Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы




Скачать 383.6 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер383.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://iktu.kz/files/panderkatalogy/doktorantura/6D011000.doc
  1   2   3

Ф-06-001/186


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті

Жаратылыстану факультеті

Физика кафедрасы


Мамандықтың пәндер каталогы

МАМАНДЫҚ (6D011000 – Физика мамандығы)




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ

түрі бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, құзыреттері)



















1

2

3

4




1 КУРС




1 семестр

Мемлекеттік міндетті модуль

FOAZGAT1101

Физиканы оқыту әдіснамасы және заманауи ғылыми және ақпараттық технологиялар

3 кредит/10,5 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

2+1+0

Мақсаты: ЖОО болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық және ғылыми- әдіснамалық негіздерін күшейту болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Физиканы оқытудың және жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық зерттеулердегі статистикалық әдістер. Әдіснамалық негіздер және теориялық зерттеу базасы. Физиканы оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формасы. Оқытудың инновациялық әдістері. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру. Лабораториялық жұмыстар, қазіргі заманауи физикалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін оқыту. Физика саласында ақпараттық мәліметтер базасы мен оқу порталдары. XXI ғасырдағы физика саласындағы білім ортасының құрылуы мен дамуы. Физика және ақпараттық технологиялар саласында қажетті педагогикалық құралдарды дайындау үшін базалық дағдыларды практикалық қолдану және меңгеру. Оқушылардың жас ерекшелігін және оқу пәнінің талаптарын қанағаттандыратын физиканы оқытудың ақпараттық технологияларын тиімді қолдану. Оқытудың қазіргі заманға қатысты дамыту. Жеке жұмыс жоспарларын жасау және ғылыми, ғылыми -педагогикалық жобаларды жасау және орындау әрекеттері. Жобалау іс-әрекетін қолдауға қажетті материалдар жасау.

Желіде оқытудың жұмыс ортасын құру. Ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы тәсілдері, өңдеу және тәжірибелік мәліметтерді интерпретациялау.


білімі: жалпы және теориялық физика курсының әдіснамалық мәселелерін; заманауи және ғылыми ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда пайдалану; физикалық тәжірибелер мен демонстрациялардың компьютерлік модельдері және оны оқу процесінде қолдану; физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану; физиканы оқытуда жаңа бағдарламалық құралдарды және интерактивті әдістерді мен технологияларды пайдалану әдістемелерін білу;

білігі: жалпы және теориялық физика курсының тарауларының құрылымдық ерекшеліктерін, физикалық тәжірибелер мен демонстрациялардың компьютерлік модельдері және оны оқу процесінде қолдануды, компьютерлік сауаттылығы, оқу-тәрбие үрдісінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану, физиканы оқытуда жаңа бағдарламалық құралдарды және интерактивті әдістерді мен технологияларды пайдалану.

құзыреттері: болашақ физика мұғалімдерін кәсіптік педагогтық қызметіне дайындау, студенттерді ЖОО оқыту бағдарламасымен, жоспарлармен, стандартқа сай біліммен қамтамасыз ету, заманауи және ғылыми ақпараттық технологиялары, жекелей алғанда дәрісті оқытудың компьютерлік мәселелерін, жалпы физика курсының әдіснамалық мәселелерін қарастырады





FF1201

Физика философиясы

2 кредит/7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

мақсаты: «Физика философиясы» пәні басқа арнайы білім беретін пәндермен қатар мамандарды теориялық және практикалық дайындаудың негізі болып табылады және мамандарды табысты жұмыс істеуі үшін фундаментальді база ролін атқарады.

міндеті: «Физика философиясы» ілімдерінің негізін игерген, физика курсына негізделген немесе ғылымның даму барысында физикадан бөлініп шыққан пәндерді табысты игере алатын докторанттарды дайындау.

қысқаша мазмұны: «Физика философиясы» пәнін игеру процессі кезінде кемелденген ғылыми техникалық ақпараттармен және нанотехнологиямен танысады. Ғылымитехникалық жетістіктерді өзінің практикалық қызметінде қолдануды үйренеді.



Білімі: «Физика философиясы» пәні туралы анық және толық түсінік беру.

Білігі: «Физика философиясы» ілімдерінің негізін игерген, физика курсына негізделген немесе ғылымның даму барысында физикадан бөлініп шыққан пәндерді табысты игере алатын докторанттарды дайындау.

Құзіреттілігі:

– дүниеге көзқарасын қалыптастыру;

– «Физика философиясы» негіздерін, оларды зерттеудің, өлшеудің және диагностикалау әдістерін терең оқытып, докторанттарды дайындау;





EBT1202

Элементар бөлшектер теориясы

2 кредит/7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты: Элементар бөлшектер курсын студенттерге уйрету мақсаты электрондар мен фотондардың электромагниттік өзара әрекеттесуін анықтау, электронның кванттық механикасын тұжырымдау. Дирактың теориясы, шашырау матрицасы және Фейнман диаграммаларын талдау.

Міндеті: Элементар бөлшектер курсын оқып үйренетін студенттер үшін жоғары математиканың әр саласынан, сонымен қатар жалпы физиканың механика, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика бөлімдері бойынша ұғымы терең болуды қажет етеді.

қысқаша мазмұны: Элементар бөлшектердің ашылу тарихы. Электрон, протон және фотон Нейтрино гипотезасы Антипротондар және антибариондар. Қыңыр бөлшектердің ашылуы гиперонның болжамдалуы және ашылуы. Ауыр лептон және -мезоңдар.W- және Z-бозондардың ашылуы. Электронның массасын және зарядын (перенормалау) қайтара нормалау, кванттық электродинамиканың тәжірибеде тексерілуі, Бариондық сан және изотоптық спин, адрондардың резонанстық шашырауы, Адрондардың дифракциялық шашырауы.

Білімі: Электронның массасын және зарядын (перенормалау) қайтара нормалау, Кванттық электродинамиканың тәжірибеде тексерілуі, Бариондық сан және изотоптық спин, Адрондардың резонанстық шашырауын, Адрондардың дифракциялық шашырауын және физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы байланыстарды математикалық тұрғыдан өрнектей алу.

Білігі: Элементар бөлшектер пәнін оқып үйренетін студенттер үшін жоғары математиканың әр саласынан, сонымен қатар жалпы физиканың механика, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика бөлімдері бойынша ұғымы терең болуды қажет етеді.

Құзіреттілігі: білімін физикалық құралдарды еркін пайдалану; типтік есептерді талдау және шешу;үздіксіз және әдістемелік тұрғыдан саналы жетілдіріп отыру. Қабылдаған білімді байқау және өлшеу нәтижелерін сараптау барысында қолдану;




TOMTT1203

Тұтас орта механикасының таңдаулы тараулары

2 кредит/7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Қысқаша мазмұны:

Тұтас орта механикасы – механиканың бөлімі. Бұл бөлімде, газ, сұйық және қатты денелердің қозғалысын қарастырады.Теориялық механикада материалды нүктенің, материалды нүктелер жүйесінің және абсолют қатты денелердің қозғалысы зерттеледі. Тұтас орта механикасында теориялық механиканың әдістерін қолданып, тұтас орта қасиеттерін және қозғалысы зерттеледі.

Мақсаты:Денелердің деформацияларын және кернеулерінің қасиеттерін білу. Динамикалық түсініктер мен тұтас орта механикасының динамикалық теңдеулері, термодинамика теңдеулері мен негізгі түсініктері тарауларын жетік меңгеру. Электродинамиканың теңдеулері мен негізгі түсініктер, тұтас орта механикасының негізгі есептерін талдай білуі тиіс.

Міндеті:

Сұйықтар мен газдардың денелер қозғалысына әсері;Сұйықтар мен газдардың әр түрлі машниалардың ішіндегі қозғалысы;Сұйықтардың басқа денелер арқылы өту құбылысы;Сұйықтар мен денелердің тепе-теңдігі;Толқындық қозғалыстар, қатты денелер ішінде толқынның таралуы.


Білімі: Бұл пәнде материалдық нүктелер қозғалысы қарастырылады. Тұтас орта механикасы үздіксіз кеңістікті толтырады, оның қасиеттерін, динамикасын және статистикасын зерттейді. Тұтас орта ұғымына электромагниттік өріс, гравитациялық өріс, сәулелену кіреді.

Білігі: Бұл пән тұтас орта механикасының теориялық курсы болып табылады. Докторант деформацияланатын денелердің, қозғалысын қарастырған кезде математикалық әдістерді қолдана білуі қажет. Тұтас орта механикасында механикалық есептерді математикалық есептерге айналдыруы қажет, ол үшін әр түрлі математикалық операциялар қолданылады. Қозғалыстың жалпы қасиеттері мен заңдарын қарастырған кезде әсер ететін күштерді, қысымдарды және олардың байланыстарын білу қажет.

Құзыреттері: тұтас орта механикасыдәстүрлі қарастырылатын проблемалардан басқа мынандай құбылыстарды қарастырады: химиялық реакциялардағы газдардың қозғалысы (қопарылыс, детанация және жану), газдар мен сұйықтардың турбулентті қозғалысы, жоғары температуралардағы газдар мен сұйықтардың өте күшті сығылу проблемалары, магнитті гидродинамика проблемалары (плазма).




2-семестр




Mat1204

Материалтану

2 кредит/7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты: Материалдардың қасиетін электрондық, кристалдық құрылым, атомдар арасындағы байланыс күштер табиғаты негізінде түсіндіру болып табылады.

Міндеті: Материалдарда өтетін құбылыстарды, сынау барысында құрылымның өзгеруі, сонымен қатар олар қасиеттерінің өзгеру себептерін түсіндіретін теориялық көзқарастарды білуі және ол көзқарастардың қаншалықты эксперимент нәтижелеріне сәйкес келуін білу және ол мәліметтерді нақты жағдайларда қолдана білу және болжай алу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Әлемде қолданылатын материалдар қасиетің физикалық негізіде қарастыру, материалдарды әртүрлі өңдеген, өзгерген қасиеттерін түсіндіретін ғылыми бөлімнің іргелі салаларының бірі.


Білімі:

-Материалдарды зерттеуде сол материалдың белгілі физика-механикалық қасиеттерін білуді, жұмыс істеу саласында біліктілікті меңгерту;

-Мәліметтерді өңдеуде қолданылған құралдарда өтетін үдерістерін анықтай отырып, алынған нәтижелерді теориялық негізде талдауды игеру;

Білігі:

-философиялық және ғылыми талдау, өзіндік кәсіби біліктілік деңгейін көтеру мақсатында әлемдегі материалдар қасиеттерін меңгеру және оларды таңдап қолдана білу

Құзіреттілігі:

-қазіргі материалдарды қолдану жұмыстарын тәжірибелік түрде жүзеге асыра алу, оларды қодануда өңдеудің әдістерін игеру, өңдеу технологияларының даму перспектитерін негізін білу.




NF1205

Нейтрондар физикасы

2 кредит/7 ECTS

Пререквизиттер: EBT 1202 Элементар бөлшектер теориясы

1+1+0

Мақсаты: Нейтрондарды өндіру көздері мен олардың қатысуымен өтетін реакцияларды оқып үйрену.

Міндеті:

-нейтрондардың барлық негізгі қасиеттерін, оларды өндіру әдістерін және олардың қатысуымен өтетін ядролық реакциялардың механизмін білу.

-Алған білімдері негізінде нейтрондардың қатысуымен өтетін тәжірибелер қол алуға және есептер шығара алуға.

Қысқаша мазмұны: «Нейтрондық физика»курсы ядролық физиканың ең маңызды бөлімдерінің бірі. Ол нейтрондарды өндіру мен пайдалануға, әсіресе, ядролық энергетикада пайдалануға байланысты көптеген мәселелерді қарастырылады.

Білімі:

-Заттардың атомдық және молекулалық құрылымын

-Элементтар бөлшектердің қасиеттерін

-Нейтрондардың жалпы қасиеттерін

Білігі: белгілі физикалық зандылықтардың мағынасын ашу және оның техникада, тұрмыста қолданылатын салаларын жетік меңгеріп қабылдаған білімді байқау және өлшеу нәтижелерін сараптау барысында қолдану;

Құзыреттері: әдістемелік тұрғыдан сапалы жетілдіру әдістерін қарастыру.






KOKP1206

Конденсацияланған орталардағы кинетикалық процестер

2 кредит/7 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Мақсаты: кинетикалық қасиеттегі металдар туралы түсініктің қалыптасуы мен олардың көмегімен жартылайөткізгіштер, диэлектриктердің қосылысын түсіндіру, сонымен қатар, электронды құрылыммен магниттік реттелудің аталған қасиеттермен байланысын меңгерту.

Міндеті: конденсацияланған күйдің кинетикалық процестері туралы физикнаың негізгі бөлімдерінің жүйелік білімін қалыптастыру болып табылады. Және де ол білікті маманның өзіндік ғылыми зерттеу жұмыстарында қажет болады, қатты дененің кинетикалық қасиеттерінің негізгі тәсілдерін зерттеу әдістерімен таныстыру.


Білімі: металдар критериі, Больцманның кинетикалық теңдеуі, Ферми металдарының жазықтығының және электрондв энергетикалық спектрлері туралы толық түсінікті білуі керек.

Білігі: өндірістік орындарда конденсацияланған күйдің кинетикалық процесстерін біле отырып, туындаған жағдайларда ол білімін, білігін қолдана алу.

қатты дененің кинетикалық қасиеттерін меңгере отырып, практикада, теориялық есептерде оларды арнайы қолдана алу керек.

Құзыреттері: Қатты денедегі металдағы скин эффектісі, өлшемдік эффектілер, магнитті игнапеданс тағы сол сияқты теориялық білімді меңгеру




EEMAZhOFFP1207

Энергетика, экология мәселелері, ауа райының жаһандық өзгеруі: фундаменталды физикалық процестер

3 кредит/10,5 ECTS

Пререквизиттер: FF1201 Физика философиясы

2+1+0

Мақсаты: Қазіргі заманауи ғылымның өркендеуі сонымен қатар физика ғылымының өркендеуі, бағыттары және тенденциялары туралы толық түсініктемелер береді. Жалпы физика курсы бойынша алынған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануын үйретеді.

Міндеті: Докторанттар жаһандану ауа – райы өзгеруіндегі энергетикалық және экологиялық мәселелерінің өзгеруін, іргелі физикалық процестерді, іргелі әсерлесулерді, энергияны генерациялау және тасымалдау процестерін үйренуде қолдана білулері тиіс.

Қысқаша мазмұны: Жаһандану ауа – райы өзгеруіндегі энергетикалық және экологиялық проблемалары. Іргелі физикалық процестер. Іргелі әсерлесулер. Энергияны генерациялаудағы және тасымалдаудағы физикалық құбылыстарды қарастырады. Энергия үнемдеудің экономикалық және экологиялық болжамдар және қайта өңделетін энергетикалық ресурстарды қолдану жолдары, атмосферлық құбылыстардың физикасы. Жер бетіндегі және жер астындағы физикалық процестердің заманауи түсінігі, олардың апаттық және тотенше жағдайлары туралы түсініктемелері.

Білімі:

- Жаһандану ауа – райы өзгеруі жағдайындағы экологиялық және энергетикалық проблемаларды талдау және оларды шешу мақсатында тиімді әдістерді табуға үйрету.

Білігі: Пәннен алған білімдерін докторанттар өздерінің әртүрлі деңгейдегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарын орындау барысында қолдана алады және бұл білімдер болашақ маманның барлық бағыттардағы қызметтеріне жарамды.

Құзыреттері: жеке және қоғамдық өмірде табысқа жету мен өзін өзі дамыту қажеттілігін сезіну.

  1   2   3

Похожие:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемді білім алу үшін докторант элементар математиканы, математикалық...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дінтану және теология кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Экономика факультеті Менеджмент және маркетинг кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Статистикалық талдау бөлімін оқып үйрену кезінде докторанттар қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау талдау...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница