылыстарының жағымсыз жағдайлары пайда болған кезде олар туралы диспетчерге хабарлауға міндетті. Диспетчер осы мәліметтерді негізгі метеорологиялық органға тапсырады.

484. Авиациялық жұмыстардың пункттерімен байланысты ұйымдастыру, әуе кемелерінің экипаждарын анемометрлермен қамтамасыз етуді, жел конустарын орнатуды және көріну бағдарларын таңдауды авиациялық пайдаланушылар жүзеге асырады.

485. Таулы мекендерде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету ұшулар ауданында орографикалық ерекшеліктерін ескеріліп жасалады.

486. Таулы мекендерде ұшулар үшін жасалатын ауа райының болжамдарына орографикалық турбуленттілігі және ол күтілетін қабаттың қалыңдығы туралы деректер, сондай-ақ, егер әуеайлақ деңгейінен 2000 м немесе одан кем биіктікте күтілетін бұлттылық туралы ақпарат енгізіледі.

487. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарда найзағайдың болуына және таулардың бұлттармен жабылуына, тұмандардың және таулы баурайларда төмен бұлттылықтың және жергілікті желдің пайда болуына ерекше назар аударылады.

488. Таулы мекендерде ұшулар барысында метеорологиялық жағдайлар туралы мәліметтер теңіздің деңгейіндегі биіктіктерде көрсетіледі.

489. «CAVOK» (ХОР) термині таулы әуеайлақтары үшін мәліметтерді жасау және аэрофотобейне жұмыстарының кезеңінде пайдаланылмайды.

490. Метеорологиялық органдардың жұмыс мерзімінен тыс (түнде) жедел санитарлық тапсырмалар бойынша ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін уәкілетті метеорологиялық орган тәулік бойы жұмыс істейтін метеорологиялық органдарға авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық қамтамасыз етуді тапсырады.

491. Баламалы әдіспен апаттық құтқару және іздеу-құтқару жұмыстарды, ірі апаттарды, апаттарды және дүлей апаттарды жою бойынша ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

492. Тәулік бойы жұмыс істейтін метеорологиялық органдарға метеорологиялық қамтамасыз ету аудандарды бекіту уәкілетті метеорологиялық орган бекіткен және аэронавигациялық ұйымдармен келісілген метеорологиялық қамтамасыз ету аудандарының тізбесінде көзделді.

493. Санитарлық жедел тапсырмалар бойынша ұшуларды қамтамасыз ету кезеңінде ұшуларды орындау ауданында орналасқан гидрометеорологиялық қызметтердің ақпараты барынша пайдаланылады. Осы мақсаттарда уәкілетті метеорологиялық орган гидрометеорологиялық қызметтердің өңірлік құрылымдарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады және жыл сайын қажетті метеорологиялық ақпаратты ұсыну жүзеге асырылатын гидрометеорологиялық қызметтердің бөлімшелерінің телефондар тізбесін келіседі, олар бойынша қажетті метеорологиялық ақпаратты беру жүзеге асырылады.

494. Жедел санитарлық тапсырмалар бойынша ұшуларды орындау үшін тағайындалған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органымен келісілетін және уәкілетті метеорологиялық орган бекітетін осы ұшулардың метеорологиялық қамтамасыз етуін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты әзірлейді.

495. Теңіз акваторияларының бетінде тікұшақтардың ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 362-373-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалады.

496. Теңіз кемелеріне және ашық теңіздегі алаңдарға тікұшақтардың ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету тиісті метеорологиялық органның атына тапсырыс негізінде жүзеге асырылады. Тапсырыстың мәтінін әуе кемесінің командирі жасайды және кеме радио станциясына ұшулардың басталуына дейін 4 сағаттан кешіктірмей береді, тікұшақ командирінің метеорологиялық минимумы және теңіз кемесі орналасқан жерінің (алаңның) ауа райының жағдайы көрсетіледі.

497. Тапсырысты бергеннен кейін және ұшулардың соңына дейін метеорологиялық органға теңіз кемесі орналасқан ауданда ауа райының жағдайы, сондай ақ желдің бағыты және жылдамдығы, көріну, ауа райы құбылыстары, бұлттардың төменгі шеттерінің биіктігі, температура және атмосфералық қысым туралы ақпаратты қоса алғанда деректердің сағат сайын берілуі қамтамасыз етіледі.

498. Ауа райын азаматтық авиацияның лауазымды тұлғалары немесе арнайы дайындықтан өткен басқа тұлғалар бақылайды.

499. Сағат мерзімдерінің аралығында метеомәліметтер түрінде рәсімделетін арнайы бақылаулар мынадай жағдайларда жүргізіледі.

жел жылдамдығы белгіленген шектелген мағыналардан асқанда;

көріну және (немесе) бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі тікұшақ командирінің минимумнан төмен мәндерге дейін төмендегенде;

жауын шашында мұздану, қатты турбуленттік байқалғанда.

500. Тұрақты және арнайы бақылаулардың деректерінің жеделхаттары METAR кодының дәйектілігімен жасалады.

501. Арнайы бақылауды жүргізуге шарттаған жағдайларды тоқтату туралы ақпарат бақылаудың кезекті мерзіміне енгізіледі.

502. Тікұшақтар үшін болжамдар жеке ұшу үшін болжам бойынша немесе аймақтық болжам нысанында жасалады. Пайдаланушылардың саны көп болған жағдайда GAMET ұшу аудандары бойынша аймақтық болжамдар пайдаланылады.

503. Бағыт бойынша болжамдар немесе тікұшақтардың ұшулары үшін аймақтық болжамдар графикалық немесе мәтін нысанында ұсынылу мүмкін және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1) жер бетінен 3000 м (10 000 фут) биіктікке дейін жел және ауа температурасы туралы;

2) көлденең көріну;

3) ағымдағы ауа райы туралы;

4) бұлттар туралы;

5) нольдік изотерманың биіктігі туралы;

6) мұздану және турбуленттік туралы;

7) ауаның болжанудағы жоғары температурасы туралы (пайдаланушымен келісім бойынша белгіленеді).

504. Теңіз акваторияларынан өтетін бағыттар үшін теңіздің жағдайы және теңіз бетінің температурасы туралы қосымша ақпарат ұсынылады.

505. Нұсқама жүргізу кезінде әуеайлақ метеорологиялық органы пилотқа немесе тікұшақтардың ұшуларын өндіруге байланысты қызметкерге соңғы алынған мынадай ақпаратты ұсынады:

1) тұрақты және арнайы мәліметтер;

2) ұшу, қону және қосымша әуеайлақтары бойынша болжамдар;

3) ұшу әуеайлағы бойынша ескертулер;

4) ұшу үшін болжамдар (келісім бойынша);

5) SIGMET және AIRMET ақпаратын, сондай-ақ SIGMET мәліметінде көрсетілмеген борттан арнайы хабарлар;

6) ағымдағы және (немесе) болжам карталары;

7) метеорологиялық спутниктерден фотосуреттер және (немесе) нефанализ;

8) жердегі метеорологиялық радиолокаторлар арқылы алынған ақпаратты.


10. Байланысқа қойылатын талаптар және метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде оны пайдалану


1. Жалпы ережелер


506. Әуеайлақтағы ӘҚҰ органдарды қажетті метеорологиялық ақпаратпен жабдықтау үшін, аталған әуеайлақтарға қызмет көрсететін әуеайлақтық «Мұнара» «Кіреберіс» және әуеайлақ электр байланысы станцияларын қоса алғанда, электр байланысының тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі.

507. Авиациялық белгіленген қызметтің тізбегі жедел метеорологиялық ақпаратты жинау үшін өңірлік және өңіраралық негізде осы ақпаратпен алмасу, сондай-ақ жедел метеорологиялық деректердің халықаралық банктеріне қол жеткізу үшін пайдаланылады. Авиациялық белгіленген қызметінің шеңберінде өңірлік және өңіраралық негізде жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету үшін жаһандық аймағын қамтамасыз ететін деректерді таратудың AFS спутниктік жүйелері пайдаланылады.

508. Метеорологиялық бақылау органдарының функцияларын орындайтын әуеайлақ метеорологиялық органдары ӘҚҰ органдарын және РПИ шегінде іздестіру-құтқару қызмет органдарын, диспетчерлік аудандарды және іздестіру мен құтқару аудандарын қажетті метеорологиялық ақпараттармен жабдықтау үшін электрбайланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, аталған метеорологиялық органдар ақпараттарды ұсынғаны үшін жауапты болады.

509. Метеорологиялық уәкілетті орган және әуеайлақ метеорологиялық органдары Аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйелерінің болжам өнімдерін алу үшін электр байланысының тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі.

510. Әуеайлақ метеорологиялық органдары тиісті электр байланысының құралдарымен қамтамасыз етіледі олар арқылы басқа әуеайлақ метеорологиялық органдармен жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасады.

511. Халықаралық әуеайлақтардың метеорологиялық ақпаратты жедел метеорологиялық деректердің халықаралық банктеріне тарататын метеорологиялық органдары осы мақсаттар үшін авиациялық жерүсті электр байланысын пайдаланады.

512. Жедел метеорологиялық ақпаратпен алмасу үшін электр байланысының құралы ретінде авиациялық белгіленген қызмет AFS пайдаланылу тиіс.

513. Әуеайлақтар және басқа мүдделі пайдаланушылардың арасында метеорологиялық ақпаратпен алмасу үшін мыналар пайдаланылу мүмкін:

1) автоматтандырылған компьютерлік жүйелер;

2) телефондық байланыс;

3) AFTN байланыс арналары;

4) Еуропадағы метеорологиялық жедел электр байланысының желісі (MOTNE);

5) Азаматтық авиацияда қабылданған және ИКАО ұсынған деректерді тарату хаттамасын пайдаланумен байланыс қызметінің операторлар желісі.

514. Ұшып жүрген әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ATIS, VOLMET радио хабарландыру бағдарламалар, D-ATIS, D-VOLMET мәліметтері пайдаланылады.

515. Метеорологиялық ақпаратты берудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін байланыстың қосымша және (немесе) авариялық құралдарын ұйымдастыруды қоса алғанда, ақпаратты тарату рәсімдерін ӘҚҰ органының және басқа пайдаланушылардың келісімі бойынша уәкілетті метеорологиялық орган анықтайды және әуеайлақта ұшуларды метеоқамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.


2. Әуеайлақта метеорологиялық ақпаратты тарату


516. Деректерді тарату тәртібі кестелер түрінде ұсынылады және мыналарды қамтиды:

1) ақпараттың түрлері,

2) оны ұсынуға жауапты метеорологиялық органның бөлімшесі;

3) пайдаланушыларға ақпаратты тарату мерзімі мен кезектігі;

4) жоғарыда көрсетілген мақсат үшін пайдаланылатын байланыс құралдары.

517. Әуеайлақ метеорологиялық органдары мен авиациялық метеорологиялық станциялар және әуеайлақ диспетчерлік пункттерінің немесе жақындаудың диспетчерлік пункттері арасындағы электр байланысының құралдары тікелей дауыс арнасы бойынша байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл ретте байланысты орнату жылдамдығы қажетті орындармен байланысты 15 секунд ішінде орнату үшін жеткілікті болып табылады. 518. Әуеайлақ метеорологиялық органдары және ұшу ақпаратының орталықтары, аудандық диспетчерлік орталықтар, іздеу мен құтқару үйлестіру орталықтары және авиациялық электр байланысының станциялары арасында электр байланыс құралдары мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тиіс.

1) тікелей дауыс каналдары бойынша байланыс, бұл ретте байланысты орнату жылдамдығы коммутацияны қоса алғанда, қажетті орындармен байланысты 15 секунд ішінде орнату үшін жеткілікті болу тиіс;

2) ақпаратты алушылар деректердің жазылуын талап еткен жағдайда әріпті басатын байланыс, хабарлауды тарату уақыты, ретрансмиссияны қосқанда 5 минуттан аспайды.

519. Осы Қағидалардың 517, 518-тармақтарында көзделген электр байланысының құралдары қажет болғанша шолу немесе дыбыс байланысымен толықтырылады қажет.

520. Әуеайлақта орналасқан авиациялық пайдаланушыларға метеорологиялық ақпаратты тарату кезектігі олардың жұмыс қызметтерімен белгіленеді.

521. Тұрақты тарату үшін арналған метеорологиялық ақпарат ұсынылады:

әуеайлақ бойынша мәлімет үшін – бақылаудың нақты уақытынан кейін 5 минуттан кешіктірмей;

ауа райы болжамдары үшін – олардың әрекетінің басталуына дейін 1 сағат бұрын ұсынылады.

522. Метеорологиялық мәліметтерді және ауа райының болжамдарын ашық мәтінмен тарату кезінде «көріну», «бұлттылық», «биіктік», «миллиметр» сөздері жазылмауы мүмкін.

523. Дауыс арналары арқылы метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде стандартты радио телефондық фразеология пайдаланылады.

524. Әуеайлақта таратылатын метеорологиялық ақпаратты құжаттау үшін әуе және жердегі электр байланысының тиісті арналары бақылау дыбыс жазумен қамтамасыз етіледі.


3. Әуеайлақтар арасында метеорологиялық ақпарат алмасу


525. Әуеайлақ метеорологиялық органдар арасында метеорологиялық ақпаратпен алмасу, автоматтандырылған жүйелердің арналары (ДТАЖ) және авиациялық жерүсті электр байланысының желісі бойынша жүзеге асырылады.

526. Кесте бойынша авиарейстермен байланысты немесе осы рейстер үшін қосымша болып табылатын әуеайлақтардың метеорологиялық органдар әуеайлақ бойынша тұрақты мәліметтермен және ауа райының болжамдарымен, тапсырыстар бойынша арнайы мәліметтермен алмасады.

527. Әуеайлақ метеорологиялық органдарының тапсырыстары негізінде уәкілетті метеорологиялық орган тиісті метеорологиялық органдармен авиациялық метеорологиялық ақпаратпен алмасу жоспарын келіседі. Алмасу жоспарында алмасу жүзеге асырылатын байланыс құралдары көрсетіледі, ДТАЖ бойынша, авиациялық жердегі электр байланысы бойынша, авиациялық метеорологиялық деректердің банктері арқылы және азаматтық авиация қабылдаған және ИКАО және ДМҰ ұсынған метеорологиялық ақпаратты таратудың және жинаудың басқа құралдары арқылы.

528. Жедел метеорологиялық ақпарат алмасу метеорологиялық бюллетень нысанында жүзеге асырылады.

529. Жедел метеорологиялық ақпаратты қамтитын және авиациялық белгіленген қызметтерінің AFS құралдары арқылы таратуға жататын метеорологиялық бюллетеннің тақырыбы:

1) төрт әріптен және екі цифрден құрылатын шартты белгіден;

2) метеорологиялық бюллетенді шығарған немесе жасаған метеорологиялық органның географиялық жағдайына сәйкес орналасу жерінің ИКАО қолданылатын төрт әріпті индекстен;

3) «күні – уақыт» тобынан;

4) үш әріпті индекс (қажет болған жағдайда) тұрады.

530. Шұғыл метеорологиялық мәліметі бар және AFTN құралдары арқылы таратылуға жататын метеорологиялық бюллетендер AFTN хабарлама форматының текстік бөлігіне қосылады.

531. Авиациялық жердегі электр байланысының желісі (AFTN қоса алғанда) бойынша таратылатын телеграммаларға, олардың мазмұнына тәуелді мынадай жеделдіктің санаты беріледі:

1) DD – арнайы мәліметтерді, әуе кемелерінің борттарынан хабарларды, ұшу бағыттар және аудандар бойынша ескертулерді, SIGMET ақпаратты қамтитын телеграммалар үшін;

2) GG – тұрақты мәліметтерді, әуеайлақтар, ұшу бағыттары және аудандары бойынша ауа райы болжамдарын қамтитын телеграммалар үшін.


4. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін хабар тарату бағдарламаларын пайдалану


532. Ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ATIS және VOLMET радио хабарлау бағдарламалары, сондай-ақ D-ATIS, D-VOLMET мәліметтері пайдаланылады.

533. ATIS радио хабарлау бағдарламалары нақты әуеайлақта ұшу және қону ауданында ұшуларға қызмет көрсету үшін арналған.

534. VOLMET радио хабар тарату бағдарламасы ұшудағы әуе кемелерін метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған. VOLMET бағдарламасына, VOLMET түрі бойынша радиохабар тарату бағдарламалары жүзеге асырылатын әуеайлақтан 800 км дейінгі қашықтықта орналасқан шамамен оннан астам әуеайлақтан ауа райы туралы ақпарат енгізіледі.

535. ӨЖЖ арналары бойынша жүргізілетін VOLMET үзіліссіз радио хабарландыру бағдарламалары ӘҚҰ органдары уәкілетті метеорологиялық органмен келісім бойынша ұйымдастырады және мынадай метеорологиялық ақпаратты енгізеді:

1) әуеайлақ бойынша ағымдағы метеорологиялық мәліметтер;

2) қонуға болжам.

536. ӨЖЖ арналары бойынша жүргізілетін VOLMET тұрақты радио хабар тарату бағдарламаларын ӘҚҰ органдарының персоналы әуе кемелерінің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құжаттармен белгіленетін көлемде және мерзімде ұйымдастырады. Бағдарламалар үшін метеорологиялық ақпаратты метеорологиялық орган ұсынады және мыналарды енгізеді:

1) әуеайлақтар бойынша ағымдағы метеорологиялық ақпарат;

2) қону болжамы;

3) ауа райы болжамдары егер оның енгізілуі өңірлік келісімде ескертілсе;

4) SIGMET ақпараты.

537. Ұшулар немесе әуе қозғалысының шамалы қарқындылығы болмаған кезеңде VOLMET радио хабарлау бағдарламалары тоқтатылуы мүмкін. Осы жағдайда метеорологиялық ақпаратты ӘҚҰ тиісті органдары әуе кемелерінің экипаждарына тапсырылады.

538. Әуе кемелерінің бортына берілетін мәліметтердің болжамдары мен SIGMET ақпараттарының мазмұны және нысаны осы Қағидалардың 42-203, 232-298 және 299-351- тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.

539. VOLMET радио тарату бағдарламаларының бөлігі болып табылатын мәліметтердің, болжамдардың және SIGMET ақпаратының мазмұны және нысаны осы Қағидалардың 42-203, 232-298 және 299-351- тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.

540. ӨЖЖ арналары бойынша VOLMET бағдарламасына енгізілетін метеорологиялық ақпарат мынадай тәртіпте ашық мәтінде хабарланады:

1) хабар жүргізу станциясының атауы, одан кейін «VOLMET» сөзі аталады;

  1. әуеайлақтың атауы;

  2. бақылау уақыты;

  3. жердегі желдің бағыты мен жылдамдығы;

  4. көріну;

  5. ҰҚЖ көріну қашықтығы, егер ол мәліметте көрсетілсе;

  6. ағымдағы ауа райы;

  7. төменгі қабатты бұлттардың саны, мұнар тәрізді (көлемді-түйдек), түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттар;

  8. бұлттардың нысаны (мұнар тәрізді (көлемді-түйдек) және түйдек - жаңбырлы бұлттар үшін ғана);

  9. бұлттылықтың төменгі шетінің биіктігі (тік көріну);

  10. «CAVOK» термині (тиісті жағдайлар кезінде);

  11. ауа температурасы және шық нүктесі;

  12. атмосфералық қысым;

  13. қонуға болжам.

541. Әуеайлақ ауданында найзағай қауіпі түйдек-жаңбырлы бұлттардың пайда болуы, қону бағытын өзгерту, ҰҚЖ жай күйі және ілінісу коэффициенті туралы ақпарат, арнайы мәліметтер ATIS, VOLMET бағдарламаларға дереу енгізіледі және соңғы тұрақты мәліметтің өзгертілмеген элементтерімен толықтырылады.

542. VOLMET, ATIS радио тарату бағдарламалары стандартты радио телефон фразеологиясын пайдаланумен жүзеге асырылады тиіс.

543. VOLMET радиохабарлар тарату бағдарламалары кезінде ақпарат және ауа райы хабарланатын әуеайлақ тізімі және беру тәртібі мен уақытын аэронавигация ұйымының келісімі бойынша метеорологиялық өкілетті орган анықтайды.

544. VOLMET тұрақты радио тарату бағдарламаларына SIGMET мәліметтері енгізілетін ҰАА уәкілетті метеорологиялық орган және ӘҚҚК уәкілетті органының арасындағы келісім бойынша белгіленеді. SIGMET мәліметі бағдарламаның басында немесе басында 5 минуттық уақыт аралығында хабарланады тиіс.

545. VOLMET радио тарату бағдарламасының басталуына әуеайлақтан METAR мәліметі түспеген жағдайда бақылау мерзімін көрсетумен соңғы алынған мәлімет хабарланады.

546. VOLMET тұрақты радио тарату бағдарламасының бөлігі болып табылатын TAF болжамы әрекет ету кезеңі 9 сағат болуы тиіс, оларды әр 3 сағат шығару қажет және қажет болғанша радио арқылы хабарланатын әр болжам тиісті метеорологиялық органның пікірін көрсету үшін оларға түзетулер енгізіледі.

547. Соңғы қолданыстағы METAR және SPECI мәліметтері, TAF болжамдары және SIGMET және AIRMET мәліметтері ұшудағы әуе кемелерінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша берілу тиіс.

548. D-VOLMET мәліметінің бөлігі болып табылатын TAF болжамдары, ұшудағы әуе кемесінің бортына «жоғарыға» байланыс желісі бойынша хабарлау үшін тиісті метеорологиялық органның соңғы пікірін көрсету үшін әр дайындалған болжаммен түзетілу тиіс.

549. D-VOLMET мәліметтері ағымдағы METAR және SPECI мәліметтерін, сондай ақ «тренд» түріндегі болжамдарды, TAF болжамдарын, SIGMET ақпаратын, SIGMET енгізілмеген және AIRMET барысында әуе кемелерінің бортынан арнайы хабарларды қамтиды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «2» шілдедегі
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon33 баспасөз релизі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен реттеледі
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студентеріне арналған
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница