Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер




Скачать 428.94 Kb.
НазваниеСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер428.94 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://economy.gov.kz/files/SN_2.03-06-2012.doc
  1   2   3   4





Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ




Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН










ЖЕР АСТЫ ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ


ЗАЩИТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ В ПОДЗЕМНЫХ ГОРНЫХ ВЫРАБОТКАХ






ҚР ҚН 2.03-06-2012
СН РК 2.03-06-2012











Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баcқару комитеті


Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан




Астана 2015


АЛҒЫ СӨЗ


1

ӘЗІРЛЕГЕН:

«ҚазҚСҒЗИ» РМК, "ЗЦ АТСЭ" ЖШС


2

ҰСЫНҒАН:

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті


3

БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баcқару комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап



ПРЕДИСЛОВИЕ


1

РАЗРАБОТАН:

РГП «КазНИИСА», ТОО "ЗЦ АТСЭ"


2

ПРЕДСТАВЛЕН:

Комитетом по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства регионального развития Республики Казахстан


3

УТВЕРЖДЕН И

ВВЕДЕН

В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года № 156-НҚ с 1 июля 2015 года



Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала Құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатыныз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды


Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства Республики Казахстан.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ




1

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ.....................................................................................................

1

2

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР..................................................................................

1

3

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР...................................................................

2

4

МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР................................

3




4.1 Нормативті талаптар мақсаттары..............................................................................

3




4.2 Функционалдық талаптар...........................................................................................

3

5

ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР........................

3




5.1 Қауіптіліктің жалпы талаптары.................................................................................

3




5.2 Көлемдік жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар...................................

4




5.3 Баспананың қорғалған кіреберістерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

5




5.4 Құрылымдық шешімдерге қойылатын талаптар...................................................

5




5.5 Өрт қауіптілігінің талаптар.......................................................................................

6




5.6 Гигиенаны, адам денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптары

7

6

ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

7




6.1 Жалпы ережелер..........................................................................................................

7




6.2 Желдетісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.................................................

8




6.3 Сумен жабдықтауды және ассенизацияны ұйымдастыруға қойылатын талаптар..............................................................................................................................

8




6.4 Электрмен жабдықтау, жарықтандыру, байланыс желілерін жүргізуге қойылатын талаптар.........................................................................................................

9



КІРІСПЕ


Осы мақсаттар үшін бейімделген жер асты тау-кен қазбаларында орналастырылатын азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттары әр түрлі өндірістік нысандар мен ұйымдардың жұмысшыларын, қызметкерлерін, сондай-ақ халықты соғыс уақытында жаппай қырып-жою қаруының әсерінен, бейбіт уақытта табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда қорғауға арналған.

Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласына параметрлік әдісін енгізу үшін жасалған және болашақта жерасты қазбаларында азаматтық қорғаныстың қорғану имараттарын жобалау мәселелері бойынша инструктивті-нормативті құжаттама болып табылады.

Құрылыс нормалары:

- ғимараттар мен имараттардың қауіптілігін техникалық реттеу нормаларынан шығаты нормалау мақсаттарын белгілейді;

- нормалау нысанын сапалы сипаттауды көрсететін қызметтік талаптарды қалыптастырады;

- қауіптілікті өмірді және адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін нысандардың жұмыс сипаттамаларына минималды талаптарды белгілейді.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЖЕР АСТЫ ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ


ЗАЩИТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ В ПОДЗЕМНЫХ ГОРНЫХ ВЫРАБОТКАХ


Енгiзiлген күнi 2015-07-01


1 ҚОЛДАНУ САЛасы


1.1 Осы құрылыс нормалары жер асты тау-кен қазбаларында, метрополитендерде орналастырылатын азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын жобалауға таралады, «Техникалық реттеу туралы» ҚРЗ, қорғану ғимараттарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құқықтық және техникалық актілерге сәйкес әзірленген.

1.2 Жер асты тау-кен қазбаларында орналастырылатын және кеніштердің, шахталардың және басқа да нысандардың жұмысшылары мен қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын, сондай-ақ халықты соғыс уақытында жаппай қырып-жою қаруының әсерінен, бейбіт уақытта табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда қорғауға арналған жаңадан салынып жатқан немесе қайта құрылымдалып жатқан азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын (баспаналар және радиацияға қарсы паналар) жобалау Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы техникалық регламенттер, нормативті-техникалық құжаттардың талаптарын есепке алумен жүргізілуі тиіс.


2 НормативТІК СІЛТЕМЕЛЕР


Осы құрылыс нормаларында келесі сілтемелік нормативтік құжаттарға жасалған сілтемелер берілген:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II ЗРК «Техникалық реттеу туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы №1202 Қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен имараттардың, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 25 желтоқсанындағы № 2207 Қаулысымен бекітілген «Жерасты тәсілі арқылы кен шығатын, кен шықпайтын және сусылдақ кен ошақтарын қазбалау процесстерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар» техникалық регламенті.


Ресми басылым

ЕСКЕРТПЕ: Осы ережелер жиынтығын пайдаланға кезде, сілтеме жасалатын материалдардың Қазақстан Республикасындағы әрекет етуін тексеру қажет, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер тізбесінің қоры бойынша, ағымдағы жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша жыл сайынғы басып шығарылатын Қазақстан Республикасындағы стандарттау және стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар бойынша нормативтік актілердің Нұсқаулығы, ағымдағы жылы басып шығарылған өзге де тиісті ақпараттық нұсқаулықтар бойынша сәйкестігін тексеру қажет. Егер сілтеме жасалып отырған құжат ауыстырылған (өзгерген) болса, онда осы ережелерді пайдаланған кезде жаңадан қабылданған (өзгерген) құжатты қолдану қажет. Егер сілтеме жасалған құжат ауыстырылмастан күші жойылған жағдайда, онда сілтеме беріліп отырған ереже, осы сілтемеден басқа бөліктері бойынша қолданылады.


3 ТерминДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР


Осы құрылыс нормаларында сәйкесті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

3.1 Жерасты тау қазбаларында азаматтық қорғаныс мақсатындағы сақтану құрылыстары (бұдан былай- сақтану құрылыстары): Әскери уақытта кеніштерде, шахталарда ауысыммен жұмыс жасайтын жұмысшылар мен қызметкерлерді жаппай ату қаруларының әсерінен сақтап қалу мақсатында жерасты тау қазбаларында орналастырылған азматтық қорғаныс құрылыстары.

3.2 Жерасты тау қазбалары (бұдан былай- қазбалар): Тау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болған және белгілі бір уақыт мерзімінде өзіндік функционалды мақсатын орындаған қуыс болып табылатын жер қойнауындағы құрылыстар.

3.3 Желдету: Тау қазбаларында адамның денсаулығына және еңбек етуіне қолайлы ауа ортасын қаматамасыз ету мақсатында жасалатын реттеліп отыратын ауа айналымы.

3.4 Камера: Жабдықтарды орналастыруға немесе санитарлық және басқа мақсаттарға да арналғаг салыстырмалы түрде үлкен көлденең мөлшерде ұзындығы аса үлкен болмайтын тау қазбасы.

3.5 Квершлаг: Ығыстырмалы жыныстар арасында кеніш бойына қарама-қайшы орналасқан және тасымалдау, желдету, адамдардың орын ауыстыруларына, суды төгуге, электр сымдары мен байланыс желілерін жүргізуге арналған беткі қабатқа тікелей шығатын жолы жоқ көлденең немесе еңіс (сирек) жерасты тау қазбасы.

3.6 Шахталық еңіс ұңғысы: Еңіс түрде өткізілген жер бетіне тікелей шығатын күрделі жерасты тау қазбасы.

3.7 Ұңғы маңындағы алаң: Шахта ұңғысының (ұңғыларын) шахтаның басқа қазбаларымен және бірқатар шахта орталық өндірістік қызметтермен байланыстыруға қызмет ететін (су ағызу, электр қосалқы станциялары, өртке қарсы инвентарьлар қоймасының электр тасымалдау гаражы және т.б.) қазбалар жиынтығы.

3.8 Тау қазбасының тұрақтылығы: Талап етілген уақыт бөлігі ішінде берілген параметрлермен белгілі бір жағдайларда қазбалардың жұмыс жасау қабілеттіліктері.

3.9 Штольня: Жерасты тау жұмыстарына қызмет көрсетуге арналған, жер бетіне тікелей шығу жолы бар көлденең немесе біршама көтеріңкі деңгейде кен орнына жалғастырылған тау қазбасы.

3.10 Штрек: Еңіс жайылған кен орнымен жүргізілген немесе көлденең жайылып жатқан кезде кез-келген бағытта жүргізілген көлденең жерасты тау қазбасы.


4 МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР


4.1 Нормативті талаптардың мақсаттары.


Аталмыш құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары тікелей қолдану және ҚР аумағында орындалуы үшін міндетті қорғаныс құрылыстарының қауіпсіздігінің жалпы талаптарын айқындау және әртүрлі табиғи және техногендік ықпалдар мен құбылыстар жағдайында жерасты тау-кен қазбаларындағы қорғаныс құрылыстарының қорғалуын қажетті деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.


4.2 Функционалдық талаптар.


Техникалық, технологиялық және экологиялық өлшемдер бойынша жерасты тау-кен қазбаларындағы азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын олардың құрылысы және пайдалануы кезінде келесі функционалдық талаптар қамтамасыз етілетіндей етіп жобалануы тиіс:

- қорғаныс құрылыстарын пайдалану кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- өрттің туындауын және көрші қорғаныс құрылыстарына өрттің таралуының алдын-алу, өртке қарсы құралдармен олардың жабдықталуы, өрт кезінде адамдардың көшірілуін қамтамасыз ету;

- еңбек қызметінің қажетті шарттарын жасау, қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, ортаның жайсыз ықпалдарынан адамдардың өмірлері мен денсаулықтарын қорғау;

- әртүрлі табиғи және техногенді ықпалдар және құбылыстар кезінде қорғаныс құрылыстарының қорғалуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.


5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1 Қауіптіліктің жалпы талаптары


5.1.1 Жер асты тау-кен қазбаларындағы азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын жобалаған кезде аталмыш нормалар талаптарынан өзге, өнеркәсіптің сәйкес салаларының кәсіпорындары үшін арналған өзге нормативтік құжаттардың талаптары ескерілуі тиіс.

Қорғану құрылыстарында жасырынушыларды орналастыруға арналған аудандар, ауыз судың артық қорын сақтауға арналған ыдыстар, азық-түлік қоймалары, санитарлық тораптар, медициналық пунктер (санитарлық посттар) қондырғыларына арналған алаңдарды қарастыру қажет.

5.1.2 Қорғану құрылыстары нысанның бейбіт уақыттағы өндірістік әрекетін бұзбауы тиіс.

5.1.3 Нысанның қазбалар жүйесінде қысқа уақыт ішінде оны паналаушылардың айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бір қорғаныс құрылысын қарастыру қажет.

5.1.4 Паналаушылардың жұмыс орындарынан немесе тұрғылықты жерлерінен қорғаныс құрылыстарының қашықтығы олардың жылдам жасырыну мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

5.1.5 Паналаушыларды жинау радиусы азаматтық қорғаныс дабылы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің, халықтың уақытылы паналауын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

5.1.6 Қорғану ғимараттары ретінде бейімделінетін қазбалар және паналаушыларды жер бетіне көшіру жолдары осы қазбалар үшін белгіленген пайдалану мерзімінің ішінде шахталық және үстіңгі қабат суларының астында қалмауы және зиянды газдармен газдалмауы тиіс.

5.1.7 Қорғану ғимараттары кемінде екі жер бетіне шығаберісі бар кірер қазбалармен байланысуы тиіс.

Жер бетіне шығаберістерін орналастыру есебімен баспаналарды жобалаған кезде, шығаберістердің біреуі апатты шығаберіс ретінде жабдықталады.

Радиацияға қарсы паналарды ырықсыз желдетудің қорғаныс құрылысын қамтамасыз ету шарттарында жер бетіне шығатын бір шығаберісі бар қазбаларда орналастыруға жол беріледі.

5.1.8 Қорғану құрылыстары ретінде бейімделетін қазбалардың үстіңгі бетінен паналаушыларды төменге түсіру үшін сәйкес негіздеме болған жағдайда олардың тереңдігінде (түсіру ұзындығы) кезінде оқпанның жабдықталған баспалдақ бөлімшесі (шурфтер) қолданылады.

Үстіңгі бетке жерасты ауысымының жұмыскерлерін және қызметкерлерін және жұмысшыларын қорғауға арналған жинақтағышы бар паналау жерін жобалау мақсат бағыттылығы осы жұмыскерлер мен қызметкерлерді қорғау үшін қазбалар мен үстіңгі беттерде паналардың құрылысын қарастыратын нұсқамен осы нұсқаның техникалық-экономикалық салыстыру нәтижесінде айқындалады.

5.1.9 Қорғану құрылыс тәртібіне және бейімделген қазбаларды аудару мерзімдері және қорғану құрылыстарындағы паналаушылардың келуінің есептік ұзақтығы талаптарға [1] сәйкес қабылданады.

5.1.10 Қайта құрылыстанатын және қалпына келтірілетін нысандарға қорғану имараттарының құрылыстарының сметалық құны жергілікті смета бойынша айқындалады.


5.2 Көлемдік-жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар


5.2.1 Қорғану құрылыстарында паналаушыларды жайғастыруға, ауыз су қорын сақтауға арналған сыйымдылықтарды орналастыруға арналған алаңдар, азық-түлік қоймасы, санитарлық тораптар жабдығы, медициналық бекеттер (санитарлық посттар) көзделуі тиіс. Қажеттілік жағдайында нысанды басқару бекетін, желдету жабдығын және электрмен жабдықтаудың қорғалған автономды көзін орналастыруға арналған алаңдар көзделуі тиіс.

5.2.2 Күшті әсер көрсететін улы заттардың (КӘКУЗ) қауіпті ықпалына ұшырайтын, өрт кезінде көміртегі тотығы мен көмірқышқыл газымен газдалатын нысандардағы баспаналарда бейімделінетін қазбалардың ішкі көлемі бір паналаушыға 5 м-ден есептелінуі тиіс. Ауа беретін оқпандар мен ұңғымалар ауданындағы көміртегі тотығы мен көмірқышқыл газының күтілетін және рұқсат етілген концентрациясы [1] талаптарына сәйкес анықталады.

5.2.3 Балаларды, емізуші және жүкті әйелдердің және қарттардың отыруы мен жатуына арналған орындар [1] талаптарына сәйкес айқындалады.

5.2.4 Паналаушылардың жаяу жүруіне арналған қазбалар мыналармен жабдықталуы тиіс: сүйеніштер, сатылары мен сүйеніштері бар басқыштар, сүйеніштері бар баспалдақтар, баспалдақ бөлімдері, олардың еңіс бұрышы ескерілуі тиіс.

5.2.5 Азық-түлік қоймасының ауданы [1] талаптарына сәйкес қабылданады.

5.2.6 Жинаушы және оқпан (шурф) ядролық қарудың зақымдаушы факторларының әсерінен баспананың қорғау дәрежесіне сәйкес қорғалуы тиіс.

5.2.7 Зарарлы киімді сақтауға арналған орындар қорғану ғимараттарының кіреберісінің алдында көзделуі тиіс.


5.3 Баспананың қорғалған кірістерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар


5.3.1 Баспана кіреберістерінің саны, олардың орналастыруы және құрылымдық шешімдері жобаларда пайдаланылатын қазбалардың сұлбасын, паналаушылардың санын және орналастырылуын, кіретін екпінді толқын өлшемдерін және қазбалардағы ауаның табиғи тартылу әрекетінің сипатын есепке ала отырып анықталады. Баспаналар созылыңқы қазбаларда орналастырылатын жағдайда пайдаланылатын қазбаның қарама-қарсы жақтарынан екі кіреберіс көзделуі тиіс.

Зарарлы атмосфера жағдайында паналаушыларды баспанаға кіргізу баспанадан шығатын ауа ағыны бар қазбалардан көзделеді.

5.3.2 Кірер жолы жоқ қазбаларға іргелес жер бетімен байланысы бар қазбаларда тамбур-шлюз немесе бір қосқыш ұйымдастыру көзделуі тиіс. Ауа табиғи тартылу әсерінен келіп түсетін баспаналарда тамбур-шлюз ұйымдастыру, табиғи тартудың әсерінен ауа баспанадан шығатын қазбаларда бір қосқыш ұйымдастыру көзделеді.

Сүзгі желдету агрегатынан ауаның жиналуын жүзеге асыратын қазбаларда оларды орналастыру жағдайында қос шлюздеуі бар кіреберістерде тамбур-шлюз желдетілетін болуы тиіс.

5.3.3 Үстіңгі бетпен байланысы бар сәйкес емес қазбаларда жанасатын паналарға тамбур құрылысы немесе бір жалғастырғыш құрылғысы қарастырылуы тиіс

Тамбур құрылғысы ауа табиғи тартылыс ықпалымен панаға түсетін қазбаларда, бір жалғастырғыш құрылғысы – ауа табиғи тартылыс әсерімен панадан шығатын қазбаларда қарастырылады.

5.3.4 Үстіңгі беттен паналаушыларды өткізу үшін қолданылатын және ұңғымалар мен ылди оқпандарда орналастырылатын кіреберістері бар есіктер ені [1] талаптарына сәйкес кіреберіске сай келетін паналаушылардың санына тәуелді айқындалады.


5.4 Құрылымдық шешімдерге қойылатын талаптар


5.4.1 Баспаналарға бейімделінетін тау-кен қазбалары, жер бетіне әкелетін апатты шығаберістер сейсможарылыс толқындарының және тау-кен қысымынан болатын статикалық жүктемелердің оларға көрсететін әсеріне қарсы төзімді болуы тиіс. Қажеттілігіне қарай қазбалардың қосымша бекітілуін қарастыру қажет.

Келесідей бекітілмеген қазбаларды баспана ретінде пайдалануға жол берілмейді:

- қатпарлылығы анық жыныстарда қалыптасқан бекітілмеген қазбалар;

- бұрғылау-жару тәсілімен қалыптасқан.

Радиацияға қарсы паналар ретінде бейімделінетін тау-кен қазбалары тау-кен жыныстары қысымының әсеріне төзімді болуы тиіс.

5.4.2 Баспаналардан жер бетіне шығуға арналған апатты шығаберіс ретінде пайдалануға көзделген оқпандардың (шурфтардың) баспалдақ бөлімдерінің құрастырылымдары кіретін екпінді толқынның әсеріне төзімділігі бойынша тексеріледі және қажетті жағдайларда күшейтіледі.

Баспалдақ бөлімдері шахта үстіндегі күрделі ғимараттардың қабырғаларына жақын орналасқан жағдайда, баспалдақтар мен сөрелер қабырға қоршауы сынықтарымен зақымдалудан қорғаушы арқалықтар – балкаларды орнату арқылы қорғалған болуы тиіс, олар сондай-ақ кіретін екпінді толқынның әсеріне де есептелуі тиіс.

5.4.3 Әлсіз бұзылулары мүмкін аумақтарында желдету қондырғысы шамасын үстіңгі бетте [1] талаптарына сәйкес қабылданатын, жылыстаудың соққы толқыны қысымына есептелуі тиіс.


5.5 Өрт қауіпсіздігінің талаптары


5.5.1 Қорғану имараттары ғимараттың және имараттың, немесе олардың элементтерінің өрт кезінде ықтимал тұтанатын ескере отырып, өрт жағымсыз ауа райы жағдайларында көршілес ғимараттар мен паналарға тарала алмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.

5.5.2 Қорғану ғимараттарының аумағында өрт техникасының, техникалық құралдардың, құтқару және медициналық қызметтердің оларға барлық жақтан бөгетсіз кіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін өту жолдары, өткелдер және көлікпен кіру жолдары болуы тиіс.

5.5.3 Қорғану имараттарын бейбіт уақытта қолдану арқылы өрт сөндірудің алғашқы құралдары (өрт қауіпсіздігінің типтік ережелеріне сәйкес қарастырылған мөлшерде қолға арналған көбікті өрт сөндіргіш, құм және т.б) болуы қажет.

5.5.4 Қорғану имараттарында желдетудің сору жүйесінің көмегімен өрт кезінде түтінді шығару мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ауаның шығару көлемі төрт еседен кем болмауы қажет.

Желдетудің сору жүйесінде электр жетпекпен герметикалық клапан орнатылуы тиіс (немесе жылытылған жапқыш), оны ашу бір уақытта желдету іске қосуымен қарастырылуы тиіс.

Желдету іске қосуы қарастыруы қажет:

а) ФВП-та іске қосу құрылғысынан;

ә) бейбіт уақытта қолданатын баспанаға кіреберісте орнатылатын іске қосу құрылғысынан;

б) түтін хабаршылар.

Желдетудің сору жүйесінің желдету іске қосуымен бір уақытта желдетулер өшіріледі және желдетудің ағынды жүйелерінде герметикалық клапандар жабылады.

5.5.5 Қорғану ғимараттарының аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері көзделуі тиіс.

5.5.6 Қорғану ғимараттарының аумағы өртті анықтауға және өртті сөндіруге арналған техникалық құралдармен жабдықталуы тиіс.


5.6 Гигиенаны, адам денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптары


5.6.1 Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттары мен іргелес аумақтар оларды пайдалануға қойылатын талаптарды орындаған кезде жазатайым оқиғалар, адамның жарақат алу және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төну мүмкіндігі барынша төмен болатындай етіп жобалануы және салынуы тиіс.

5.6.2 Қорғану ғимараттарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалану табиғаттық-климаттық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы талаптарды, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, гигиенаны, адам денсаулығын қорғау талаптарын сақтау есебімен және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

5.6.3 Қорғану ғимараттары тіршілік ету айналымының барлық сатыларында қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.

5.6.4 Адамдардың қорғану паналарында болу қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық және микроклиматтық жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс: жұмыс аймақтарының ауасында шекті рұқсат етілетін концентрациялардан жоғары зиянды заттардың болмауы; үй-жайда жылу мен ылғалдың минимальді бөлінуі; шудың, вибрацияның, ультрадыбыс деңгейінің, электромагниттік толқындардың, радиожиіліктердің, статикалық электрдің және иондайтын сәулелендірудің рұқсат етілген шамалардан жоғары болмауы, сондай-ақ дене жүктемелерін шектеу, зейін қатаюының және адамдардың қажуының алдын алу.


6 ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


6.1 Жалпы талаптар


6.1.1 Қорғану ғимараттарында онда болған кезінде паналаушы адамдарды қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық жабдықтар көзделуі тиіс.

6.1.2 Қорғану имараттарына арналған үй-жайларда паналаушылардың болу шартына қажетті қамтамасыз ететін желдету, жылыту, сумен жабдықтау және су жүргізуді қарастыру қажет.

Санитарлық-техникалық элементтер бейбіт уақытта үй-жайларды пайдалану кезінде оларды максималды қолдануды ескерумен жобалау қажет.


6.2 Желдетісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар


6.2.1 Желдету режимдерінің ұзақтығы, сондай-ақ микроклимат параметрлері мен ауа ортасының газдық құрамы [1] талаптарына сәйкес қабылданады.

6.2.2 Таза желдетіс ауаның талап етілетін құрамын қамтамасыз ету және артық жылуды кетіру үшін көзделеді. Ауа тартушылар жер бетіне шығатын шығаберістен қашықтықта орналастырылатын жағдайда, баспанаға таза желдетіс режимінде берілетін ауа шаңнан тазартылуы тиіс.

Фильтржелдетіс берілетін ауаны газ секілді жаппай қырып-жою құралдарынан тазарту және баспанада ауа ортасының рұқсат етілген параметрлерін қолдау үшін көзделеді.

6.2.3 Тамбур-шлюздардағы (тамбурлардағы) ауаның артық қысымы және желдетілетін тамбур-шлюздардағы үрлеу баспанадан тартылатын ауамен көзделеді. Осы мақсаттарға арналған желдеткіштерді таңдаған кезде қысым шамасын және ауаның табиғи тартылуының әсер ету бағытын ескеру қажет.

6.2.4 Желдету құрылғысымен басқару жүйесінде ауа ортасының физикалық және химиялық параметрлерін тұрақты бақылау техникалық құралдар кешені, сондай-ақ ауа шығынын автоматты реттеу болуы қажет.

6.2.5 Таза желдету, фильтрлі желдету және ДЭС ауа жинау желдетуі бөлінген болуы қажет.

Таза желдетудің ауа жинағышы баспанадан апаттық шығумен бірге орналастыру қажет.

Таза желдетудің ауа жинағышы және баспананың фильтрлі желдетуі өзара ауа жіберу қимасымен қосылуы тиіс, ол герметикалық клапанда орнату арқылы фильтрлі желдету режимі бойынша ауаны беруде есептелген.


6.3 Сумен жабдықтауға және ассенизацияға қойылатын талаптар


6.3.1 Жабдық элементтерінің, жабдықтар мен қазбалардың құрылымдық элементтерінің арасындағы өтпелер мен бос жерлер [1] талаптарына сәйкес және сәйкесті өнеркәсіп саласының кәсіпорындарына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қабылданады.

6.3.2 Ауыз суды сақтау үшін іш жағынан шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау тәжірибесінде қолдану талаптарына жауап беретін материалдармен жабылған шахталық вагонеткалар, бактар, резервуарлар пайдаланылады.

6.3.3 Судың 2 тәул. ішінде толық алмасуын қамтамасыз етумен ауыз су қорының сыйымдылығы ағынды болуы тиіс. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмаған баспаналарда, сондай-ақ 300 адамға арналған сыйымдылықтағы баспаналарда баспананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын ауыз су қоры үшін құрғақ ыдыстар қолдануға жол беріледі.

Су құбыры циркуляцияланатын ағынды ыдыстар мен құбырлар жылы және бу изоляциясы болуы қажет.

6.3.4 Ауыз суды тасымалдау және сақтау кезінде санитарлық-гигеналық нормаларға рұқсат етілген имараттар, құрылғылар және орнатулар, құбырлар, ыдыстар және олардың коррозияға қарсы жабындары үшін материалдар қолданылады.


6.4 Электрмен жабдықтау, жарықтандыру, байланыс желілеріне қойылатын талаптар


6.4.1 Электр жабдығы, күштік және жарықтандыру қондырғылары сәйкесті өнеркәсіп саласына арналған қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.

6.4.2 Газ бойынша қауіпті шахталарда (кеніштерде) ДЭС кеніштік жарылысқа қауіпсіз орындалуы тиіс. ДЭС-ті кәдімгі (кеніштік емес) орындауда пайдалануға жол беріледі, олар таза ауаның желдетіс ағынында орналасады және ДЭС үй-жайындағы өртке және жарылысқа қауіпті газдардың концентрациясын үздіксіз бақылайтын аппаратура қондырылады деген шартпен.

6.4.3 ДЭС баспанадан тыс орналастырылатын жағдайда, оның әр түрлі зақымдайтын факторлардан қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Мұндай жағдайда қызмет көрсетуші персоналды жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз ету қажет, әрі демалу үшін баспанаға өту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

6.4.4 ДЭС жер асты камераларының және оған іргелес қазбалардың тіреулері жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.

6.5.5 Жанғыш-майлау материалдарының қоймасы ДЭС үй-жайынан жанбайтын материалдан орындалған арқалықпен бөлініп тұрған бөлек секцияда орналасуы тиіс.

6.5.6 келесі талаптарды ескерумен ДЭС жобаланады:

- резевсіз электр қабылдағыштардың есептік қуаттылығына дизель-генератор қуаттылығы сәйкес келуі қажет;

- генераторлардың жиілігі және кернеуі желілі енгуіздің жиілігіне сәйкес келуі қажет. Ішкі желінің және дизель-генератордың әр түрлі кернеулерінде сәйкес келетін құрғақ трансформатор қарастыру қажет (төмендететін немесе жоғарылататын);

- генератор статорын таңдау «үш фаза және нөл» төрт өткізгішті сұлба бойынша толтырылуы қажет;

- бір дизель-генераторды жобалау кезінде оны автоматты емес таңдайды немесе автоматтандырудың І дәрежесі, екі және одан да көп дизель-генераторларда параллельді жұмыс синхронизациясы үшін құрылғыны қарастыру қажет;

- генератор қысқаша тұйықталудан және қайта тиеуден қорғануы болуы қажет.

6.4.7 ДЭС электр агрегаттарының қуаттылығы электр қабылдағыштардың максималды қуаттылығы бойынша анықталуы мүмкін, ол санитарлық-техникалық құрылғылардың (желдету жүйелері, кондиционерлер, сорғылар және т.б.) жұмыс режимдерінде және баспананы жарықтандыруда жұмыс істейді.

Дизельді жүктеудің минималды қуаттылығы пайдалану кезінде оның номиналды қуаттылығынан 40% кем емес болуы қажет.

100кВт астам тұтынудың жалпы қуаттылығы кезінде паралельді сұлба бойынша екі электр агрегаттарынан кем емес құрылғыны қарастыру қажет.

6.4.8 Қорғану ғимараттарының электрмен жарықтандыру стационарлық желісі автономды электрмен жабдықтау көзімен жабдықталады.

6.4.9 Қорғану ғимараттарының нысанды басқару бекетімен байланысу құралдары болуы тиіс.

Баспаналарда фильтржелдетіс камерасы бар автономды байланыс құралдары, қорғалған кіреберістер, автономды электрмен жабдықтау көзінің үй-жайлары және медициналық бекет көзделуі тиіс.


БИБЛИОГРАФИЯ


[1] ҚНжЕ II-11-77 «Жобалау нормалары. II бөлім Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттары».


ӘӨЖ 614.8 МСЖ 73.020


Негізгі сөздер: қорғану ғимараттары, жер асты тау-кен қазбалары, жер асты желдетіс ғимараттары, санитариялық бекеттер.
  1   2   3   4

Похожие:

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары
Тау-кен жұмыстары өҢдірілетін аймақтардағы гидротехникалық Ғимараттардың жобалануы, ҚҰрылысы және пайдаланылуы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары
...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы
Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер iconҚазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер icon«Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы
«Құрылыс кострукциялары – І, ІІ, ііі», «Құрылыс өндірісінің технологиясы – І, ІІ, ііі», «Геотехника», «Сәулет», «Құрылыс машиналары...
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер icon2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қараңыз (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер icon«Семей қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша 2010 жылға жедел есеп беру
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер мен іс шаралар мен көрсеткіштерге қол жеткізу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница