ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы




НазваниеТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
страница9/25
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.78 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://tolebi.ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/damu-5-zhyldyk-19.11.2012zh-.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Төлеби ауданының құрылыс индустриясы 2011-2015 жылдарға арналған жобасы
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпы ұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты биылғы жылы ауданда екі көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуда. Бұдан басқа ипотекалық үйлер соғылып, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде.
Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен ғимараттар құрылысының сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын - ала  айқындайды. Бірақ, құрылыс материалдарының жергілікті өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық көлемде қанағаттандырмай отыр, бұл оларды таяу және шет елдерден әкелудің алғышартын құруда.

2012 жылы инерттік материалдарға деген едәуір қажеттілігінде шамамен 95 % жеткізілген;  қабырғалық материалдардың қажеттілігі - 350 мың т.м., жеткізілгені - 216,8 мың т.м., прокатты болат қажеттілігі 13,0 мың тонна, жеткізілгені - 13,0 мың тонна; цемент қажеттілігі - 190 мың тонна, жеткізілгені - 190 мың тонна; еден төсеніштері қажеттілігі - 200 мың т.м., жеткізілгені - 200 мың т.м.; кесілген ағаш қажеттілігі - 21 мың т.м., жеткізілгені - 21 мың т.м. Бұның бәрі шамамен ауданда осы өндірістерді дамытудың елеулі алғышарттарын туғызуда. Облыс кәсіпорындарымен құрылыс материалдарын шығару жөніндегі нақты жобаларды іске асыру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде.

Құрылыс индустриясының  дамуын тежейтін негізгі факторлар

Құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындарының жай- күйін талдау өнеркәсіпті дамыту және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері ел экономикасының жалпы даму мәселелерімен тығыз байланыста екендігін және салалық айрықша ерекшеліктеріне иеленгенін көрсетеді.

Құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың көпшілігі орта немесе шағын және осының салдарынан оларда өндірісті жаңғырту (не ұйымдастыру)  жөніндегі жобаларды қаржыландырумен байланысты елеулі проблемалар бар. Проблемалар өзіндік айналымдық қаражатпен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі бөлігінде де, сондай-ақ, лизингтік операцияларды қамтамасыз етуде де туындауда.

Басты проблемаларға мыналар жатады:

өңірдің негізгі құрылыс материалдардың түрлері бойынша импортқа елеулі тәуелділігі; өндірістерді техникалық жарақтандырудың төменгі деңгейі, кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары мен негізгі құралдарының елеулі моральдық және нақты тозығы;

кәсіпорындардың айналым қаражатының және өндірістерді жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру үшін қорланудың  жоқтығы; құрылыс материалдары  өндірісін қаржыландыру тәуекелінің жоғары дәрежесінен қаржы ресурстарына қол жетімділіктің шектеулілігі;

энергия ресурстары мен шикізат тасымалының жоғары тарифтері; импорт алмастыратын және экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіз болуы; өнім өндіру сапасын басқару халықаралық әдістері мен стандарттарынан қалыс қалуы;

Бұдан басқа, құрылыс материалдары өндірісінің дамуына капиталды тартуға жоғары қаржылық мүмкіндіктерінің арқасында  мердігерлік жұмыстарға тендерлерді ұтып алатын және өз елдерінен құрылыс материалдарды жеткізуге мүдделі шетел құрылыс фирмалардың өктемдігі кедергі келтіруде.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мына міндеттерді шешу қажет:

  • қолда бар кәсіпорындарды қайта жаңғырту мен қайта жарақтандыру, қазіргі заманғы жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған құрылыс материалдарын шығару бойынша жаңа өндірістерді құру;

  • тікелей инвестициялар, займдар, кредиттер тарту мүмкіндігіне, жекеменшік отандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы өндірістерді кредиттеудің аралас нысандарын дамытуға;

  • лизингтік тетіктерді, кредиттік ресурстарды, кәсіпорындардың өз қаражатын пайдалану арқылы құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісіне жаңа технологиялар, жоғары технологиялық машиналар мен тетіктерді енгізуге жәрдемдесу.

Құрылыс индустрия базасын дамыту үшін: негізгі шикізат түрлерінің кен орындары қорларын нақтылау және өңірдегі кен орындарының кадастрына түзетуді жүргізу, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары кәсіпорындарына мониторинг жүргізу бойынша шаралар қабылдау; өнімнің тұтыну рыноктарын ескере отырып өндіріс шығындарын, көліктік шығыстарды төмендетуге, өнімділікті және өндірістік пайдалылығын арттыруға мүмкіндік беретін, шикізат кен орындарының және өндірістік қуат объектілерінің тиімді орналасуын қамтамасыз ету; өндірістің өнімділігі мен пайдалылығын арттыру; құрылыс материалдары өнеркәсібінің материалдық техникалық базасын өсіру мен нығайту саясатын кезеңділікпен іске асыру; жоғары қосылған құны бар бәсекеге қабілетті өнімнің шығарылуын қамтамасыз ететін жоғары нәтижелі технологиялық желілерді (өндірістерді)  енгізуге жәрдемдесу; өндіріс қалдықтарының пайдаланылуын, энергия ресурстарын үнемдеуді және қоршаған ортаға техногендік әсердің төмендетілуін қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу мен игеруге жәрдемдесу қажет.

Бағдарламаны іске асыру:

2012 жылға қарай құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі түрлері бойынша өңірдің қажеттілігінің 25% - дан  75 % - ға дейін көлемде өніммен қамтамасыз етілуін арттыруға;

құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары импортынан ауданның тәуелділігін төмендетуге; прогрессивтік технологияларды енгізу есебінен материалды қажетсінетін, энергияны қажетсінетін және еңбекті қажетсінетін өндірісті қысқартуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге;

саланың өндірістік әлеуетін одан әрі өсіру үшін база құруға; 

1000 астам жұмыс орнын құруға; нақты салықтың түсуін арттыруға;

құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімін таяу шетелдерге экспортқа шығару үшін алғышарт құруға мүмкіндік береді.

  Мынадай жаңа өндірістік қуаттар құрылатын болады:

1. цемент бойынша - жылына 100 мың тонна;

2. металлопрокат өндірісі бойынша - жылына 30,0 мың тонна;

3. полиэтилен құбыры өндірісі бойынша - жылына 15 мың тоннаға дейін;

4. қада өндірісі бойынша - тәулігіне 50 дана;

5. көбік бетон блоктар өндірісі бойынша - жылына 120,0 мың т.м.;

6. құрғақ қоспалар өндірісі - жылына 10,0 мың тонна;

7. гипсокартон тақтайшалар өндірісі - жылына 6,0 млн. ш. м.;

Бұдан басқа, өңірде құрылыс материалдары өнеркәсібінің базалық кәсіпорындарын құру аралас салаларда - энергетикада, отын өнеркәсібінде, металлургияда, сауда мен көлікте мультипликативтік тиімділікке қол жеткізеді.  

Құрылыс қызметкерлерінің жұмысын бақылау және біліктілігін арттыру есебінен құрылыс қызметтердің ұсынылу жиілігі мен сапасын арттыру, жаңа құрылыс нысандарын салу және қалған қызмет көрсетушілерін Жоба – сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге тапсырыс беру; ресурс - әкімшілік - 30%-ға және қаржылық (бюджеттік) - 70%.

- бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде құрылыс қызметтердің сапасын арттыру;

- бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік құрылыстың қолданылуын арттыру.


Тұрғын үй құрылысын салу бойынша 2020 жылға дейін Ленгер қаласынан 21 коп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, оның 9 үйінің жоба сметалық құжаттамалары әзірленді. Ал инжинерлік инфра құрылымдық жүйесі бойынша жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп 2014 жылға 1 тұрғын үйдің құрылысы салу жоспарланып отыр.




Кіші кәсіпкерлік

Аудандағы кіші кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелері.

  • қаржылық мәселелер: ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, кіші бизнес субъектілерінің қаржылық және материалдық ресурстарға қол жеткізуінің шектеулі болуы, салық салудың жоғарғы деңгейі, кіші кәсіпорындар үшін банктік несиенің тіпті қол жеткізерлік болмауы;

  • заңдық, сондай-ақ коммерциялық емес сипаттағы жедел ақпараттардың қажетті санының болмауы, нақты айқындалған нұсқаулықтар мен нормативтік актілердің болмауы;

  • кіші кәсіпкерлік субъектілерін тексеру санының көп болуы;

  • кіші кәсіпкерлікті қолдаудың әлсіз дамыған инфра құрылымы;

  • заңды тұлға түріндегі кіші бизнес кәсіпорындарының санының аз болуы;

  • кәсіпорында қажетті айналым қаражатының болмауы;

  • ақпараттық инфрақұрылымның, оның ішінде мемлекеттік тілде (мамандандырылған вебсайттар және порталдар) болмауы;

  • кәсіпкерлер дайындығының төменгі деңгейі – бизнес-жоспарлау, басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп және бизнесті жүргізуге тікелей байланысты өзге де білімдердің, машықтанудың болмауы.

  • Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштердің өсу қарқындарының өзгеру динамикасы соңғы жылдарда кәсіпкерліктің дамуында кейбір сандық және сапалық көрсеткіштері айқындалғанын көрсетеді. Кәсіпкерлік саласында 6395 нысан қызмет жасауда. Оның ішінде: шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 554, жеке кәсіпкерлер 2437 және шаруа қожалықтары 3402 субъектіні құрап отыр. Бүгінге белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2012 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6395 құрап, 2,3 % өсті (6244). Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 13795 құрайды, 2012 ж. сәйкес кезеңімен (13105) салыстырғанда 5,2% өскен.

  • 2012 жылы бұл салада 20,5 млрд теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. 2013 жылдың 10 айында 20,6 млрд теңгеге өнім өндірілді және қызметтер көрсетілді.

  • Бүгінгі таңда ауданда кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен, «Максимум аймақтық инвестициялық орталығы», «Даму қоры» және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бірлесіп жұмыс жүргізу үшін нақты іс-шара жоспары жасалынып, жұмыстар атқарылуда.

  • Кәсіпкерлердің бизнесін дамыту үшін Леңгер қаласының орталық базар, автобекет, халыққа қызмет көрсету орталықтарын салуға 8 гектар жер телімі бөлініп аукцион арқылы сатылды. Сметалық құны 300 млн теңгелік орталық базар мен автобекетте құрылыс монтаж жұмыстары бітіп қалды.



Несие беру мақсатында 2-ші деңгейдегі банктермен және шағын несие ұйымдары арқылы төменгі пайызбен кәсіпкерлерге несие алуға ықпал жасалуда. Бүгінгі таңда ауданда орналасқан «Альянс банкі», «Халық банкі» және «АТФ банкі» филиалдары 380 жеке азаматтарға 160 млн теңге несие берген. Сонымен қатар, 3 шағын несие ұйымдары (Казмикрофинанс, Алатау және Арнур кредит) арқылы 388 жеке азаматтарға 32,5 млн теңге несие берілген.

Қазіргі таңға «Максимум» АИО» ЖШС және «Ырыс» ЖШС арқылы 437 млн. 621 мың теңгеге ұсынылған 66 жобаның 29 жобасы 141 млн. 454 мың теңгеге қаржыландырылып отыр.

«Максимум» АИО» ЖШС – де іске асып жатқан негізгі жобаларды айтар болсақ:

- «Мария апа» ЖШС мал сою бекетін, мал өнімдерін қайта өңдеу және мал санын көбейту мақсатына 85982,2 мың теңге. Бұдан басқа 34,3 млн теңгеге «Максимум» АИО» ЖШС қарасты өз үлестерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- «М-Нұрай» ЖШС жылы жай салу мақсатына 139,1 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 46137,3 мың теңгесі қаржыландырылды.

- «Тянь-Шань Агро» ЖШС қара мал санын көбейтуге 6000,0 мың теңге алынды,

- «Ақбура» ШҚ жылыжай салуға 4800 мың теңге қаржы алынды.

- жеке кәсіпкер О.Жұманов жылыжай салуға 17700 мың теңгенің құжаттарын өткізіп, қаржы алынып, 0,4 га жерде жылыжай салынды,

- «Жасулас» ЖШС жылы жай салу мақсатына 93,7 млн теңге қаржы сұралған. Құжаттары комиссияда мақұлданып, 16616,3 мың теңгесі қаржыландырылды.

Одан басқа, «Атамекен нан» ЖШС қара мал санын көбейтуге және әлеуметтік дүкендер ашуға 169 265 мың теңге қаржыландырылуда. 2009 жылы 51950,0 мың теңгеге қаржыландырылса, 2010 жылы 70,0 млн. Теңгесі қаржыландырылып, жалпы екі жыл ішінде 121950,0 мың теңгеге қаржыландырылып отыр. Бүгінгі таңда жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.


Міндеттері.

- Кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін артыру;

- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

- Қолайлы кәсіпкерлік климатты қамтамасыз ету.

- Ауыл шаруашылығында еңбек нарығын дамыту, жұмыс күштерінің сапасын және еңбек нарығында шаруалардың бәсеке қабілеттілігін арттыру;

- Ауыл шаруашлығындағы кедейлік масштабын қысқарту және кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының өмір деңгейі мен сапасын арттыру.

- Жерлерді пайдалануды қадағалаудың тиімділігін жер заңнамаларын сақтай отырып қамтамасыз ету.

- Ауыл шаруашылық территорияларын дамыту, оларды тірек қалалар базасында құрылатын аймақтық кластерлерге тарту;

Төлеби ауданының кәсіпкерлік дамуының негізгі мәселелері:

        • ШОБ субъектілерінің арасында өнеркәсіп мекемелердің төмен меншікті салмағы, өңірлерде, көбінесе, қызмет көрсету және сауда салалары дамыған;

        • қаражат сауалдары: қойылған мүліктің ликвидтілігіне (жойылымдылығына) байланысты ШОБ-тің қалыптасу басты сатыларында несиелендірудің төмен деңгейі, несие ресурстарының жетіспеушілігі, несиелер бойынша жоғары ставкалар, несиелер дайындығының ұзақ та қиын процедуралары;

        • шағын және орта кәсіпкерлік дамуына әсер беретін әкімшілік кедергілері: жер учаскесін алуға бастапқы рұқсат беруші құжаттама дайындауының күрделі процедурасы, жұмыс түрлеріне рұқсат құжаттамаларын дайындау; (бизнестің кейбір іс түрлеріне) рұқсат құжаттамаларын дайындау процесіне (барысына) көп уақыт кетеді және берілетін бағдарлама материалдары жетпейді;

        • объекттердің инженерлік коммуникацияларына қосылу рұқсат құжаттамаларының аса жоғары бағасы. Осы саладағы эффективті мемлекеттік реттеу жұмысының жоқтылығы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге көрсетілген төлем көлемі шамасыз төлем болып келеді;

        • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін көп тексеру;

        • шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфраструктурасының әлсіз дамуы;

        • хабарлау инфраструктурасының жоқтылығы (мамандандырылған вебсайттар мен порталдар), сонымен қатар, мемлекеттік тілінде;

        • кәсіпкерлерді дайындау деңгейінің төмендігі – бизнес-жоспарлаудың, басқарудың, маркетингтің, бухгалтерлік есеп дағдыларын білмеу және бизнес жүргізумен байланысты басқа да білімділіктің, ептілік пен дағдылардың жоқтылығы.



Аймақтық даму көрінісі.

Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласы дамытудағы бағдарламалық инновациялық және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Оның миссиясы-ауылшаруашылығы саласының дамуын, тұрақтылығын, дүние жүзілік стандартқа сәйкес бәсекелестікке қабілетті ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, аграрлы сәйкес бәсекелестікке қабілетті ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, аграрлы секторға инновация тарту және оны басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады.


Негізгі мақсаттар

Бағдарламалық жоспарды жүзеге асырудың нәтижесінде 2010-2015 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру, ауданымыздың халқын өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуге қол жеткізу. Республикамызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосу.

-экономика саласының, оның ішінде ауданның барлық өндірген өнімінің 65-70 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы экономикасының одан әрі өсуін қамтамасыз ету-халықтың еңбек әлеуметін іске асыру үшін мемлекеттік жағдай жасап, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы әлеуметті көмек көрсетуді күшейту.

-халықтың барлық топтарының кіріс деңгейлерінен тұтынудың ұлттық стандартына негіздей отырып, тамақтандырудың экономикалық қол жеткізуге теңестіру.

-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және уақтылы сатып алуды бір жүйеге қалыптастыру.

-аудан жағдайына, қолайлы көкөніс, бақша, жүзім және жеміс-жидек дақылдарын түбегейлі өсіруді арттыру мен оны қайта өңдеуді дамыту.

Бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту.

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мен қолдаудың 2010-2015 жылдарға арналған орта мерзімді жоспардың басты мақсаты, кіші және орта бизнесті қолдау мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауданның экономикалық жағдайын көтеру мақсатында тұрғындардың кәсіптік қызметтін жандандыру және жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. 2009 жылы ауданның кәсіпкерлік құрылымына жалпы 806 млн.тенге несие берілген, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден 556 млн.теңге, шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Аймақтық филиалы арқылы 181 млн.тенге, ауыл шаруашылық несие серіктестігінен 69 млн.тенге бөлінді. Осыған орай шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған жаңа өнім түрлерінің саны өндірген тауарлары мен қызметтерінің сапасы олардың деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызатын шараларды дайындап, жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

Похожие:

ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница