Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету




НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету
страница1/10
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.44 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/1768_pravila_13.03.13kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




№ исх: 1768 от: 04.01.2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасының

азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету

қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация (бұдан әрі –ИКАО) туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиациясының метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары және ұсынатын практикасы негізінде әзірленді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

1) абсолюттік биіктік (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы ALT (бұдан әрі – АLT) теңіздің орта деңгейінен бастап (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы MSL (бұдан әрі – MSL) нүкте деңгейіне немесе нүкте орнына алынған объектіге дейінгі қашықтық;

2) авиациялық жұмыстар – басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты азаматтық әуе кемелерін пайдалану арқылы пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;

3) авиациялық метеорологиялық станция – бақылау жүргізуге және жинақтауға халықаралық аэронавигацияда пайдаланылуға тиіс метеорологиялық мәліметтерге арналған станция;

4) авиациялық пайдаланушы – метеорологиялық ақпаратты авиациялық мақсатта пайдаланатын пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі органдары, әуежайлардың әкімшіліктері және басқа ұйымдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

5) автоматты тәуелді бақылау (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы ADS (бұдан әрі – ADS) – борттық навигациялық жүйелерден және орналасу жерін, соның ішінде әуе кемесінің анықтау индексін, төрт өлшемде оның орналасу жерін, қажет болғанда қосымша мәліметтерді анықтау жүйелерінен алынған ақпаратты мәліметтерді беру желісі бойынша әуе кемелері автоматты түрде ұсынатын бақылау әдісі;

6) авиациялық белгіленген электр байланысының торабы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы AFTN (бұдан әрі – AFTN) – авиациялық белгіленген қызметтің бөлігі болып табылатын және байланыс немесе баламалы сипаттамадағы авиациялық белгіленген станциялардың арасында мәліметтермен және (немесе) цифрлы деректермен алмасуды көздейтін авиациялық белгіленген тізбектердің дүниежүзілік жүйесі;

7) авиациялық белгіленген қызмет (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы AFS (бұдан әрі – AFS) – аэронавигацияның қауіпсіздігі, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін бағытталған белгіленген пункттердің арасындағы электр байланысының қызметі;

8) адам факторы аспектілері – жобалау, сертификаттау, кадрларды даярлау процестеріне, авиациядағы техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметіне қолданылатын және адам мүмкіншілігін тиісті есепке алу арқылы адам мен жүйенің басқа да компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;

9) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі (бұдан әрі – АБДЖ) – аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарының маршруттар бойынша авиациялық метеорологиялық болжамдарды біркелкі стандартталған нысанда ұсынуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік жүйе;

10) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығы (бұдан әрі – АБДО) – мемлекеттерге тікелей авиациялық белгіленген қызметтердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауа райының ерекше құбылыстарының болжамын, әлемдік ауқымда цифрлы нысанда биіктік болжамдарын дайындау және таратуға арналған метеорологиялық орталық;

11) аспаптар бойынша ұшу қағидалары (бұдан әрі – АҰҚ) – әуе қозғалысын басқару органдары тарапынан міндетті бақылау мен әуе кемелері арасында белгіленген эшелондау интервалдарын олардың қамтамасыз етуі кезінде пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша ұшудың орындалуын көздейтін қағидалар;

12) аэроторап – жақын орналасқан әуеайлақтар, оларда ұшуды ұйымдастыру мен орындау, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету арнайы келісуді және үйлестіруді талап етеді;

13) аэронавигациялық ақпараттың жинағы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы AIP (бұдан әрі – AIP) – мемлекет рұқсат еткен немесе шығарған аэронавигация үшін маңызды ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын жарияланым;

14) әуеайлақ жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);

15) әуеайлақ ауданы – көлденең және тiк жазықтықтың шекараларында белгiленген жергiлiктi жерге iргелес орналасқан және әуеайлақтың үстiнде анықталған әуе кеңістiгi;

16) әуеайлақтың биік жері – ұшу-қону жолағының ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік биіктігі (қону алаңының ең жоғарғы нүктесі);

17) әуеайлақтың климатологиялық кестесі – әуеайлақта бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелері туралы статистикалық деректерді қамтитын кесте;

18) әуеайлақтық климатологиялық мәлімет – статистикалық деректерге негізделген әуеайлақта белгіленген метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелерінің қысқаша мазмұны;

19) әуеайлақ метеорологиялық органы – әуеайлақта орналасқан, әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған қызмет;

20) әуеайлақ минимумы – осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесінің ұшуына және қонуына рұқсат берілетін ұшу-қону жолағындағы көрінудің, көріну қашықтығының, бұлттардың төменгі шегі биіктігінің (немесе шешім қабылдау биіктігі) (бұдан әрі – ШҚБ) ең аз рұқсат етілетін мәндері;

21) әуе трассасы – әуе кемелерiнiң ұшуына арналған және аэронавигациялық қондырғылармен жабдықталған дәлiз түрiндегi әуе кеңiстiгi;

22) әуе кемесі – жер бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын кез келген аппарат;

23) әуе кемесінің бортынан бақылау – ұшып жүрген әуе кемесінің бортында жасалған бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бағалау;

24) әуе кемесінің минимумы – осы үлгідегі әуе кемесімен қауіпсіз ұшып көтерілуге және қонуға мүмкіндік беретін ұшу-қону жолағындағы көрінудің және бұлттардың төменгі шегі биіктігінің тігінен көрінудің немесе шешім қабылдау биіктігінің ең аз рұқсат етілген мәні;

25) әуе кемесі командирінің минимумы – пилотқа осы үлгідегі әуе кемесінде визуалды ұшудың қағидаларының бағдары бойынша ұшып көтерілу, қонуға немесе ұшуға рұқсат етілетін көрінудің, ұшу-қону жолағындағы көрінудің, бұлттардың төменгі шегі биіктігінің және шешім қабылдау биіктігінің ең аз рұқсат етілген мәні;

26) әуе кемесінің командирі – әуе кемесін пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында оның иесі командир міндеттерін орындауға және ұшудың қауіпсіз орындалуына жауапты ретінде тағайындаған пилот;

27) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – тиісті жағдайларда әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органын, ұшу ақпараты орталығын немесе әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды жинақтау пунктін білдіретін ортақ термин;

28) басым көріну – «көріну» терминінің анықтамасына сәйкес бақыланатын, көкжиек желісі жартысының шегінде не әуеайлақ беті жартысының шегінде қол жеткізілетін көрінудің ең көп мәні. Шолу кеңістігі сабақтас немесе сабақтас емес секторларды қамтуы мүмкін;

29) болжам (ауа райының) – белгілі бір аймақта немесе әуе кеңістігінің бөлігінде белгілі бір сәтте немесе уақыт кезеңінде күтілетін метеорологиялық жағдайларды сипаттау;

30) болжамдық карта – әуе кеңістігінің белгілі бір беті немесе бөлігі үшін белгілі бір сәтте немесе уақыт кезеңінде белгілі бір метеорологиялық элементтің (элементтердің) болжам картасындағы графикалық сурет;

31) борттан (әуе кемесінің) хабарлау – орналасқан жері, ұшуды орындау барысы және (немесе) метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді хабарлауға қатысты талаптарға сәйкес жасалған, ұшып жүрген әуе кемесінің бортынан хабарлама;

32) биіктік картасы – белгілі бір биіктік беті немесе атмосфералық қабат үшін метеорологиялық карта;

33) бірлесіп орналастырылатын әуеайлақ – мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға жататын әуе кемелері орналастырылатын азаматтық және әскери әуеайлақтар;

34) брифинг (ағылш. Вriefing, brief-қысқаша) – әуе кемелерінің ұшу экипаждарына ұшу алдында ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету;

35) деректердің сапасы – ұсынылған деректердің пайдаланушының талаптарына нақтылық, рұқсат және толықтылығы жағынан жауап беру мүмкіндігінің деңгейі немесе дәрежесі;

36) диспетчер ауданы – жер үстінде белгіленген шекарадан жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;

37) жабдықталмаған ұшу-қону жолағы – қонуға визуалды бет алған әуе кемелеріне арналған ұшу–қону жолағы;

38) жазық жер – 25 километр радиусте салыстырмалы түрде 200 м дейiн бедерлi қырқасы бар жер;

39) жақындау диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ЖДП) – бір немесе бірнеше әуеайлаққа келетін немесе олардан ұшатын әуе кемелерінің бақыланатын ұшуына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған орган;

40) жанартау күлі бойынша консультациялық орталық (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы VAAC (бұдан әрі – VAAC) – метеорологиялық бақылау органдарына, аудандық диспетчерлік орталықтарға, ұшу ақпараты орталықтарына, аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарына және ОРМЕТ халықаралық банктеріне жанартаудың атылуынан кейін жанартау күлінің атмосферадағы тік және көлденен қуаттылығы және ауысуына қатысты консультациялық ақпаратты ұсыну үшін өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған метеорологиялық орталық;

41) жергілікті әуе желісі (бұдан әрі – ЖӘЖ) – жергілікті әуе қатынастарын жүзеге асыру кезінде барлық ведомстволардың әуе кемелерінің ұшуларын орындауға арналған биіктігі және ені бойынша шектелген әуе кеңістігіндегі дәліз;

42) инцидент – пайдалану қауіпсіздігіне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін әуе кемесін пайдалануға байланысты авиациялық оқиғадан басқа, кез келген оқиға;

43) консультация – ұшуды орындауға байланысты нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайларды метеорологпен немесе басқа маманмен талқылау (талқылау сұрақтарға жауапты қамтиды);

44) көріну – авиациялық мақсаттар үшін көріну мынадай өлшемдердің ең үлкенін білдіреді:

жерге жақын орналасқан, ақшылт тонда бақылаған кезде қисынды өлшемдегі қара объектіні анықтауға және тануға болатын ең ұзақ қашықтық;

жарықтандырылмаған фонда шамамен жарық күші 1000 кандел (кд) оттарды анықтауға және тануға болатын ең ұзақ қашықтық;

45) күрделі метеорологиялық жағдайлар – метеорологиялық көріну 2000 метр және одан кем және (немесе) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі 200 метр және олардың жалпы саны екі октанттан астам болған кезде одан да төмен жағдайлар;

46) крейсер эшелоны – ұшудың елеулі бөлігі бойы ұсталатын эшелон;

47) қону аймағы – қонатын ұшақтардың ұшу-қону жолағына алғашқы жанасуына арналған ұшу-қону жолағының шегінен тыс учаске;

48) қосалқы әуеайлақ – егер қонуға белгіленген әуеайлаққа ұшып бару немесе оған қону мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда әуе кемесі ұшып баруы мүмкін әуеайлақ;

49) мәліметті беру пункті – әуе кемесінің орналасу жерін хабарлай алатын белгіленген географиялық бағдар;

50) метеорологиялық ақпарат – нақты немесе күтілетін метеорологиялық жағдайларға қатысты метеорологиялық мәлімет, талдау және кез келген басқа хабарлама;

51) метеорологиялық бақылау – бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бағалау;

52) метеорологиялық бюллетень – тиісті атауымен метеорологиялық ақпаратты қамтитын мәтін;

53) метеорологиялық мәлімет – белгілі бір жерге және уақытқа байланысты метеорологиялық жағдайларды бақылау нәтижелері туралы мәлімет;

54) метеорологиялық уәкілетті орган – халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ететін немесе уағдаласушы мемлекеттің атынан осындай қамтамасыз етуді ұйымдастыратын уәкілетті орган;

55) октант – аспан күмбезінің сегізінші бөлігі;

56) орография – рельефтің (жоталардың, үстірттердің, қазаншұңқырлардың және т.т.) әртүрлі элементтерінің сипаттамасы және олардың пайда болуына қарамастан ішкі әсерлері бойынша жіктелуі;

57) пайдаланушы – әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

58) ATIS радиодан хабар тарату бағдарламасы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы ATIS (бұдан әрі – ATIS) – әуеайлақ ауданында әуе кемелерінің экипаждарын қажетті метеорологиялық және ұшу ақпаратымен жедел қамтамасыз ету үшін арналған тұрақты радиодан хабар тарату бағдарламасы;

59) репрезентативтілік – үлкен ауданда атмосфераның жалпы жағдайы үшін белгіленген метеорологиялық деректердің сипаттамасы, көрсеткіштілігі;

60) репрезентативтік бақылаулар – жергілікті ықпалдардан барынша бос және үлкен ауданда атмосфераның жағдайын сипаттайтын бақылаулар, жалпы синоптикалық жағдай үшін көрсеткішті бақылаулар;

61) салыстырмалы биіктік – көрсетілген бастапқы деңгейден нүкте орнына алынған нүктенің немесе объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;

62) сектордағы ұшудың ең аз абсолюттік биіктігі - орталығында радионавигациялық құрал орналасқан радиусы 50 километр шеңбер секторында орналасқан барлық объектілер үстінен биіктіктің 300 метр (1000 фут) ең аз қорын қамтамасыз ететін және пайдаланылатын ең аз абсолюттік биіктік;

63) стандарттық изобарлық беткі қабат – графикалық елестеу және атмосфералық жағдайларды талдау үшін дүниежүзілік көлемде пайдаланылатын изобарлық беткі қабат;

64) таудағы әуеайлақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі – ӘБН) 25 километр радиустағы ойлы-қырлы рельефі 500 метр және одан астам салыстырмалы биік жерде орналасқан әуеайлақ, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 метр және одан астам биіктікте орналасқан әуеайлақ;

65) таулы жер – 25 километр радиуста қиысқан рельефпен 500 метр және одан астам салыстырмалы қыратты мекен, сондай-ақ теңіз деңгейінен 2000 м және одан астам биік жер;

66) қыратты жер – 25 километр радиусте жер бедері 200-ден 500 метрге дейін биік жер.

67) тігінен көру – жер бетінен жер бетіндегі объектілер төмен тік көрінетін деңгейге дейінгі ең үлкен қашықтық;

68) тропикалық циклондар бойынша консультациялық орталық (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы ТСАС (бұдан әрі – ТСАС) – метеорологиялық бақылау органдарына, Дүниежүзілік аймақтық болжамдар орталықтары мен ОРМЕТ халықаралық банктеріне орналасқан жері, болжанатын бағыттарына және орын ауыстыру жылдамдығына, орталықтағы қысымға және тропикалық циклонның барынша жерге таяу желге қатысты консультациялық ақпарат беру үшін өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған метеорологиялық орталық;

69) турбуленттілік – әуе бөлшектері күрделі траекториялар бойынша тұрақталмаған ретсіз ауысқан ауа қозғалысы. Атмосферада турбулентті қозғалыс әдетте жалпы (орташа) ауа ағынында әртүрлі жылдамдықпен ауысатын әралуан өлшемдердегі құйындардың болуымен сипатталады. Ауа қозғалысының құйынды сипаты турбулентті аймақта жел жылдамдығының белгі ауысатын, соның ішінде әуе кемесінің ұшуына елеулі әсер ететін желдің тік құрамдас бөліктерінің соғулары болуымен байланысты;

70) уақытша әуеайлақ – белгіленген тәртіпте есепке алынуға және тіркелуге тиіс тұрақты құрылыстары және жабдықтары жоқ және жылдың белгілі бір кезеңінде әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз етуге арналған әуеайлақ;

71) ұшу-қону жолағында көріну қашықтығы (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы RVR (бұдан әрі – RVR) – ұшу-қону жолағының осьтік желісінде орналасқан әуе кемесінің пилоты ұшу-қону жолағының бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағын шектейтін немесе оның осьтік-желісін белгілейтін жарықтарды көре алатын қашықтық;

72) ұшу-қону жолағының шегі – қону үшін пайдаланылуы мүмкін ұшу-қону жолағы учаскесінің басы;

73) ұшу-қону жолағы шегінің биіктігі – теңіз деңгейінен ұшу-қону жолағының шегі жабынының биіктігі;

74) ұшу ақпаратының ауданы (бұдан әрі – ҰАА) – шегінде ұшу ақпараттық қызмет көрсету және апаттық хабарландыру қамтамасыз етілетін белгіленген көлемдегі әуе кеңістігі;

75) ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот, экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшу бөлігі туралы белгілі бір мәліметтерден тұратын, белгіленген нысандағы құжат;

76) ұшудың қауіпсіз биіктігі – әуе кемесіне жер (су) қабатымен немесе олардағы кедергілермен қақтығысудан кепілдік беретін ұшудың рұқсат етілген ең аз биіктігі;

77) ұшу-қону жолағы (бұдан әрі – ҰҚЖ) – әуе кемелерінің қонуы және ұшуы үшін дайындалған құрлықтық әуеайлақтың белгіленген тік бұрышты учаскесі;

78) ұшу құжаттамасы – ұшуға арналған метеорологиялық ақпаратты қамтитын қолмен жазылған немесе басылған құжаттар, оның ішінде карталар немесе нысандар;

79) ұшу үшін маңызды бұлт – төменгі шеті 1500 метр (5 000 фут) биіктіктегі бұлт немесе кез келген биіктікте будақ жаңбырлы бұлттар немесе бекініс түріндегі бұлттар үлкенірек болғанына қарай сектордағы ең аз биіктіктен төмен бұлт;

80) ұшу эшелоны – қысымның 1013,2 гектопаскаль (гПа) белгіленген шамасына жатқызылған және қысымның белгіленген аралығы шамасындағы басқа да мұндай биіктіктен кейін қалатын тұрақты атмосфералық қысым беті;

81) цифрлы нысандағы тұрақты тор түйініндегі деректер – автоматтандырылған жүйелерде пайдалану үшін жарамды код нысанында бір метеорологиялық электрондық есептеуіш машинасынан басқасына тапсыру үшін арналған картада тең орналасқан нүктелер тобына арналған электрондық есептеуіш машинасында өңделген метеорологиялық деректер;

82) шайқалым – турбулентті атмосферада ұшу кезінде әуе кемесінің ретсіз орын ауыстыруы.

Бірқалыпты шайқалым – әуе кемесі жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің бірқалыпты өзгеруі, бірақ бұрынғыдай сенімді басқару қамтамасыз етіледі. Акселерометрдің көрсеткіші әуе кемесінің ауырлық орталығында 0,5-1.0g құрайды.

Күшті шайқалым – әуе кемесі жағдайының және (немесе) абсолютті биіктігінің күрт өзгеруі. Қысқа кезең ішінде әуе кемесі басқаруға келмейді. Әуе жылдамдығының едәуір өзгеруі тән болып табылады. Акселерометр көрсеткіштерінің өзгеруі әуе кемесінің ауырлық орталығында 1.0g құрайды.

Ұшу және қонуда, +0,3..0,4g кезде шайқалым бірқалыпты, +0.4 g-тен астам болғанда – шайқалым күшті;

83) шамамен алынған болжам – негізгі метеорологиялық ақпарат болмаған кезде аэросиноптикалық материалдар бойынша жасалған болжам;

84) шолу ұшуларының қағидалары (бұдан әрі – ШҰҚ) – пилоттың әуе жағдайын шолу бақылауы арқылы ауада әуе кемелерінің немесе басқа материалдық объектілердің арасында белгіленген қашықтық сақталатын қағидалар;

85) AIRMET ақпараты (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы AIRMET (бұдан әрі – AIRMET) – метеорологиялық бақылау органы шығаратын кіші биіктікте ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын және ұшу ақпаратының тиісті ауданында немесе оның қосымша ауданында кіші биіктікте ұшулар үшін жасалған болжамға енгізілмеген ұшу бағдары бойынша ауа райының күтілетін немесе нақты белгілі бір құбылыстарының пайда болуы туралы ақпарат;

86) GAMET аймақтық болжамы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы GAMET (бұдан әрі – GAMET) – ұшу ақпаратының ауданына немесе оның қосымша ауданына қатысты кіші биіктікте ұшулар үшін тиісті метеорологиялық уәкілетті органдардың арасындағы келісім бойынша тиісті уәкілетті метеорологиялық органмен көршілес аудандардың метеорологиялық органдарына берілетін ұшу ақпараты қысқартулармен ашық түрде жасалған болжам;

87) SIGMET ақпараты (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы SIGMET (бұдан әрі – SIGMET)- метеорологиялық бақылау органы шығаратын әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын ұшу бағдары бойынша ауа райының белгіленген нақты немесе күтілетін құбылыстары туралы ақпарат;

88) QFE әуеайлағындағы қысым (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы QFE (бұдан әрі – QFE) – ұшу-қону жолағы шегінің деңгейінде сынап бағанасының (с.б.мм.) миллиметрінде немесе гектопаскальдағы (гПа) атмосфералық қысым;

89) QNH қысымы (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы QNH (бұдан әрі – QNH) – стандарт атмосфера үшін теңіздің орта деңгейіне келтірілген атмосфералық қысым;

90) VOLMET радиодан хабар тарату бағдарламасы (ағылшын тілінде қысқартылған аббревиатурасы VOLMET (бұдан әрі – VOLMET) – метеорологиялық ақпаратты ұшып жүрген әуе кемелерге беруге арналған тұрақты радиодан хабар тарату бағдарламасы.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «2» шілдедегі
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары
Ақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon33 баспасөз релизі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын...
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету icon1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен реттеледі
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студентеріне арналған
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница