Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




Скачать 408.47 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер408.47 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.iktu.kz/files/panderkatalogy/magistratura/6M060400.doc
  1   2   3   4

Ф-06-001/186


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті

Жаратылыстану факультеті

Физика кафедрасы


Мамандықтың пәндер каталогы

МАМАНДЫҚ (6М060400 – Физика мамандығы)




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ

түрі бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, құзыреттері)



















1

2

3

4




1 КУРС




1 семестр

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

ShT 1102

Шетел тілі

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты:Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру.

Міндеті:

Ағылшын тілінің міндеттері дискурстық қабылдау және құрылуына, өзара әрекетке (диалогтық қарым-қатынас) және баланысты сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріндегі: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу коммуникативті біліктеріне қойылатын талаптарда нақтыланады.

Кысқаша мазмұны: Қоғамда болып жатқан жаңа үдерістер, Қазақстан Республикасының халықаралық аренаға шығуы жоғары оқу орындарының алдына сапалы деңгейдегі түрлі бағыттағы мамандарды дайындауға жаңа міндеттер қояды. “Шетел тілі” білім беру саласындағы әлеуметтік тапсырыстың міндеті-мамандардың шетел тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде игеруін қамтамасыз ету. Шетел тілі студенттердің жеке басының ақыл ой және эмоцияналдық дамуын ынталандыру жолы, бөтен мәдениетті объективті қабылдауға және адамзат құндылықтарына араласуға дайындайды.


Білімі: Коммуникацияның ауызша және жазбаша түрлері бойынша: - мәлімет беруге дайындық және қабілет, ақпарат беру, ақпарат сұрау, сұрақтар қою, сұрастырып білу, кеңес беру, ұсыныс жасау, сендіру, сақтандыру, бағалауыш сөйлесімдердің, тұжырымдардың көмегімен сипаттау, мейірім білдіру және жақтырмау, қызығушылық-немқұрайлылық, үмітті сезімді білдіру.

-Диалог барысында қайталауларды, перифраздарды және тағы басқа құралдарды қолдана отырып, дайын сөздер негізінде қарапайым әңгіме жүргізу, әңгімені жалғастыру үшін қысқа сөз оралымдарымен ой бөлісу.

-Монолог барысында өз отбасын, оқуын, тұратын орнын, курстастарын, күн-тәртібін, ауа-райын, жыл мезгілдерін және т.б. қарапайым фразалармен сипаттау.

-Жазбаша коммуникация барысында туған-туысқандарды, өзінің айналасындағыларды, олардың іс-әрекеттері, үй және т.б. сөйлеу фразалары бойынша сипаттау.

-Тыңдап түсіну барысында оқытушының және өзінің курстастарының сөзін нұсқауларын түсіну, күнделікті тұрмыста қолданылатын күнделікті

қарапайым сөйлесімдерді қабылдау және түсіну.

Білігі: - ағылшын тілінде алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдыларды (тілдік талдауларды) меңгеру

Құзыреттері:

- ағылшын тілінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметі туралы негізгі білімі болу;

- лингвистика салаларындағы талдаудың негізгі әдістерін меңгеру,

- сөз мағынасын терең түсінуді, сөз тіркестері мен сөз қолданыстарын меңгертумен қатар сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлеуді меңгеру.

Ped 1104

Педагогика

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты: Болашақ педагогтардың кәсіби-педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.

Міндеті:

- Студенттердің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастыру;

- Болашақ педагогтардың тұлғалық сапаларын қалыптастыру;

- Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану біліктілігін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Педагогика пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері. Педагогикалық мамандық және оның ерекшеліктері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педагогиканың аксиологиялық негіздері. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциялары.

Тұтас педагогикалық үрдіс. 12-жылдық және шағын жинақты мектептерде тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Педагогикада мақсатты анықтау. Тұлға дамуының және әлеуметтенуінің ішкі және сыртқы факторлары. Отбасы тұлғаның тәрбиеленуі мен әлеуметтенуінің субъектісі ретінде. Тәрбиенің мәні. Дүниеге көзқарас – қалыптасушы тұлғаның негізі. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Тәрбиенің әдістері, құралдары және формалары. Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқыту үрдісі тұтас жүйе ретінде. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары. Оқытудың әдістері мен құралдары. Оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары. Сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде. Оқытудағы диагностика және бақылау. Оқытудың қазіргі педагогикалық

технологиялары.

Білімі:

- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерінен білімдерін қалыптастыру;

- теория мен тәжірибедегі тұтас педагогикалық процесс бойынша білімдер жүйесін;

- тұтас педагогикалық процесті басқару негіздерінен білімдер жүйесін қалыптастыру.

Білігі:

- Тұтас педагогикалық процесті таратудың технологиясы;

- Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері мен заңдылықтарына сәйкес келетін оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;

- Оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге сәйкес іс-әрекет түрлерін, формаларын, әлдістерін таңдай білу.

Құзыреттері:

- оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын;

- психологиялық және психофизиологиялық дамуының жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алады;

- психологиялық және педагогикалық зерттеулерде сапалық және сандық әдістерді қолдануға дайын;

- әртүрлі жастағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық әдістерін пайдалануға дайын болуы.

Кәсіби модулдер блогы

KFTS1202

Кристалдар физикасының таңдаулы сұрақтары

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ.

1+1+0

Мақсаты: Табиғаттағы пайда болу үдерісін, құрылымын және физика-механикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы болып есептеледі. Кристалдарда өтетін құбылыстарды, кристалдардың ортамен әсерлесуін, әртүрлі әсердің арқасында өтетін өзгерістерді сонымен қатар жасанды кристалдарды алу қазіргі ғылымның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Қазіргі кристалдар физикасы үш ғылымға негізделген, ол математика, физика, химия сондықтан геометриялық, химиялық, физикалық болып үшге бөлінеді. Табиғаттағы, жасанды синтетикалық кристалдардың кеңістікте симметриялы бөлшектердің орналасуы, симметриялық өңдеу түрлері, симметрия топтары, симметриялық эквивалентті бағыттар, кристалдардың категорияларға бөлінуі, кристалдардың қарапайым кристалдарды өсіру заңдылықтарымен таныстырып қалыптастыру.

Пәннің міндеті: Кристалдардың формалары, олардың комбинациялары, кеңістік бұрыштары заңы, параметрлер қатынасы, кристалдардың механикалық, жылулық, электр, магниттік, оптикалық қасиеттері;

негізгі қасиеттері, кристалдардың тор түрлері, координациялық сандар, құрылым байланыстар түрлері, кристал бөлшектерінің тығыз орналасу принциптері, құрылым түрлері, құрылымдағы ақаулар түрлері жіне оларды көру тәсілдері, кристалдардың симметрия түрлері және олардың қасиеттері, симметрия топтары, кристалдардың категориялары мен сингониялары, кристал формалары және олардың комбинациялары, кристалдардың физикалық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру.

Білімі:

-Кристалдарды, сонымен қатар барлық қатты денелерді зерттеуде пәннен алған білімін талдау және зерттеуге тиімді әдістерді табуға үйрету және қолдана білу;

Білігі:

-кристалдарды өсіру технологиямен жұмыс атқару саласында біліктілікті меңгерту

- кристалдарды өсіруде қолданылатын құралдардың жұмыс атқару принциптерін игеру;

Құзыреттері:

Кристалдардың физикалық қасиеттерін эксперименталдық зерттеулерді жүзеге асыра білу.


JAO1203

Жартылай және асқын өткізгіштер

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ.

1+1+0

Мақсаты: Металдың классикалық электрондық теориясын дамытқан Друде, Томсон, Лоренц және т.б. зерттеушілер, олар металл торларына толтырылған электронды газдарды идеал газдардың молекулалары секілді болады деп есептеген. Еркін электрондар классикалық механиканың заңдарына бағынады деп есептеген, ал олардың кристалл торларында таралуы Максвелл-Больцманның классикалық статистикасына бағынады деп есептеген.

Міндеті: Асқын өткізгіштікке ие таза металға қоспаны енгізсек, металдың дән шекарасындағы бұзылу немесе пластикалық деформация асқын өткізгіштік күйге өту нақтылығын өзгертеді, бірақ өтудің өзін жоймайды. Бұл құбылыс, асқын күйге өткенде электрондар металл торларымен әсерлесуінің жойылуымен байланысты деп қарастыруға болады. Магнит өрісінің әсерінен асқын өткізгіштік күй жойылуы мүмкін. Бұл құбылыста магнит өрісі өткізгішке сырттай әсер етеді ме, әлде өткізгіштің өзіндегі токтың өріс әсер етуден бе, бәрі бір. Тек өріс кернеулігі Нк критикалық өріс кернеулігінен төмен болмауы керек. Өткізгіштің температурасы төмендеген сайын Нк өседі.

Қысқаша мазмұны: Бұл пәнді оқыту барысында төмендегі тараулар толығымен қарастырылады – Жартылай өткізгіштердің негізгі ерекшеліктері. Заттардың кластарға бөлінуі, металдардың классикалық теориясы. Металдың классикалық электрондық теориясын дамытқан Друде, Томсон, Лоренц және т.б. зерттеушілер, олар металл торларына толтырылған электронды газдарды идеал газдардың молекулалары секілді болады деп есептеген. Еркін электрондар классикалық механиканың заңдарына бағынады деп есептеген, ал олардың кристалл торларында таралуы Максвелл-Больцманның классикалық статистикасына бағынады деп есептеген. Сыртқы электр өрісі жоқ кезде еркін электрондар ретсіз жылулық қозғалыста болып, бір бағытта электр зарядын тасымалдамайды. Электр өрісі бар кезде әрбір электронға күш әсер етеді

Білімі: жартылай және асқын өткізгіштердің негізгі ерекшеліктерін, заттардың кластарға бөлінуін, металдардың классикалық теориясын және жартылай және асқын өткізгіштермен металдардың айырмашылығын білуі керек;

Білігі: әр түрлі типті электрондық құрылғыларының сұлбаларын құрып, жұмыс істеу принциптерін түсіндіре білуі керек; операциялық күшейткіштер негізіндегі аналогтық құрылғылардың, аналогтық – сандық және сандық – аналогтық түрлендіргіштердің сұлбаларын құрып, жұмыс істеу принциптерін түсіндіре білуі керек;

Құзыреттері:жартылай және асқын өткізгіштерде кездесетін физикалық құбылыстар мен олардың жүру ерекшеліктерін түсіндіретін фундаменталды заңдылықтарды және эмпирикалық мәліметтерді қолдана отырып, әр түрлі жартылай және асқын өткізгіштік аспаптарды, қажетті қондырғыларды жасауда қолдана білетін білікті маман болады деп күтеміз.


ZFKK1204

Заттардың фазааралық қасиеттері мен құрылымы

3кредит/5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ.

2+1+0

Мақсаты:

Қысқаша мазмұны: Бұл пәнді қарастырғанда мегатрондық технологияның физика – механикалық қасиеттерін ашып көрсету. Пленкалы материалдардың металлизациясы. Жұқа металданған пленканың қасиеттері мен құрылымдары. Виофизикалық және каталитикалық қасиеттері. Аппреттер – ұзын фазааралық қабаттың құрылымы мен қасиетіне әсері. Фазааралық алмасу мен сорбция. Жаңа полифункционалды материалдар мен құрылымдарды синтездеу. Полиакрилаттарды модифицирлеу. Контактідегі құрылымдық релаксация мен фазааралық әсерлесу ерекшеліктері. Өз ара орналасқан фазалардың өлшемі мен формасы, фазааралық шекаралардың құрылымы мен таралуы. Фаза ішіндегі ақаулары мен қатты денелі материалдардың қасиеттері.

Білімі: заттардың қасиеттері мен құрылымының қалыптасуын басқара отырып, қолданысқа тапсырысты орындай білу.

Білігі: заттардың фаза аралық қасиеттері мен құрылымын өткен пәнде бір уақытта көп фазалы жүйені, фазалардың термодинамикалық тепетеңдік жағдайын біле отырып фаза аралық ығысу, фазалық ауысу фазалық тұрақтылықтың күйін, құрылымы мен күйге қатысты қасиеттерін түсіндіре алу қажет.

Құзыреттері:заттардың фаза аралық құбылыстарын зерттеп олардың керекті физика – механикалық қасиеттеріне сәйкес келетін құрылымды алуды басқара алу керек.



KEK1205

Қатты ерітінді құрылымы

2 кредит/3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ.

1+1+0

Мақсаты: қатты денелер құрылымынығң эволюциялық қалыптасуын пайдаланып қолданысын анықтай білу.

Қысқаша мазмұны: Қатты ерітінділердің құрылымы мен физика-механикалық қасиеттері қарастырылады.

Қортпалар мен олардың компоненттері, фазалары, құрылымдық құраушылары, ерітінділердің бос орындары мен ендірілген бөлшектер, кристал торларының бұрмалануы (мүжілуі-испонсение решетки). Қатты ерітіндінің қалыптасу барысындағы қатты ерітінділердің кристал торларының ретелуі.

Қортпаның бір компанентасының негізінде қатты ертіндінің құрылымы, бұл жерде негізгі метал торының ішіне, яғни еріткішке, ерігіш заттың атомының енуі. Бұл жерде екі принципиалды айырмашылық жағдай қарастырылады.

Ерітіндінің құрылымы, негізгі метал ерітіндісінің торына еріген зат атомы енеді, яғни ол еріткіш атомын ауыстырады – ауыстырылған қатты ерітінді деп аталады немесе ол еріткіш торына еніп – Қатты денеге енген деп аталатын ерітінділердің құрылымын қарастырады.

Білімі: қатты ерітінді құрылымын оқып үйрену.

Білігі: қатты ерітінділердің құрылымы мен физикалық қасиеттерін, құрылымның эволюциясын, керек деңгейде керек құрылымның қасиеттерін зерттеуді оқып үйрену, орындай білу керек.

Құзыреттері:қатты денелердің құрылымын керекті деңгейде тапсырыстың қасиетіне сай ала білуді үйрену. Қатты денелермен жұмыс істей білу.


KFTS1206

Кристалдар физикасының таңдаулы сұрақтары

3 кредит/ 5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ.

2+1+0

Мақсаты: Табиғаттағы пайда болу үдерісін, құрылымын және физика-механикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы болып есептеледі. Кристалдарда өтетін құбылыстарды, кристалдардың ортамен әсерлесуін, әртүрлі әсердің арқасында өтетін өзгерістерді сонымен қатар жасанды кристалдарды алу қазіргі ғылымның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Қазіргі кристалдар физикасы үш ғылымға негізделген, ол математика, физика, химия сондықтан геометриялық, химиялық, физикалық болып үшге бөлінеді. Табиғаттағы, жасанды синтетикалық кристалдардың кеңістікте симметриялы бөлшектердің орналасуы, симметриялық өңдеу түрлері, симметрия топтары, симметриялық эквивалентті бағыттар, кристалдардың категорияларға бөлінуі, кристалдардың қарапайым формалары, олардың комбинациялары, кеңістік бұрыштары заңы, параметрлер қатынасы, кристалдардың механикалық, жылулық, электр, магниттік, оптикалық қасиеттері; кристалдарды өсіру заңдылықтарымен таныстырып қалыптастыру.

Пәннің міндеті: Кристалдардың негізгі қасиеттері, кристалдардың тор түрлері, координациялық сандар, құрылым байланыстар түрлері, кристал бөлшектерінің тығыз орналасу принциптері, құрылым түрлері, құрылымдағы ақаулар түрлері жіне оларды көру тәсілдері, кристалдардың симметрия түрлері және олардың қасиеттері, симметрия топтары, кристалдардың категориялары мен сингониялары, кристал формалары және олардың комбинациялары, кристалдардың физикалық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру.

Білімі:

  • Кристалдарды, сонымен қатар барлық қатты денелерді зерттеуде пәннен алған білімін талдау және зерттеуге тиімді әдістерді табуға үйрету және қолдана білу;

Білігі:

-кристалдарды өсіру технологиямен жұмыс атқару саласында біліктілікті меңгерту

- кристалдарды өсіруде қолданылатын құралдардың жұмыс атқару принциптерін игеру;

Құзыреттері:

Кристалдардың физикалық қасиеттерін эксперименталдық зерттеулерді жүзеге асыра білу.

  1   2   3   4

Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: жоо болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми-...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница