Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету




НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету
страница4/10
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.44 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/1768_pravila_13.03.13kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

149. Жауын-шашынның қарқындылығын бағалау кезінде көрінудің метеорологиялық қашықтығының және көрінудің метеорологиялық қашықтығының мәндері, ауа райы құбылыстарының үйлесімділігі, бұлттылықтың нысаны және өзге де метеорологиялық факторлар ескеріледі. 150. Қатты дауылдың, құйынның, қатты құйынның, сырма бұрқасынның қарқындылығы бағаланбайды.

151. Тұманның, буалдырдың, мұнардың, мұзды инелердің қарқындылығы бағаланбайды.

152. Метеорологиялық қашықтық көрінудің мәніне қарай құм (құмды) борандардың жиілігі орташа және қатты деңгейде көрсетіледі (қатты – көрінуде (МҚК) 1000 метрден аз емес).

153. Атмосфералық құбылыстарын бақылау нәтижелері ауа райының журнал–күнделігіне ауа райы құбылысының басталуы, аяқталуы және қарқындылықтың өзгеруін көрсетіп, құбылыстар түрінің символдарымен жазылады. Атмосфералық құбылыстардың қарқындылығы ауа райының журнал күнтізбесінде құбылыс символының жанында белгіленеді. Нашар қарқындылық кезінде құбылыс символының қасында «0», қатты қарқындылық болған жағдайда «2» жазылады.


8. Бұлттылық және деректерді мәліметтерде ұсыну


154. Ұшулар үшін маңызды бұлттылықты сипаттау үшін бақылаулар жүргізіледі және бұлттардың саны, түрі және төменгі шегінің биіктігі туралы мәліметтер беріледі. Аспандағы жағдайды белгілеу кезінде қиындық туса, бұлттардың санын, түрін және төменгі шегінің биіктігін бақылау орнына тік көріну бақыланады және ол туралы деректер хабарландырылады. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тік көріну туралы деректер метрлерде хабарландырылады.

155. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде пайдалану үшін арналған бұлттылықты бақылаулар қонуға бет алу үшін аймағына репрезентативті болып табылады.

156. METAR мен SPECI мәліметтерінде пайдалану үшін арналған бұлттылықты бақылаулар әуеайлақ және оның маңайы үшін репрезентативті болып табылады.

157. Бұлттарды бақылау бұлттардың физикалық сипаттамаларын, сондай-ақ тік және көлденең бағыттағы ұзақтығын, құрамы мен нысанын шолу және жер бетіндегі олардың биіктігін, қозғалысының жылдамдығын және бағытын аспаптық бақылауларды қамтиды.

158. Бұлттылықтың көлемін және бұлттардың төменгі шегінің биіктігін өлшеу үшін аспаптық жүйелерді пайдаланған кезде бақылаулардың көрнекті датчиктерді пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы шынайы мәліметтерді алу мақсатында аталған датчиктер аспаптар бойынша қонуға бет алу жүйесінің орташа маркерді орнату жерінде орналасады. Әуеайлақтарда орташа маркер ҰҚЖ қонуға бет алу жағынан ҰҚЖ қону табалдырығынан 900-1200 метр (3000-4000 фут) қашықтықта қолданылмайды.

159. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі әуеайлақтан асырып көрсетіледі. Қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ пайдалану барысында оның табалдырығы 10 метрден (33 фут) асса немесе тым әуеайлақтың арттыруынан айырмашылығы болса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігінің өлшенген мағынасына биіктіктердің әр түріне түзетулер енгізіледі.

Ашық теңізде орналасқан құрылыстардан мәліметтерді ұсыну кезінде бұлттардың төменгі шегінің биіктігі теңіздің орташа деңгейіне қатысты көрсетіледі.

160. METAR және SPECI мәліметтерінде бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы мәліметтер 30 метр (100 фут) еселі өлшемге, 1500 метрден биіктіктің барысында (10 000 фут) дейін және 1500 метрден 3000 метр (10 000 фут) дейін 300 метр (1000 фут) еселі өлшемде хабарландырылады.

161. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS мен VOLMET хабарламаларында бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі және тік көріну туралы мәліметтер еселі 10 метрден 600 метрге дейін хабарландырылады.

162. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) бұлттардың көлемін «FEW» (аз 1-2 октанттар), «SCT» (шашыраңқы 3-4 октанттар), «BKN» (ақша бұлттар 5-7 октанттар) немесе «OVC» (тұтас 8 октанттар) қысқартуды пайдаланумен көрсету қажет;

2) будақ – жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттарды CB мен TCU қысқартуларды пайдаланумен көрсету қажет;

3) тік көріну 600 метр (2000 фут) биіктікке дейін арнайы және жергілікті тұрақты мәліметтердің 10 метр еселі өлшемде, METAR және SPECI мәліметтерінде 30 метр (100 фут) еселі өлшемге көрсетіледі;

4) ұшулар үшін маңызды бұлттар болмағанда және тік көріну шексіз болса және CAVOK қысқарту ауа райының жағдайларын сипаттау үшін келмесе NSC қысқарту пайдаланылады;

5) бұлттардың бірнеше қабаты немесе ұшу үшін маңызды бұлттар жеке алаптар түрінде бақыланса, бұлттардың төменгі шетінің биіктігін және көлемін бұлттардың төменгі шегі биіктігінің өсу тәртібінде және мынадай өлшемдерге сәйкес көрсетіледі:

ең төменгі қабат немесе алап, санына қарамастан FEW, SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

көкжиектің 2/8 астам жабатын мынадай қабат немесе алап SCT, BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

көкжиектің 4/8 астам жабатын жоғарылау қабат немесе алап BKN немесе OVC тәрізді көрсетіледі;

будақ – осы тармақшаның критерийлерінде көзделген ақпаратта көрсетілмеген, олар бақылағанда жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді будақ бұлттар;

6) бұлттардың төменгі шегі сейіліп кеткен, сейілген немесе тез өзгертілген жағдайда мәліметте бұлттардың төменгі шегінің немесе оның бөліктерінің ең аз биіктігі көрсетіледі;

7) бұлттардың жеке қабаты жалпы төменгі шегімен қою – жаңбырлы және (немесе) мұнара тәрізді бұлттардан құрылған жағдайда, мәліметте бұлттардың түрін қою жаңбырлы деп көрсетіледі.

Мұнара тәрізді будақ бұлттар үлкен тік ұзақтығы бар күшті будақ бұлттардың болуы туралы куәландырады.

163. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:

1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және тік көріну туралы деректерді ұсыну үшін пайдаланылатын өлшем бірліктері көрсетіледі.

2) бірнеше ҰҚЖ пайдаланылған және осы ҰҚЖ бұлттардың төменгі шектеріне бақылаулар аспаптар арқылы жүргізілген жағдайда, мәліметтерде әр ҰҚЖ үшін бұлттардың төменгі шектерінің қолданыстағы мәндері жазылады және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.

164. Автоматтандырылған жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер мен METAR мен SPECI мәліметтерінде:

1) бұлттардың түрін автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы бақылауға мүмкіндік болмаған жағдайда бұлттылықтың әр тобына бұлттар туралы мәліметтерді «///» белгімен ауыстырылады;

2) автоматтандырылған бақылау жүйесі бұлттарды анықтамаған жағдайда, NCD (Nil cloud Detected) қысқарту пайдаланылады;

3) түйдек-жаңбырлы және мұнара тәрізді будақ бұлттарды автоматтандырылған бақылау жүйесі анықтаған кезде, бұлттардың төменгі шегінің биіктігін және бұлттардың көлемін анықтауға мүмкіндік болмаса, бұлттардың төменгі шегінің биіктігі және көлемі туралы мәліметтер «//////» белгісімен өзгертіледі.

165. Бұлттардың төменгі шегі биіктігінің (бұдан әрі – БТШБ) негізгі және қосымша көрсеткіштері істен шыққан және аспап құралдары болмаған жағдайда бұлттылықтың қабаты ерекше жыртылған және оның биіктігі өлшенбейтін жағдайда, БТШБ әуе кемелері экипаждарының деректері бойынша немесе көзбен шолумен бағаланады.

166. METAR мен SPECI мәліметтерінде бұлттылықтың төменгі шегінің биіктігі туралы ақпарат мәні 200 метр және одан кем болғанда немесе тік көріну қосымша ақпарат тобында (RMK) нақтыланады. Бұл ретте QBB қысқарту пайдаланылады және бұлттардың төменгі шегінің өлшенген биіктігі метрмен көрсетіледі. Бұлттардың төменгі шегінің биіктігі 140 метрді құрайды, бұл QBB140 бұлттылықтың биіктігі ретінде 80 метр – QBВ080 кодпен жазылады.


9. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы


167. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтер және METAR мен SPECI мәліметтері үшін арналған ауа температурасын және шық нүктесінің температурасын бақылау ҰҚЖ барлық кешені үшін репрезентативті болып табылады.

168. Ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы Цельсий (бұдан әрі - °С) градусында хабарландырылады.

169. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтерінде ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы туралы мәліметтер °С толық градустарына еселі өлшемдерде хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланылатын шкалаға енгізілмейтін кез келген бақылаудағы мән °С жақын градусына дейін дөңгеленеді, осының барысында 0,5 градус бақылаудағы мәндер °С жақын градусына дейін жоғары дөңгеленеді.

170. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтерінде температура 0 градус 0С төмен көрсетіледі.

171. Ауа температурасының және шық нүктесі температурасы градусының дөңгеленген толық өлшемдеріне -9-дан +9 дейін диапазонның алдында «0» қойылады.

172. Қысқартулармен ашық мәтінді хабарландыру үшін мәліметтерде ауа температурасын «Т» символымен, шық нүктесінің температурасын «ТР» символымен белгілеу қажет. 0 градус °С болғанда төмен температураны көрсету барысында температура мәнінің алдында «М» символы қойылады.


10. Атмосфералық қысым


173. Атмосфералық қысым өлшенеді, ал QNH және (немесе) QFE өлшемдері гПа немесе сынап бағанасының миллиметрлерінің (бұдан әрі - сн.бғ.мм.) он бөлігіне дейін нақты есептеп шығарылады.

174. Қонуға нақты бет алу үшін жабдықталмаған, табалдырықтары әуеайлақтан 2 метр (7 фут) төмен немесе жоғары орналасқан ҰҚЖ, сондай-ақ қонуға нақты бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ QFE өлшемдер табалдырықтың тиісті арттыруына қатысты есептеледі.

175. Барометр ҰҚЖ табалдырығынан 2 метр деңгейден жоғары немесе төмен орналасқан жағдайда өлшенген мәнге биіктіктердің әр түріне түзету енгізіледі. Барометр мен ҰҚЖ тиісті табалдырығы арасында («нольдік» сынап бағанасы) биіктіктердің әртүрлі түрлері туралы деректерді әуежай қызметтері әуеайлақ метеорологиялық органына хабарлайды.

176. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және METAR немесе SPECI мәліметтеріне енгізілетін QNH мен QFE деректері гПа он бөлігімен есептеледі және мәліметтерде толық гПа еселі өлшемдерде төрт цифрды пайдаланумен хабарландырылады. Деректерді хабарландыру үшін пайдаланатын шкалаға енгізілмеген кез келген бақыланатын мән жақын толық гПа дейін дөңгеленеді.

177. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге мынадай ақпарат енгізіледі:

1) QFE (с.б.мм және гектопаскальда – гПа);

2) QNH (гектопаскальда – гПа);

3) егер QFE мағыналары бірнеше ҰҚЖ қажет болған жағдайда әр ҰҚЖ талап етілетін мағыналар QFE енгізіледі және олар жататын ҰҚЖ көрсетіледі.

178. METAR мен SPECI мәліметтерге гПа QNH енгізіледі, QFE (с.б.мм және гПа) қосымша ақпараттың тобына (RMK) енгізіледі.


11. Қосымша ақпарат

179. Әуеайлақтан тыс (METAR және SPECI) шығарылатын мәліметтерге ең көп дегенде үш топты пайдалана отырып, мынадай ақпарат (ауа райының жақында болған құбылыстары, яғни соңғы шығарылған тұрақты мәліметтен кейінгі кезеңде немесе өткен сағатта, бірақ бақылау сәттегі емес, осы кезеңдердің қысқасына тәуелді, әуеайлақта бақыланған ауа райының құбылыстары туралы) енгізіледі:

1) мұзданатын жауын-шашын (REFZDZ, REFZRA);

2) орташа немесе қатты жауын-шашын, соның ішінде нөсер (REDZ, RERA, RESN; RESG, REPL, RESHRA; RESHSN, RESHGR; RESHGS);

3) сырғыма бұрқасын (REBLSN);

4) шаңды боран, құмды боран (REDS, RESS);

5) найзағай (RETS);

6) құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) (REFC);

7) жанартау күлі (REVA);

Жақында болған ауа райы құбылыстарының қарқындылығы көрсетілмейді;

8) төменгі қабаттарда желдің ауысуы;

9) ҰҚЖ жағдайы.

180. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қосымша ақпарат ретінде төменде аталған ерекше метеорологиялық жағдайлар немесе олардың жиынтығы туралы ақпарат енгізіледі:

түйдек-жаңбырлы бұлттар – CB;

найзағай – TS;

орташа немесе қатты турбуленттілік – МOD TURB, SEV TURB;

желдің ауысуы – WS;

бұршақ – GR;

қатты дауылдың желісі – SEV SQL;

орташа немесе қатты мұздану – MOD ICE, SEV ICE;

мұзданатын жауын-шашын FZDZ, FZRA;

қатты таулы толқындар – SEV MTW;

шаңды боран немесе құмды боран – DS, SS;

жаяу бұрқасын – BLSN;

құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын) – FC.

181. METAR немесе SPECI мәліметтеріне жергілікті жағдайлармен расталғандай желдің ауысуы туралы ақпаратты енгізу қажет, қажет болған жағдайда осы ақпарат қабылданған қасқартулармен ашық мәтінмен көрсетіледі.

182. METAR және SPECI мәліметтеріне қосымша ретінде мынадай ақпараттар енгізіледі:

1) тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы;

2) әуежайдың тиісті уәкілетті органы ұсынатын ҰҚЖ жағдайы туралы.


12. Метеорологиялық спутниктердің көмегімен бақылау


183. Әуеайлақ метеорологиялық органдары Жердің метеорологиялық спутниктері арқылы алынған ақпаратты жердегі метеорологиялық бақылаулардың деректеріне қосымша пайдаланады.

184. Спутник ақпараты халықаралық метеорологиялық спутниктердің және метеорологиялық органдардың белгіленген рұқсаты мен тиісті жабдықтар болған кезде өзге де спутниктерден хабарландырылады.

185. Жердің метеорологиялық спутниктерінің көмегі арқылы алынған деректер бұлттардың нысаны, көлемі және шегінің биіктігі, температураның тік таратылуы және ауаның ылғалдылығы, атмосфераның жоғары қабатындағы жел туралы ақпаратты қамтиды. Жел және атмосфераның жоғары қабаты туралы деректер бұлттардың қозғалысын бақылау арқылы алынады.

186. Спутниктік деректерді талдау кезінде атмосфералық фронттың бұлттар жүйесінің және циклондардың өзгеруіне, турбуленттік аймақтарының әуеайлағының бақылау нүктесіне, төмен бұлттылықтың, ағымдағы ағыстардың және олардың географиялық орналасуының жағдайы нақтыланады.

187. Жердің метеорологиялық спутниктерінен және басқа спутниктерден алынған метеорологиялық ақпарат тиісті өңдеуден кейін пайдаланушыларға басып шығарылған спутниктік суреттер немесе тікелей компьютерлік жүйелер түрінде ұсынылады.

188. Спутниктік ақпарат метеорологиялық спутниктер компьютерлік жүйелер арқылы хабарландыратын кестеге сәйкес қабылданады және таратылады. Метеорологиялық спутник тікелей хабарландыру мерзімінде жұмыс істеген жағдайда ақпаратты ол пункт бетінде ұшу барысында арнайы аспап арқылы фотосуреттер түрінде алуға болады. Ұшуларды қамтамасыз ету барысында метеорологиялық орган спутниктік деректерді қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған жүйеден түсетін ақпаратты пайдалануы мүмкін.


13. Метеорологиялық радиолокаторлардың көмегімен бақылау


189. Метеорологиялық радиолокаторлармен (МРЛ) жабдықталған әуеайлақтарда бұлттардың құралуына, найзағай ошақтарының, жауын-шашын аймақтарының кеңістікте таратылуына және олардың ауысуы мен дамуына бақылау жүргізіледі.

190. Ұшу барысында МРЛ көмегімен бақылаулар сағат сайын, ал басқа уақытта әр 3 сағат сайын жүргізіледі. Найзағай қауіпті будақ жаңбырлы бұлттардың және (немесе) нөсер жауын шашын, бұршақ, дауыл ошақтарын анықталған әуеайлақ ауданында бақылаулар 100 километр радиусымен әр 30 минут аралықпен «ШТОРМ» мерзімінде жүргізіледі. Автоматтандырылған радиолокация жүйелерімен жабдықталған әуеайлақтарда, бақылау жиілігі 30 минуттан кем болуы мүмкін және жүйенің өз мүмкіндіктерімен анықталады.

191. Сағат сайын бақылаулардың нәтижелері радиолокация жағдайының картасы түрінде рәсімделеді. Аталған ақпарат кезекші синоптикке, сондай-ақ ӘҚҰ диспетчерлеріне жіберіледі.

Найзағай ошақтары туралы ақпарат компьютер жүйелері, сондай-ақ тікелей дауыс арналары және телефон арқылы жіберіледі.

192. Әуеайлақтан 100 километр радиуста ошақтар пайда болған кезде олардың орналасуы туралы ақпарат ATIS хабарламаларына енгізіледі. Аталған ақпаратқа мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) ошақтың сипаттамасы;

2) әуеайлақтың бақылау нүктесіне қатысты ошақ орталығының орналасу жері (азимут және жою);

3) сегіз румбадағы бағыт және ошақтың ауысу жылдамдығы (с/км).

193. Ошақтардың арасындағы қашықтық 50 километрден кем, бір ошақтың диаметрі 20 километрден астам, бұрыш өлшемдері 10-нан астам бірнеше ошақ (ошақтардың) пайда болған кезде ошақтардың шектері немесе ошақ аймағы бойы таңдалған нүктелер бойынша қашықтық және азимуттер туралы (сағат тілі бойынша) деректерді тарату арқылы ошақ аймағының шектері көрсетіледі.

194. МРЛ-мен жабдықталмаған әуеайлақтарда метеорологиялық радиолокациялық ақпаратты алу үшін:

1) метеорологиялық органның үй-жайында орнатылған әуеайлақ радиолокаторларының жылжымалы индикаторлары;

2) басқа метеорологиялық органдар пайдаланатын әуеайлақтан 50 километр радиуста орналасқан МРЛ пайдаланылады.

195. Әуеайлақта найзағай пеленгаторы болған жағдайда оның деректері найзағай ошақтарын нақтылау үшін пайдаланылады және МРЛ деректермен радиолокациялық картаға енгізіледі, болжанатын немесе нақты бақыланудағы найзағай қызметінің барысында найзағай пеленгаторы үздіксіз тәртіпте жұмыс істеуге тиіс.

196. Автоматтандырылған қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы алынған радиолокациялық мәліметтерді пайдалану метеорологиялық уәкілетті орган бекіткен арнайы нұсқаулықта анықталады.


14. Метеорологиялық бақылау жүргізудің автоматтандырылған жүйелері


197. ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша жұмыс істейтін әуеайлақтарда нақты ауа райын бақылау белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өткен автоматтандырылған жүйелер арқылы жүргізіледі.

198. Бақылаулардың автоматтандырылған жүйесі әуеайлақтағы атмосфераның негізгі өлшемдері туралы метеорологиялық ақпаратты жинау және өлшеуді, осы ақпаратты өндеуді, метеорологиялық мәліметтерді қалыптастыру, ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша әуе кемелерінің ұшуларын және қонуларын қамтамасыз ету үшін байланыс арналары бойынша ақпаратты тіркеу және тарату қамтамасыз етіледі.

199. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі автоматты өлшемдерді жасау және мынандай метеорологиялық өлшемдер өңделеді:

1) жел (бағыты, жылдамдығы, екпіні);

2) көріну (көрінудің метеорологиялық қашықтығы - КМК);

3) ҰҚЖ көріну қашықтығы(ҰҚЖ басының, ортасының және шетінің нүктелерінде);

4) ағымдағы ауа райы;

5) бұлттылық;

6) ауа температурасы және шық нүктесінің температурасы;

7) қысым;

8) қосымша ақпарат;

9) «тренд» түрдегі болжам.

ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету барысында жоғарыда аталған метеорологиялық өлшемдер туралы ақпарат көрсету құралдарына 1 минуттан кешіктірмей хабарландырылу тиіс.

Көрсету құралдарына метеорологиялық ақпаратты тарату уақыты өлшемдерді өндеуді бітіргеннен кейін 15 секунд аспауы тиіс.

200. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінде метеорологиялық өлшемдерді және туынды метеорология параметрлерді есептеу үшін қажетті ақпаратты және ауа райының мәліметтеріне дереу қосу және көрсету құралдарына тарату үшін деректерді қолмен іске қосу әдісі қамтамасыз етіледі.

201. Әуеайлақта нақты ауа райын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі метеорологиялық ақпаратты автоматты таратуды және оны БИ АИУ, метеодисплейде және басқа индикатор құралдарында көрсетуді қамтамасыз етеді.

202. Индикациялаудың жылжымалы блоктарында метеорологиялық ақпаратты жаңарту кезеңділігіне техник метеоролог 30 немесе 60 минут мәндерін орнатады. ИКАО II, III (А,B) санаттарының минимумдары бойынша ұшуларды қамтамасыз ету барысында 1-минуттық деректерді жаңарту кезеңділігі белгіленеді. Индикациялаудың жылжымалы блоктарында жергілікті арнайы мәліметтер де көрсетіледі.

203. Техник метеорологтың жұмыс орнындағы дербес электрондық есептеуіш машинасы істен шыққан жағдайда қосымша машинаға жедел (15 секундтан асырмай) ауысу қамтамасыз етіледі


4. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау және жеткізу


1. Жалпы ережелер


204. Әуе кемелерінің борттарынан жүргізілетін метеорологиялық бақылау дағдылы жердегі бақылаумен толық жабдықталмаған аудандардың жағдайлары туралы ақпаратты алу үшін және орташа және қатты турбуленттік, орташа және қатты мұздану, желдің ауысуы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне жағымсыз ықпал ете алатын басқа құбылыстар туралы ақпаратты алу үшін пайдаланылады.

205. Әуеайлақ метеорологиялық органдары әуе кемелерінің борттарынан бақылаудың деректері (басқа көздерден алынатын ақпарат кешенінде) бойынша метеорологиялық жағдайлардың өзгеруін бақылауды және ұшу бағдары және аудандары бойынша болжамдарға және ескертулерге түзетулер жасауды қамтамасыз етеді.

206. Әуе кемелерінің борттарынан бақылауға:

1) биіктікті алу және бағдар бойынша ұшу кезеңінде борттан тұрақты бақылау;

2) арнайы және ұшудың кез келген кезеңінде борттан тұрақсыз басқа бақылау жатады.


2. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау


207. «Ауа – жер» деректерін тарату желісін пайдалану және автоматты тәуелді бақылауды (ADS) немесе S екінші шолу локаторының (ЕШРЛ) мерзімін қолдану барысында автоматты тұрақты бақылауларды бағдар бойынша ұшу кезеңінде әр 15 минут сайын, биіктікті алу кезеңінде ұшудың бірінші 10 минут ішінде әр 30 секунд сайын жүргізу қажет.

208. Әрбір ұшу эшелонында орналасқан әуе қозғалысының жоғары қарқындылығы бар бағыттарда әуе кемелері қатарындағы бір әуе кемесі осы Қағидалардың 207-209-тармақтарына сәйкес шамамен сағаттық арақашықтықпен үнемі бақылау жүргізу үшін тағайындалады.

209. Тікұшақтардың ұшулары барысында ашық теңізде орналасқан әуеайлақтарға тікұшақтардың борттарынан тұрақты бақылауларды уәкілетті метеорологиялық органдар мен мүдделі тікұшақ пайдаланушыларының арасындағы келісімде көзделген пункттерде және уақыт кезеңінде жүргізіледі.

210. «Әуе-жер» деректерін беру желі жабдығымен жарақтандырылмаған әуе кемелері экипаждары әуе кемесі бортынан тұрақты бақылау жүргізуден босатылады:

1) әуе кемесі RNAV жабдығымен жабдықталмаған;

2) ұшу ұзақтығы 2 сағ. немесе одан аз болатын болса;

3) әуе кемесі қонудың келесі пунктінен ұшу уақытының 1 сағат қашықтығында болған жағдайда;

4) ұшу 1500 метр (5000 фут) төмен биіктікте орындалса.

211. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:

1) орташа және қатты турбуленттік;

2) орташа және қатты мұздану;

3) қатты таулы толқын;

4) бұршақсыз, жасырынды, ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша найзағай;

5) бұршақпен, жасырынды, ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша найзағай;

6) қатты шаңды немесе қаты құмды боран;

7) жанартау күлінің бұлты.

212. Осы Қағидалардың 211-тармағында көрсетілмеген, әуе кемесі командирінің пікірі бойынша, ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа әуе кемелерінің ұшу тиімділігіне ықпал ете алатын басқа метеорологиялық жағдайлар болған кезде әуе кемесінің командирі ӘҚҰ тиісті органын ол туралы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарландырады.

213. Әуе кемесінің командирі диспетчерге хабарландыратын метеорологиялық жағдайларға мыналар жатады:

1) турбуленттіліктің болуы;

2) мұзданудың болуы;

3) желдің ауысуы.

214. Әуеайлақтың және ATIS мәліметтерінде әуе кемелерінің борттарынан желдің ауысуы туралы ақпарат 30 минут бойы, мұздану және турбуленттіліктің болуы туралы ақпарат 2 сағат ішінде бойы сақталады, содан кейін олардың болуы туралы жаңа ақпарат болмаған жағдайда дереу түрде жойылады.

215. Биіктікті алу кезінде көрсетілген мәліметтер қауіпсіз биіктікке жеткеннен соң, қонуға бет алу кезінде қонудан кейін таратылады.

216. Әуеайлақтың метеорологиялық органы биіктіктің алдын алу немесе қонуға бет алу аймағында желдің ауысуы туралы ескертуді немесе мәліметті шығарған жағдайда әуе кемесінің командирі ол туралы тез арада әуе қозғалысын басқару диспетчеріне хабарлайды.

217. Әуе кемелерінің бортынан бақылау қажет болған жағдайда әуеайлақ метеорологиялық органының сұранысы бойынша жүргізіледі.


3. Әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректерін тіркеу


218. Әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҚК органы арқылы әуе кемелерінің борттарынан бақылау деректері арнайы журналда тіркеледі.

219. Әуе кемелерінің борттарынан аталған бақылаулар «ауа-жер» деректер тарату желісі арқылы таратылады.

220. «Әуе–жер» деректер тарату желісі болмаған кезде немесе осы желіні қолдану орынсыз болып табылса, әуе кемелерінің бортынан бақыланған деректер ұшу уақытында дауыс байланыс құралдарының көмегімен хабарланады.

221. Бақылау мәліметтері борттан бақылаулардың деректері бақылаулар жүзеге асырылған сәтінде немесе оларды жасағаннан кейін ұшу кезінде таратылады.

222. Әуе кемелерінің борттарынан бақылаулар деректері борттан хабар түрінде беріледі.

223. Борттан жанартау күлінің бұлтын арнайы бақылау борттан осы Қағидалардың 224, 225 – тармақтарында көрсетілген хабарлардың арнайы нысаны бойынша тіркеледі. Нысанның бір данасы уәкілетті және метеорологиялық органдардың пікірінше жанартау күлінің бұлттары тигізетін бағдарлар бойынша ұшулар үшін арналған ұшу құжаттамасына енгізіледі.

224. «Әуе - жер» деректерін беру желісін пайдалану кезінде борттан алынатын тұрақты және арнайы хабарламалар мынадай элементтерді қамтиды:

хабарлама түрінің көрсеткіші;

әуе кемесінің тану индексі;

1-блок: ендік және ұзақтық деңгейі және уақыты;

2-блок: (метеорологиялық ақпарат): желдің бағыты мен жылдамдығы, жел туралы деректер сапасының белгісі, ауаның температурасы, турбуленттілігі (деректер болса), ылғалдылық (деректер болса).

3-бөлік: Борттан (егер деректер болса) арнайы хабарламалар беруді талап ететін шарттар.

225. Дауыс байланысын қолдану кезінде борттан арнайы хабарламалар мынадай элементтерді қамтиды:

мәлімет түрінің көрсеткіші;

орналасу жері туралы ақпарат: әуе кемесінің тану индексі, орналасу жері немесе ендігі және ұзақтығы, уақыты, ұшудың эшелоны немесе эшелон диапазоны;

таратуды талап ететін жағдайлар тізбеден таңдалады:

1) SEVTURB;

2) SEVICE;

3) SEVMTW;

4) TSGR;

5) TS;

6) HYY SS;

7) VACLD;

8) VA;

9) MODTURB;

10) MODICE.

226. Әуеайлақ метеорологиялық органдары дауыс байланысының құралдарын қолдана отырып, әуе кемелерінің борттарынан алынған арнайы мәліметтерді жинауды және оларды АӘҚҰ метеорологиялық органдарына, авиаметеорологиялық деректердің банктеріне және ДААО жіберуді жүзеге асырады.

227. Дауыс байланысын қолдану кезінде орналасу жері ӘҚҰ органы хабарларды тарату пунктін көрсету арқылы берілген жағдайдан басқа, борттан хабарлармен алмасу қабылданған күйінде жүзеге асырылады және әуеайлақ метеорологиялық органы осы деректерді тиісті ендік пен ұзақтыққа ауыстырады.

228. Әуе кемесінің бортынан биіктікті алу және қонуға бет алу кезеңінде бақылаудағы желдің ауысуы туралы хабарларда әуе кемесінің түрі көрсетіледі.

229. Желдің ауысуы жағдайлары туралы хабарламаларда және болжамдарда биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезеңінде хабарлану кезінде және олар нақты болмаған жағдайды қоспағанда, әуе кемесінің командирі, әуе кемелерінің бірі алдын ала осы туралы ӘҚҰ органын хабарлаған жағдайдан басқа, бұл туралы ӘҚҰ тиісті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарланады.

230. Әуе кемесі әуеайлаққа келісімен жанартау күлінің бұлты туралы хабардың толтырылған нысанын пайдаланушы немесе ұшу экипажының мүшесі әуеайлақ метеорологиялық органына береді.

231. ӘҚҰ органы әуе кемелерінің борттарынан арнайы хабарламаларды алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде оларды әуеайлақ метеорологиялық органына (бақылау органына) тапсырады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «2» шілдедегі
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon33 баспасөз релизі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен реттеледі
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студентеріне арналған
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница