5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері 1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады. 2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері: 1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау; 2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау; 3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру; 4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады; 2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) - 12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды; 12-2), 12-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 12-4) тармақшамен толықтырылды 12-4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды бекітеді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды 12-5) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының операторын айқындайды; 13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган: 1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді; 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 10) жыл сайын мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді; 11) жыл сайын мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді; 13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады; 14) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді; 16) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 19) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді; 20) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады; 21) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 21-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылды 21-3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді; 21-4) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді; 22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган: 1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 3) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асырады; 5) мұнай өнімдерінің айналымына камеральдық бақылауды жүзеге асырады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) хабарламалардың нысанын әзірлейді және бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 10) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекітеді; 11) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды әзірлейді; 13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті 1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган: 1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2) 2014.29.09. № 239-V ҚР |