Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




Скачать 408.47 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
страница3/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер408.47 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.iktu.kz/files/panderkatalogy/magistratura/6M060400.doc
1   2   3   4

Конденсацияланған орта физикасы (ЖБТ2)




SPSZ2301

Симметрия принципі мен сақталу заңы

2кредит /3 ECTS

Пререквизиттер: AYaFTS2304 Атом ядросы физикасының таңдаулы сұрақтары

1+1+0


Мақсаты: Физикалық теорияны бақылаулар, практикалық тәжірибе және эксперименттің қорытындылануы ретінде көрсету.

Міндеті:

Атомның электрондық қабықтарының құрылысы, қасиеттері және бұларда өтетін процестер себепші болатын іргелі кванттық-механикалық заңдылықтар жайында түсініктер беру. Пәнді оқып – үйрену нәтижесінде студенттердің түсініктері болуы тиіс:

  • атомдық – молекулалық деңгейде кванттық құбылыстар жайында;

  • кванттық физиканың эксперименттік негіздері жайында және атомдар мен молекулалардың электрондық қабықтары себепші болатын физикалық құбылыстар жайында;

Білімі: атомдық физиканың негізгі заңдары мен бұлардың математикалық өрнектерін;

- негізгі физикалық құбылыстарды, бұларды бақылау және эксперименттік зерттеу әдістерін.

Білігі: негізгі ұғымдарды тұжырымдау, физикалық есептерді шығару және физикалық шамалардың реттерін бағалау.

Құзыреттері: физикалық модельдер мен жорамалдардың қолданылу шекаралары жайында түсінік болуы тиіс.





SKKTP2302

Сәуле кванты мен кванттық теорияның пайда болуы

2кредит /3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ.

1+1+0


Мақсаты: Сәуле кванты мен кванттық теорияның пайда болуы курсын оқытудағы негізгі мақсат болашақ физика маманы өз бойына негізгі физикалық құбылыстар, заңдар және процестер туралы анық түсініктердің қалыптасуы; физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы байланыстарды математикалық тұрғыдан өрнектей алу.

Міндеті: Сәуле кванты мен кванттық теорияның пайда болуы курсын оқып үйренетін студенттер үшін жоғары математиканың әр саласынан, сонымен қатар жалпы физиканың механика, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика бөлімдері бойынша ұғымы терең болуды қажет етеді.

Қысқаша мазмұны: Электромагниттік сәулеленудің кванттық қасиеттері. Жылулық сәулеленудің мәселелері. Фотоэффект. Рентгендік сәулелену. Боте тәжірибесі. Фотондар. Комптон эффекті. Бөлшектердің толқындық қасиеттері. Де – Бройль гипотезасы. Де – Бройль гипотезасының эксперименттік дәлелдеріДэвиссон және Джермер тәжірибелері Гейзенбергтің анықталмағандық принципі . Спектрдің түрлері. Жұтылу және шығару спектрлерінің сипаттамасы. Сутегі және сутегі тәріздес атомдардың спектрлік сериялары. Бор постулаттары және сутегі атомының құрылысы. Бор – Зоммерфельд кванттау ережелері. Кванттық теориядағы бөлшектің күйі. Шредингер теңдеуі.Тік бұрышты шұңқыр, гармоникалық осцилятор және потенциалдық тосқауыл потенциалдары. Кванттық механиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Сутегі атомының кванттық теориясы. Сілтілі металдардың спектрлері мен деңгейлері. Көп электронды атом. Паули принципі. Менделеевтің элементтер периодтық жүйесі.

Білімі: Сәуле кванты мен кванттық теорияның пайда болуы белгілі физикалық заңдылықтардың мағынасын айқын түсініп, дұрыс баяндау,

Білігі: Сәуле кванты мен кванттық теорияның пайда болуы пәнін оқып үйренетін студенттер үшін жоғары математиканың әр саласынан, сонымен қатар жалпы физиканың механика, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика бөлімдері бойынша ұғымы терең болуды қажет етеді.

Құзіреттері: білімін физикалық құралдарды еркін пайдалану; типтік есептерді талдау және шешу;үздіксіз және әдістемелік тұрғыдан саналы жетілдіріп отыру. Қабылдаған білімді байқау және өлшеу нәтижелерін сараптау барысында қолдану;





GKE1303

Галлактиканың құрылымы мен эвалюциясы

2кредит /3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0


Мақсаты: Галактикалар түрлері, олардың құрылуы және физикалық сипаттамаларына, галактикалардың кеңістіктік таралуы мен эволюциясына, галактиканың айналуы мен массасына, галактикалардың кеңістіктік үлестірілуі және эволюциясына сондай-ақ Хаббл заңы, біртекті изотропты Ғалам моделдері, Ғалам эволюциясы, Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясына шолу мен ізденістер;

Міндеті: Жас және ескі жұлдыздардың құрамына анализ жасай отырып галактика эволюциясының кезеңдерін анықтау; Ескі жұлдыздар галактика эволюциясының бастапқы кезеңінің құрамын көрсетеді. Жұлдыздардың металдық қасиеттерінің арақатынасы галактикадағы эволюциялық өзгерістер, ғаламның химиялық эволюциясы жайлы да мәлімет береді.

Қысқаша мазмұны: Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар. Галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген.

Білімі:

-Галактикалардың әсер ету аймақтары, жұлдызаралық заттың шоғыраланауы, Энергия бөлетін жұлдыздар және энергия бөлмейтін планеталар, кометалар, метеориттер мен космостық шаң; Жұлдыздардың түзілу процестерінің әртүрлілі; Жұлдыздардың түзілу процестерінің интенсивтілігі;

Білігі:

- Жас жұлдыздар мен ескі жұлдыздарды салыстыру, жұлдыздардың өзара түсі, жарығы, массасы мен спектрлік сипаттамасы; Ғаламдағы аса ірі жұлдыздар - қызыл алыптар мен аса ірі алыптар; Ғалам эволюциясының моделі; Галактикалардың жұлдыздық құрамы;

Құзіреттері:

– Космоста заттың лабораторияда жүзеге асырыла алмайтын күйлері мен масштабтарын зерттеуі, сонымен қатар әлемнің физикалық көрінісін және материя туралы түсінікті кеңейтуді қамтамасыз ету.





TIS2305

Тұтқыр және идеал сұйық 3кредит /5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0


Мақсаты: сұйықтың, оның ішінде тұтқыр және идеал сұйықтың моделін ұғындырып, демонстарциялап, әдіс тәсілдерін көрсету.

Міндеті:

-молекулалық жүйенің термодинамикалық шамаларын стохастикалық есептеумен қолданудың математикалық статистикасы мен ықтималдықтар теориясын таныстыру;

-стохастикалық және динамикалық негізгі алгоритмдермен таныстыру;

-қарапайым сұйықтағы моделдеу жүйесі жұмыстарымен таныстыру.


Білімі:
- алған білімін нақты физикалық мәселені шешу үшін қолдана алуы қажет;
Білігі: өндірістік іс-әрекетте туындайтын процесстердегі тапсырмаларды шеше алу қабілеті, сандық тәсілдермен жұмыс жасай алу қабілеті,
жалпы және теориялық физика курсының басқада салаларын оқу үшін қажетті базаны меңгеру.

Құзіреттері:

- сұйықтар туралы алған біліміні қолданбалы бағдарламаларда модельдеп, жобасын жасай алуға қабілетті болуы тиіс. Және математикалық моделін өрнектей алуы тиіс. ақпараттық-есептеу жүйелерінде имитациялық модельдерді қолдана алу қажет; тұтқыр және идеал сұйықтар туралы алған білімдерін, негізгі түсініктерін практикада қолдана алу және компьютерде моделдей алу қабілетін игеруі тиіс.




KMTS1307

Классикалық механиканың таңдаулы сұрақтары

3кредит /5 ECTS

Пререквизиттер:

AYaFTS2304 Атом ядросы физикасының таңдаулы сұрақтары

2+1+0


Мақсаты: Магистранттарға классикалық механиканың принциптері мен таңдаулы сұрақтары толық мәлімет беру. Ньютон заңдарын түрлі санақ жүйесінде қарастырғандағы жалпылама параметрлердің мән мағанасын айқындау. Динамиканың негізгі есептерін жетік меңгеріп проблемаға байланысты қолдана білу..

Міндеті: Классикалық механиканың таңдаулы сұрақтары курсы бойынша алған білімдерін теориялық физиканың басқа курстарын оқуды жалғастырғанда пайдалана білуді қажет етеді.

Қысқаша мазмұны: Классикалық механика пәні жалпы физика курсының логикалық жалғасы болып келеді. Классикалық механиканың таңдаулы сұрақтары пәнінде классикалық механиканың принциптері мен негіздері. Ньютонның қозғалыс теңдеулері. Варияциялық принцип. Лагранж. Гамильтон, Гамильтон- Якоби теңдеулері. Пуассон жақшалары. Кеңістіктің және уақыттың симметриялық қасиеттері. Сақталу заңдары. Динамиканың негізгі есептері. Центрлі-симметриялық өрістегі бөлшек. Бөлшектердің шашырауы. Тербелістер. Қатты дененің динамикасы. Инерциалдық емес санақ жүйесіндегі бөлшектердің қозғалысы.

Білімі:

–Классикалық механика заңдарын жетік меңгеру, оның таңдаулы тарауларын сараптай білу,

–физика алабында ғылыми-зерттеудегі нақты есептерді қоюға дайындығы мен мүмкіндігі және оларды классикалық механиканың тәсілдерін пайдаланып шеше білетіндігі.

Білігі:

–Классикалық механика заңдарын пайдаланып алдына қойылған проблемаларды шеше білу. Механикадағы денелер жүйесіне байланысты есептерді шеше білу.

Құзыреттері:

–Механикалық, астраномиялық, ракетатехникалық траектория, екі, үш денелер есебіне байланысты есептерді, соларға байланысты проблемаларды шеше білу.


ПӘНАРАЛЫҚ МОДУЛЬ

КTТ 1102



Кәсіби түрік тілі

1 кредит / 2 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

0+1+0

Мақсаты:

Түрік тілін үйретудің мақсаты, білімгерлердің түрік тілін жетік меңгеру арқылы түрікше мәтіндерді дұрыс оқып, мазмұнын түсіну, оқығандарын түсіндіре алатын дәрежеде болуын, сондай ақ, студенттердің өз пікірлерін түрік тілінде айта алу ларын қамтамасыз ету.

Қысқаша мазмұны:

Түрік тілі туралы мәлімет беріледі. Студентке тілді үйрету практикалық жолмен іске асырылады. Түрік тілінде аузекі сөйлеу дәрежесін арттыру. Грамматикалық минимумдарды еркін игеру негізге алынады. Оқу-түсіну (диалог, түсіндіру әдістері), тыңдау- түсіну (тыңдаушы ауызша айтылған, оқылған мәтінді немесе аудио, видео сияқты техникалық әдіспен берілген дәрісті түсіну қабілетін арттыру), жазбаша жұмыстар (диктан, шығарма, жаттығулар арқылы дұрыс жазуға үйрету)


Білімі:

Түрік тілі туралы жалпы мәлімет беріледі. Түрік тілінің күнделікті сөйлеу мәнерін мен грамматикалық тақырыптарды үйрету. Лексикалық тақырыпта актуальдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар қарастырылады.

Білігі:

Мектеп қабырғасынан өз ана тілінің грамматикалық категорияларын үйреніп келген студент түрік тілін салыстырмалы түрде қарастырып, егжей- тегжейлі үйренеді. Түрік тілін үйренушілер түрікше жазылған мәтіндер, оқиғалар мен түрлі әдеби шығармаларды түсінумен қатар, еркін сөйлеуге машықтандарылады.

Құзіреттері:

Өз ана тілінің грамматикалық категорияларын үйреніп келген студент түрік тілін салыстырмалы түрде қарастырып, егжей- тегжейлі үйренеді.

ZMN1102

Зияткерлік меншік негіздері

1 кредит / 2 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

0+1+0

Мақсаты:

Физика мамандығының магистранттарына қоғамның қазіргі саяси өмірінің түрлі өзекті мәселелері бойынша жүйелі жинақталған физикалық білімдер беру.

Мазмұны: зияткерлі меншік негіздері туралы физик-маман қалыптасуында және қоғамдық өмір жүйесіндегі зияткерлі меншіктің алатын орны мен маңызы. Физика ғылымының практикалық мәселелерін игеру барысындағы сабақтардың негізгі түрлері. Болашақ физиктердің ғылыми, ізденіс-зерттеу жұмысы.

Физика мамандығы бойынша зияткерлік меншік талаптарына сәйкес оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарын басылымға дайындауды үйрену. Зияткерлік меншік талаптары бойынша физика ғылымының ғылыми журналдарына қойылған талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жазып шығаруға әзірлеп үйрену. Зияткерлік меншік талаптары бойынша физика ғылымының белгілі ғылыми журналдарына қойылған талаптарына сәйкес импа-фактор ғылыми мақаланы шығаруға әзірлеп үйрену.

GZJKIK1102

Ғылыми зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік

1 кредит / 2 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

0+1+0

Мақсаты:

Тарих мамандығының магистранттарына қоғамның қазіргі саяси өмірінің түрлі өзекті мәселелері бойынша жүйелі жинақталған тарихи білімдер беру.

Мазмұны: Тарих ғылым ретінде. Тарихшы-маман қалыптасуында және қоғамдық өмір жүйесіндегі тарихтың алатын орны мен маңызы. Тарих ғылымының практикалық мәселелерін игеру барысындағы сабақтардың негізгі түрлері. Болашақ тарихшылардың ғылыми, ізденіс-зерттеу жұмысы.

Инновациялық және ақпараттық технологиялар негізінде өзінің білімін кеңейте алуы, өзінің кәсіби қызметін жобалау және іске асыруды, өзінің кәсіби қызметін қайта құруды істей білуі, зерттеушілік және конструктивті-әдістемелік міндеттерді шеше білуі керек.




3-семестр

Жеке білім траекториясы модулі

Физиканың және энергетика (ЖБТ1)

BFN2306

Беріктілік физикасының негіздері

3 кредит / 5 ECTS

Пререквизиттер: KFTS 1202 Кристалдар физикасының таңдаулы сұрақтары

KFTS 1206 Кристалдар физикасының таңдаулы сұрақтары

2+1+0

Мақсаты: Қатты денелердің беріктілігін анықтайтын құрылым түрлерін, құрылымға әсер ететін қоспа атомдарының, ақаулардың, дән өлшемдерінің, механикалық сынау шарттарының және сыртқы факторалардың әсерін білу және дененің деформация барысында өтетін процестер дененің беріктелінуі және қирауы туралы мәліметтер, оларды түсіндіруге ұсынған механизмдерді білу болып табылады.

Міндеті: Бұл пәнде атомның электрондық құрылымы атомаралық байланыс түрлері, металдардың кристалдық құрылымының классификациялары, металдардағы аллотропиясы; физикалық негізде металлдық күйдің теориялары, Ферми жазықтықтардың топологиясы және оны анықтау тәсілдері, қоспа элементтерінің металдардың электрондық құрылымына әсері.

Қысқаша мазмұны: Қатты ерітінділердің құрылымы және олардың қасиеттері, қатты ерітінділердің негізгі түрлері, олардың пайда болуына әсер ететін факторлар; термодинамикалық потенциал негізінде екі компонентті жүйелердің күй диаграммаларының түрлері, ликвидус, солидус және қатты күйдегі фазалық тепе-теңдікті қисықтарын сызу тәсілдері; диффузия заңдары, диффузия теңдеулерін шешу, диффузия механизмі және диффузияның дән шекарасы бойымен және дислокациямен өтуі; бір фазалы және көп фазалы қоспалардың микроқұрылымы; тазалығы өте жоғары металдарды алу тәсілдері және оларды талдау, таза металдардың құрылымына және қасиетіне қоспа атомдардың әсері; дислокациялардың серпінді қасиеті, олардың қозғалысы және бір-бірімен әсерлесуі, жартылай дислокациялар және әр түрлі дислокация арасындағы реакциялар, дислокациялардың басқа ақаулармен әсерлесуі, нүктелі ақаулар, олардың қасиеттері; температура аса әсер етпейтін механикалық қасиеттер, сырғанаудың геометриясын талдау, деформациямен деформациялайтын кернеу арасындағы байланыс, Каттрелл-Стокс заңы, деформациялық беріктелінудің әр түрлі теориялары, ағу шегіне дән шекарасының әсері, төменгі температурада моно- және поликристалдардың қираудағы өтетін процестері және екілену; температураға тәуелді металдардың механикалық қасиеттері, логарифмалық, жоғары температуралық және диффузионды өрмелеу (ползучость). Қатты ерітінділердің, интерметалдық қосындылардың және екі фазалы қоспалардың механикалық қасиеттері; қайту және рекристаллизация, рекристаллизацияның феноменологиялық заңдары, рекристаллизация кинетикасы, рекристаллизация тестурасы, екінші реті рекристаллизация; әр түрлі материалдар қирауының феноменологиялық сипаттамасы, ал шаршау және өрмелеу кезіндегі қирау механизмдері қарастырылады.

Білімі:

- металл және металл қоспаларының физика-механикалық қасиеттерін анықтайтын факторларды және олардың түсіндіретін теориялар мен механизмдерді білу.

Білігі:

1   2   3   4

Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: жоо болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми-...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница