2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу




Скачать 477.01 Kb.
Название2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
страница1/2
Дата конвертации13.02.2016
Размер477.01 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://ugk.kz/kaz/files/priem-v-tipo-kaz.doc
  1   2
Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысы


      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіле


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің     
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 130 қаулысымен   
бекітілген      


Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары


1. Жалпы ережелер


      1. Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
      2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
      3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.
      4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.


2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу
емтихандарын өткізу


      5. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
      Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
      6. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
      7. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
      8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
      1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
      2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
      9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
      2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      3) босқын - босқынның куәлігі;
      4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      5) оралман - оралман куәлігі.
      Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
      Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
      10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
      1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
      2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
      3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
      4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
      Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
      Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
      Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
      11. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.
      Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
      12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
      12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
      Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;
      тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
      2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.
      13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
      Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
      Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
      Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
      14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.


3. Білім алушылар құрамына қабылдау


      15. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
      Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
      Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
      1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
      2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
      Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
      Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
      1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
      Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
      16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.


Техникалық және кәсіптік білім
берудің кәсіптік оқу     
бағдарламаларын        
іске асыратын білім беру   
ұйымдарына оқуға қабылдаудың  
үлгі қағидаларына     
қосымша           


Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі



Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

0100000 - Білім

0101000

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

0102000

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)

Биология

Биология

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

Математика

Математика

0105000

Бастауыш білім беру*

Математика

Математика

0106000

Бейнелеу өнері және сызу

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0107000

Технология

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0108000

Музыкалық білім беру

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0109000

Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология

Биология

Биология

0110000

Білім ұйымдарындағы лаборант

Биология

Биология

0111000

Негізгі орта білім беру*

Математика

Математика

0200000 - Құқық

0201000

Құқықтану

Құқық негіздері

Дүние жүзі тарихы

0202000

Құқық қорғау қызметі

Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

0203000

Патенттану

Құқық негіздері

Дүние жүзі тарихы

0300000 - Медицина, фармацевтика

0301000

Емдеу ісі

Биология

Биология

0302000

Медбикелік іс

Биология

Биология

0303000

Гигиена және эпидемиология

Биология

Биология

0304000

Стоматология

Биология

Биология

0305000

Зертханалық диагностика

Биология

Биология

0306000

Фармация

Химия

Химия

0307000

Ортопедиялық стоматология

Биология

Биология

0308000

Медициналық оптика

Биология

Биология

0400000 - Өнер және мәдениет

0401000

Кітапхана ісі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

0402000

Дизайн (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0403000

Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0404000

Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0405000

Хор дирижері

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0406000

Музыка теориясы

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0407000

Ән салу

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0408000

Хореография өнері

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0409000

Актерлік өнер

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0410000

Цирк өнері

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0411000

Театр-декорация өнері (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0412000

Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0413000

Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0414000

Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0415000

Зергерлік іс (салалары бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару

0501000

Әлеуметтік жұмыс

Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

0502000

Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)

Математика

Физика

0503000

Cлесарлық іс

Физика

Физика

0504000

Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу

Химия

Химия

0505000

Фото ісі

Химия

Химия

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

Химия

Химия

0507000

Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Математика

Математика

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Математика

Математика

0509000

Аяқ киім ісі

Математика

Математика

0510000

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша)

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Қазақ және орыс тілдері

0511000

Туризм (салалары бойынша)

География

География

0512000

Аудармашы ісі (түрлері бойынша)

Шетел тілі

Шетел тілі

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

Математика

Математика

0514000

Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша)

Математика

Математика

0515000

Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

Математика

Математика

0516000

Қаржы (салалар бойынша)

Математика

Математика

0517000

Статистика

Математика

Математика

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Математика

Математика

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Математика

Математика

0600000 - Метрология, стандарттау және сертификаттау

0601000

Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Математика

Математика

0602000

Сапаны бақылау (салалар бойынша)

Математика

Математика

0700000 - Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру

0701000

Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша)

Математика

Математика

0702000

Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы

Математика

Математика

0703000

Гидрогеология және инженерлік геология

Математика

Математика

0704000

Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері

Математика

Математика

0705000

Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу

Математика

Математика

0706000

Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу

Математика

Математика

0707000

Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Математика

Математика

0708000

Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту)

Математика

Математика

0709000

Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)

Математика

Математика
  1   2

Похожие:

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Р Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Р Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconКелісілді
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген, Жоғары білім берудің кәсіптік оқу...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеудегі жұмыстар. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау. Техникалық...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconЕрежелері
Л-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу icon«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы бекітемін
Кәсіби білім беру жүйесіндегі менеджмен: Кәсіби психология; Кәсіби педагогика; Кәсіптік білім берудің әдіснамалық проблемалары; Кәсіптік...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу үлгі ережесі
Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және...
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу iconСалауаттылық өмір салтымыз, сергектік өмір қалпымыз
Ақмырзаев М. М. Валеология: Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арн оқулық. / М. М. Ақмырзаев, Ә.Ү. Сағымбаев. Астана:...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница