Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау




Скачать 83.13 Kb.
НазваниеМұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау
Дата конвертации13.02.2016
Размер83.13 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/2014 Мұнай қалдықтарын қайта пайдалануд
ӘОЖ 502.5: 665.71


Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау


Жұмағұлов Темірбек Жамедұлы, т.ғ.к.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


Мұнай қалдықтарының соңғы өнімін әрі қарай отын өндірісіне қажетті энергия көздеріне пайдалану брикет үлгісінің физико-механикалық қасиеттерін сынау әдістері ГОСТ 21289-75 сығу кезінде механикалық мықтылығы және лақтыру кезіндегі беріктігі бойынша, ГОСТ 21290-75 суды бойына сіңіру бойынша, ГОСТ 11022-95 күлділігін анықтау, ГОСТ 8606-93 күкірт мөлшері, ГОСТ 147-95 жылу бөлу қасиеті бойынша анықталды. Жаңа дайындалған АШПШ+Көмір+Күріш қауызы қоспасына сәйкес дайындалған брикет өнімі ұсынылған технологиялық процесс бойынша дайындалады[1].

Қазақстанның негізгі базалық экологиялық заңдылықтарына «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы жатқызылады. Бұл заңның негізі адамның қоршаған ортамен байланысты денсаулығы мен өмір сүру құқығын қамтамасыз етеді. Заңның негізгі шарттары антропогендік зиянды заттардың қоршаған табиғат ортасына тигізетін әсерін азайту, табиғаттың теңдігін тиімді деңгейде сақтап тұру және де рационалды табиғатты пайдалануды ұйымдастыру. Сонымен қатар, бұл заң қоршаған ортаны ластайтын және тасталған қалдықтардың рұқсат етілген мөлшері мен көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңына сәйкес кәсіпорындарға өндірістік қалдықтарды орналастыруға лимит береді. Сол уақытта мемлекеттік бюджетке кіріс келтіру үшін қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін арнайы төлемдер енгізілген [2].

Өндірістік және тұтынылған мұнай қалдықтарының (АШПШ) төгілуінен түзілген зардапты экологиялық бағалауды анықтау үшін жоғарыда көрсетілген нормативтер бойынша келесі теңдеумен анықталды [3]:


(1)


Экологиялық зардап шығындарының есептері жиналған мұнай қалдықтары көлемі мен оларды орналастыру шығындарын және оларды қайта пайдалануға кеткен қосымша шығындарды есептеу негізінде алынды (1-кесте).


1- кесте. Экологиялық зардапты есептеуге арналған мәліметтер


- тексеріс жүргізу кезеңінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-түрін орналастырудың іс жүзіндегі көлемі, тонна.


4380 тонна


«ПККР» АҚ компаниясының есебінің мәліметтері

- тексеріс жүргізу кезеңінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-түрін орналастырудың нормативтік көлемі, тонна.


4276 тонна

2007 жылғы бекітілген қалдықты төгу лимиті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің №0078544, W-7 сериялы, 12.12.2006 жылғы «ПККР» АҚ компаниясына табиғатты пайдалану үшін берілген рұқсаты.

- өндіріс және тұтыну қалдықтары і-түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін төленетін төлемақы ставкасы, теңге.


8АЕК

Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №121 шешіміне қосымша

Арттыру коэффициенті

10

Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды эконо-микалық бағалау ережесін бекіту. (Сыр бойы газеті, 13.01.2009ж.); (Казахстанская правда газеті, 10.07.2007ж.),

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007жылғы 27 маусымдағы №535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 26 қаңтардағы №24 қаулысы.

- экологиялық қауіптілік коэффициенті


1,5

- экологиялық тәуекел коэффициенті

1



Экологиялық зардапты бағалау:


млн. теңге

Экологиялық зардапты есептеудің жоғарыда ұсынылған әдістемесін, басқа теңдеулермен де анықтауға болады. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының экономикалық қорытындылары алмастыру мәнімен ерекшеленеді.

АШПШ-ін брикеттелген отын құрамына байланыстырғыш ретінде пайдаланудың экономикалық тиімділігі келесі формуламен анықталады [1]:


Э=Р-З (2)


Мұндағы: Э – табиғи іс-шараларды енгізудің жылдық экономикалық тиімділігі; Р – есептелген уақыттағы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінің бағалық құны; З – есептелген уақыттағы жүргізілген іс-шараларға кеткен шығындардың бағалық құны.

Есептелген уақыттағы жүргізілген іс-шараларға кеткен шығындардың бағалық құны келесі формуламен анықталады:


З=С+Ен×К (3)


Мұндағы: С – ортаны қорғауға арналған негізгі қордағы жылдық пайдалану шығындары; К – қондырғыға кеткен барлық шығын; Ен – жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі, ол 0,12 тең;

Жылдық пайдалану шығындары келесі формуламен анықталады:


С= М+Э+Т+ Файлық+ Шжөндеу+ Шшикізат+ Пбасқа шығын (4)


Мұндағы: М - табиғатты пайдалану кезіндегі материалдық шығындар;

Э - энергия шығындары; Т - жанармай шығыны; Файлық - жұмысшылардың айлық жалақысы; Шжөндеу - табиғатты қорғау шаралары кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына кеткен шығын; ШШЗ – шикізатты тасымалдауға кеткен шығындар; Пбасқа шығын – басқа қосымша шығындар;


ШшикізатАШПШКҚкөмір

Мұндағы: ШАШПШ – АШПШ тасымалдауға кеткен шығындар; ШКҚ – күріш қауызын тасымалдауғы кеткен шығындар; Шкөмір – көмірді тасымалдауғы кеткен шығындар.

Күрделі қаржы келесі формуламен анықталады:


К= Сқонд+ Штасымал+ Шорнату (5)

Мұндағы: Сқонд - қондырғының бағасы; Штасымал - тасымалдау шығындары;

Шорнату - монтаждау, орнату шығындары.

Брикет жасау қондырғысының өнімділігі 3 тонна/сағ деп есептесек, 1 күнде 18 тонна өндіреді, олай болса бір жылдағы брикет өндіру көлемі келесі формуламен анықталады:


Qбрикет =18×365×0,96= 6307,2 тонна


Мұндағы: 6 - аптадағы жұмыс күні; 0,96 - қондырғыны пайдалану коэффициенті; 365 - бір жылдағы күн саны;

Егер, осы технология бойынша жылына 6307,2 тонна брикет өнімін шығаратын болса, онда бізге қажетті АШПШ шикізатының пайдалану көлемі осы көлемнің 25%-ын құрайды.


Шшикізат= ШАШПШ тасымал + ШКҚ + Шкөмір = 3 822 880 теңге.


Мұндағы: QАШПШ - брикет өніміндегі АШПШ көлемі, тонна; QКҚ - брикет өніміндегі күріш қауызының көлемі, Шшикізат - жалпы шикізатқа кететін шығын, теңге.

АШПШ-ін брикеттелген отын алу технологиясын енгізуге кеткен шығындардың қорытындысы 2-кестеде көрсетілген.


2-кесте. АШПШ-ін брикеттелген отын алу технологиясын енгізуге кеткен шығындардың жылдық қорытындысы


Көрсеткіштер

Есептеу формуласы

Бағасы,

мың теңге

Сқонд




2560,000

Штасымал

10% Сқонд

256,000

Шорнату

15% Сқонд

384,000

К

Сқонд+ Штасымал + Шорнату

3200,000

Ен×К

0,12×К

384,000

М+Э+Т

25% Сқонд

640,000

Файлық

3 адам × 40000 × 12ай

1440,000

Шжөндеу

10%Сқонд

256,000

Пбасқа шығын

10%(М + Э + Т + Файлық+ Шжөндеу )

233,600

Шшикізат

ШАШПШ тасымал+ ШКҚкөмір

3822,880

С

М+Э+Т+ Файл+ Шжөнд+ Шшикізатбасқа шығ

3869,600

З

С+ Ен×К

4253,600

1 тонна шикізаттың өзіндік құны

Z =З : Qшикізат

674,40


Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша бағалық құны келесі формуламен анықталады:


Р = Д + Упрқалдық; (6)


Мұндағы: Д - табиғатты қорғау іс-шараларына енгізілген қосымша кіріс; Упрқалдық - тексеріс жүргізу кезеңінде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-түрін орналастырудың іс жүзіндегі көлемінің қоршаған ортаға келтірген залалы, теңге.

Д = q × z; (7)


Мұндағы: q - өндірілген тауарлы өнімнің көлемі (6307,2 т); z – 1 тонна АШПШ өзіндік құны, экологиялық зардаптың алдын алуға жұмсалған бағасы, z=674,40 теңге.

Д=2102,4×674,40 = 1417858,56 теңге


Асфальт-шайыр-парафин шөгінділерін қайта пайдалану технологиясын енгізу Оңтүстік-Торғай ойпатындағы өндірістік қалдықтардың таралуынан туындаған экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Қабылданған шешімнің ең маңызды басымдылығы, төменгі сапалы шикізаттан, ГОСТ 21289-75, ГОСТ 147-95 талаптарына жауап бере алатын өнім алуға мүмкіндік болады.

Экономикалық есептеулерді жүргізу барысында, дәстүрлі әдіспен брикеттелген отын өндіруді жетілдірудің ең маңызды критериясы, оның экономикалық тиімділігі болып табылады.

Жылдық экономикалық тиімділікті есептеу, жаңа технологияны пайдалану және ойлап шығарудың экономикалық тиімділігін анықтауға арналған әдістемелік нұсқауға сәйкес теңдеумен анықталады:


Э = Р - З;


Э= (Д + Упрқалдық) – З = 1417858,56 + 17634240,0– 4253600 =14 798 498,56 теңге


АШПШ көмір брикетіне байланыстырғыш ретінде қайта пайдаланудың теориялық негіздемесі жасалып, эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дәлелденді. Жүргізілген техника-экономикалық талдаулар қорытындысы көрсеткендей, брикеттелген отын құрамына АШПШ-ін байланыстырғыш ретінде пайдалану бойынша жасалынған технологияның экономикалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетеді.

Жасалынған технологияны ұсыну нәтижесінде жылына 14,798 млн. теңге экономикалық тиімділік алынады және қоршаған ортаға табиғатты қорғау іс-шараларына қосымша 14,178 млн. теңге көлемінде кіріс алып келеді деп есептелінді.


Аннотация


Мұнай қалдықтарының физикалық және химиялық құрамына сәйкес, сонымен қатар тазалығы мен пайыздық мөлшеріне байланысты өндірістік салаларда жан-жақты пайдалану негізінде қоршаған ортаның тұрақтылығын арттыру мен қатар экономикалық тұрғыдан тиімді екендігі көрсетілген.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Жұмағұлов Т.Ж. Мұнай қалдықтарын пайдалану технологиясы және оның экологиялық тиімділігін зерттеу (Құмкөл кен орны негізінде): автореф…. техн. ғыл.канд.: 25.00.36. – Алматы: Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты, 2010. – 24б.

  2. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары. Қызылорда облыстық мәсілихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №121 шешіміне қосымша // Сыр бойы. – 2009. – 13 қаңтар.

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007жылғы 27 маусымдағы №535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 26 қаңтардағы №24 қаулысына 1-қосымша ережеге 3-қосымша. Стационарлық көздерден шығарындылармен атмосфералық ауаны ластаулан, су ресурстарын ластаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемелері.

Похожие:

Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және...
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconБұл дипломдық жоба “Жаңажол кен орында электрлі ортадан тепкіш сораптардың тиімділігін арттыру” тақырыбына сай жазылған
Бөлімде Жаңажол кен орынның географиялық, экономикалық жағдайы және геологиялық зерттеулері, сонымен қатар ботэс – пен жабдықталған...
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconПерсоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау icon«Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау» пәнінен оқытушыға арналған оқу әдістемелік кешені
Токсеитова А. С. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономикалық ғылымдар магистрі
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconНуркабылова гульмира жеткергеновна
Мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына
Екі данада жасалады. Бір данасы жөнелтпе құжатпен қабылдаушыға, ал екіншісі жөнелтушіде қалады
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconМұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін бағалау iconНарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница