Скачать 1.53 Mb.
|
Алғы сөз
Предисловие
Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды. Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства. БЕЛГІ ҮШІН ДЛЯ ЗАМЕТОК ___________________________________________________________________ Мазмұны
Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы шекті рұқсат берілген шоғырлануларды есептеу және олар шектен асқанда қосымша тазарту үшін төлемдерді есептеу әдістемесі Методика расчёта допустимых концентраций вредных веществ в производственных сточных водах, сбрасываемых в системы водоотведения населённых пунктов и расчёта оплаты за дополнительную очистку при их превышении __________________________________________________________ Еңгізілген күні- 01.02.2011 ж. Кіріспе Осы елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын есептеу және олар шектен асқанда қосымша тазарту үшін төлемдерді есептеу әдістемелік нұсқау (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 788 қаулысымен бекітілген Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесіне сәйкес әзірленген. Осы Әдістеме елді мекендердің су бұру жүйесінің қалыпты жұмыс iстеуiн және тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген және елді мекендердің су бұру жүйесіне қызмет көрсететін су шаруашылық ұйымдарының (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды ағызатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің (бұдан әрі - Тұтынушылар) арасындағы өзара қатынастарды реттейді. Соңғы 20 жыл ішінде өндірістің әр түрлерінің дамуына байланысты өндірістік сарқынды су құрамының сипаты да өзгерді. Қазақстан Республикасының елді мекендерінде су бұру жүйесі біріктірілген, онда тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулар бір кәріздік тазарту құрылысына келіп ағады. Сарқынды суларды тазарту құрылыстары сарқынды суларды қабылдауға, механикалық және биологиялық тазартуға, залалсыздандыруға, сарқынды суды қайта тазартуға және тазартылған сарқынды суды табиғи объектілерге ағызуға арналған инженерлік құрылыс кешенін білдіреді. Зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы (бұдан әрі - ЗЗЖБШ) асқан сарқынды сулар тазарту құрылыстың жұмысын қиындатады және апатты жағдайлар мен су объектілерінің ластануының алдын алу үшін қосымша жұмыстар мен шығындарды талап етеді. Мұндай суларды қосымша тазарту елді мекендердің сарқынды суының жалпы көлемімен бірге жүзеге асырылады және Қызмет көрсетуші қызметінің негізгі, бірақ реттелмейтін бөлігі болып табылады. Су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы ЗЗЖБШ-ты есептеу және бекіту елді мекеннің тазарту құрылысындағы бар технологиялар есепке алынып, Қызмет көрсетушімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы елді мекендерінің сарқынды суын тазарту құрылыстарында механикалық және биологиялық тазарту, не тек қана механикалық тазарту қолданылады. Тазарту құрылысында тазартудан өткен, табиғи объектілерге ағызылатын сарқынды суларға қоршаған ортаны қорғау органдарының қоятын талаптары бар, оларды бұзған үшін экономикалық санкциялар белгіленеді. Сонымен, сарқынды суды тазарту құрылысына келіп түсетін сарқынды суларға да талаптар қойылады. Қызмет көрсетуші осы Әдістеме негізінде есептеген зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануының талаптарына сай келетін зиянды заттардың шоғырлануы бойынша Тұтынушылардың өндірістік сарқынды сулары қабылдауға жатады. Осы құжаттың негізінде елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы ЗЗЖБШ нормативтері анықталады. Бұл тазарту құрылыстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға, ұтымды су пайдалануға мүмкіндік береді. Өндірістік сарқынды суды қабылдау үшін су бұру жүйесінің жеткілікті қуаты болған жағдайда өндірістік сарқынды суды су бұру жүйесіне қабылдауға жол беріледі. Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағатын өндірістік сарқынды сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысын бұзбауы, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстары элементтерінің материалына қиратушы ықпал етпеуі және температурасы 40 о С-тан аспауы және олардың құрамында: су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарында жарылыс қауіпті және улы газдар мен қоспаларды жинауға қабілетті жанғыш қоспалар, қышқылдар, улы және ерітілген газ тәрізді заттар; су бұру жүйесінің элементтерін ластайтын немесе оларға шөгетін заттар мен бұйымдар; ЗЗЖБШ мәндерінен асатын және сарқынды суларды биологиялық тазартуға кедергі келтіретін зиянды заттар; тиісті пайдалану түріндегі су айдындарының суында шекті жол етілген шоғырлану мәндері белгіленбеген заттар; минералды ластанулар; қауіпті бактериялық ластанулар; 500 мг/л астам өлшенген және балқитын заттар; ерітілмеген майлар, сондай-ақ шайыр мен мазут; оттегін химиялық тұтыну оттегін биохимиялық тұтынудан (бұдан әрі - ОБТ) (толық) 1,5 еседен асатын заттар 6,5-9,0 шегінен астам рН; адамға қауіпті газдарды шығаруы мүмкін (күкіртті сутек, көміртегі тотығы, цианистті сутек қышқылы, күкіртті көміртегі және басқалар) биологиялық «қатты» бетүсті-белсенді заттар мен басқа заттар болмауы тиіс. 1. Елді мекендердің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды судағы шекті жол берілген шоғырлануларды есептеу 1.1. Әр саладағы өндіріске тән сарқынды судағы зиянды заттардың тізбесі 1-қосымшада келтірілген. Биологиялық тазарту процесінде жойылатын заттардың тізбесі 2-қосымшада, ал осы процесте жойылмайтын – 3-қосымшада берілген. 4-қосымшада сарқынды суды биологиялық тазарту үшін заттардың ең шекті жол берілген шоғырлануы, 5-қосымшада тұрмыстық сарқынды суларда жеке зиянды заттардың орташа құрамы, 6-қосымшада өндірістің сарқынды судағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлану шамасына k төмендеу коэффициентінің мәні Сззжбш келтірілген. 1.2. Сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануын және елді мекендердің тазарту құрылыстарында жойылатын есептеу мынадай тәсілмен жүргізіледі: а) тазартылған қалалық сарқынды судағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы Сст облыста қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган су бұру қызметін көрсететін ұйымға берген және ЗЗЖБШ есептеу кезінде қолданыстағы Қоршаған ортада эмиссияға берілген рұқсат бекітілген мөлшерде қабылданады. б) елді мекендердің тазарту құрылыстарына келіп түсетін сарқынды судың қоспаларында зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы анықталады: Сст х 100 Сқсс = ------------- (1) 100 - А мұнда А – елді мекеннің тазарту құрылысында зиянды заттарды жою тиімділігі, %, қолданыстағы тазарту құрылыстар мен шекті жол берілген ағындылардың (ШРА) жұмысын жобалау деректері бойынша қабылданады. Алынған шама СҚСС сарқынды суды биологиялық тазарту ССБТ үшін жол берілген шоғырланудан аспауы тиіс. Егер есептеудің нәтижесінде СҚСС ССБТ –дан артық болса, онда СҚСС = ССБТ деп қабылдап, (2) формула бойынша ССТ қосымша есептеу жүргізу керек. в) СӨСС өндірістік сарқынды сулардағы зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануы анықталады: ССТ (100 – α) Q СЗЗЖБШ = ------------------ --- , мг\дм3 (2) 100 – А q мұнда α – СТҰР тұрмыстық сарқынды судағы зиянды заттардың құрамы, СҚСС елді мекендердің сарқынды суларында оның құрамының %: СТҰР (Q – q) α = ------------------ 100 СҚСС Q α - әр нақты жағдайда тұрмыстық сарқынды судың ғана (болмағанда – 5-қосымшада келтірілген деректер бойынша) және тазарту құрылыстарына келіп түсетін сарқынды суларды талдау негіздерінде есептеледі; деректер мүлдем болмағанда α = 0 қабылданады; Q – елді мекендердің сарқынды суларының шығыны, тәулігіне м3; q – құрамында осы зиянды зат бар өндірістік сарқынды сулардың шығыны, тәулігіне м3. г) 3-інші формула бойынша есептелген СЗЗЖБШ шама осы зиянды затты ағызатын және осы тазарту құрылысының су бұру бассейнінде орналасқан барлық өндірістік кәсіпорындардың өндірістік сарқынды сулары үшін бірыңғай шама болып табылады. д) өлшенген заттар мен БШШ шекті жол берілген шоғырлануын есептеулер елді мекендердің тазарту құрылыстарын жобалау кезінде жүргізіледі. Еріген тұздардың жол берілген шоғырлануын есептеу сарқынды суды биологиялық тазарту процесінде олардың құрамы мүлдем өзгермейді, ал жиынтық шекті жол берілген шоғырлануы (ШРШ) 1000 мг/дм3 (құрғақ қалдық бойынша) деп ала отырып, (2) және (3) формулалар бойынша жүргізіледі. |