Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету




НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету
страница2/10
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.44 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/1768_pravila_13.03.13kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру


3. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудің мақсаты ұшуларды қауіпсіз, тұрақты және тиімді орындауға ықпал ету болып табылады, бұл пайдаланушыларды, ұшу экипажының мүшелерін, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын (бұдан әрі - ӘҚҚК), іздеу-құтқару қызметінің органдарын, әуежайлардың әкімшіліктерін және басқа органдарды, өздерінің функцияларын орындау үшін қажетті метеорологиялық ақпаратпен жабдықтау арқылы жүзеге асырылады.

4. Авиациялық пайдаланушыларға метеорологиялық қызмет көрсету үшін маңызды мәселелер бойынша метеорологиялық ақпаратты ұсынатын және пайдаланатын тараптардың арасында тұрақты байланыс болады.

5. Әуе кемелерінің ұшуы және ұшып көтерілуі, қонуы туралы шешім қабылдауға негіз болатын әуеайлақтағы нақты және болжамды ауа райы туралы ресми деректер әуеайлақ метеорологиялық органы ұсынған деректер болып табылады.

6. Нақты әуеайлақта авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық қамтамасыз ету әуеайлақ метеорологиялық органының өкілдері әзірлеген және ӘҚҰ органдарымен және әуежай әкімшілігімен келісілген Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады, бұл осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығының үлгілік сызбасы бойынша дайындалады.

7. Әуеайлақ метеорологиялық органдары авиациялық пайдаланушыларды жоғары сапалы және уақтылы метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді.


1. Пайдаланушылардан талап етілетін хабарландырулар


8. Метеорологиялық қамтамасыз етуді немесе метеорологиялық қамтамасыз етудің сипатын өзгертуді қажет ететін пайдаланушы бұл туралы уәкілетті метеорологиялық органға немесе тиісті метеорологиялық органдарға хабарлайды. Хабарландырудың ең қысқа мерзімі уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушының арасындағы келісім бойынша белгіленеді.

9. Пайдаланушы уәкілетті метеорологиялық органды мынадай жағдайларда:

1) жаңа бағдарларды ашу немесе ұшулардың жаңа түрлерін орындау жоспарланса;

2) тұрақты рейстердің кестесіне ұзақ сипаттағы өзгерістер енгізілсе;

3) метеорологиялық қамтамасыз етудің сипатына ықпал ететін басқа өзгерістер жоспарланса, хабардар етеді.

Хабарламада тиісті өзгерістерді жоспарлау үшін уәкілетті метеорологиялық органға қажетті барлық мәліметтер болады.

10. Пайдаланушылар немесе ұшу экипажының мүшелері әуеайлақ метеорологиялық органын мынадай жағдайларда хабарландырады:

1) ұшулардың кестесі туралы;

2) тұрақсыз рейстерді орындау жоспарланған жағдайда;

3) рейстер кешіккен, белгіленген уақыттан ерте орындалған немесе алынып тасталған жағдайда.

11. Әуеайлақ метеорологиялық органына жіберілетін жеке рейстер туралы хабар тарату мынадай ақпаратты қамтуға тиіс (тұрақты рейстер болған жағдайда, әуеайлақ метеорологиялық органы мен пайдаланушы арасындағы келісім бойынша барлық ақпарат немесе оның бөлігі көрсетілмеуі мүмкін):

1) ұшып шығатын және ұшып шығудың есепті уақыты;

2) баратын пункт және келудің есепті уақыты;

3) ұшудың тапсырылған бағдары және аралық әуеайлаққа (әуеайлақтарға) келу уақыты және одан (олардан) ұшып шығу уақыты;

4) өңірлік аэронавигациялық жоспардағы тиісті тізбеден алынған қажетті қосалқы әуеайлақтар;

5) крейсер эшелоны;

6) ұшудың түрі (шолу ұшуларының немесе аспаптар бойынша ұшулардың қағидалары бойынша);

7) ұшу экипажының мүшесіне ұсыну үшін талап етілетін метеорологиялық ақпараттың түрі (ұшу құжаттамасы және/немесе консультация);

8) консультация жүргізу және (немесе) ұшу құжаттамасын беру уақыты.


2. Уәкілетті метеорологиялық орган

Әуеайлақ метеорологиялық органы


12. Уәкілетті метеорологиялық орган осы Қағидалардың талаптарына сәйкес метеорологиялық қамтамасыз ету, авиациялық пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті халықаралық аэронавигацияны жүзеге асыру және дамуына байланысты басқа органдарды жабдықтау бойынша әуеайлақ метеорологиялық органдарының қызметін ұйымдастырады.

13. Уәкілетті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органдарының қызметіне, олардың қай ведомствоға қарайтынына қарамастан, әдістемелік басқаруды жүзеге асырады.

14. Метеорологиялық уәкілетті орган пайдаланушыларды: пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздеу-құтқару қызметінің органдары, әуежайлардың әкімшіліктерін және ұшуды қамтамасыз етуге қатысты басқа органдарды олардың функцияларын орындау үшін қажетті метеорологиялық ақпаратпен метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

15. Азаматтық авиацияны тікелей метеорологиялық қамтамасыз етуді авиациялық пайдаланушыларға ауа райы мәліметтерін, аэрологиялық және радиолокациялық, спутниктік бақылаулардың деректерін ұсынуға жауапты әуеайлақ метеорологиялық органдары жүзеге асырады.

16. Әуеайлақ метеорологиялық органдарына мыналар жатады:

1) авиациялық метеорологиялық орталық (бұдан әрі – АМО);

2) синоптикалық бөлігі бар авиациялық метеорологиялық станциялар (бұдан әрі – АМСА);

3) синоптикалық бөлігі жоқ авиациялық метеорологиялық станциялар (АМСА).

17. Әуеайлақ метеорологиялық органы қажеттілігіне қарай әуеайлақ ауданында ұшуларды жасауға байланысты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мынадай функцияларды орындайды:

1) ұшулар үшін болжамдарды және басқа тиісті ақпаратты жасайды және (немесе) алады;

2) жергілікті метеорологиялық жағдайлардың болжамдарын жасайды және (немесе) алады;

3) олар үшін болжамдар жасалатын әуеайлақтардың ауданында метеорологиялық жағдайларға үнемі бақылау жүргізеді;

4) нұсқама жүргізеді, консультация береді және ұшу экипажының мүшелеріне және (немесе) ұшуларды өндіруге байланысты басқа қызметкерлерге ұшу құжаттамасын ұсынады;

5) авиациялық тұтынушыларды басқа метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды;

6) қолдағы бар метеорологиялық ақпаратты көрсетеді;

7) басқа метеорологиялық органдармен метеорологиялық ақпарат алмасады.

18. Әуеайлақ метеорологиялық органдар жұмыстарының санаты және бағдарламасын уәкілетті метеорологиялық орган уәкілетті авиациялық органмен келісіп, белгілейді.

19. Өзінің қызметін орындау барысында әуеайлақ метеорологиялық органдары биіктікте жел, температура және ауа ылғалдылығының болжамы, қатты желдің жылдамдығы, бағыты, биіктігі, тропопаузаның температурасы, сондай-ақ Аймақтық болжамдарының дүниежүзілік жүйесінен және метеорологиялық деректердің халықаралық банктерінен алынатын цифрлы нысанда ауа райының ерекше жағдайларының болжамдары туралы ақпаратты пайдаланады.

20. Әуеайлақ метеорологиялық органдары (АМО, АМСА):

1) авиациялық пайдаланушыларының, ӘҚҰ органдарының және ұшуларды жоспарлауға және қамтамасыз етуге байланысты басқа пайдаланушылардың әуе кемелерінің ұшуларын тікелей метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) метеорологиялық аспаптар мен жабдықтарды пайдалануды жүзеге асырады;

3) өзінің әуеайлағы ауданының климаттық ерекшеліктерін және қызмет көрсететін авиа жолдарында зерттеу бойынша өңірлік зерттеулер жүргізеді және климаттық сипаттама құрастырады;

4) бекітілген әуеайлақтар бойынша авиация үшін қатерлі метеорологиялық құбылыстар туралы ескертеді және ауа райы болжамын жасайды;

5) ЖӘЖ және қону алаңдарында метеорологиялық бақылауларды өндіруге қатыстырылған авиациялық пайдаланушыларды оқытады және нұсқама жүргізеді;

6) метеорология бойынша авиациялық ӘҚҰ органдарының диспетчерлік және ұшу құрамына шарт негізінде сабақ жүргізеді және сынақ қабылдайды.

21. Әуеайлақтың метеорологиялық органдары (АМО және АМСА):

1) авиациялық пайдаланушылардың әуе кемелерінің ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын;

2) метеорологиялық элементтерін және ауа райының құбылыстарын бақылау сапасы және осы мәліметтерді қозғалыстың, әуежайлардың қызметтеріне және хабарландыру радиоарналарына (VOLMET және АTIS) уақтылы таратуды;

3) әуе кемелерінің экипаждарына берілетін метеорологиялық ақпараттың және құжаттаманың дұрыс рәсімделуін;

4) жедел және есеп құжаттарды тиянақты жүргізуді;

5) байланыс торабына метеорологиялық жедел хаттарды дұрыс рәсімдеуді және уақтылы беруді;

6) метеорологиялық аспаптарды және қондырғыларды техникалық жұмысқа жарамды қалпында ұстауды қамтамасыз етеді.

22. Ұшу ақпараты ауданында (бұдан әрі – ҰАА) немесе ӘҚҰ органдарының диспетчерлік ауданның метеоқызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті метеоорган метеорологиялық бақылау органын тағайындайды.

23. Ұшу ақпарат ауданының (ҰАА) шегінде ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін әуеайлақ метеорологиялық органы мынадай міндеттерді қамтамасыз етеді:

1) жауапты ауданының шегінде ұшулардың орындалуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайларды бақылау;

2) жауапты аудан бойынша SIGMET ақпаратын және басқа ақпаратты дайындау;

3) SIGMET ақпаратын қажетінше басқа метеорологиялық ақпаратпен әуе қозғалысының тиісті органдарын жабдықтау;

4) SIGMET ақпаратын басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарына тарату;

5) өңірлік авиациялық келісімде:

AIRMET ақпаратын жауапкершілік жүктелген аудан бойынша даярлау қажет болған жағдайында;

AIRMET ақпаратымен ӘҚҰ тиісті органын қамтамасыз ету;

AIRMET ақпаратын басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарын тарату қажет болған жағдайында;

6) ӘҚҰ аумақтық органын (келісім бойынша) SIGMET мәліметі шығарылмаған жанартау күлінің бұлты туралы ақпаратпен жабдықтау;

7) онымен байланыстағы ӘҚҰ аумақтық органын (келісім бойынша) ол бақылау жүргізетін ауданның немесе көршілес аудандардың атмосферасына радиоактивті материалдардың апатты шығыны туралы ақпаратпен жабдықтау. Аталған ақпарат апаттың орналасқан жері, күні және уақыты және радиоактивті материалдардың қозғалысының болжанатын аумағы туралы деректерді қамтуға тиіс.

24. Әуеайлақ метеорологиялық органының кезекші ауысымы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелері бойынша ӘҚҰ органының ұшу басшысына (ауысым басшысына) жедел бағынады.

25. Метеорологиялық органдары жоқ әуеайлақтарға немесе жұмыс мерзімі әуеайлақ метеорологиялық органының жұмыс мерзімімен сәйкес келмейтін ұшу ақпаратының ауданы үшін:

1) уәкілетті метеорологиялық орган қажеттілік бойынша метеорологиялық ақпаратты ұсыну үшін бір немесе бірнеше метеорологиялық органды тағайындайды;

2) тиісті уәкілетті метеорологиялық органдар тиісті әуеайлақтарды және ӘҚҰ органдарын сондай ақпаратпен жабдықтау әдістерін белгілейді.

26. Метеорологиялық орган бақылау жүргізетін ауданның шекарасы іс жүзінде қаншалықты мүмкін болса, ҰАА шекарасымен немесе ҰАА комбинациясымен және диспетчерлік ауданының шекарасымен сәйкес келуі тиіс.

27. Метеорологиялық бақылау үздіксіз жүргізіледі, ал қозғалысы тығыздығы аз аудандарда бақылау күтілетін ұшуларды орындау уақытымен шектелуі мүмкін.

28. Метеорологиялық бақылау органдарының функцияларын уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органдары жүзеге асырады.

3. Метеорологиялық органдардың функциялары


29. АБДЖ уәкілетті метеорологиялық органдарды және басқа тұтынушыларды цифрлы нысанда метеорологиялық жағдайлардың ауқымды авиациялық болжамдарымен қамтамасыз етеді. Бұл енгізілетін технологиялар қамтамасыз ететін басымдықтарды пайдаланумен рентабель нысанында бәрін қамтитын, өзара байланысты, дүниежүзілік және біркелкі жүйесімен жеткізіледі.

30. АБДЖ аймақтық болжамдардың шеңберінде:

1) барлық талап етілетін деңгейлері үшін тұрақты тордың торабында мыналардың ауқымды болжамдарын дайындайды:

түйдек-жауынды бұлттар;

мұздану;

турбуленттілік;

биіктіктегі жел;

биіктіктегі температура және ылғалдылық;

ұшу эшелонының геоәлеуетті абсолюттік биіктігі;

тропопаузаның биіктігін ұшу эшелонының бірлігі және тропопаузаның температурасы;

ең қатты желдің бағыты, жылдамдығы және ұшу эшелоны бірлігінде оның биіктігі;

2) цифрлы нысанда SIGWX ауа райының ерекше құбылыстарының ауқымды болжамдарын (бұдан әрі – SIGWX болжамдары) дайындайды;

3) метеорологиялық уәкілетті органдарға және басқа пайдаланушыларға цифрлы нысанда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген болжамдарын таратады;

4) SIGWX болжамдарына (ауа-райының ерекше құбылыстары (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы SIGWX (бұдан әрі – SIGWX) енгізу мақсатында өзінің тиісті өңірлік мамандандырылған метеорологиялық орталығынан (ӨММО) ДМҰ атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты қалдықтары туралы ақпаратты қабылдайды;

5) SIGWX болжамдарына жанартаудың атылуы туралы ақпаратты енгізуді үйлестіру мақсатында жанартаудың қызметі туралы ақпаратпен алмасу үшін VAAC қатынасты белгілейді және қолдайды.

31. Уәкілетті метеорологиялық орган азаматтық авиация мүддесінде метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, пайдаланушылармен, ӘҚҰ органдарымен және азаматтық авиацияның басқа қызметтерімен метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесі бойынша консультация жүргізеді.

32. Уәкілетті метеорологиялық орган авиациялық пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін метеорологиялық қызмет көрсетуге қатысты тиісті талаптарға сай әуеайлақ метеорологиялық органдарын құрады.

33. Синоптикалық бөлігі бар АМО және АМСА мынадай қызметтерді атқарады:

1) әуеайлақта метеорологиялық жағдайларға үнемі бақылау жүргізеді;

2) әуеайлақ, ұшулардың бағдарлары және аудандары, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамын жасайды;

3) әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуларды орындаумен байланысты басқа авиациялық тұтынушыларға консультация жүргізуді және ұшу құжаттамасын ұсынуды қамтамасыз етеді;

4) басқа әуеайлақ метеорологиялық органдарымен метеорологиялық ақпарат алмасады;

5) ЖӘЖ әуеайлақтарында және қону алаңдарында метеорологиялық бақылауларды өндіруге қатыстырылған авиациялық қызметкерлерді оқытады және оларға нұсқама жүргізеді;

6) азаматтық авиация үшін метеорологиялық ақпаратты ұсынуға тартылған жедел желілік бөлімшелердің ақпараттық жұмысын бақылайды;

7) қызмет көрсететін ұшу ауданының климат жағдайларын зерттейді, әуеайлақ паспорттары үшін климат сипаттамаларын және «Метеорологиялық қамтамасыз ету» бөлімін жасауды қамтамасыз етеді;

8) экипаждарға жанартаудың қызметі немесе егер бар болса жанартау күлінің бұлттары туралы ақпарат ұсынады;

9) ӘҚҰ тиісті органдарының жауапкершілік ауданы арқылы өтетін әуе жолдары бойынша ескертулерді шығарады;

10) SIGMET ақпаратын шығарады;

11) ӘҚҰ тиісті органдарының жауапкершілік ауданында ұшулардың орындалуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайларды бақылайды.

34. Синоптикалық бөлігі жоқ АМСА мынадай қызметтерді атқарады:

1) әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайларға бақылау жүргізеді және авиациялық тұтынушыларға бақылау нәтижелерін таратуды қамтамасыз етеді;

2) авиациялық тұтынушыларды ауа райының мәліметтерімен, басқа метеорологиялық органдардан алған әуеайлақтар және ұшу бағдарлары бойынша болжамдар мен ескертулермен қамтамасыз етеді.

35. Уәкілетті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органына ұшу ақпараты ауданының немесе диспетчерлік ауданның шегінде әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын метеорологиялық қамтамасы ету үшін жауапкершілікті жүктейді, яғни метеорологиялық бақылаудың функцияларын тапсырады.

36. Жедел топтардың функциялары уәкілетті метеорологиялық орган және авиациялық пайдаланушылар арасында келісім бойынша белгіленеді.


4. Метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және оны пайдалану


37. Уәкілетті метеорологиялық орган әуеайлақ метеорологиялық органдарына (АМО, АМСА) АБДО және (немесе) АБДО шеңберінде таратылатын Аймақтық болжамдардың өңірлік орталықтарының (одан әрі – АБӨО) өнімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

38. Аумақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі метеорологиялық органдарды және басқа тұтынушыларды тұрақты тордың торабында цифрлы нысанда бағдардағы метео жағдайлардың ауқымды авиациялық болжамдармен қамтамасыз етеді.

39. АБДО метеорологиялық жағдайлардың ауқымды болжамдары барлық талап етілетін деңгейлер үшін ұсынады:

1) биіктіктегі жел;

2) биіктіктегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы;

3) ұшу эшелонының абсолюттік биіктігі;

4) тропопаузаның абсолюттік биіктігі және тропопауза температурасы;

5) ең қатты желдің бағыты мен жылдамдығы және оның ұшу эшелонының бірлігіндегі биіктігі;

6) цифрлы нысанда ауа райы құбылыстарының ерекше болжамдары(SIGWX).

40. Метеорологиялық органдар жоқ әуеайлақтарда метеорологиялық қамтамасыз ету мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1) метеорологиялық бақылауларды арнайы дайындықтан өткен және осы тәрізді бақылауларға рұқсаттары бар әуеайлақтың авиациялық қызметкерлері жасайды;

2) болжамдарды, ескертулерді және басқа қажетті ақпарат уәкілетті метеорологиялық орган және осы әуе айлақтың метеорологиялық ақпараттық пайдаланушылары арасындағы келісім бойынша тағайындалған жақын орналасқан метеорологиялық орган ұсынады. Метеорологиялық ақпаратты тарату үшін қолдағы бар байланыс құралдары пайдаланылады.

41. Жұмыс мерзімі әуеайлақ метеорологиялық органдарының жұмыс мерзімімен сәйкес келмейтін ұшу ақпаратының аудандары үшін уәкілетті метеорологиялық орган қажет болған жағдайда метеорологиялық ақпаратты ұсыну үшін бақылаудың бір немесе бірнеше метеорологиялық органдарды тағайындайды және осы ақпаратпен ӘҚҰ органдарын жабдықтау әдістерін белгілейді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «2» шілдедегі
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon33 баспасөз релизі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен реттеледі
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студентеріне арналған
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница