Скачать 167.89 Kb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Химия және химиялық технологиялар кафедрасы ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Аналитикалық химия және физика-химиялық талдау әдістері пәнінен 050709- Металлургия мамандығының студенттеріне арналған. Павлодар
БЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор _____________Пфейфер Н.Э. 200_ж. «___» ____________ Құрастырушы: аға оқытушы_______________________Оралтаева А.С. Химия және химиялық технологиялар кафедрасы Аналитикалық химия және физика-химиялық талдау әдістері пәні бойынша 050709-Металлургия мамандығының студенттеріне арналған. ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Жұмыс бағдарламасы 050709- Металлургия мамандығының элективтік пәндер каталогы және жұмыс оқу жоспары негізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген. 200__ж. "___" ________№ __ хаттама. Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______________200_ж. Хаттама № ___ Кафедра меңгерушісі ___________________ Еркасов Р.Ш. Биология-химия факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды «___» _____________200_ж. Хаттама № _____ ӘК төрайымы__________________ Даржуман Г.К. КЕЛІСІЛДІ БХФ деканы ______________Жапаргазинова К.Х. «____» ____________200_ж. ЖБ және ӘҚе МАҚҰЛДАНДЫ ЖБ және ӘҚебастығы_____________Варакута А.А. «____» ______200_ж. 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Аналитикалық химия пәннің негізгі мақсаты: студенттерге аналитикалық химияның теориялық негіздері, анализ әдістері, талдау әдістері негізделетін химиялық реакциялар, бөлу және анықтау әдістері туралы білім беру, әдістердің мүмкіншіліктері мен кемшіліктері туралы мәлімет беру. Аналитикалық химия пәннің оқытудың негізгі міндеттері: аналитикалық химия пәнінің теориялық негіздермен таныстыру, студенттерді байқалатын құбылыстарға теориялық қорытынды жасауға үйрету. Аналитикалық химияның практикалық маңызын түсіндіру, лабороториялық эксперимент орындау дағдыларын үйрету. Бағдарлама студенттерге аналитикалық химия фундаменталды ғылым, сонымен қатар ол қолданбалы ғылымдар саласына жататындығын түсінуге мүмкіндік беру. Пәнді меңгеру кезінде студент мыналарды білу керек: Химиялық элементтер мен қосылыстарды сапалы тексеру арқылы анықтай отырып, негізгі әдістермен анализдеу. Студент талдау кезінде алынған тәжірибелердің нәтижелері арқылы талданып отырған обьектінің сандық құрамын есептеп шығара білуі қажет. 2 Пререквизиттер׃ Аналитикалық химияны ойдағыдай меңгеру үшін студенттер жоғары математиканың толық курсын , жалпы толық физика курсын (әсіресе атом құрылысы, молекулалық физика, кванттық физика түсініктері), жалпы және бейорганикалық химияны, барлық тарауларын жете білу қажет. 3.3 Зертханалық сабақтардын мазмұны 1 Кіріспе. Химиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Қауіпсіздік ережелері. Химиялық өлшеуіш ыдыстармен жұмыс.Аналитикалық таразылар. Аналитикалық таразылармен дәл салмақ алу. (6 сағат), [2], 9-31 бет. 2 Бірінші және екінші аналитикалық топ катиондарының дербес / жеке/ реакциялары . Бірінші және екінші аналитикалық топ катиондары бар коспаны талдау. (4 сағат),[2], 56- 64 бет. 3 Үшінші және бесінші аналитикалық топ катиондарының дербес / жеке / реакциялары. Үшінші аналитикалық катиондары бар қоспаны /ерітіндіні/ зерттеу.(2 сағат), [2], 56-64 бет. 4 Аниондардың дербес реакциялары. Гравиметриялық /салмақты/ талдау.Салмақты әдістін техникасы. Салмақты форманы алу және оны өлшеу. Өлшендіні алу және еріту. Тұнбаны сүзу және жуу.(4 сағат), [2], 65-70 бет. 5 Титриметриялық /көлемдік/ талдау. Бейтараптану әдістері. (6сағат),[2], 70-92 бет. 6 Иодометрия. Натрий тиосульфат ерітіндісінің стандартизациясы (4 сағат),[2], 128-138 бет. 7 Нейтралдану немесе қышқылды-негіздік титрлеу әдісі.Эквиваленттік нүктені анықтау. Титрлеу қисығы. (4 сағат),[2], 149-159 бет.
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.2 Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны Кіріспе. Аналитикалық химияның пәні, мақсаты және қолданатын әдістері. Сапалық және сандық талдау. Аналитикалық реакцияларды орындау әдістері. Аналитикалық реакцияларды жүргізу жағдайлары. Аналитикалық реакциялардын түрлері. Аналитикалық химияның жалпы теориялық негізі. Ерітінділердегі тепе-теңдік. Ерітінділердегі иондарға ортаның әсері. Қайтымды және қайтымсыз аналитикалық реакциялар. Массалар әрекеттесу заңы және оның қолданылуы. Химиялық тепе-теңдік.Күшті және әлсіз электролиттер. Активтілік. Активтілік коэффициенті және иондық күш. Сулы ерітінділердегі тепе-теңдік. Гомогендік және гетерогендік жүйелер.Судың иондық көбейтіндісі. Электролиттік диссоциациялану константасы және дәрежесі. Буферлі ерітінділердегі тепе-теңдік. Буферлі ерітінділер.Буферлі әрекеттесудің мәні. Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі тепе-теңдік. Гидролиздің теориялық негізі. Гидролиздің константасы мен дәрежесі. Тұнба-қаныққан ерітінді жүйелеріндегі тепе-теңдік. Химиялық талдауға тұндыру әдісін қолдану. Комплекстік қосылыстар ерітінділеріндегі тепе-теңдік. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориялық негізі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы түсінік. Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағыты. Тотығу-тотықсыздандырғыш потенциалдар. Сапалық талдау. Сапалық талдау әдістері.Ортақ және жеке аналитикалық реакциялар. Кұрғақ және дымқыл талдау әдістері. Сапалық талдаудың химиялық және физикалық әдістері. Макро-, жартылаймикро-және микроәдістер.сапалық реакцияларды орындау әдістері. Реакциялардың сезгіштігі және олардың өзіне тән белгілері. Реакциялардың сезгіштігін арттыру әдістері. Қосашөктіру, экстракция әдістері. Бөлшекті және жүйелі талдау. Катиондарды аналитикалық жіктеу. Аналитикалық химиядағы периодтық заңның мәні. Аналитикалық топтар және Д.И.Менделеевтің периодтық системасы. Дербес катиондарды анықтау және катиондар қоспасын талдау. I-ші аналитикалық топ катиондарына сипаттама. Топ реагенттері. I-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары. II-ші аналитикалық топ катиондарына сипаттама. II-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары. I-ші және II-ші аналитикалық топ катиондары қоспасын талдаудың жүйелі әдісі. III-ші аналитикалық топ катиондарына сипаттама. III-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары. III-ші аналитикалық топ катиондары қоспасын талдау. IV-ші аналитикалық топ катиондарына сипаттама. IV-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары. V-ші аналитикалық топ катиондарына сипаттама.V-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары. V-ші және IV-ші аналитикалық топ катиондары қоспаларын тазалаудың жүйелі әдісі. Аниондар. Аниондарды анықтаудың (ашудың) ерекшеліктері. Аниондарды аналитикалық жіктеу. Аниондардың топ реагенттері. Аниондарды талдаудың жіктеу әдістері. Аниондардың дербес реакциялары. Сандық талдау Сандық талдау туралы түсінік. Сандық талдау әдістеріне жалпы сипаттама.Сандық талдау әдістерінінің классификациясы. Аналитикалық таразыда және онымен жұмыс істеу ережесі. Анализ үшін ерітінді дайындау. Өлшеуіш химиялық ыдыстар. Дайындалған титрлі ерітінділер. Стандартты ерітінділер.Анықтаушы заттар/стандарттар/. Жұмысшы ерітінділер /титранттар/. Классикалық /химиялық/ талдау тәсілдері. Гравиметриялық /салмақты/ талдау.Салмақты әдістің техникасы. Салмақты форманы алу және еріту. Тұндыру техникасы. Тұнбаны сүзу және жуу. Титриметриялық /көлемдік/ талдау. Титриметриялық талдаудың негізі, оның мәні. Ерітіндінің концентрациясы және оны өрнектеу әдістері. Жартылаймикрокөлемдік әдіс. Жартылаймикрокөлемдік әдіс туралы түсінік және ерітінділердің көлемін өлшеу техникасының ерекшеліктері. Нейтралдану /бейтараптану/ немесе қышқылды-негіздік титрлеу әдісі. Эквивалентік нүктені аныктау. Қышқылды-негіздік титрлеу әдісінің индикаторлары. Индикаторларды таңдау. Титрлеу қателіктері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының әдістері.ТТР тепе-теңдіконстантасы. Индикаторлары. Перманганатометрия. Иодометрия. Редоксиметрия. Аргентометрия. Комлексонометрия. Комплексондар және олардың қасиеттері. 3.4 СӨЖ МАЗМҰНЫ
Студенттердің өз бетінше оқып-игеруге арналған тақырыптар: 1 Такырып – Аналитикалық химияның дамуы. Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 278-288 бет, 2 Тақырып - Сандык талдау әдісін таңдау. Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 17-36 бет. 3 Тақырып - Талданатын үлгіні талдауға дайындау әдістері . Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 347-361 бет, [4], 281-284 бет. 4 Тақырып - Арнайы бейорганикалық және органикалық реактивтердің көмегімен тұнбаны бөлудің теориялық негізі. Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 289-312 бет. 5 Тақырып - Нейтралдану процесін өрнектеудің графикалық әдісі. Күшті қышкылдар мен негіздердің судағы ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясы мен активтілігін есептеу. Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 104-120 бет. 6 Тақырып - Қышқылдар мен негіздердің судағы ерітінділерін титрлеу процесінде активтілік көрсеткіштің өзгерісі. Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 121-136 бет. 7 Тақырып - Оксидиметрия,оксредметрия, ред- окс –әдістері. Ұсынылатын әдебиеттер : [1], 211-239 бет, 8 Тақырып – Перманганатометрия. Ұсынылатын әдебиеттер : [1], 244-260 бет; [4], 284-290 бет. 9 Тақырып - Иодометрия. Ұсынылатын әдебиеттер : [1], 262-277 бет 10 Такырып – Хелатометрия. Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 329-345 бет, [4], 118-126 бет. 11 Тақырып- Аргентометрия. Ұсынылатын әдебиеттер :[1],318-323 бет, [4], 284-301 бет.
3.5 Оқу жұмыс жоспарынан үзінді 050709 - Металлургия мамандығының оқу жұмыс жоспарынан үзінді Аналитикалық химия және физика-химиялық талдау әдістері пәні бойынша
3.6 Әдебиеттер Негізгі әдебиет 1 Алексеев В.Н. Курс качественного химического полумикроанализа, М.,"Высш. Школа", 1973. 2 Васильев В.П. Аналитическая химия (в 2-х книгах), М., " Дрофа," 2005г. 3 Васильев В.П., Кочергина Л.А.,Орлова Т.Д. Аналитическая химия . Сборник вопросов, упражнений и задач , М., "Дрофа," 2003г. 4 Крешков А.П. Основы аналитической химии , 2-я книга," Химия," 1970г. 5 Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия, А.," Білім" 2003ж. Қосымша әдебиет 6 Логинов Н.Я., Орлова М.Н. Сборник задач и упражнений по качественному анализу, М.," Просвещение", 1976 г. |
![]() | Пәннің мақсаты мен міндеттері: Химия пәннің негізгі мақсаты Мамандықтың жұмыс оқу жоспарының негізінде дайындалған,пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті | ![]() | 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты ... |
![]() | 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері | ![]() | Учебник «Социальная гигиена и организация здравоохранения» Дәрістің мақсаты: студенттерді пәннің негізгі түсініктерімен таныстыру, пәннің әдістемесін анықтау, зерттеу әдістері, пәннің қысқаша... |
![]() | 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу процесінде оның орны | ![]() | 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісінде алатын орны |
![]() | ПӘннің мақсаты және міндеттері, ОҚу процессіндегі орны «Қазақ шежіресі» курсының мақсаты болып табылады. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің тайпалары және этнографикалық топтар: төрелер, қожалар,... | ![]() | 10-11 сыныптарға арналған «Аналитикалық химия» «Аналитикалық химия» курсы сапалық және мөлшерлік анализдің негізгі мәселелерін қамтиды. Алғашқы тақырыптарда аналитикалық химияның... |
![]() | Ф кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02 Мақсаты: Қиял. Сөйлеу мақсаты мен міндеттері, негізгі қағидалары мен категориялары туралы түсіснікті оқып білу. Қиял. Сөйлеудің негізгі... | ![]() | Әдістемелік ұсыну мен нұсқаулықтың титулдік беті Пәннің негізгі мақсаты – тұрақты дамудың теориялық негіздері облысында білімдерін шыңдау және тәжірибелік машық алу |