Элективті дисциплиналар каталогы




НазваниеЭлективті дисциплиналар каталогы
страница1/8
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://semgu.kz:8080/files/КЭД 2012-13 уч.год (последн)/КЭД Теплоэнергетика/КЭД050717_ТЭ 04.11.2
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 денгейлі СМЖ құжаты

№ 1 басылым

«__» ___________ 20___ ж.

Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пәндер каталогы





Бекітемін

Оқу жұмысы жөніндегі

проректор __________ Б.А. Рскелдиев

«____» _____________ 20__ жылы


Элективті дисциплиналар каталогы

«Жылуэнергетика» мамандығы – 5В071700

№ п/п

Дисциплина коды

Цикл мен пән атаулыры.

Пәннің қысқаша мазмұны.

1

2

3

1

Pci 0101

Психология

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: студенттерде психология айналысатын негізгі мәселелер жөнінде түсінік қалыптастыру: адам психикасының феномендерін, саналылық пен санасыздық қатынасын, психикалық процестердің заңдылықтары мен механизімдері, қасиет пен күйді, жеке және адами қарымқатынастарды.

Қысқаша мазмұны: Психология пәнін, мақсаттары мен әдістерін. Психология объектә мен пәнін. субъективті және объективті шындық. Қазіргі психологияны тұрғызу. Психология және басқ ғылымдар. Әрекет психологиясы мен танымдық процестер. Тұлға психологиясы. Қабілеттіліктер. Темперамент. Мінез. Эмоциялар менсезімдер. Мотивация. Ерік.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Психология ғылымының жалпы негіздерін, оның пәнін, зерттеу мақсаттары мен әдістері, адам психикасы мен әрекеттерінің түсінігінің ғылыми мағанасы.

окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағдысы:

тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., психология кафедрасының доценті, Гизатуллина А.Г.

2

OOT 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны- 2 (0+2+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерлігі: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағдысы: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзырлықтар: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: педагогика магистрі Сергеева К.С.

3

Mad 0103

Мәдениеттану

Кредит саны– 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : Теоретикалық- модельдік жүргізу негізін мен қорытындысы нәтижесінде базалық культурология категориясын, теориясын және концепциясын ашу, қолданбалы культурогология білімін қолдану;культурология білімінің негіздерін оқыту және практика жүзінде қолдануды оқып уйрену.

Қысқаша мазмұны: Пән және мәдениеттің тәсілдері, маңызы мен мәдениеттің мағынасы, мәдениеттің тілі, адам әлемі мәдениет сияқты. Алғашқы мәдениет, Көне Шығыс мәдениеті, Көне Греция мен Рим мәдениеттері, орта ғасырлық мәдениет, Жандану және Реформация мәдениеті, жаңа заман еаропалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақтың бастау мәдениеті, қазақтың салт дәстүр мәдениеті, жаңазаман мәдениеті, Қазақстанның жетістіктері социомәдениеті Евразиялық мемлекеттердікі сияқты.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: мәдениеттің ұғымын және негізгі категорияларын, оның құрылымы мен функциясын біледі; наиболее значимые концепции культурологического знания; место и роль в культуре профессиональной сферы деятельности, базовые ценности культуры.

Іскерлігі: мәдениеттік білімнің бағалы аспектілерін, қолданбалылығын, теориясын ерекшелей алады ,оны іс тәжірбие есебінің негізінде қолдану үшін, күнделікті өмірге қатысты сияқты, және де іскерлік қызметтерде де; жеке қөзқарас орнықтыру және қалыптастыру

Дағдысы: гуманитарлық мәтіндермен жұмыс істеу дағдылығы бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Кудратова С. А.

4

Ped 0104

Педагогика

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді.

Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады.

Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Іскерлігі: педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағдысы: педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзірет: педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Аубакирова Р.Ж.

5

MTIZh 0105

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты : Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы», «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Іскерлігі: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағдысы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, фил.ғ к., Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Кредит саны- 2 (1+1+0), кредитах ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – нет.

Постреквизиттер – нет.

Оқу мақсаты : Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Іскерлігі: жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Дағдысы: студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.

Құзырет: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина

7

EAZEKShKhEK 0107

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS - 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқу мақсаты : «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны:

Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру. Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы.

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Күтілетін нәтиже :

Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі. «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті –құқықтық базасын біледі.

Іскерлігі: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағдысы: халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзырет: базалық және жалпы білімін , алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Темиргалиева А.С

8

Shak 0108

Шәкәрімтану Кредит саны– 2(1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер – жоқ

Постреквизиттер – жоқ

Оқу мақсаты: Абайдың ізбасары ақын, композитор, тарихшы, философ- Шәкәрім Құдайберді ұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. Ақынның жетістіктерін бақа қырынан ашу. Ақын шығармашылығындағы ұлттық проблема. Ақынды әлемдік деңгейде көрсету.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы.Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды.

Іскерлігі: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағдысы: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Элективті дисциплиналар каталогы iconКаталогтың көмегімен Өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?
Элективті пәндер каталогы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған
Элективті дисциплиналар каталогы iconПрограммалау пәні бойынша
Мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің жұмыс бағдарламасын
Элективті дисциплиналар каталогы iconПавлодар
Жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген 050509 «Қаржы»
Элективті дисциплиналар каталогы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы
Элективті дисциплиналар каталогы iconБакалавриат
Элективті пәндер каталогы. Бакалавриат. Экономикалық факультет. – Алматы: «Тұран» университеті, 2013. – 606 б
Элективті дисциплиналар каталогы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Пәннің жұмыс бағдарламасына бекіту парағы, мамандық бойынша элективті пәндер каталогы негізінде құрастырылған
Элективті дисциплиналар каталогы iconБарлығы – 135 сағат
Пәннің оқу әдістемелік кешені элективті пәндер каталогы және жұмыс оқу бағдарлама негізінде құрастырылған
Элективті дисциплиналар каталогы icon2011-2012 оқу жылына элективті пәндер каталогы мамандығы 5В030100 Құқықтану
Бұл пән адам қоғамының жетістіктері туралы негізгі ережелерді ашады, мәдениеті, өнері
Элективті дисциплиналар каталогы iconПрограмма дисциплин Форма для студентов фсо пгу 18. 2/07
Студенттерге арналған бағдарлама мамандықтардың жұмыс оқу жоспары жєне элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді және пму ғылыми...
Элективті дисциплиналар каталогы iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Оқу жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген, С. Торайғыров атындағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница