ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы




НазваниеТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
страница3/25
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.78 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://tolebi.ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/damu-5-zhyldyk-19.11.2012zh-.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Агро - өнеркәсіп кешені.


Ауылшаруашылығы–тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін ауданның негізгі салаларының бірі. Ауданның астық, майлы дақылдар, көкөніс, бау-жүзімдіктер өсіруге қолайлы климаттық жағдайы бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады. Ауданның жер көлемі 131740 гектарды құрайды, оның айдалмалысы 72487 гектар. 2013 жылдың 1- қаңтарындағы жағдай бойынша ауданның ауылшаруашылық саласы негізгі салалар егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Қазіргі кезде ауданда ауылшаруашылығы тауарларын өндіретін барлық агроқұрылымдар саны 4765 оның ішінде ӨК-36, ЖШС-98, ШҚ-4631. 2012 жылдың 12 айында 16 184 млн. теңгенің өнімін өндірді. Оның 10 440,1 (64,5 пайыз) млн теңгесі мал шаруашылығынан, 5743,4 (35,5 пайыз) млн теңгесі егін шаруашылығы құрады. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Ұсақталған шаруа қожалықтарында өнім көлемі төмендеп, ауыспалы егістікті сақтау жұмыстары сақталмаған. Жалпы егіс көлемі кемімеген, бірақ шаруашылықтың барлық категорияларында егіс алқаптарынан өнім түсімі кемігендігі байқалады. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, ауыспалы егістік жүйелерін жолға қою, минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, ұсақ агроқұрылымдарды ірілендіру, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану (тамшылатып суғару, жылыжайлар, қысқа мерзімде өнім беретін бау көшеттерін егу). Бұл факторларда өзара байланысты және табиғи –климаттық сипатқа ие.


Ауылшауашылығы саласы жөніндегі мемлекеттік ақпаратты жасақтау.

Төлеби ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырау себептері ретінде, жиі екі жағдайды қарастырады: егіс алқаптарының қысқаруы және түсімнің қысқаруы. Бұл екі жағдай да өзара байланысты және екеуі де, техникалық сипатқа ие: Ұсынылған ауыспалы егіс сақталмайды, ағын су жүйелерін (каналдар, арықтар, тоғандар) көп жылдан бері механикалық тазалаудан өтпеуі. Мұнда, бірінші, екінші факторда аудандық әкімшілік және әкімшілік-территориялық құрылымдардың ықпалынан тысқары.

Жоспарлы- технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуін талдау, жер мониторингі мен ауылшаруашылығы кластері бойынша ақпараттық базасын қаматамасыз ету үшін соңғы 15 жылда егін және мал шаруашылықтары бойынша зерттеулер мен оларды жаңарту жеткіліксіз болып отыр.


Жер қатынастары

Төлеби ауданының жер аумағы облыстың барлық жер көлемінің 315,069 мың гектарын алып жатыр немесе 2,68%.

Ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 126,463 мың га, оның ішінде:

  • егістік жер 73,487 мың га, соның ішінде суармалық егістік жері- 10,370 мың гектар;

  • тыңайған жер –

  • шабындық- 7,790 мың га;

  • жайылым- 43,459 га;

  • бақшылық –

  • басқа да жерлер- 3,428 га.

Жер санаттары бойынша:

  • ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 126,463 мың гектар,

  • елді мекендердің жерлері- 38,677 мың гектар;

  • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 2,481 мың га;

  • ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері- 147,064 мың га;

  • орман қорының жерлері –

  • су қорының жерлері- 1125га;

  • босалық жерлер- 0,81 га;

  • барлық жерлер- 320,051 мың га;

  • басқа аудандардан пайдаланатын жерлер- 5,902 га;

  • басқа аудандар пайдаланатын жерлер- 920 га;

Жер саласындағы жүргізілген жұмыстар, реформа басталған 1993 жылмен салыстырғанда аудан жер қорының санаттары мен алқаптарын орналастыруда айтарлықтай өзгерістерге әкелді.

Осы орайда, аудандағы ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру қажеттілігі туындайды.

Оларға 58,822 мың га жер бекітіліп берілген, оның ауылшаруашылық алқаптары 58,822 мың га;

Ауданда барлығы 5276 жер иелері мен пайдаланушылар болса, оларды 5137 жер учаскесіне және жер пайдалануға беретін актілер берілді, яғни 97,3 пайызы.

Аймақтық сызбасын әзірлеудің негізгі мақсаты ауылдық аумақтарда экологиялық- демографиялық зерттеу жұмыстарын елді мекендер бойынша анықтау, жер ресурстарының қажеттілігін анықтау, оларды қорғап, тиімді пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2009 жылға №890 қаулысы қабылданғаннан бері жер учаскелерін жеке меншікке сатуға белгіленген базалық ставкалар ауылшаруашылық жер нарығында қалыптасты.

Жер ресурстарын пайдаланудағы проблемалар.

Бүгінгі таңда нарық заңына сай жер ресурстарын пайдалануда проблемалар кездесіп жатады. Олар жалпы жерлердің барлық санаттарында кездеседі, мысалы:

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде - ауданның барлық ауылдық округтері бойынша жер сапасының төмендеу теңдеу тенденциясы байқалады – ол топырақ құрамында гумустық азайуы, өсімдіктердің құрамындағы қоректі заттар мен қуаттылығының аз болуы азықтық базаның мүмкіншіліктерін төмендетеді. Ауыл шаруашылық алқаптар бүлінуге, ластануға ұшыраған және құнарлығын толықтыруға мүмкіндігі азайған.

Жер сапасын жоғарғы деңгейде ұстаудың бір компоненті танаптардың тазалығы болып есептеледі. Бірақ бүгінгі таңда негізгі ауылшаруашылық дақылдар танаптарының арамшөптермен қатты ластануы байқалады.

Топырақ өңдеу технологияларының бұзылуына байланысты минералды және органикалық тыңайтқыштарды топыраққа сіңіру көлемінің азаюуы салдарынан топырақтың құнарлығы төмендеп, негізгі көрсеткіш гумустың 1990 жылдармен салыстырғанда 30 % кемуі, ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерінің түсімділігінің азайуына әкеліп соқтырады.

Барлық меншік үлгісіндегі жер пайдаланушылар:

  • жер учаскелерін тиімсіз пайдалану, топырақ құнарлығын арттыруға талпындыратын экономикалық тетіктердің жоқтығы, әрі топырақ құнарлығын нақты қадағалап отыру өз деңгейінде болмауы, жер учаскелерін пайдаланушылардың жерді тиімді пайдаланудағы жауапкершілігін төмендетеді;

  • егістік алқаптарды тиімді пайдалану барысында ғылыми негізде дәлелденген агротехникалық талаптар сақталмайды;

  • барлық ауыл шаруашылығы өндірісшілері жоғарғы сапалы тұқым сорттарын аудандастыруды қолға алмайды;

  • минералды және органикалық тыңайтқыштар өте аз мөлшерде топыраққа сіңіріледі, соңғы онжылдықта айдалмалы қабатын ұдайы пайдалану салдарына топырақ қыртысының табиғи тозуы және гумустың төмендеуі байқалды;

  • химиялық препараттарды қолдану өз дәрежесінде емес;

  • ауыл шаруашылығы дақылдары аурулары мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу тиімсіз жүргізіледі;

  • астық өндірісінде ылғал сақтау және басқа да жаңа технология баяу енгізілуде;

  • Жаңа техникалар алып, озат технологияларды енгізу;


Елді мекендер жерлерінде.

Қазіргі кезде ауылдық елді мекендер жоспарлы- картографиялық материалдармен қамтамасыз етілмеген. Осындай жұмыстар Республикамызда өткен ғасырдың 70- ші жылдың басында жүргізілген.

Жер жөнінде мемлекеттік ақпаратты жасақтау.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлау мен басқаруда, жер ресурстарын тиімді пайдаланатын оны қорғау, алынатын өнімнің экологиялық қауіпсіздігін шешу жөніндегі кейбір проблемаларды шешуде мемлекеттік басқару органдарының, жер иелері мен қожайындарының жер жағдайы туралы толық мағұлматтар және онда болып жатқан өзгерістерді білу, одан әрі дамуының болжамы, бір сөзбен айтқанда нарық экономикасының талаптарына сай келетін жер мониторингі қажет, немесе салық салу көздері жөнінде расталған мәлімет ауданда жер туралы ортақ жер мәліметі базасын құру мүмкіншіліктері үшін талаптарға сәйкес жер кадастрын жүргізуді жөнге келтіру керек.

Жер қорында қалыптасып қалған санаттарға бөлу, жер пайдаланушылар мен алқаптарға бөлу практикасын жаңартуды талап етеді.

Топыраққа бонитировка жасауда қазіргі уақытта материалдың жоқтығы жер салығы көлемдерін нақты бағалау мен дифференусциялау мүмкіншілігін бермейді, (топырақта бонитировка жұмыстары соңғы рет толыққанды ірі масштабта 1980 жылдар Гипрозем жүргізген) ал топырақ бонитировкасын жүргізу методикасы бойынша, бұл жұмыс әр 5 жылда қайта жаңартылып отыруы керек.

Жоспарлы- картографиялық құралдармен қамтамасыз етілуін талдау, жер мониторингі мен жер кадастрының ақпараттық базасын қаматамасыз ету үшін соңғы 15 жылда топырақ және геоботаникалық зерттеулер мен оларды жаңарту жеткіліксіз болып отыр.


Құрылыс.

Аудан көлемінде құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс жұмыстарымен айналысатын түрлі деңгейдегі 29 кәсіпорын тіркелген. Олардың негізгі бөлігі құрылыс саласындағы сұранысқа сай күйдірілген қыш және иннерттік материалдар шығарумен айналысады. Атап көрсетсек: күйдірілген қыш шығаратын «Заңғар-2003» ЖШС-гі, «Карим Т» ЖШС-гі, ЖК «Абдуллаев И» және Көксәйек елді мекеніндегі қыш шығару кәсіпорны. Бұл кәсіпорындардың қуаттылығы орта есеппен жылына 4 млн 860 мың дана қыш шығаруға есептелген, 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Инерттік материалдар өңдеумен айналысатын «Қуаныш Нұры» ЖШС-гі, «Тастық сай» ЖШС-гі, «Бурахан» ЖШС т.с.с. Аталған кәсіпорындарда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылып жылына 4500,0 мың теңгенің өнімін өндіреді. Қалған кәсіпорындар материалдық-техникалық базасының төмендігіне байланысты нарық көшіне ілесе алмауда. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын жүргізуге материалдық–техникалық базаларының жеткіліксіздігінен жергілікті құрылыс жұмыстарымен айналысатын фирмалар мемлекеттік тапсырысқа ие бола алмауда. Олар: «Нұрі-Л-Төлеби» ЖШС, «Төлеби Саулет Құрылыс» ЖШС. Сонымен қатар, облыстық салалық басқармаларда өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстарында жергілікті құрылыс фирмаларына басымдық берілмеуде. Бұл өз кезегінде құрылыс фирмаларының жұмыстарын жандандырып, материалдық базаларын көтере алмауда.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға айқындалған «Таза су» бағдарламасына Төлеби ауданы бойынша ұсынылған елді мекенге Аудан бойынша 61 елді мекеннің ішінде 4 елді мекен (Ақжар, Алғабас, Кеңесарық, Киелітас, Бірінші Мамыр) толыққанды ауыз су жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Соңғы жылдары ауданның құрылыс саласын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен мән берілуде.

2005-2013 жылдар аралығында аудан инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсу беталысында болып, ауданға бөлінген Мақсатты трансферттер бағдарламасында көзделген негізгі міндеттер орындалды. Осы жылдар кезеңінде Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында төмендегі объектілер іске қосылды:

2005 жылы жалпы көлемі 1600,16 ш. метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарын жүргізуде мемлекеттің үлесі 100%-ды құрады. Оның ішінде 1000,1 ш. метр несиелік, 600,06 ш. метр коммуналдық тұрғын үйлер (6 пәтер) болды.

2006 жылы жалпы көлемі 283,62 ш. метрді құрайтын коммуналдық тұрғын үйлер (3 пәтер) пайдалануға беріліп, мұнда да құрылыс жұмыстарын жүргізуде мемлекеттің үлесі 100%-ды құрады.

2008 жылы жалпы көлемі 363,0 ш. метрді құрайтын арендалық тұрғын үйлер (6 пәтер) пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуде мемлекеттің үлесі 100%-ды құрап, статистикалық деректерге сәйкес 2005-2008 жылдар аралығында жалпы көлемі 17,2 мың ш. метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, ол 2007 жылмен салыстырғанда 27,5%-ға өскен.

2010 жылы жалпы көлемі 7915,96 ш.метрді құрайтын 5 қабатты 99 пәтерлі екі тұрғын үй болып, қайта құрылып, сол үйлерге инженерлік желілерінің құрылысы жүргізілді.

2011 жылы жалпы көлемі 176,1 ш.метрді құрайтын бір қабатты 3 коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2012 жылы жалпы көлемі 4411,5 ш.метрді 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй болып, қайта құрылып, сол үйге инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы жүргізілді.

Тұрғындардың өз қаражатына салынған жеке тұрғын үй құрылысы да осы жылдар ішінде қарқынды жүргізіліп, 2012 жылдың соңында олардың жалпы көлемі 15421,77 ш. метр болды. Бұл көрсеткіш аудан көлемінде жүргізілген тұрғын үй құрылысының 80%-ын құрайды.

Ауданда құрылыс саласын тұрақты жұмыс істетіп, дамыту үшін құрылыс материалдарын өндіруді, оған қажетті бұйымдар мен конструкциялар жасауды қолға алып, құрылыс индустриясын жоғары технологиялар мен халықаралық сапа стандарттарына көшіру қажет.

Өндірістік және азаматтық бағыттағы ғимараттар мен өзге де нысандар салуда құрылыс сапасына қойылатын заманауи талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа әрі тиімді құрылыс материалдарын пайдалануды мақсат тұтады.

Ел экономикасы дамуының көрсеткіші ретінде ауданымызда әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізуге көп көңіл бөлінуде.

Ауданда негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемі 3847,3 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге артып, 9055 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Елбасымыздың 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасына сәйкес ауданымызда білім беру нысандарының құрылысы жүргізілді. Соның бірі Самал орта мектебінің жоба сметалық құны 1498,0 млн теңгені құрап, мектеп қыркүйек айында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 2010 жылы 5 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2011 жылы 2 мектеп құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2012 жылы 3 мектептің жүргізіліп, 2013 жылдың басында пайдалануға берілді. 2013 жылы 2 мектеп құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2009 жылы 5917,6 млн. теңгені құраған, бұл 2004 жылдың деңгейінен 2 есеге артық. Ауданның 14 ауданы мен Ленгер қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 2004 жылдың деңгейінен асып отыр, бірақ Қазығұрт ауылдарында құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеуі 45% және 25% байқалған. Мұнда, құрылыс жұмыстарының көлемінің үлкен өсімі Қазғұрт (1,1 есе), Тасарық (1,2 есе), Жоғарғы Ақсу (1 есе), Киелітас (1,1 есе), Алатау (0,2 есе) ауыл округтері мен Ленгер қаласында (1 есе) байқалған.Ауданда құрылыс қызметін 101,1 ұйымдар (2004 жылы 19 ұйым)жүзеге асырады, құрылыс саласында 0,7 мың адам қызмет атқарады, орташа айлық жалақы 2004 жылмен салыстырмалы екі есеге дейін артқан, жалпы білім беру мектептерінде 370 оқушы орны, 372,6 мың ш.м. тұрғын үй іске қосылған. Территориялық-әкімшілік шекте құрылыстың негізгі көлемі Ленгер қаласына 4,9 % келеді. Құрылыстың көлемі бойынша екінші орында Аққұм 0,6%. Қалған 14 территориялық-әкімшілік құрылымдарға сомасында, ауданның құрылыс көлемінің небары 1,6% келеді. Бірақ, құрылысқа инвестициялауда Ленгер қаласының рөлі үлкен болмады. Ленгер қаласының үлесіне 2009 жылы барлық құрылыс инвестицияларының 3% келеді. Құрылыста инвестициялау көлемі бойынша екінші орынды Киелітас ауыл округі алады, оның үлесі 2,2%-ды құрайды. Құрылыс инвестицияларында Киелітас ауылының үлесі небары 0,2% құраған. Территориялық-әкімшілік құрылымдардың құрылыс көлемінде және құрылысқа инвестициялауда үлестерінің мұндай сәйкессіздігі, бөлу мен құрылыс көлемдерінің тез өзгерісін куәландырады. Ендеше, Киелітас ауылдық округінің құрылыс көлеміндегі үлесі күрт қысқарып, ал Бірінші Мамыр ауылдық округінің үлесі соншалықты күрт өседі деп күтуге болады. Тұтас Төлеби ауданының және территориялық-әкімшілік шекте құрылыстың дамуының маңызды (жалғыз ғана емес) көрсеткіші, тұрғын үйлерді қолданысқа беру болып табылады. 2004 жылдан 2009 жылдарда тұрғын үйлерді қолданысқа беру 93% артып және 43,5 мың ш.м. құраған. Бірақ, барлық уақыт және территоириялық қатарларды талдау, объективті бейнені көрсетіп, Төлеби ауданының құрылысының дамуын оңтайлы бағалауды төмендетуге мәжбүр етеді.


Шағын және орта бизнес


Бүгінге кіші және орта нарықтық құрылымдардың дамуы аудан экономикасының барлық салалары мен сфераларында жүріп жатыр. Аудан кіші кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайын талдау, оның дамуының шарттары мен факторларының айқынсыздығына қарамастан, ол салыстырмалы жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштердің өсу қарқындарының өзгеру динамикасы соңғы жылдарда кәсіпкерліктің дамуында кейбір сандық және сапалық көрсеткіштері айқындалғанын көрсетеді. Кәсіпкерлік саласында 6395 нысан қызмет жасауда. Оның ішінде: шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 554, жеке кәсіпкерлер 2437 және шаруа қожалықтары 3402 субъектіні құрап отыр. Бүгінге белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2012 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6395 құрап, 2,3 % өсті (6244). Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 13795 құрайды, 2012 ж. сәйкес кезеңімен (13105) салыстырғанда 5,2% өскен.

2012 жылы бұл салада 20,5 млрд теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. 2013 жылдың 10 айында 20,6 млрд теңгеге өнім өндірілді және қызметтер көрсетілді.

Бүгінгі таңда ауданда кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен, «Максимум аймақтық инвестициялық орталығы», «Даму қоры» және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бірлесіп жұмыс жүргізу үшін нақты іс-шара жоспары жасалынып, жұмыстар атқарылуда.

Кәсіпкерлердің бизнесін дамыту үшін Леңгер қаласының орталық базар, автобекет, халыққа қызмет көрсету орталықтарын салуға 8 гектар жер телімі бөлініп аукцион арқылы сатылды. Сметалық құны 300 млн теңгелік орталық базар мен автобекетте құрылыс монтаж жұмыстары бітіп қалды.

Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту

2013 жылдың наурыз айынан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелдік сынақ мерзімін өткізу мүмкіндігімен «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің басшыларын немесе орынбасарларын оқытуға жіберу жұмыстары ұйымдастырылды. Осы жоба бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Айдар Тастанов қазан айында Назарбаев Университетінің оқу курсын үздік бітіріп, сертификат алды. 2014 жылы 3 адамға оқуға өтініш (жолдама) беру жоспарлануда.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Похожие:

ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
ТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница