Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы




НазваниеТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы
страница31/31
Дата конвертации13.02.2016
Размер5.29 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/03/Билим150-171-194-косымша.doc
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ЖКП. 09

Өлшеу техникасы

Физикалық шамаларды өлшеу және өлшеу бірліктері жөніндегі ұғым; өлшеу құралдарының метрологиялық көрсеткіштері; өлшеу қателіктері; жылутехникалық өлшеу жөніндегі негізгі мәліметтер; өлшеу түрлендіргіштері және қашықтықтан беріліс схемалары; өлшеуді автоматтандыру; температураны өлшеу, қысымды, қысым айырымы мен сиретуді өлшеу; сұйықтық пен сусымалы денелердің шығынын, мөлшерін және деңгейін өлшеу; жылутехникалық бақылау сұлбалары.

Білімдер:

- өлшеу құралдарының негізгі түрлері мен олардың жіктемесін;

- өлшеу әдістерін;

- жылутехникалық бақылау аспаптарының іс-әрекет принципін және құрылымын;

Іскерліктер:

- электрлік және электрлік емес параметрлерін өлшеу

КҚ 3.6.7

КҚ 3.7.1

КҚ 3.7.9

ЖКП. 10

Электр машиналары және аппараттары

Электр машиналардың жіктемесі және іс-әрекет принципі, олардың рөлі және тағайындалуы; трансформаторлар; тұрақты токтағы машиналар; тұрақты токтағы генератор; тұрақты токтағы қозғалтқыштар: негізгі сипаттамалары, пайдалану талаптары, даму көрінісі; арнайы қолданылатын тұрақты токтағы машиналар; айнымалы токтағы машиналарының жіктемесі, құрылымы, іс-әрекет принципі.

Автоматика, басқару, релелік қорғаныс электр аппараттары: құрылымы, іс-әрекет принципі, негізгі техникалық сипаттамалары. Электронды аппараттар.

Білімдер:

- электр машиналар мен аппараттардың міндетін, құрылымын және жұмыс принципін;

- трансформаторлардың параллель жұмысын;

- тұрақты токтағы машиналардың пайдалану талаптарын және негізгі сипаттамаларын;

- айнымалы токатғы машиналардың жіктемесін, құрылымын, іс-әрекет принципін

Іскерліктер:

- жұмыс режимін таңдау;

- арнайы тағайындалған айнымалы токтағы машиналарын пайдалану;

- берілген техникалық шарттар бойынша электр аппараттарын таңдау;

- электр аппараттарын жұмыстың берілген режиміне сәйкестігін тексеру

КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4

КҚ 3.7.5

КҚ 3.7.10

КҚ 3.8.9

ЖКП. 11

Сала экономикасы

Саланың даму көрінісі және ерекшелiктері; өндiрiстiң түрлерi және олардың сипаттамасы; негiзгi өндiрiстiк және технологиялық процестер; ұйымның қаражаты және мүлігі; негiзгi және айналымдағы қаражаттар; еңбек ресурстары; еңбек ұйымдастыру, мөлшерлеу және еңбекақы; ұйымның маркетингтік қызметi; өндiрiстiк программа және өндiрiстік қуаты; өндiрiс шығыны және өнiмнiң, қызметтердің өзiндiк құны; баға белгiлеу; ұйымның қызметiнiң тиiмдiлiгін бағалау; өнiмнiң сапасы және бәсекелестік қабілеттілігі; ұйымның сыртқы экономикалық қызметi; бизнес-жоспар; негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштердi есептеу әдiстемесi

Білімдер:

- саладағы қолданыстағы негізгі экономикалық категорияларын;

- негізгі қорлардың пайдалану көрсеткіштерін және оларды шығынға жазу тәртібін;

- еңбек ұйымдастыру түрлері мен нысандарын, еңбекақы төлеу нысандарын;

- тарифтік жүйесінің мәнін;

Іскерліктер:

- жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмыс уақытын жоспарлау;

- шикізат шығыдарының есебін жүргізу;

- қосалқы материалдар мен шикізат шығынын есептей алу және бақылау жүргізу;

- шығынды қысқарту және үнемдеу бойынша технологиялық шаралар құрастыру

КҚ 3.6.13

КҚ 3.7.4

КҚ 3.8.3.

КҚ 3.8.7

ЖКП.12

Менеджмент

Менеджменттің негізгі ережелері, оның мәні; замануи менеджметтің сипатты ерекшелігі; менеджмент инфрақұрылымы және циклы; басқару жүйесінің элементтері; тиімділік; басқару: функциялары, ұйымдары, құрылымы, принциптері мен тәсілдері, мотивация; басқару процесіндегі реттеу және бақылау: нысандары, кезеңдері; менеджер жұмысын ұйымдастыру және имидж; басқару стилі; еңбек ұжымын басқару; еңбек ұйымдастыру; басқарушылық шешім қабылдау: оның мазмұны және түрлері; шешімді шығару мен орындаудың дайындық кезеңдері

Білімдер:

- кәсіпорынды басқару функциясын;

- еңбек ұжымының құрылымын;

- іскерлік қатынас тәртібін;

- ұжымдағы жұмыстың әдістері мен принциптерін;

Іскерліктер:

- басқару процесін реттеу және бақылау;

- менеджер жұмысын ұйымдастыру және имидж қалыптастыру;

- еңбек ұжымын басқару;

- басқарушылық шешім қабылдау;

БҚ 1

БҚ 6

ЖКП. 13

Еңбек қорғау

Адамға келеңсіз факторлардың әсерi; техникалық жүйелер мен технологиялық процестердің қауiп-қатерлерiнен қорғану құралдары және әдiстері; экобиоқорғайтын және өртке қарсы техника; кәсiпорындағы еңбектi қорғау құқықтық, нормативтiк және ұйымдастыру негiздерi; еңбек қорғаудағы материалдық шығындар; кәсiби қызметтiк саласындағы қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз ету ерекшелiктерi;

Білімдер:

- еңбек қорғау жалпы нормаларын;

- технологиялық процестердің қауіпсіздігін;

- кәсіпорындағы жарақат алудың себептерін;

- өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы жалпы мағлұмат;

Іскерліктер:

- еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша білімді тәжірибеде қолдану;

- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;

- өндірістік жарақаттану кезінде көмек көрсету;

БҚ 4

БҚ 7

КҚ 3.7.10

АП.00

Арнайы пәндер







Біліктілігі: 111506 3- Электромеханик (барлық атаулары)




АП. 01

Электржетек

Электржетектердің жіктемесі; электржетектің құрылымдық сұлбасы; басқару сұлбасының элементтері; автоматтандырылған электржетектің негіздері; электржетектің автоматты басқару принциптері; түрлендіргіш құрылғылар


Білімдер:

- тұрақты токтағы машиналарының, асинхронды және синхронды машиналардың электр жетектеріндегі физикалық процестерін;

- электржетегін басқару принциптерін;

Іскерліктер:

- электржетектерін автоматты басқарудың ажыратылған және тұйықталған түйіндерін есептеу және типтік сұлбаларын оқу;

КҚ 3.6.3

КҚ 3.6.4

КҚ 3.6.8

КҚ 3.6.13

АП. 02

Саланы электрмен қамту

Электрмен қамту жүйелері туралы ұғым; тұтынушыларды кернеуі 1000 В-қа дейінгі және одан жоғары ішкі және сыртқы электрмен қамту; электрқабылдағыштарды электрмен үздіксіз қамтудың талап етілген дәрежесі және жұмыс режимі бойынша топтастыру; электрмен қамту жүйесінің элементтерінің құрылымы мен құрылымдық орындалуы; реактивті қуаттың қарымақысы; электрмен қамту жүйесінің релелік қорғанысы мен апатқа қарсы автоматикасы

Білімдер:

- электр станцияларының міндеті мен түрлерін, олардың жұмыс режимін;

- электрмен қамту жүйесінің релелік қорғанысын және апатқа қарсы автоматикасын

Іскерліктер:

- электр жүктемесінің есебін жүргізу;

- электрмен қамту және қорғаныс сұлбалардың элементтерін таңдау;

- жерлендіруші құрылғыларды қадағалау;

- асқын кернеуден қорғаныс ұйымдастыру

КҚ 3.6.3

КҚ 3.6.7

КҚ 3.6.9

АП.03

Саланың электр және электрмеханикалық жабдықтары

Электр және электрмеханикалық жабдықтар-дың жіктемесі; электрмен жарықтандыру; қондырғылар мен түрлі типті нысандардың (термиялық, сыртына жағуға арналған, өңдеу қондырғылары, жалпы өнеркәсіптік машиналар, т.б.) электр жабдықтары; тұрмыс машиналары мен аспаптарының жіктемесі, түрлері, жалпы құрылғылары, негізгі техникалық сипаттамалары мен мақсаты

Білімдер:

- электр жабдықтардың міндетін, құрылымын, жұмыс принципін;

- электромеханикалық жабдықтарды басқару электр сұлбаларын

Іскерліктер:

- жобалық-техникалық құжаттарды рәсімдеу;

- берілген техникалық шарттар бойынша қондырғы-

ның типтік принциптік электр сұлбасын таңдау;

- электр принциптік сұлбасы бойынша электр жабдығының элементтерін таңдау

КҚ 3.6.8

КҚ 3.6.10

КҚ 3.6.11

КҚ 3.6.12

КҚ 3.6.13

АП. 04

Электр және электрмеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану және күту

Электр және электрмеханикалық жабдықтарды пайдалану; техникалық пайдаланудың нормативтік базасы, техникалық құжаттамасы; электр жабдықтарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету; жабдықтар диагностикасы және оның ресурстарын анықтау, жұмыстан тыс қалуын болжамдау және ақауларды табу; жабдықтарды ұзақ жыл қызмет ету жолдары мен құралдары; жөндеуді ұйымдастыру; жөндеу түрлері; жөндеу технологиясы; жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалық құжаттардың түрлері; жабдықтарды жөндеуден кейін сынақтау; тұрмыстық машиналар мен аспаптарды жөндеуге арналған типтік технологиялық процестер, жабдықтар, құрылғылар мен аспаптар; электр және электрмеханикалық жабдықтарды пайдаланудың, күту мен жөндеудің ресурстық және энергияны сақтау технологиялары

Білімдер:

- электр және электрмеханикалық жабдықтарды пайдалану, күту және жөндеу жөнінде жалпы мәліметтерді;

- электр және электрмеханикалық жабдықтарды күту мен жөндеуді ұйымдастыру;

- техникалық күту түрлерін; негізгі нормативтік құжаттарды, материалдық-техникалық қамтамасыз ету ережелерін;

Іскерліктер:

- электр және электрмеханикалық жабдықтардың техникалық параметрлерін қарау, сынақтау, тексеру, бақылау;

- электр жабдықтары мен тұрмыстық техниканы пайдалану, күту, жөндеу және сынақтау кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау;

- тұрмыстық машиналар мен аспаптарды сервистік күту


КҚ 3.6.1

КҚ 3.6.8

КҚ 3.6.9

КҚ 3.6.11

КҚ 3.6.12




Біліктілігі: 111507 3- Техник-механик




АП.01

Электромеханикалық жабдықтарды техника-

лық күтім жасау, монтаждау, пайдалану, жөндеу

Өндірістегі бірінші және екінші мақсатты жабдықтарын монтаждау туралы жалпы мәліметтер, монтаждық жұмыстар өндірісіндегі техникалық құжатнамалар. Электромеханикалық жабдықтарын монтаждау. Электромеханикалық жабдықтарын пайдалану. Пайдалану бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Машиналардың сенімділігі. Электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізу және ұйымдастыру. Бөлшектер мен құрастыру бірліктерін жөндеу технологиясы. Қозғалтқыштарды техникалық күту және жөндеу. Жұмыс сапасын тексеру. Еңбек қауіпсіздігі. Жұмысты атқару кезіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру

Білімдер:

- электр және электромеханикалық жабдықтарды монтаждау, пайдалну, күту және жөндеу туралы жалпы мағлұматты;

- қолданылатын аспаптар мен материалдарды, жабдықтарға техникалық күтім жасау және пайдалану ережесін және тәсілдерін;

- орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын талаптарды;

- жөндеу кезіндегі құжаттарды рәсімдеуді және оларды толтыру ережесін;

Іскерліктер:

- электр механикалық жабдықтарды техникалық күту, пайдалану бойынша кешенді жұмыстарын орындау;

- жабдықтардың тоқтап қалу себептерін табу;

- жөндеу жұмыстарын атқару;

- қауіпсіздік ережелерін сақтау;

КҚ 3.7.3

КҚ 3.7.4

КҚ 3.7.5

КҚ 3.7.9

КҚ 3.7.10




Біліктілігі: 111508 3- Техник-технолог




АП. 01

Электротехникалық өндірістің технологиясы

Даярлайтын құрастыру жұмыстары: құрастыруға арналған бөлшектерді жинақтау, тазалау, қажалтып тоздыру, тазарту; өлшегіш құралдарының қарапайым сұлбасын құрастыру.

Орағыш білдекте электроқшаулағыш материалдарын орау; білдекті жұмысқа дайындау; бақылау-өлшеу құралдары арқылы қайта оралатын материалдың ұзындығын анықтау; ақаулы орындарды жарамсыз ету; рулонға қайта оралатын материалдарды буып салу және оларды таңбалау;

Табақты қабатталған оқшаулағыш материалдарды престеу; престеу плитасын және прессформаны тазарту. Қарапайым оқшаулағыш бөлшектерді дайындау; оқшаулағыш материалдардан төсемдер және жолақтарды дайындау.

Орауыш пен секциядағы тегіс қабатты полотномен уақытша ленталық оқшаулағыш тартқызу.

Бірінші және екінші габариттік дискілі катушкасын құрастыру; сыртқы қондырғының ток трасформаторына орамасын толық құрастыру; дәнекерлеуге бұрып жібергішті дайындау.

Мыс гильзасын және кабелдік ұштықтарын даярлау; жабдықтардағы кесуден кейінгі мысты егелеп қию.

Аккумуляторлар мен батареяларды құрастыруға дайындау

Білімдер:

- электротехника бойынша элементарлық мәліметтерді;

- орағыш станоктің құрығысын және іс-әрекет принципін;

- жартылай фабрикаттар мен материалдар түрлерін және қолданысын;

- пресформ таңдауды;

- өңделетін электроқшаулағыш материалдардың негізгі қасиеттерін;

- трансформаторлы орауыштардың типтік құрылымын;

Іскерліктер:

- электрлі және пневматикалық жетекпен қарапайым қолды, механикаландырылған аспаптарын қолдану;

- фрикционды құрылғы арқылы полотно кергішін реттеу;

- стеллаждағы және қалыңдығы бойынша престелген материалдарға сұрыптау және бөлшектеу жүргізу;

- жүктемелі күштік трансформаторлардың орамасы мен бұрып жібергіштерінің сұлбасын оқшаулау;

- ең жоғарғы біліктілікті слесарьдың жетекшілігімен орағыштар мен материалдар дайындау;

- қарапайым слесарьлық операцияларды орындау;


КҚ 3.8.4

КҚ 3.8.8

КҚ 3.8.9

КҚ 3.8.10

АП.02

Электротехникалық материалдарды сынақтау және бақылау

Лакталған матаны, шынылы матаны, мақта-қағазды және шынылы матаға сіңдірілген, қағазды және электрлі оқшаулағыш трубкаларды тексеру және қабылдау; 15 кВт дейін қуатты жоғары вольтты тесер кернеудегі қондырғыда лакталған матаны және шынылы лакты матаны сынақтау; материалдарды дайындаудың технологиялық процестерін бақылау; түрі бойынша ақаулықты топтастыру және оларды дер кезінде жою шаралар; тексеріс нәтижелерін жазып рәсімдеу.

Жоғарғы кернеулі тогімен электрлік беріктікке оқшаулағыш кабельдер мен сымдарды сынақтау. Мемлекеттік стандарт және техникалық талаптар бойынша сынақталатын кабельдердің партиясын таңдау; сынақталатын кернеуді реттеу және орнату; ток өткізгіш талсымның үзілуін және оқшаулағыштың зақымданған орнын бекіту

Білімдер:

- шикізаттарға, жартылай фабрикаттарға, дайын өнімдерге мемлекеттік стандарттарын және техникалық шартттарын;

- шығарылатын материалдарды қабылдау әдістерін;

- бақылау-өлшегіш аспаптарын қолдану ережелерін;

- ақаулықтың пайда болу себептерін, оларды ескерту және жою тәсілдерін;

- оқшауламаның тесілу беріктігіне қарай аппаратураны қажетті кернеу бойынша жөнге келтіру ережесін

-сынақталатын кабелбдер мен сымдардың құрылымын

Іскерліктер:

- қағазға, мақта-қағазды және шынылы матаға сіңдірілген ауада тарағыш және еріткіш заттарды, смола құрамын анықтау;

- лакталған матаны, шынылы матаны желімдеу жылдамдығын, майға тұрақтылығын, жанармай тұрақтылығын тексеру;

- өндірістік-техникалық құжаттаманы ресімдеу.


КҚ 3.8.4

КҚ 3.8.7
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Похожие:

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы icon2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын...
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconЖалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу...
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника
Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Білім коды мен бейіні: 0700000 – Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница