Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету




НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету
страница8/10
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.44 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/1768_pravila_13.03.13kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

8-тарау.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі және аэронавигациялық ақпарат қызметіне арналған ақпарат


1. Жалпы ережелер


425. Уәкілетті метеорологиялық орган әрбір ӘҚҰ өзара іс-қимыл үшін әуеайлақ метеорологиялық органдарын тағайындайды. Тиісті метеорологиялық орган ӘҚҰ органымен келісім бойынша аталған органды оның қызметтерін орындауға қажетті соңғы метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды немесе жабдықталуын ұйымдастырады.

426. Әуеайлақ КДП, «Мұнара» диспетчерлік пунктіне (бұдан әрі – «Мұнара» ДП) немесе жақындау диспетчерлік пунктіне (бұдан әрі – ЖДП) қызмет көрсететін тиісті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органын білдіреді.

427. Ұшу ақпаратының орталығына немесе аудандық диспетчерлік пунктіне қызмет көрсететін тиісті метеорологиялық орган метеорологиялық бақылау органының қызметін атқаратын әуеайлақ метеорологиялық органы болып табылады.

428. Жергілікті жағдайларға байланысты тиісті метеорологиялық органның міндеттерін екі немесе одан көп метеорологиялық органға жүктеу орынды болған жағдайда жауапкершілік саласын бөлуді әуеайлақ ұйымымен келісу бойынша метеорологиялық уәкілетті орган іске асырады.

429. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын метеорологиялық қамтамасыз ету осы органдардың барлық жұмыс кезеңі бойы жүзеге асырылады.

430. Метеорологиялық органдар арқылы алынатын ақпараттан басқа Әуе ӘҚҰ органдарын органдарының жұмысында әуе кемелерінің бортынан ұшу бағыттарында, сондай-ақ ұшу және қонуға бет алу аймағында метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді қамтитын деректер пайдаланылады.

431. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы апатты жағдайға байланысты сұраған кез келген ақпарат барынша қысқа мерзімде ұсынылады.

432. Жедел ақпарат ӘҚҰ органдарына дереу беріледі.

433. Метеорологиялық органдар мен ӘҚҰ органдарының арасындағы байланыс құралдары метеорологиялық ақпаратты және оны беру үшін сұраныстарды жедел таратуды қамтамасыз ету тиіс. Баспа және графикалық ақпаратты беру күнінде барынша электрондық құралдар пайдаланылады. Таратудың техникалық құралдары болмаған жағдайда метеорологиялық ақпарат әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары диспетчерлеріне қағаз түрінде қол қою арқылы беріледі.

434. Баспа метеорологиялық ақпарат, соның ішінде METAR және SPECI мәліметтері, әуеайлақтар бойынша TAF болжамдары, SIGMET және AIRMET ақпараты пайдаланушыларға өзге метеорологиялық органдар жасаған және берген немесе келіп түскен түрде беріледі. Ашық мәтін пайдаланылатын мәлімдемелерде қабылданған түсініктемені талап етпейтін қысқартулар мен цифрлық мәнін қолданылу қажет.

435. Әуеайлақтағы ауа райы жағдайларын көзбен шолу үшін әуеайлақ аймағының әуе қозғалысына қызмет көрсету пункттерінде және кірудің диспетчерлік пункттерінде ақпараттық жүйелердің индикаторлары (дисплейлер) орнатылады немесе ӘҚҰ құралдарының автоматтандырылған кешендерінің индикаторларында ауа райы жағдайларын көрсету қамтамасыз етіледі.

436. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары диспетчері әуе кемесінің бортынан басқа әуе кемесінің бортына хабарды беру әуеайлақ метеорологиялық органы осы хабар негізінде жасаған SIGMET және (немесе) AIRMET ақпаратын шығарғаннан кейін тоқтатады. SIGMET және AIRMET ақпараты әуе кемесінің бортына, олар әрекет етудің барлық кезеңі бойы беріледі.

437. Синоптикалық бөлімі бар әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ органының кезекшілікке келетін диспетчерлер ауысымын консультациямен қамтамасыз етеді. Консультацияда мынадай ақпарат хабарланады:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсететін бақыланатын аудандарда метеорологиялық жағдайдың жалпы сипаттамасы;

2) әуе жолдарында және ұшу аудандарында, ұшу, қону және қосымша әуеайлақтарында нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар;

3) әуе қозғалысына қызмет көрсететін бақыланатын аудандарында ауысым жұмыс кезеңінде іске қосылатын радиозондтарының ауысуы болжанатын траекториялары;

4) жергілікті әуеайлақта ауа райының жағдайы туралы соңғы деректер, атмосфералық қысымның мәні және оның өзгеру үдерісі;

5) метеорологиялық жабдықтардың, байланыс құралдарының техникалық жағдайы, метеорологиялық органның кезекші ауысымының дайындығы.

438. Орналастыру жағдайынан кезекші метеорологтың болуы қамтамасыз етілмеген әуежайларда қозғалыс қызметі ауысымының нұсқаулық жүргізуде, метеорологиялық консультация беру қолданыстағы байланыс құралдарын пайдаланумен ұсынылады.

439. ӘҚҰ органдарының ұшу басшысы (аға диспетчер) және әуеайлақ метеорологиялық органының аға диспетчері жұмыс кезінде метеорологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.


2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына арналған ақпарат


440. Әуеайлақ метеорологиялық органы «Брифинг» диспетчерін мынадай ақпаратпен жабдықтайды:

1) тиісті әуеайлақ бойынша жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен және оларға түзетулермен;

2) SIGMET және AIRMET ақпаратымен, әуеайлақ бойынша желдің ауысуы туралы хабарламалармен және әуеайлақ бойынша ескертулермен;

3) оған қатысты ӘҚҚК органдары жасаған келісім бар кез келген қосымша метеорологиялық ақпаратпен;

4) ол туралы SIGMET мәліметі шығарылмаған (уәкілетті метеорологиялық орган мен ӘҚҚК уәкілетті органдары арасындағы келісім бойынша) жанартау күлінің бұлты туралы алынатын ақпаратпен;

441. Әуеайлақ метеорологиялық органы диспетчерлік басқару пунктін (ДБП) және диспетчерлік старт пунктін (ДСП) мынадай ақпаратпен жабдықтайды:

1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;

2) желдің ауысуы туралы хабарламамен және ескертулермен.

442. Әуеайлақ метеорологиялық органы диспетчерлік қону пунктін (бұдан әрі – ДҚП) және диспетчерлік шеңбер пунктін (бұдан әрі – ДСП) және «Мұнара» ДП олар орналасқан әуеайлақтарда қону жүйесінің диспетчерлік пунктін (ҚЖДП) мынадай:

1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;

2) METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF және «тренд» түрдегі болжамдармен және ұшу қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сауал бойынша);

3) ӘК бортынан арнайы мәліметтермен;

4) «ШТОРМ» режимінде жұмыс істеу кезінде» МРЛ деректерімен;

5) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралы нақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);

6) желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен;

7) осы диспетчерлік пунктің жауапкершілік аймағындағы әуе кеңістігіне жататын SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды.

443. Әуеайлақ метеорологиялық органы диспетчерлік жақындау пунктін (бұдан әрі – КЖП) мынадай ақпаратпен жабдықтайды:

1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтермен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен, кіру диспетчерлік органы қызмет көрсететін әуеайлақтар үшін оларға түзетулермен;

2) SIGMET және AIRMET ақпаратымен, желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен, кіру диспетчерлік органы қызмет көрсететін әуе кеңістігіне жататын борттан арнайы хабарлармен және әуеайлақ бойынша ескертулерімен;

3) «ШТОРМ» режимінде жұмыс істеу кезінде МРЛ деректерімен;

4) жергілікті келісімге жататын кез келген қосымша метеорологиялық ақпарат («Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету туралы» нұсқаулық);

5) ол туралы SIGMET мәліметі шығарылмаған (уәкілетті метеорологиялық орган мен ӘҚҰ уәкілетті органдары арасындағы келісім бойынша) жанартау күлінің бұлты туралы алынатын ақпаратпен.

444. Әуеайлақ метеорологиялық органы жергілікті диспетчерлік пунктін (ЖДП), жергілікті әуе желісінің командалық диспетчерлік пунктін (ЖӘЖ КДП) мынадай ақпаратпен жабдықтайды:

1) жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерімен;

2) қону және қосымша әуеайлақтары бойынша METAR (сұраныс бойынша), SPECI (соның ішінде TREND болжамдары) мәліметтерімен;

3) TAF болжамдарымен және өзінің әуеайлағы бойынша оларға түзетулермен, ұшу бағыттары және аудандары бойынша болжамдарымен;

4) әуеайлақ бойынша ескертулерімен, желдің ауысуы туралы ескертулер мен хабарламалармен, ұшу аудандары бойынша ескертулерімен;

5) сұраныс бойынша TAF болжамдарымен және қону мен қосымша әуеайлақтары бойынша оларға түзетулерімен;

6) МРЛ деректерімен;

7) SIGMET ақпаратымен (кіші биіктіктерде ұшулар қауіпсіздігіне ықпал ететін) және (немесе) AIRMET ақпаратымен, осы хабарламалардың деректеріне енгізілмеген борттан тиісті арнайы хабарламамен;

8) осы сәтке SIGMET және(немесе) AIRMET ақпараттарына енгізілмеген жанар тау күлінің бұлты туралы алынған ақпарат;

9) әуеайлақ метеорологиялық органы мен әуе қозғалысы қызмет көрсетуші орган арасында келісілген кез келген қосымша метеорологиялық ақпаратпен.

445. Тиісті әуеайлақ метеорологиялық орган қажеттілік бойынша ұшу ақпараттың ауданы немесе аудандық диспетчерлік орталығын (АДО) мынадай метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды:

1) METAR және SPECI мәліметтерімен, оның ішінде, әуеайлақтар және басқа да нүктелер бойынша қысым туралы ағымдағы деректермен, TAF болжамдарымен және «тренд» түріндегі болжамдармен, ҰАА немесе диспетчерлік ауданды және ұшу ақпараты орталығының немесе аудандық диспетчерлік орталықтың сұрау салуы бойынша көршілес ҰАА әуеайлақтарын қамтитын өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес оларға түзетулерімен;

2) биіктіктерде желмен ауа температурасының болжамдарымен, ұшу бағыттары бойынша түзетулермен ауа райының ерекше құбылыстарының болжамдарымен, нақтылағанда шолу ұшуларының ережелері бойынша ұшуларды орындауға кедергі болатын құбылыстардың болжамы, SIGMET және AIRMET ақпаратымен, ұшу ақпаратының ауданы немесе диспетчерлік аудан бойынша борттан арнайы хабарлармен және өңірлік аэронавигациялық келісіммен сәйкес және ұшу ақпарат орталығының сұранысы бойынша, ұшу ақпаратының көршілес аудандары бойынша;

3) МРЛ деректерімен;

4) спутниктік ақпаратымен;

5) ұшудағы әуе кемелерінің талаптарын қанағаттандыру үшін ұшу ақпаратының орталығы немесе аудандық диспетчерлік орталығы сұраған басқа метеорологиялық ақпаратпен; метеорологиялық бақылаудың тиісті органы сұраған ақпаратқа жауап бере алмаған жағдайда, ол басқа метеорологиялық органнан көмек сұрайды;

6) SIGMET мәліметі шықпаған жанартау күлінің бұлты туралы алынған ақпаратпен (уәкілетті метеорологиялық органдардың және ӘҚҚК уәкілетті органының арасындағы келісім бойынша);

7) оның жауапкершілік ауданында VAAC шығаратын жанартау күлі туралы консультативтік ақпаратпен;

8) атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты тастамасы туралы алынған ақпаратпен (уәкілетті метеорологиялық органдардың және ӘҚҰ уәкілетті органының арасындағы келісім бойынша).

446. Серік ақпараты және МРЛ деректері тиісті жабдықтар болғанда ұсынылады.

447. METAR/SPECI мәліметтері, басқа әуеайлақтар үшін TAF болжамдары, сондай-ақ басқа ҰАА бойынша SIGMET және AIRMET ақпараты ҰАО/ӘҚҰО ұсынылады. Осы мәліметтер, болжамдар және өзге де ақпарат ұшуларды қоса алғанда, әуе қозғалысы жүзеге асырылатын бағыттағы әуеайлақ үшін ұсынылады.

448. Жанартау күлі туралы SIGMET ақпараты, барлық ұзақтығы бойынша ұшу бағыттарын қамту мақсатында осы сәтте ӘК орналасқан орнынан ұшудан 2 сағат қашықтыққа таратылады.

449. ӘҚҰ органдарына ақпаратты ұсыну кезеңінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын бағыттарда ауа райының қауіпті құбылыстарына ерекше назар аудару қажет. Осындайларға мыналар жатады:

1) крейсер эшелондарында ұшулар үшін:

найзағай (жасырын, маскаланған, дауыл аралас жиі қайталанатын, бұршақпен немесе бұршақсыз);

қатты мұздану;

қатты суыған жаңбыр нәтижесіндегі қатты мұздану;

қатты турбуленттік;

қатты таулы толқын;

қатты құмды боран;

қатты шаңды боран;

жанартау күлі.

2) 100 ұшу эшелонынан төмен немесе таулы мекенде 150 ұшу эшелонына төмен:

осы тармақтың 1) тармақшасында аталған барлық құбылыстар, сондай-ақ:

жер бетіндегі желдің жылдамдығы (кең кеңістікте жер бетіндегі желдің жылдамдығы секундына 15 метр немесе сағатына 60км);

кең кеңістікте жер бетіндегі көрініс кемінде 5000 метр, соның ішінде көрінуді төмендететін ауа райы құбылыстары;

оқшаулаған және кездейсоқ бұршақ аралас немесе бұршақсыз найзағайлар;

жер бетінен 300м (1000фут) төменгі шеттерінің биіктігімен SCT, BKN, OVC ұзақтығымен бұлттылық;

оқшаулаған (ISOL), кездейсоқ (OCNL) және жиі (FRQ) будақ – жаңбырлы бұлттар (СВ)

оқшаулаған (ISOL), кездейсоқ (OCNL) және жиі (FRQ) мұнар тәрізді будақ бұлттар (TCU);

орташа мұздану (конвективті бұлттарда пайда болатын мұзданудан басқа);

орташа турбуленттік (конвективті бұлттарда пайда болатын турбуленттіліктен басқа);

орташа таулы толқын;

таулардың жабылуы.

450. Аталған құбылыстарды анықтау үшін осы Қағидалардың 449-тармағында көрсетілген борттан арнайы хабарлар, спутниктік деректері және метеорологиялық ақпараттың графикалық көрсетулері, сондай-ақ метеорологиялық радиолокаторлардың деректері пайдаланылады.

451. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары жергілікті және арнайы мәліметтермен, METAR және SPECI мәліметтері, TAF болжамы және «тренд» түріндегі болжамдары, SIGMET және AIRMET ақпаратымен, биіктіктерде желдің және ауа температурасының болжамымен және егер келісімді өзгеше көзделмесе, оларға жасалған және бақса метеорологиялық органдарға жіберілген немесе олардан алынған нысандағы түзетулермен.

452. Осы органдарға қызмет көрсететін электрондық есептеу машиналарда одан әрі пайдалану мақсатында цифрлы нысанда ӘҚҰ органдары үшін тұрақты тордың торабында атмосфераның жоғарғы қабаттары туралы деректерді электрондық есептеу машиналарда өңдеуі қамтамасыз етілген жағдайда деректерді таратудың мазмұны, нысаны және ережелері өкілетті метеорологиялық орган және аэронавигациялық ұйымдардың арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Бұл деректер болжамдар өңделгеннен кейін жедел түрде ұсынылады.

453. Автоматтандырылған жүйелерді және әртүрлі деңгейде ӘҚҚ автоматтаудың құралдар кешенін метеорологиялық қамтамасыз ету техникалық талаптарға жауап беруі және ӘҚҚ ұйымдарында АҚ автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйелерімен және метеорологиялық деректерді тарату құралдарымен үйлесу арқылы жүзеге асырылады


3. Өндірісті басқару органдарына арналған ақпарат


454. Әуе кемелерінің ұшу алдындағы дайындығы мен ұшудан кейін қызмет көрсету кезеңіндегі ұшуларды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және ұшып кетудің, қонудың, әуе кемелері тұрақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақ құрылыстарын, әуежайлар мен авиакомпаниялардың әуежайлық және авиациялық-техникалық қызметін ұстау үшін, осы Қағидаларға сәйкес әуеайлақтарда нақты және күтілетін ауа райының жағдайы туралы ресми метеорологиялық мәліметтер ұсынылады.


4. Іздестіру-құтқару қызметіне арналған ақпарат


455. Іздестіру–құтқару жұмыстарын орындау үшін ұшатын әуе кемелерінің экипаждарына қажетті метеорологиялық ақпарат ұшу басшысының немесе іздестіру–құтқару жұмыстарын басқаратын лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша қысқа мерзімде ұсынылады. Көрсетілген ақпарат іздеу ауданында, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу орнына және керісінше ұшу бағыты бойынша ағымдағы және болжанудағы метеорологиялық жағдайлар туралы толық және нақты деректерді қамтуға тиіс.

456. Уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық органдар іздестіру – құтқару қызметінің органдарын өзара келісім негізінде белгіленген нысанда метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды. Осы мақсатта тағайындалған метеорологиялық орган іздестіру – құтқару қызметінің органымен байланысты барлық іздестіру құтқару үрдісі бойы қолдайды.

457. Іздеу және құтқарудың үйлестіру орталығының сұрауы бойынша тағайындалған метеорологиялық орган осы әуеайлақтың жауапкершілік ауданына кіретін айдындарда іздестіру – құтқару операцияларын орындайтын су бетіндегі кемелерді қажетті метеорологиялық ақпаратпен жабдықтау (жабдықтау үшін шаралар қолдану) тиіс.

458. Іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталықтары жабдықталатын ақпарат хабарсыз кеткен әуе кемесінің соңғы орналасу жері туралы, сондай-ақ мыналарды көрсетуімен осы әуе кемесінің белгіленген бағыты бойынша метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді қамтиды:

1) ұшу бағыттары бойынша ауа райының ерекше құбылыстарын;

2) бұлттардың (көбінесе түйдек-жаңбырлы) түрін және санын және бұлттардың жоғарғы және төмен шеттерінің биіктігін;

3) көрінуді нашарлататын көріну мен құбылыстарды;

4) жер бетіндегі желді және биіктіктердегі желді;

5) жер бетінің қалпын, негізінде қар немесе су жабынын;

6) теңіз бетінің температурасы, теңіздің, мұз жабынын қалпы (қажет болған жағдайда іздеу ауданын көрсету кезеңінде);

7) теңіз деңгейіндегі қысым.

459. Егер әуеайлақ метеорологиялық органында сұратылған ақпарат болған жағдайында, ол басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарына жүгінеді.

460. Іздеу және құтқарудың үйлестіру орталығының сұрауы бойынша метеорологиялық орган хабарсыз кеткен әуе кемесінің экипажына ұсынған ұшу құжаттамасы, соның ішінде ұшудағы әуе кеңістігі бортына берілген болжамға барлық түзетулер туралы нақты деректерді алу үшін шараларды қабылдауға тиіс.

461. Іздеу–құтқару операцияларының өткізілуіне ықпал ету үшін тағайындалған метеорологиялық орган сұрау бойынша мыналарды ұсыну тиіс:

1) іздеу аймағында ағымдағы және болжанудағы метеорологиялық жағдайлар туралы нақты және толық ақпаратты;

2) ұшулар бағыттары бойынша, соның ішінде іздеу жүргізілетін әуеайлақтан кету және оған қайту кезеңінде іздеу әуе кемелері орындайтын бағыттар бойынша ағымдағы және болжанудағы метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты;

3) апатты жағдайға байланысты қажетті кез келген басқа ақпаратты (соның ішінде іздеу операцияларға қатысатын теңіз кемелері үшін ақпаратты).


5. Авиациялық қақтығыстар және оқиғалар болған жағдайда метеорологиялық органнан талап етілетін әрекеттер


462. ӘҚҰ органы авариялық мән-жайға байланысты сұраған кез келген метеорологиялық ақпарат қысқа мерзімде ұсынылады.

463. ӘҚҰ тиісті органынан әуеайлақта (әуеайлақ ауданында) авиациялық оқиға (бұдан әрі – АО) болғаны туралы, әуеайлақта (әуеайлақ ауданында) қақтығыс туралы «Дабыл» хабар тарату сигналын алғаннан кейін әуеайлақ метеорологиялық органы:

1) метеорологиялық бақылаулардың толық кешенін жүргізеді, ауа райының күнделігінде бақылауды жүргізген адамның қолымен бақылаулардың нәтижелерін жазады және оларды сақтайды;

2) ӘҚҰ органының сұрауы бойынша алғашқы хабарлау үшін оқиға болған сәттегі метеорологиялық жағдайды сипаттайтын ақпаратты ұсынады;

3) ұшу экипажының мүшелеріне консультация беру кезеңінде ұсынылған немесе ұшу құжаттамасы ретінде оларға көрсетілген ұшу құжаттамасы жиынтығының көшірмесін ұсынады.

464. Метеорологиялық орган авиациялық оқиға немесе оқиғаны тергеу бойынша комиссия талап ететін барлық метеорологиялық құжаттарды, мәліметтерді және басқа құжаттардың 30 күн ішінде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.


6. Аэронавигациялық ақпарат қызметінің органдарына арналған ақпарат


465. Метеорологиялық уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы тиісті уәкілетті органмен үйлесімде аэронавигациялық ақпарат қызметінің тиісті органдарына, олар өзінің қызметін орындау үшін қажетті соңғы метеорологиялық ақпаратпен ұсынуды ұйымдастырады.

466. Қажеттілік бойынша аэронавигациялық ақпарат қызметінің органына мынадай ақпарат ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы AIP енгізу үшін арналған метеорологиялық қызмет көрсету туралы;

2) NОТАМ немесе ASHTAM дайындау үшін мыналарды қамтиды:

авиациялық метеорологиялық қызмет көрсетуді енгізу, тоқтату және ұсынудағы маңызды өзгерістер туралы. Осы ақпарат аэронавигациялық ақпарат қызметінің органына ИКАО 15 қосымшадағы 5.1.1 және 5.1.1.1-тармақшаларына сәйкес NОТАМ шығару мүмкіндігі күшіне ену күніне дейін алдын ала ұсынылады.

атмосфераға радиоактивті материалдарының авариялық қалдықтары туралы (тиісті уәкілетті метеорологиялық органдар мен аэронавигациялық ұйым арасындағы келісім бойынша).

3) аэронавигациялық ақпарат өкімдерін дайындау үшін қажетті ақпарат;

авиациялық метеорологиялық қызмет көрсетуде күтілетін маңызды өзгерістер қағидалары және оны ұсыну құралдары;

әуе кемелерінің ұшулары қызметіне белгілі бір метеорологиялық жағдайлардың әсері туралы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «2» шілдедегі
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon33 баспасөз релизі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен реттеледі
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студентеріне арналған
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница