«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»




Скачать 83.57 Kb.
Название«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
Дата конвертации13.02.2016
Размер83.57 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.energo.gov.kz/assets/old/uploads/files/2014/09/НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ ПРИКАЗЫ/Правила-ж_



Еркін өткізу қуаты болған жағдайда

магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын

пайдалану қағидасын бекіту туралы



«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 13)-тарамақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин):

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;

  2. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауын;

  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр                                           В. Школьник


«КЕЛІСЕМІН»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

жөніндегі министрі

______________Ә. Исекешев

« » 2014 жыл

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы « » __________

№ _____ бұйрығымен 
бекітілген


Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен
теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы


1. Жалпы ережелер


1. Осы Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 13)-тармақшасына сәйкес әзірленді және еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) жүк жөнелтуші - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес мұнай мен басқа да сұйық көмірсутек шикізатын өндіруді Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі реттелетін қызметтерді пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;

2) мұнай тасымалдаушы ұйым - табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласында мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе теміржол эстакадасының меншік иесі;

3) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан және жанғыш жіктастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;

4) магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты - мұнай тасымалдау ұйымы техникалық мүмкіндігін ескере отырып белгілеген магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының барынша жоғары өткізу қуаты;
5) СВОП-операциялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және белгілі бір жүк жөнелтуші магистральдық құбырға (магистральдық құбырдың учаскесіне) тапсырған мұнай көлемдерін ол неме

басқа жүк жөнелтуші импорттаған немесе Қазақстан Республикасы аумағының басқа өңірінде өндірген (олардың арасындағы қол жеткен жазбаша уағдаластық негізінде), бір мұнай тасымалдаушы ұйымға тиесілі басқа магистральдық құбырдағы (магистральдық құбырдың учаскесіндегі) мұнайды осындай көлемдерге айырбастау операциялары;

6) еркін өткізу қуаттары - жүк жөнелтушілер пайдаланбайтын магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты;

7) реттелетін қызметтер - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі көрсететін және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түріндегі қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) ұсынған жағдайды қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
8) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидада қамтылғаннан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


2. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар
мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібі


4. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда жүк жөнелтушілер арасында магистральдық құбыр мен теміржол эстакадасында қуаттарды бөлуды уәкілетті орган жүргізеді.

5. Магистральдық құбырлар бойынша мұнайды тасымалдау және (немесе) теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі реттелетін қызметтерді жүк жөнелтушілерге уәкілетті орган бекіткен мұнай тасымалдау, төгу/құю ай сайынғы кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес табиғи монополия субъектісі көрсетеді.
6. Кестені қалыптастыру үшін жүк жөнелтушілер мұнай тасымалдауға, төгуге/құюға арналған өтінімдерді уәкілетті органға есепті айдың басталуына дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн мерзімде ұсынады.

7. Кестелер есепті айдың басталуына дейін он күнтізбелік күн қалғанда бекітіледі және олардың тиісінше орындалуы үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарға жіберіледі.

8. Кестеге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган жүк жөнелтушіден түзетуге өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және олардың орындалуы үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарға жібереді.
9. Кестелерді, сондай-ақ кестелерге өзгерістер мен толықтыруларды мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растамасы болған жағдайда мұнай тасымалдаушы ұйым бекітеді. Мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растамасы

мұнай тасымалдаушы ұйымдар уәкілетті органға оның сұрауы бойынша ұсынады.
10. Мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растама болмаған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жүкжөнелтушіні хабардар етеді.

11. Мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті орган кестені бекіткен күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде әрбір жүк жөнелтушіге кестелерден үзінді көшірме ұсынады. Мұнай тасымалдаушы ұйым кестеде бекітілген мұнайды тасымалдау, төгу/құю көлемдері мен бағыттарын сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.

12. Бір магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) еркін өткізу қуаты болған және басқа магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) өткізу қуаты болмаған жағдайда, мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүк жөнелтуші мұнай тасымалдаушы ұйымның және уәкілетті органның жазбаша келісімімен СВОП-операцияларын жүзеге асыра алады.

13. Есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті органға тасымалдаудың, төгудің/құюдың көлемі мен бағыттарын көрсетумен кестенің нақты орындалуы туралы есепті ұсынады.


____________________________

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

«Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекіту туралы»

2014 жылғы « » __________ № _____ бұйрығына

анықтама-негіздеме





Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның
ақпараты


1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлілігі

2. 

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 13)- тарамақшасына сәйкес әзірленді

3. 

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкестендіру мақсатына

4. 

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер 

«Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
8 қарашадағы № 1173 қаулысымен  бекітілген

5. 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ



6. 

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме  

Талап етілмейді

7. 

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет 

Келісім алынған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

energo.gov.kz Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің ресми сайтында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Талап етілмейді





Заң қызметі

департаментінің директоры М.Хайруллин


2014 жылғы « »


Похожие:

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» iconЖер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33 тармақшасына...
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9 тармақшасына...
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
...
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)...
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен жер қойнауына мемлекеттік геологиялық
Сипаттама және тиісті техникалық және сатып алатын жұмыстардың сапалық мінездемелер
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» iconТұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілерді ресімдеу және беру
Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» icon«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» iconҮстеме пайда салығЫ
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты Салық Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға...
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» iconI Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница